Жастар саясаты бөлімі

 

868 1 

Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі:

Оразымбетова Ғалия Дайырбекқызы

жұм.тел.:  8-(7252) 40-82-22 (51-33)

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

 

Бөлім туралы

Жастар саясаты бөлімі - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының оқу-әдістемелік орталығы жанындағы құрылымдық бөлімше болып табылады (ОҚМФА ректорының 27.08.2015ж. №105п бұйрығы).

Жастар саясаты бөлімінің  жұмысына ағымдағы бақылауды оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор және оқу-әдістемелік орталықтың басшысы жүзеге асырады.

Бөлімнің негізгі жұмысы - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясындағы тәрбие ісі және жастар саясаты бағдарламасын студенттердің патриоттық сананы қалыптастыру, отансүйгіштік, рухани-адамгершілігін дамыту, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеуге, жоғары  моральдық, адамгершілік қасиеттерін, жан-жақты қызығушылығы мен қабілеттерін қалыптастыру  бағытында жүзеге асыру.  

 

 

 

 

868 3

Тәрбие жұмыс жөніндегі жетекші маман:

Қарсақбаев Мұхит Серікұлы

 

ОҚМФА-да Қазақстан Республикасының жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; 

Факультеттердің студенттік кеңесінің, студенттер альянсы және студенттік клубтар көшбасшыларының қызметтері мен жауапкершілік деңгейлерін анықтайды;

Бекітілген тәртіппен басқа ЖОО және мемлекеттік құрылымдармен байланыстар орнатады;

Жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ат салысады;

Студенттік құрылыс жасақтарын, «Жасыл ел» еңбек жасақтарын, КТК командаларын құрады;

ОҚМФА салтанатты кештері мен мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды ұйымдастырып өткізеді және Шымкент қаласының мәдени-көпшілік іс-шараларына қатысады;

Байқаулар, көркемдік шығармашылық фестивальдар, спартакиадаларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады; 

Салауатты өмір салты мен зиянды әдеттерді жою бойынша іс-шараларды (акциялар, дөңгелек үстелдер, жиналыстар, кездесулер, конференциялар) дайындап, жүзеге асырады;

Студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене шынықтыру-сауықтыру мен профилактикалық жұмысқа бағытталған акциялар, дөңгелек столдар, жиналыстар, кездесулер, конференциялар, спартакиадалар, конкурстар, спорттық шоулар, және басқа да іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;

 

 

 

 

 

868 2

Эстетикалық және әлеуметтік жұмыстар бойынша маман:

Қамбарова Жанна Оңғарбекқызы

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Академияда студенттер үшін  жақсы әлеуметтік-психологиялық жағдай қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды дайындап әлеуметтік зерттеу жүргізеді;

ОҚМФА жатақханаларындағы студенттердің өмір сүру жағдайын қадағалайды, орын алған теріс жағдайларды жою бойынша шаралар қолданады;

Жатақхананың студенттік кеңесінің жұмысын үйлестіреді, олардың жұмыс жоспарының орындалуын қадағалайды;

Студенттерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша студенттік кәсіподақ комитетімен бірге жұмыс жасайды;

Студенттердің асханалар мен буфеттердегі тамақтану жағдайын қадағалайды, орын алған тәртіп бұзушылықтарды  жою бойынша шаралар қолданады;

Жетім студенттердің әлеуметтік қорғалуын үйлестіреді;

ҰОС, Еңбек және Тыл ардагерлерімен жұмысты ұйымдастырады;

БАҚ көмегімен студенттердің шығармашылық жетістіктерін насихаттаумен айналысады;

Конкурстар өткізу арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамытуға ат салысады, олардың дайындық сапасын арттырады;

жиналыстар, кездесулер мен саяхаттар ұйымдастыру арқылы студенттерге ҚР мемлекеттік рәміздерін, тарихи ескерткіштерді құрметтеу сезімін сіңіреді;

БАҚ-пен арнайы жұмыс жүргізу;

Анкета мен сауалнамалар арқылы ОҚМФА студенттерінің арасында  діни экстремизмнің әсеріне ілігуі мүмкін топқа кіретін студенттер жайында мәліметтер жинайды;

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы акциялар, дөңгелек үстелдер мен жиналыстар ұйымдастырып өткізеді;

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар