Ғылыми кеңес

 
 
727 1
 727 2

ОҚМФА Ғылыми Кеңесі – академияның білім беру, ғылыми-зерттеу және емдеу қызметіне жалпы басшылық жасайтын және оның ең маңызды мәселелерін қарастыратын сайланбалы өкілетті орган.

Ғылыми Кеңес төрағасы –  ОҚМФА ректоры, профессор Б.Д.Сексенбаев.

Ғылыми Кеңес хатшысы – профессор м.а. Б.Т.Сейтханова.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 22.11.2007 ж. № 574 бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орындарының Ғылыми Кеңесі қызметінің типтік ережелеріне сәйкес ОҚМФА Ғылыми Кеңесінің құзыретіне келесідей қызметтер енеді:

1. Жоғары оқу орнының құрылымын бекіту;

2. Жоғары оқу орнының Жарғысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу;

3. Жоғары оқу орнының оқу және ғылыми бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату (зертханалар, кафедралар, институттар (факультеттер және тағы басқалар);

4. Жоғары оқу орнының даму тұжырымдамасын айқындау;

5. Жоғары оқу орнының оқу-тәрбиелік, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудағы барлық негізгі  мәселелерін шешу;

6. Ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпарат, халықаралық және басқа да қызмет түрлерін жүргізудегі бағыттары, нысандары және әдістері туралы жыл сайынғы есебін тыңдау;

7. Магистранттардың ғылыми жетекші-кеңесшілерін және тақырыптарын бекіту;

8. Жоғары оқу орнының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;

9. Бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану тәртібін, сондай-ақ ЖОО-да ақылы білім беру және өндірілген өнімдерді тарату жолымен алынған реинвестициялық кірістердің бағыттарын анықтау;

10. Атаулы стипендиялар мен сыйақыларды, ғылыми және құрметті атақтарды тағайындау және бекіту;

11. ЖОО-ның қызметкерлерін және шығармашылық ұжымын үкіметтік марапаттарға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарау;

12. Алқалық шешімді талап ететін ЖОО-ның ағымдық қызметінің өзге де мәселелерін қарау.

 

Ғылыми Кеңес мәжілістері әр айдың соңғы сәрсенбісінде ОҚМФА-ның кіші мәжіліс залында өткізіледі.

- "Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгеріс.

- Перечень изданий для публикации до 31.12.12г.

- Перечень изданий действующий с 01.01.2013 г.

- Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесі

- НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Из крупнейших научных баз данных Web of Science, Scopus исключены некоторые научные издания.

- Ғылыми атақ (кауымдастырылған профессор (доцент), профессор алу ережесіне

- Ғылыми Кеңес ережесі (PDF файл, 4,66 МБ)

- 2017-2018 оқу жылына арналған Ғылыми Кеңес жоспары  (PDF файл, 3,14 МБ)

- 2017-2018 о.ж. арналған Ғылыми Кеңес мүшелерінің тізімі (PDF файл, 1,25 МБ)

- Ғылыми кеңесінің КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ БАЯНДАМАЛАРы

 

 

- 2016 – 2017 оқу жылындағы мерейтой иелері

- 2017 – 2018 оқу жылындағы мерейтой иелері

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар