Оқу-әдістемелік орталығы

Оқу- әдістемелік орталық (ОӘО) ОҚМФА-ның 06.10.08 ж. №73 бұйрығына сәйкес құрылды.

ОӘО жоғары білікті мамандар дайындау мақсатында академияның оқу үдерісін және оқу-әдістемелік жұмысын жоспарлап, ұйымдастырып, бақылау жасайтын құрылымдық бөлімі болып табылады.

 

 

ОӘО құрылымы

-     әдістемелік бөлім;

-     Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлім;

 

 

Әдістемелік бөлімінің қызметі

-   Оқу үдерісіне оқытудың жаңашыл әдістерін және инновациялық білім технологияларын енгізу;

-   Оқу-әдістемелік сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру: ғылыми әдістемелік семинарлар, байқаулар;

-   Академияның оқу-әдістемелік іс-шараларының жыл сайынғы жоспарын түзу;

-   ЖОО-ішілік оқу-әдістемелік әдебиетті басып шығарудың жыл сайынғы жоспарын түзу, оның орындалуын бақылау;

-   Оқытушылардың педагогикалық шеберлігін ұщтау мақсатында оқу үдерісін оқу-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу;

-   Кафедраларды типтік оқу бағдарламаларымен қамтамасыз ету;

-   Әрекеттегі типтік оқу бағдарламаларының каталогын жүргізу;

-   Оқу-әдістемелік жұмыстар мәселесі бойынша факультеттер мен кафедраларды басқару және нормативті документтермен қамтамасыз ету;

-   Педагогикалық біліктілікті жоғарылату бойынша ЖОО-ішілік іс-шараларға қатысу.

-   ЖОО- да әдістемелік жұмысты жүргізу принциптері мен ережелері бойынша нұсқаулықтарды жасау;

-   Әр пән бойынша кафедралар, факультеттердегі әдістемелік жұмыстың деңгейін, жағдайын бақылау және талдау;

-   Академияда жасалған және шығарылған, басқа оқу орындарынан алынған оқу-әдістемелік құралдарды жүйелеу, сақтау және қолдану.

 

 

Оқу-үдерісін ұйымдастыру бөлімінің қызметі

МББС типтік оқу жоспарларына сәйкес негізгі оку бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарын жасау және тексеру

-  Оқу үдерісін жоспарлау және үйлестіру, оқу жоспары негізінде академиялық күнтізбе, оқу, сабақ, емтихан, сессия сынақ кестесін жасау және олардың орындалуын бақылау;

-  Кафедралардың жоспарлы жүктемесін есептеу бойынша мәлімет базасын жүргізу;

-  Кафедралардың профессор-оқытушылар құрамының жоспарланған және нақтылы орындалған оқу жүктемелерінің мәлімет базасын жүргізу ;

-  ПОҚ үйлесімді штат кестесін жасау үшін оқу жүктемесін бөлуді бақылау;

-  Кафедра оқытушыларының оқу жүктемесін орындауын талдау;

-  Кафедраларды оқу үдерісі бойынша құжаттармен, бланктермен және журналдармен қамтамасыз ету;

-  Мемлекеттік лицензиялау және институционалды аккредитациялауға құжаттарды дайындау;

-  Жылдық жоспар бойынша ЖОО ішілік сапаны бақылау, ЖСБК комиссиясымен бірігіп ОҚМФА-де мамандарды сапалы дайындау және оқу үдерісі бойынша жұмыс жасау;

-  ПОҚ біліктілігін жоғарылату бойынша жылдық жоспарды түзу, оның орындалуын бақылау, ЖОО- лармен, кәсіпорындармен оқытушыларды біліктілігін жоғарылатуға жіберу бойынша хат алмасу.                   

-  Аудиториялық қордың жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету;

-  Сабақтар, сынақтар, кеңестер, емтихандар, студенттердің өзіндік жұмысы және бір рет өтілетін іс-шараларға кесте жасау;

-  Аудиториялық қорларды қолдануды бақылау;

-  Оқу сабақтары, сынақ, емтихандардың бекітілген кесте бойынша өтілуін бақылау;

-  Студенттер мен оқытушылардың оқу және еңбек тәртібін бақылау. 

-  Кәсіби практиканы ұйымдастыру және жүргізуді бақылау;

-  Мамандарды дайындауда базалық ұйымдарменбайланысты кеңейту;

-  Оқу жоспарына сәйкес практикалардың барлық түрін өтуге базалық ұйымдар мен кәсіпорындармен келісім жасау;

-  Салалық кафедралардың кәсіби практика бағдарламаларын дер кезінде қарап, келістіріп, бекіту;

-  Деканаттар мен кафедралармен бірге студенттерді кәсіби практикаға жіберу бұйрығын дайындау, сондай-ақ практика басшылығына тәжірибелі оқытушыларды қою;

-   Практиканың бар түрін жоспарлау, ұйымдастыру, қорытындысын шығару;

-   Практиканың қорытындысын шығару, ректоратта және академия Ғылыми кеңесінде талқылауға жылдық есеп беру; 

 

  

Ибрагимова А.Г.   -   Оқу  әдістемелік орталығының басшысы                                   

Халикова Р.О.   -   Оқу әдістемелік орталық басшысының орынбасары        

Оразбекова Ф. У.  -   Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі

Абдукаимова Д.   -   Әдістемелік бөлімінің меңгерушісі

Пан А.В.   -   Иновация бойынша маманы

Дятковская А.Н.   -   Диспетчер

Методистер: Оспанова К.М.,  Зулпухарова Ж.К. ,   

Аширепбаева К.Е, Алдабергенова Г.С., 

Сопыбекова Ф.Б. , Турсубекова Б.И.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар