Студенттік кәсіподақ комитеті

 

Студенттер кәсіподағының қысқаша тарихи анықтамасы

Студенттер кәсіподағының тарихы ОҚМФА-ның дамуы және құрылу тарихымен үздіксіз байланысты.

90-жылдардың басында жоғары білім жүйесінде сапалы жаңажұмыс әдісімен, өткен коммунистік ой-пікірден алыстау жаңа жастар ұйымын құру қажеттілігі туды.

Студенттер кәсіподағын әртүрлі жылдар Насыров М., Есполова Р.Т., Төребеков Н., және Баймбетова Б.С басқарды. Айтқандай, Байымбетова Баян Сейтжапбарқызы осы қазіргі күнге дейін СКК төрайымы. Олардың барлығы жастар қозғалысының дамуына үлкен үлес қосты, студенттерге демалыс, отбасылы студенттермен тұл жетім балалардың әлеуметтік жағдайын қорғауды ұйымдастырды. КТК командалары, интеллектуальды олимпиадаларда, Республикалық, облыстық жарыстарда бір емес бірнеше рет жүлделі болды.Сондай-ақ, кәсіподақ ұйымы бірнеше рет байқаулар өткізуді ұйымдастырды

«ОҚМФА аруы», «ОҚМФА сұлтаны», «Ең үздік топ», «Үздік студент», «Интеллектуальды олимпиадалар». Бүгінгі күнде Студенттік кәсіподақ академияның студент жастары арасында тәрбиелік, идеологиялық жұмыстарды іске асыратын құрылымдық бөлімі болып табылады. Студенттік кәсіподақ сондай-ақ, айтарлықтай әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырады және жасайды, студенттерге қолдау көрсетеді және қорғауды қамтамасыз етеді, жетім студенттермен отбастыларға материалды көмек көрсетеді. Студенттік кәсіподақ комитетінің құрылымдық құрылысының жалпы сипаттамасы.

1.   Студенттік кәсіподақ төрайымы Баймбетова Баян Сейтжапбарқызы, 1983 жылы ҚызПИ, ал 2007 жылы– ОҚМФА-ның «Фармация» мамандығы бойынша сыртқы бөлімін бітіреді.

2.   Төрайым орынбасары Наталья Ворошилова   медициналық факультеттің «Қоғамдық денсаулық сақтау», мамандығы бойынша, 2 курс студенті, академияның кәсіподақ ұйымының мүшесі, оқу- тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік етеді.

3.   Төрайым орынбасары Жандос Исакулов медициналық факультеттің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша, 2 курс студенті мәдени-бұқаралық және сауықтыру-спорттық жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік етеді.

Студенттер кәсіподақ комитетінің секторы :

•   Оқу секторы

•   Ғылыми секторы

•   Тұрғынжай- тұрмыстық секторы

•   Спорт секторы

•   Мәдени - бұқаралық сектор

Құрылымдық бөлім функциясы туралы қысқаша ақпарат

Студенттердің арасындағы тәрбие жұмысы болашақ дәрігердің жеке қасиетін жан-жақты дамытуды қалыптастырудың маңыздысы болып табылады. Академияның бұл бағыттағы жұмысы кешенді және перспективті жоспар негізінде жүргізіледі.

Студенттік кәсіподақтың жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1.   Жатақханада тұратын студенттердің тұрмыстық жағдайын жақсарту және денсаулығын қорғау.

2.   Студенттердің демалысын ұйымдастыру, студенттермен әртүрлі іс-шаралар және мәдени-спорттық бұқаралық жұмыстарды жүргізу.

3.   Отбасылы студенттерге, көп балалы отбасыннан шыққан және жетім студенттерге материалды көмек көрсетуге жәрдем беру сұрақтарын шешу.

 

 

СТУДЕНТТІК КӘСІПОДАҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ

20 жылдың ішінде «ОҚМФА аруы» дәстүрлі байқау болды. 2013 жылы «ЖОО-ның аруы» академия жанындағы медицина колледжінің студенті Абдоллаева Салтанат болды. Қалалық іс-шарада «Көктем аруы-2013» біздің студентіміз Жасұзақ Бағжан

2 орынды иеленді.Сондай-ақ, номинациия жүлдесін «Творчество» Төлеубекова Жауһар алды, ал «Очарование» номинациясын - Абдрахмани Арна иеленді. 17 жыл бойы академияда жылсайын «Мистер ЮКГФА» байқауы өтеді. 2013 жылы Гран-при-ді фармацевтикалық факультеттің студенті алды.

Қазақстандық телеарна жобасындағы Н. Назарбаевтың білім қорында біздің команданың қатысушылары туралы «Интеллектуальдық олимпиадада» бірнеше рет айтылды (.......освещались в СМИ)? ( «Оңтүстік Қазақстан», «Студенттік өмір» және т.б.).

Академияның команда құрамында Ворошилова Наталья, Миллер Сергей, Мирсадыкова Батыр 2012-2013жылғы ойын маусымында финалға шықты, С. Асфендияров атындағы АММИ жеңді, КИМЭП, ҚазМУ, барлық Қазақстандық жоғары оқу орындарының қатысушылардың арасыннан бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, олар Европы чемпионатына қатысады, олардың қатарындағы командада Россия, Латвия, Англия, Эстония құрамалары бар және тағы с.с.

2013 жылдың 25 қыркүйегінде, года «Интеллектуальды олимпиада» әртүрлі факультеттің 10 командасының студенттерінің қатысуымен өтті. Олимпиадаға облыстық медициналық кәсіподақ төрайымы Р. С. Ағниязова қатысты. Өткізілген байқаудың қортындысы бойынша бірінші орынды «Empire 309» командасы жеңіп алды.

2013 жылғы «Жылдың ең үздік тобы» байқауда ЖОО-ның ағымдағы ең үздік топтары танылды: 301 КДС, 209 ФР. Байқаудың критерилері: оқу үлгерімі, қоғамдық жұмысқа қатысу және тәртіп болды.

Академияның КТК командасынан «Ак Маржан» 2013 жылы Республикалық фестивалге, қатысты, нәтижесінде Премьер-Лигаға жолдама алды. 30 наурызда Павлодар қаласында Республикалық турнирде «Ертіс бойы» командасы ОҚМФА-дан «RealMadrid» прошла 1/4 есебімен финалға өтті. Ал қалалық деңгейде - жарты финал «Жайдарман» лигасында команда финалға жолдама алды.

Жыл сайын « Жыл студенті» келесі номинацияларда өтеді: «Жылдың үздік спортшысы», «Үздік ұйымдастырушы», «Жылдың үздік интеллектуалы», «Үздік дебатшы», «Алтын дауыс», «Үздік бітіруші», «Жыл әзілкеші».

Академияның студенттері жеңілдікпен «Машат» лагері демалыс орнына жолдама алды, ақысын студенттік кәсіподақ төледі, студенттерге қоғамдық жұмысқа белсене араласқаны және жақсы үлгерімі үшін ұсынды.

2013 жыл мамыр айында академияның Дебать клубының бастамасы бойынша басқа ЖОО-мен бірге бірігіп « Біркөлікке» демалыс орнына бару ұйымдастырылды. Онда «Теория лидерства», «Менеджмент в современном Казахстане» тақырыбында семинар болды.

Казанда XXVII Бүкіләлемдік жазғыУниверсиада өтті, онда Қазақстандық спортшылар жүлделі орындарды жеңіп алып өздерін лайықты көрсете білді. Олардың ішінде ОҚМФА-дан III курс фармацевтикалық факультеттің студенті Аян Ермекбаев белдесу күресінен қола медалдің 82 санаттағы салмағымен (еркін стильде) жүлдегері болды.

Жоғары оқу орындарымен орта- арнайы оқу орындарының Шымкент қаласының аумағындағы орналасқан ішкі саясаттың ұйымдастыруымен болған жатақханалардың тексеру қортындысы бойынша, академияның жатақханасы қаланың ең үздік жатақханаларының бірі болды.

Сондай-ақ, академияның студенттік кәсіподағы қайырымдылықпен айналысады, жылда студенттермен бірге қарттар және мүгедектер, ақыл-есі кемтар балалардың үйіне барады.

Материалды көмекті қажет ететін студенттерге қолдау көрсетеді.

ОҚМФА-да 27 жетім және 9 мүгедек студент оқиды, оның әрқайсысы студенттік кәсіподақпен кафедралардың қамқорлығында. Кафедралар жетім студенттерге моральдық және материалды көмек көрсетеді.

Академияның асханасында қазан айының басында қарашаға дейін 20 адамға тегін тамақ беру ұйымдастырылды.

( жетім студенттерге, әлеуметтік жағдайы төмендерге).

 

25 қыркүйек 2013 жыл. IQФакультеттер арасындағы олимпиада.

 

Қазандағы Универсиада 2013 жыл Жаз.. Ермекбаев Аян 3-орынды иеленді.

 

КТК командасы «Real Madrid»

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар