ЖОО кейінгі білім беру бөлімі

         Дипломнан кейінгі білім беру секторы ғылыми-клиникалық бөлімнен бөлініп шыққан (31.01.2011ж., бұйрық №8п). Қазіргі кезде ОҚМФА ректорының бұйрығымен (бұйрық №80п, 28.08.2013ж) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (ЖООКББ) болып өзгертілді.

         ЖООКББ бөлімінің құрылымына:

-   бөлім бастығы;

-   бөлім әдіскері;

-   бөлім маманы кіреді.

         ЖООКББ бөлімінің мақсаты – ғылыми-педагогикалық, әкімшіліктік-басқару және клиникалық кадрларды даярлау болып табылады.

         ЖООКББ бөлімінің міндеттері:

-   Магистратура және резидентурада жоғары квалификациялық деңгейдегі мамандарды даярлау;

-   Білім беру нарығында – жалпыға міндетті мемлекеттік стандартқа және қазіргі заманғы тенденцияларға жауап беретін мамандарды даярлау барысында бөлімнің ішінде сапа жүйесін енгізу, дамыту;

-   Білім алушылар арасында жоғары деңгейдегі оқу және еңбек тәрбиесін қамту, қадағалау және ұйымдастыру;

         ЖООКББ бөлімінің қызметі:

-   ЖООКББ бөлімі магистранттар мен резиденттердің оқу процесін және ғылыми жұмыстарын бағыттайды, қадағалайды және ұйымдастырады;

Магистранттар мен резиденттерді даярлауға қатысатын кафедралардың барлық формадағы оқу процестерін қадағалайды, тұрақтайды және ұйымдастырады.

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар