Дәлелді медицина бөлімі

 

Жалпы мәлімет

Дәлелді медицина бөлімі оқу үдерісіне, тәжірибелік дәрігерлер қызметіне, зерттеушілер, денсаулық сақтау мамандары мен тұтынушылар ассоцациясына дәлелді медицина қағидалары мен әдістемелерін еңгізу жұмыстарын жүргізетін академияның құрылымдық  бөлімі болып саналады және ол:      

· дәлелді медицина бойынша денсаулық сақтау саласының  мамандарын, оқытушыларды, магистранттар мен резиденттерді оқытуды іске асырады;

· дәлелді медицина бойынша  мәліметтер базасын  әзірлейді және қолдайды;

· дәлелді медицина сұрақтары бойынша мамандарды ақпараттандырумен  қамтамасыз етуді қолдайды.

Дәлелді медицина бөлімі  2012 жылыдың 29 тамызда ОҚМФА-ның Ғылыми Кеңесінің шешімі (№ 1 хаттама), ректор бұйрығының негізінде  құрылған.

ДМБ  өз жұмысын академияның факультетерімен, кафедраларымен және басқа да құрылымдарымен, сонымен қатар Респуликалық десаулық сақтауды дамыту орталығымен  өзара қатынаспен іске асырады.

ДМБ  жылдық жоспары және жылдық есебі  оқу жылына  әзірленеді.ДМБ академия ректорының бұйрығымен  қайта ұйымдастырылады   немесе жойылады.

 

ДМБ  негізгі міндеттері:

·  Қазақстанның  денсаулық сақтауының басты бағытынтарын   ескере отырып дәлелді медицинаға негізделген медициналық білім мен  дағдыны  жетілдіру  арқылы денсаулық сақтау мамандарының  кәсіби дамуына себептес болу;

·  дәлелді медицина бойынша мәліметтер базасын  құру (кітапхана, on-line  мәліметтер базасына  жазылу);

·  дәлелді медицина сұрақтары бойынша қызығушылық танытқан медициналық, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен бірге жұмыс жасау;

·  Зерттеулердің Этикалық Кеңес сұрақтары бойынша ынтымақтастықта болу.

 

ДМБ негізгі   қызметтері:

·  қызығушы  мамандар үшін дәлелді  медицина сауалдары бойынша  оқыту семинарларын ұйымдастыру  және өткізу;

·  семинарларда оқылған оқытушылардың өткізілген топ студенттерінен анкеталық жолмен  семинарладың  тиімділігіне мониторинг жүргізу;

·  ақпаратты іздестіру  барысында кеңестік  және әдістемелік көмек көрсету;

·  дәлелді медицина әдісітерін қолдану бойынша әдістемелік және ақпараттық материалдар дайындау;

·  ғылыми зерттеулер  жүргізу және жоспарлау  бойынша кеңестік көмек көрсету;

·  ғылыми басылымдарды рецензиялау.

 

 ДМБ қызметкерлері жөнінде мәлімет

Бөлім бастығы м.ғ.к. – Ахмадиева К.Е. 

ДМ жөніндегі маман м.ғ.к. – Касаева Л.Т. Адильбекова А.Т Ким О.Т.

Биоэтика жөніндегі маман – Тулкибаева Р.Н.

Ақпарат жөніндегі маман – Мамытова Д.М.

 

 

 

 

Дөңгелек үстел «Бактерияға қарсы терапияның заманауи  аспектілері»

2016 жылыдың 29 қараша күні Дәлелді медицина бөлімі «ОҚМФА фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасымен бірлесіп, «Бактерияға қарсы терапияның заманауи аспектілері»тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

898 1

Дөңгелек үстелге тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдері қатысты: Л.Б.  Алимова ДСДРО РМК Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша филиалдың директоры; С.К.  Саугабаева  ОҚО  бас аллергологы, ХҚТУ «Пульмонология және аллергология» бөлімшесінің меңгерушісі., Ормаханова З.И.  ОҚО кардиология орталығы инфаркт  бөлімінің меңгерушісі; Туртаева А.Е. м.ғ.к, доцент, «Терапиялық пәндер»  кафедрасы меңгерушісі; Батырханова Ұ.Б.,ОҚО бас  педиатр-пульмонологы.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты дәлелдерге негізделген рационалды антибиотикотерапияның заманауи  тәсілдерін талқылау.  Ал ол болса микробқа қарсы препараттарға тұрақтылығын тежеуге, инфекциялық қыздырғыштармен  күресудегі стратегияны қайтару және академиялық және тәжірибелік мекемелер арасындағы алдағы ынтымақтастықтың жолдарын ОҚО медициналық көмекті жаңарту саласында анықтауға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел барысында дәлелді медицинаның ұстанымынан рационалды антибиотикалық терапияның өзекті мәселелері талқыланды. Дәлелді медицина бөлімінің басшысы м.ғ.к. К. Е. Ахмадиева «Дәлелді медицина тұрғысынан бактерияға қарсы терапия» баяндамасында заманауи микробтарға қарсы препараттарға тұрақтылық заманауи медицинаның негіздеріне қоқақтайды, ал инфекциялық қоздырғыштардың антибиотикке төзімділігінің бірталай өсуі бүкіл әлемде ұлттық қауіпсіздікке қатер деп саналатынын атап өтті. Сондай-ақ, баяндамада ДДСҰ-ның бұл бағыттағы  негізгі стратегиясы, атап айтқанда микробтарға қарсы препараттарға тұрақтылығымен күресу бойынша әрекеттердің ғаламдық жоспары антибиотикалық терапия бойынша NICE ұсынымдары мен клиникалық зерттеулердің деректері туралы айтылған. 

Дөңгелек үстел қатысушылары халықтың  өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларға тілектестікті білдіреді және келесі қарар қабылдады:

-  Осы тақырыптың мәселесі бойынша практикалық денсаулық сақтау өкілдерімен байланысты жетілдіру;

-  Дәлелді медицина қағидалар мәселесі бойынша хабардарлықты жоғарылату мақсатында тәжірибелік денсаулық сақтау және ОҚМФА оқытушылары үшін оқу семинарларын өткізу, (медициналық деректер базасын пайдалану, клиникалық хаттамалар);

-  Дәлелді медицина қағидаларына  негізделген антибиотикалық  терапиядан медициналық ақпаратты іздеу бойынша емдеу  алдын-алу мекемелерге консультациялық және әдістемелік комек корсету. 

 

 

 

G-Global коммуникативті алаңындағы «Жоғары медициналық білім берудің дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі деңгейіндегі Дәлелді медицинаның құзыреттіліктері» тақырыбындағы бейнеконференция

17 ақпан 2017ж. ОҚМФА Дәлелді медицина бөлімі «Фармакология фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасымен бірлесіп, «Дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі деңгейіндегі Дәлелді медицинаның құзыреттіліктері» тақырыбындағы бейнеконференцияға қатысты. Конференция ұйымдастырушы- М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің  Дәлелді медицина бөлімі.

Бұл конференцияға Қазақстанның келесі медициналық ЖОО қатысты: М.Оспанов атындағы БҚММУ, Семей ММУ, Астана АМУ, Шымкент ОҚМФА.

Төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар оқылды: М.Оспанов атындағы БҚММУ  Р.К.Назарбаеваның  «Білім беру жүйесіндегі Дәлелді медицина құзыреттілік мәселесінің өзектілігі», Астана АМУ Г.А. Дербисалинаның «Бакалавр деңгейіндегі Дәлелді медицинаның құзыреттілігі», «Дипломнан кейінгі деңгейдегі доктарантура, магистратура, резидентураның  Дәлелді медицинаның құзыреттілігі», ОҚМФА З. А. Керимбаеваның «ОҚМФА-ның дипломнан кейінгі білім берудегі Дәлелді медицинаны оқыту ерекшеліктері».

Конференция ерекше әсерлі өтті. Дәлелді медицинаны әртүрлі деңгейде оқытудың өзекті мәселелері талқыланды. Конференцияға қатысушылар медициналық тәжірибедегі Дәлелді медицинаның маңыздылығын бірауыздан  атап өтіп, зерттеу әдебиетті тәжірибеде ізденіп, таңдау жасау қабілеттілігін қолдана білу бойынша бір шешімге келді. Дәлелді медицина үдерісі әртүрлі деңгейдегі білім мен тәжірибені яғни құзыреттілікті қажет етеді.

 

 

 

Эразмус+ бойынша халықаралық  ON-LINE семинар

2017 жылдың 17ақпан күні.  ОҚМФА-ның дәлелді медицина бөлімі G-Global Қазақстан порталындағы ModeHed жобасының аясында «Университеттеріндегі медициналық білім беруді жаңғыртуда  Эразмус+ халықаралық   жобасының рөлі» тақырыбында ON-LINE семинарға қатысты. Қосымша бұл семинарда Өзбекстанның серіктес жоғарғы оқу орындары: Бұхаралық Мемлекеттік университеті, Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру институты, Ташкент  Медицина Академиясы,  Ферғана Мемлекеттік Университеті,  Әндіжан Мемлекеттік университеті, Наманган Мемлекеттік Университеті, Өзбек медицина педагогтарының Ассоциациясы  және  Қазақстанның ЖОО: С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті,  КазМКПУ болды.  Онлайн- семинар қатысушылары жоғарғы оқу орындарындағы медициналық білім беруді жаңғырту және әрі қарай  жоба бойынша бірлесіп жұмыс жасауын айтып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар