Оқу клиникалық симуляциялық орталық (ОҚСО)

 

Оқу клиникалық-симуляциялық бөлімі (ОКСБ) клиникалық дағдыларды игеруге, клиникалық біліктілікті дамыту, қамтамасыз ету және жақсартуға мүмкіндік беретін және маманның квалификациялық талаптарына сәйкес болу үшін өмір бойы оқу мүмкіншіліктерін қалыптастыруға арналған қауіпсіз білім беру ортасы болып келген құрылымдық бөлімше.  

Оқу клиникалық-симуляциялық бөлімінің құрамы: ОКСБ меңгерушісі, дәрігер-инструкторлар, методист, аға лаборант.

1001 1 

 

Оқу клиникалық-симуляциялық бөлімі білім алушылардың (студенттер, ФПСсТПО оқушылары, резиденттер, магистранттар, ҮКДФ тыңдаушылары) муляждар мен виртуалды тренажерларда тәжірибелік (клиникалық) дағдыларына үйрету, игеру және оларды бағалауға арналған.    

 

ОКСБ қызметiнiң негізгі мақсаттары:

1. ОКСБ  шарттарына  сәйкес клиникалық оқуды үйрету үшiн тиiстi бiлiм беретiн ортаны  қамтамасыз ету;

2. Әр түрлi интеграцияланған оқыту әдiстердi қолданумен қатар оны үйрену және клиникалық дағдыларды сабақ беруде ұйымдастыру және енгiзу, муляждар, автоматты виртуалды үлгiлер мен материалдарды тиімді қолдана білу оларды мына мамандықтарда; акушерлiк - гинекология, реанимация және анестезиология, iшкi аурулар, педиатрия және хирургияда кеңінен пайдалану;

3. Клиникалық пәндерде  жаңа инновациялық оқыту әдiстерiн кеңінен енгiзу;

4. Оқытушылар сабаққа өзара қатысу арқылы тренажерлық сыныптардағы сабақтардың сапасын бақылау;

5. Клиникалық жағдайаттарды өңдеуде туысы бір кафедралардың қатысуы және іскер ойындарда бакалавриаттың барлық мамандықтарының студенттері және дәрігер-интерндердің қатысуымен  ашық  сабақтар өткізу;

6. Дәрігер-интеріндерге және бакалавриаттарға  ОҚКЕ/ОҚТЕ әдісі бойынша мемлекеттік емтиханды өткізуді ұйымдастыру;

7. ОКСБ-ң қорындағы техникалық-материалдарды тиiмдi  қолдану және өткізу.

 

ОКСБ жалпы функционалдық мiндеттерi:

ОКСБ-ң инновациялық оқытудың  әдiстерiн клиникалық пәндерге енгiзудi жүзеге асыру және келесi қызметтерді орындау;

1. Манекендерді, үлгiлердi, қолдана отырып, ОКСБ-де сабақ өткізуге автоматтандырылған виртуалды үлгiлермен оқу сыныптарын қамтамасыз ету;

2. Оқу - әдiстемелiк орталық пен кафедралардың келісiмі бойынша ОКСБ-де оқу жылының сабақ кестесiн құрастыру;

3. Әдістемелік нұсқауларды және әрбір машықтандырғыштардың, нақпішіндердің  алгоритмдерін  құрастыруға қатысу;

4. Стандартталған пациенттердің шақыруымен (студенттер, волонтерлер-оқытушылар iшiнен және актерлер)  клиникалық дағдыларды бағалау мен оқытуды енгiзу және ұйымдастыру.

5. Объективті  құрылымдандырылған  тәжірибелік/клиникалық  емтихан (ОҚТЕ/ОҚКЕ) өткізуді ұйымдастыру, бекеттерді қамтамасыз ету;

6. Типтік бағдарламадағы құзыреттіліктер тізіміне сәйкес тәжірибелік дағдыларды игеріп алып, тәжірибелік сабақтардың өткізуін ұйымдастыру;

7. Оқу үдерісінің барысында заманауи білім беретін технологияларды және  симуляциялық оқыту түрлерін енгізу және өндеу;

8. Студенттердің ізденуге, талдауға қабілеттіліктерін дамытуға және қызмет нәтижесін қалыптастыруына бағытталған СӨЖ ұйымдастыру;

9. Клиникалық кафедралармен және негізгі пәндер оқытылатын кафедраларымен бірлесіп, түрлі іскерлік ынтымақтастықты дамыту;

10.Білім алушылардың өз бетінше және білікті шешімдерін қабылдау мен іске асыру мақсатында клиникалық жағдайлар бойынша байқаулар мен конференциялар, семинарларды ұйымдастыру;

ОКСБ-де жалпы дәрігерлік тәжірибе, терапия, хирургия, акушерство-гинекология, педиатрия, мейірбике ісі, шұғыл көмек және  реанимация бойынша оқу (клиникалық) сыныптары ұйымдастырылған. 

 

 

Хирургия сыныбы

1001 4

1001 5

 

 

 

Терапия сыныбы

1001 6

1001 7

 

 

 

Жалпы дәрігерлік тәжірибе сыныбы

1001 8

1001 9

 

 

 

Педиатрия сыныбы

1001 10

1001 11

 

 

 

Акушерия және гинекология сыныбы

1001 12

1001 13

 

 

 

Мейірбике ісі, жедел жәрдем сыныбы

 1001 14

1001 15

ОКСБ клиникалық жағдайларды шынайы деңгейге, дағдылар алгоритмін автоматизм деңгейіне жеткізуге мүмкіндік беретін жоғары-технологиялық компьютерленген роботами-симуляторларымен, соның ішінде  «iStan», «BabySim», «LapSim» виртуалды симуляторы, және де басқа муляждар мен тренажерлармен жабдықталған. 

 

 

 

 «iSTAN» робот-симуляторы 

1001 16

«iSTAN»робот – симуляторы  - бірқатар параметрлері бойынша әлемде теңдесі жоқ, жоғары деңгейлі заманауи симулятордың бірі. Адамның дәл көшірмесіндей бола отырып, ол шұғыл медицина, токсикология, реаниматология және хирургиялық патологиялар емінде, шұғыл күттірмейтін жағдайлар терапиясы мен ішкі аурулар клиникасындағы тәжірибелік дағдыларды пысықтауға және білім мен клиникалық ойлау қабілетін дамытуға арналған симулятор.  

 

«BabySIM» робот-симуляторы  

1001 17 

«BabySIM» робот – симуляторы алты айлық нәрестенің жоғары технологиялық компьютерленген моделі болып табылады. Робот автоматты түрде нәрестеге тән жүрек өкпелі, метаболикалық, неврологиялық және басқада физиологиялық реакцияларды дәрігер манипуляциясына және дәрілердін енгізуіне сезімтал әрекетін көрсетеді. Роботтың жоғары шынайлығы оқу мен тәжірибенің арасындағы кемістігін азайттады, неонатологиядағы науқас балаға қауіп қатерсіз емідік дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. 

 

«LapSIM» хирургиялық виртуалды симулятор 

1001 18

«LapSIM» симуляторы – абдоминалды, урологиялық және гинекологиялық араласуларды игеруге арналған білім платформасы. Эндохирургиялық құралдармен жұмыс жасауға ұсынылған және тактилді сезімталдықты шынайы имитациялаумен қатар жүретін виртуалды ортадағы эндохирургиялық араласулармен болатын тәжірибелік дағдыларды игеруге  мүмкіндік береді.  

 

«К+», «LSAT» аускультативті симулятор

1001 19

«К+» симулятордың кардиологиялық нұсқасы: 

Симулятор шынайы клиникалық аспаптарды қолдануымен манекендегі аускультация нүктелерінде жүректі тыңдау дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Симулятор артериялар пульсін, жүрек түрткісін пальпация жасау арқылы зерттеуге де арналған.  

«LSAT» өкпе аускультациясы нұсқасы: 

Симулятор өкпені тыңдау дағдыларына игеруге мүмкіндік береді.  

 

 

Бөлім қызметкерлерi:

Бөлім меңгерушісі: Абдраимова С.Е.

Әдiскер: Ақжiгiтова М.А.

Аға лаборант: Сатыбалдиева С.Ж.

 

Жұмыс уақыты:

9:00-18:00 дүйсенбі-жұма

9:00-13:00 сенбі

Телефон: (87252) 40-82-19 (ішкі номер: 324)

 

 

 

 

 

Оқу клиникалық-симуляциялық бөлімінің 2016-2017 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы жұмысы

ОҚМФА-ның Оқу клиникалық-симуляциялық бөлімі (ОКСБ) құрылуынан бастап Қазақстан Республикасындағы медициналық білімінің даму стратегиялық векторларының бір толқынында болып жатыр. 2016-2017 оқу жылында да ОҚМФА-ның ОКСБ-і өзінің жан-жақты бағыттары бойынша жақсы нәтижелерін көрсетіп, қарқынды жұмысын жалғастырды.

2016-2017 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы жұмыс нәтижелері ОҚМФА-ның студенттері мен оқытушыларына, сонымен қатар, біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау циклдарында білім алып жүрген тәжірибелік денсаулық сақтау саласының мамандарына жоғары технологиялық компьютерленген робот-симулятор, муляж және тренажерлар қолданып, шынайы жағдайларға ұқсас клиникалық жағдайларды модельдеу және әрекеттер алгоритмін игеріп жасауға мүмкіндік беретін симуляциялық технологияларды қолдануымен имитациялық білім беруді ұйымдастыру және жүргізу арқылы білім функциясы тәжірибелік дағдыларды жетілдіруге бағытталған ОКСБ-і оқу семинарлар, тренингтер, мастер-класстарды жүргізуге арналған нәтижелі алаңы ретінде статусын бекітті.  

Осылай, 2016 жылдың қорытындылары бойынша ОКСБ-нің дәрігер-инструкторлары 500 астам тыңдаушыларға – тәжірибелік денсаулық сақтау саласы мамандарына білім берді. 

905 1

Тәжірибелік денсаулық сақтау саласының мамандары арасында сұранысы көп және жиі жүргізілетін, және де тәжірибелік денсаулықтың ыңғайлығы үшін облыстық емдік мекемелердің базасында ұйымдастырылатын «Критикалық жағдайлардағы шұғыл көмек» біліктілікті жоғарылату циклы болып табылды.

905 2

ОКСБ-дегі симуляциялық оқыту, сауалнама деректері бойынша, білім алушылардың теориялық білімі мен өзін-өзі бағалау деңгейіне, сонымен қатар,  тәжірибелік дағдыларды орындау сапасына оң әсерін тигізіп жатыр.

Оқу клиникалық-симуляциялық бөлімі білім беру саласының соңғы тенденцияларына да назар аударып жатыр. «Медициналық білімді жаңғырту» Жол картасын ЖОО-ың білім үрдісіне іске асыру бойынша «Стандартталған пациент» әдістемесі белсенді түрде еңгізілуде. ОКСБ меңгерушісі С.Е. Абдраимова клиникалық кафедралар оқытушыларына арналған стандартталған пациенттерді студенттер, интерндер, магистранттар мен резиденттерді оқыту барысында қолдану және оқу үрдісіне осы әдістемені еңгізу бойынша оқу семинарлар өткізді.     

905 3

Оқытушылардың семинарларға қатысуы ОҚМФА-да «Стандартталған пациент» әдістемесін қолданып оқытуды ұйымдастыруға жаңа импульс беріп, осы бағытта ары қарай жұмыстарды жалғастыруға шабыт тудырады.  

905 4

ОКСБ-нің ары қарай даму жоспары симуляциялық технологиялардың міндетті үйлесімімен оқу курстарының кеңейтуін қарастырады. Оқу жүйесінің барлық қатысушыларының бірігіп әрекеттенуімен оқытудың түрлі үлгілерінің интеграциясы синергетикалық нәтиже беріп және ОҚМФА-ның оқу клиникалық-симуляциялық бөлімінің алдында тұрған негізгі мақсаттарына жетуге ықпалын тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар