Тіркеу Офисі

 

Тіркеу Офисі – 2009 жылы құрылымдық бөлім ретінде ректор бұйрығымен оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысу, білім алушылардың оқу жетістіктерін тіркеу, білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыру және академиялық рейтингті есептеу үшін құрылды.

 

Негізгі қызметтері:

·  қабылдау комиссиясы жұмысын ұйымдастыру (жарнамалық және кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру; Ұлттық бірыңғай тестілеуді, талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу; қабылдау емтихандарын ұйымдастыру және өткізу; білім алушыларды қабылдау); 

·  бакалавриат, магистратура, интернатура және резидентура мамандықтары бойынша элективті пәндер каталогын құрастыру;

·  элективті пәндер каталогы негізінде құрастырылған білім траекториялары презентацияларының тьюторлармен және эдвайзерлермен өткізілуін ұйымдастыру;

·  білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу үдерісін ұйымдастыру;

·  типтік оқу жоспары және білім траекториялары негізінде білім алушылардың жеке оқу жоспарларын құрастыруды ұйымдастыру;

·  аралық және қорытынды аттестацияны ұйымдастыру және өткізу (объективті құрылымдандырылған тәжірибелік/клиникалық емтихан технологиялары бойынша тәжірибелік дағды аттестациясын ұйымдастыру және өткізу; компьютерлі тестілеу түрінде емтихандарды ұйымдастыру және өткізу); 

·  оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, ішкі тәртіп; білім алушылардың құқықтары мен міндеттері; студенттерді оқу пәндеріне тіркеу ережелері; білім алушыларды бағалау және ағымдық, аралық, қорытынды бақылауларды ұйымдастыру тәртібі; студенттерді ауыстыру, қайта қабылдау және оқудан шығару ережелері; академиялық күнтізбе; студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру туралы мәлімет қамтылған анықтамалық жолсілтеме құрастыру;

·  академиялық жазбалар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру: білім алушылардың қозғалысы бойынша бұйрықтарды, емтихан тізбектерін тіркеу; студенттердің барлық оқу кезеңдерінде меңгерген кредиттерін тіркеу; транскриптер жазу; ECTS принциптері мен механизмдерінің сақталуын қамтамасыз ету.

 

 

727 1

Тіркеу Офисінің бастығы

Сыздықова Саулет Акмурзаевна,

фармацевтикалық ғылымдар кандидаты

 

 

727 2

Тіркеу Офисі бастығының орынбасары

Туктыбаева Эльмира Нурмакановна

 

 

727 3

Тіркеу Офисінің маманы

Камшибаева Жадыра Алтынбековна

 

 

727 4

Тіркеу Офисінің әдіскері

Тажимуратова Айша Кайратовна

 

 

727 5

Тіркеу Офисінің әдіскері

Конысова Халима Абуталиповна

 

 

727 6

Тіркеу Офисінің маманы

Испандиярова Асель Мадияровна

 

 

Байланыс телефондары: 8-725-2-40-82-18; 8-725-2-40-82-22 (333)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар