Жалпы бөлім

 

ОҚМФА Жалпы бөлімі  Қазақ ССР  Министрлер Кеңесінің  №247 03.07.1979ж  қаулысымен,  Алматы мемлекеттік медицина институты филилалының Шымкент қаласындағы  құрылымдық бөлімшесі  болып 1979 жылы құрылған.

 

Академия жалпы бөлімі құжаттандыруды жүзеге асыру мен құжат басқаруды ұйымдастыратын құрылымдық бөлімше болып табылады. Жалпы бөлімді, бөлім бастығы басқарады. Жалпы бөлім бастығы ректордың бұйрығымен тағайындалады және жұмыстан босатылады. Құрылымдық бөлімше тікелей ректорға бағынады.

Бөлімшені әр жылдары әр түрлі басшылар басқарған:

1998-2005 жылдары Н.Т. Бадырова жалпы бөлім бастығы.

2005-2006 жылдар аралығында жалпы бөлімді М.Р Тулеева басқарды.

2006 жылдан бастап және қазіргі уақытта жалпы бөлімді Г:Ж Спатаева басқарып келеді. Гулнар Жангубекқызы. Ж Спатаева 1977 жылы туылған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін оқып бітірген.

Қазіргі уақытта штат бойынша – 7 адам:
Басшы  - 1
Мемлекеттік тіл маманы-1
Мұрағатшы-1
Инспектор-1
Курьер-1
Аудармашы -2

 

Жалпы бөлімнің негізгі міндеттері:

-Құжаттандыруды біркелкі тәртіппен қамтамасыз етуді, құжаттармен жұмысты ұйымдастыру

- Құжаттардың дұрыс орындалуын бақылау және құжаттарды бағыныстағы мұрағатқа өткізуге дайындау;

-Академия құжатайналым жұмысының көптігін қысқарту;

  Негізгі міндеттерге сәйкес жалпы бөлім келесі атқарымдарды жүзеге асырады:

- Академия басшысына құжаттардың орындалу нәтижесі туралы жүйелі түрде ақпарат беріп отырады және құжаттардың белгілі мерзімге дейін орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

- Академияның іс номенклатурасы құжатты шапшаң сақтауды қамтамасыз етеді және белгілі тәртіпппен бағыныстағы мұрағатқа жібергенге дейін оларды қолдануды қамтамасыз етеді.

- Құрылымдық бөлімшелерде істі қалыптастыру және ресімдеудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады, құжат құндылықтар сараптамасын ұйымдастырады.

Жалпы бөлім қарауындағы мұрағат қызметінің бірден-бір артықшылығы сұрауларды орындау. Мұрағат құжат құндылықтар сараптамасын және есеп жүргізеді, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Құжат ресімдеу және іс жүргізудің дұрыстығын бақылайды, іс номенклатурасын құрастыруда әдістемелік көмек береді, құжаттарды мұрағатқа өткізуге дайындайды.

Академия аудармашылары жалпы бөлім құрамына кіреді, олар мемлекеттік тілде іс жүргізуді бақылайды. Кіріс және шығыс құжаттарының дұрыс ресімделуін тіркейді. Ғылыми, техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа да арнайы құжаттарды, басқа ұйымдармен жазысқан қатынасхаттарды, сонымен қатар конференция, мәжіліс, семинарлар мәліметтерін аударады. Орындаған аудармалары туралы есеп береді.

Жалпы бөлім қызметкерлері жауапкершілігі, ұқыптылығы, шыдамдылығымен және шапшаң орындайтын қабілетімен ерекшеленеді. Жылы шырай және өміршеңдік таныту жалпы бөлім қызметкерлерінде жоғары деңгейде.

Жалпы бөлім – академияның қайнар көзі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар