Компьютерлік тест және баспа орталығы (КТБО)

 

Компьютерлік-тест, баспа орталығы 1997 жылы құрылды. № 387-к бұйрығы бойынша 1997 жылдың қазан айының 31 жұлдызынан «Компьютерлік-ақпараттық тестілеу орталығы» болып, кейін қайтадан РМҚК ОҚММА ректорының  № 286-к бұйрығына сәйкес 2000 жылдың қыркүйек айының 20 жұлдызынан бастап «Компьютерлік-тест, баспа орталығы» болып аталынды.


КТБО штаттық кестесінде:

* КТБО бастығы;
* Инженер бағдарламашы;
* Инженер- электроншы ;
* Жергілікті есептеуіш желі  жетекші ;
* Жергілікті есептеуіш  желінің жүйе маманы ;
* ЖЕЖ технигі;
* Интернет маманы ;
* Аға лаборант ;
* Оператор.

Орталықтың негізгі атқаратын міндеттері:
Орталық жұмысы теориялық терең білімді,  тәжірибелік дайындығы мен  кәсіптік білім беру дағдысы  және шеберлігін жіті меңгерген мамандықтардың мемлекеттік білім стандартына сай келетін мамандарды дайындауға бағытталған.

* студенттердің білім деңгейін анықтау үшін тесттілеу бақылауын ұйымдастыру және өткізу;
* оқушылармен студенттердің білімін бақылау үшін тест қорын жинақтау және оны қолданысқа ендіру;
* Мемлекеттік, курстан курсқа көшіру емтихандары мен дифференциальдық сынақтарын  өткізуге тест бағдарламасын, сұрақ-кітапшаларын дайындау және оны қолданысқа беру;
* Студенттердің білімін бақылауда жетілдірілген әдістемелік төралқаларының тестерінің түрін қолдану;
* ОҚМФА Жаршысы ғылыми журналының түпнұсқасын дайындау, көбейту;
* Оқу ісіне қажетті барлық оқу-әдістемелік құжаттарын, ғылыми еңбектер және басқа да оқулықтар, қажетті оқу-есеп бланкілері мен құжаттарды ОҚМФА бөлімдерінен түскен өтініштері бойынша дайындап, оларды көбейту;
* ОҚМФА бөлімдерінен түскен өтініш бойынша компьютер және ОТҚ барлық техникалық қызмет көрсету;
* Бағдарламалық қажеттілікті дайындау, қолдану, өңдеу және ендіруде автоматтандырылған жүйені ОҚМФА-ның барлық құрылымдық бөлімдеріне өтініш бойынша қолдануға беру;
* Жаңа компьютерлік техниканы алу және қолданысқа енгізу;
* Электрондық пошта, Интернет жұмыстарын ұйымдастыру және қолданысқа енгізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар