Терапия бакалавриат кафедрасы

 

Кафедраның құрылу тарихы.

Ішкі аурулар пропедевтикасы  және факультеттік  терапия кафедрасы 1994 жылдың  ақпан  айында  құрылған. Кафедра  базасында «Мейірбике ісі негіздері» және «Науқастардың жалпы күтімі» курстары ұйымдастырылды. Кафедраның  ұйымдастырылуы және құрылуына, оқу-әдістемелік құжаттардың  жүйелендірілуіне, кафедраның клиникалық базасын нығайтуға    профессор Түзелбаев Н.К.; доцент Ажмұханбетова А.Ж.; доцент Юнусходжаева Г.Д.; доцент Бейсетаев О.Б.; доцент Қойбақов М.Б.; м.ғ.д. Сейдеметов А.С.; профессор Байдурин С.А.; профессор Ысқақов Б.С.; доцент Қауызбай Ж.А. белсенді ат салысты.

2005 ж. қыркүйек айынан бастап ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасын   профессор м.ғ.д. Бекмурзаева Э.Қ. басқаруда, 2010 жылдың қыркүйегінен  бастап кафедра  - терапия бакалавриат болып аталды. Кафедра Шымкент медициналық жедел жәрдем ауруханасы, Оңтүстік Қазақстан облысының мүгедектерді оңалту орталығы және Оңтүстік Қазақстан облысының оралмандарды оңалту орталығының клиникалық базаларында  орналасқан. Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының 35 кереуеттік терапиялық және 25 кереуеттік гастроэнтерология бөлімдеріндегі науқастарға тәжірибелік машықтану дағдыларын кеңінен қолдануға мүмкіндік бар.

Кафедра қызметкерлері клиникалық базалардың барлық бөлімшелеріндегі (терапия, гастроэнтерология, хирургия 1-2, нейрохирургия, гинекология, жақ-бет хирургиясы, жарақат, урология, жүйке-тамырлық, қабылдау) терапиялық профильдегі  науқастарға кеңес   беру және  емдеу  жұмыстарын белсене   атқарады және терапевт маманы ретінде түнгі, тәуліктік кезекшіліктерге түседі.

Аурулардың профилі кафедра мақсаттарына және талаптарына сай. Ауруханаларда материалды-техникалық базасы қанағаттанарлық. Ауруханаларда бәріне қажетті жақсы құрал-саймандармен жабдықталған клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық лабораториялар жұмыс істейді. Клиникалық база дер кезінде және толық көлемде қажетті ауруларды дәрігерлік зерттеуге мүмкіндік беретін компьютерлік томография, рентгенологиялық, электрокардиографиялық, ультрадыбысты, эндоскопиялық аспаптармен жабдықталған.

Кафедраның клиникалық базалардың терапиялық бөлімдер профилі, студенттерге оқулық процесс өткізуіне және өндірістік тәжірибелерге арналған медициналық ЖОО-ң бағдарламасындағы  талаптарға жауап береді.

Кафедра меңгерушісі Бекмурзаева Э.Қ. және кафедра доценті Сейдахметова А.А. 2010ж. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті жанында  «Коммуникативті дағдылар – медициналық жоғарғы оқу орнында өтілетін пән» циклі бойынша Dr. Juliet Draper жтекшілігімен «Коммуникативті дағдылар» мамандығы бойынша біліктілігін арттырып, Кэмбридж Университетінің сертификатына ие болған.

Кафедра ұжымы кафедра меңгерушісі, кафедра доценті, 10 ассистент, 5 оқытушыдан тұрады.

 

 

Кафедрада   оқытылатын    пәндер:

Бакалавриат

Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 3 курс студенттеріне:

  • коммуникативті  дағдылар (5 семестр, 1-кредит)
  • клиникалық    медицинаға   кіріспе (5-6 семестр, 3-кредит)
  • кәсіби  аурулар (6 семестр, 2-кредит)
  • таңдау бойынша компонент - ішкі аурулар (5 семестр, 3-кредит)

Мейірбике ісі факультетінің 3 курс студенттеріне:

  • геронтология және гериатрия (5 семестр, 2-кредит)
  • коммуникативті  дағдылар (5 семестр, 3-кредит)
  • таңдау бойынша компонент - ішкі аурулар (6 семестр, 3-кредит)
  • таңдау бойынша компонент - нутрициология (6-семестр, 1-кредит)

Мейірбике ісі факультетінің 2 курс студенттеріне:

  • терапиядағы ішкі аурулар пропедевтикасы  және  мейірбике  ісі (4-семестр,

4-кредит)

 

Кәсіби  техникалық  білім  беру  факультетінде:

  • терапиядағы  ішкі  аурулар  пропедевтикасы   және  мейірбике  ісі (мейірбике  ісі мамандығының 3-4 курс оқушыларына)
  • ішкі аурулар (емдеу ісі мамандығының 3-4 курс оқушыларына, акушер ісі 2-3 курс оқушыларына)
  • алғашқы дәрігерлік  көмек  (фармация  мамандығының 1,3 курс оқушыларына)
  • коммуникация  негіздері (стоматология мамандығының 1 курс оқушыларына)
  • жұқпалы аурулар курсымен ішкі аурулар (стоматология мамандығының 2-3 курс оқушыларына)

 

Дипломнан кейінгі оқыту – резидентура:

Кәсіптік патология мамандығына:

  • стационардағы кәсіптік патология 1 (1-ші оқу жылындағы резиденттерге)
  • стационардағы кәсіптік патология 2 (2-ші оқу жылындағы резиденттерге)

 

Кафедра меңгерушісі

БЕКМУРЗАЕВА ЭЛЬМИРА КУАНЫШҚЫЗЫ
медицина ғылымдарының докторы, профессор

Бекмурзаева Э.Қ. 1970 ж. 13 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген. 1993 ж. Алматы Мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітіріп,  дәрігер-терапевт  мамандығына  иеленген. 1993-1996 жж. Шымкент Мемлекеттік медицина институтында ішкі аурулар мамандығы бойынша аспирантурада оқыған. 1996 ж. бастап, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясының госпитальды терапия кафедрасында қызмет атқара бастады. 1997 ж. «Фосфор және қорғасынмен уланған науқастардың асқазанының кілегей қабатының патологиясын анықтайтын жаңа тәсілдер мен клиникалық  морфологиялық өзгерістердің ерекшеліктері»  тақырыбында  14.00.05 – ішкі аурулар бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2002 ж. Қазақстан Республикасының жоғарғы аттестациялық комиссиясымен доцент ғылыми атағы берілді. 2005 ж. маусым айында «Жаңа мұнай өңдеу өндірісі жұмысшыларының ас қорыту жүйесі аурулардың түзелуіндегі клиникалық - гигиеналық  ерекшеліктері («ШНОС» АК мысалында) тақырыбында 14.00.50 – еңбек  медицинасы бойынша Ұлттық еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар орталығында Д. 53.42.01. диссертациялық  кеңесінде  докторлық  диссертациясын  қорғаған. 2005 ж. бастап, ОҚММА-ның ішкі аурулар пропедевтикалық  кафедрасының меңгерушісінің  қызметін   атқаруда. 2010 ж. Қазақстан Республикасының жоғарғы аттестациялық комиссиясымен профессор ғылыми атағы берілді. Бекмурзаева Э.К. жоғарғы санатты дәрігер-терапевт, 79 ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінің иесі, оның ішінде 2 әдістемелік оқу-құралы бар, 2 өнер табыстық патенті баспадан жарық көрді. 4 ізденушілердің ғылыми жетекшісі, Алматы, Астана, Бішкек, Шымкент қалаларында өткен халықаралық   конференцияларға  белсенді  қатысқан.

 

Оқу-әдістемелік жұмыс:

Кафедра өз жұмыстарын оқу - әдістемелік, клиникалық және ғылыми зерттеу, тәрбиелік іс – шараларды қамтитын жылдық жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырады.Кафедра жұмыстарының мәселелерін талқылау үшін ай сайын бір рет кафедра мәжілісі өткізіледі, оған кафедраның барлық қызметкерлері қатысады. Кафедраның оқу - әдістемелік, тәрбие және ҒЗЖ т.б. құжаттары ИСО – 9000- 2001 талаптарына сай жүргізіледі. Кафедраның іс – қағаз құжаттарының тізбесі  академия  іс номенклатурасы  арқылы анықталады. Кафедрада ЖМББ стандартына сәйкес 051101 – «Мейірбике ісі», 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» және ТжКББФ –нің мамандықтары бойынша типтік оқу бағдарламаларға сәйкес әр жылы  оқу жұмыс жоспары, жұмыс оқу бағдарламалары қайта қаралып талқыланады. Әр оқу жылында кафедрадағы оқытылатын пәндер жаңа бағдарлама бойынша әдістемелік жағынан толық қамтамасыз етіледі.

Барлық пәндерден емтихан алу мақсатында тест сұрақтары және ОҚТЕ, ОҚКЕ әдістемелік нұсқаулары әр оқу жылы қайта қаралып, өңделіп, тексеруден өткізіледі.

Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру-қазіргі талаптарға сай білім беру саласына жаңа оқу әдістерін ендіру арқылы, жеке тұлғаның кәсіби білімі мен біліктілігін жетілдіре отырып, кәсіби қызметке қажетті білімдерін, іскерліктерін  және дағдыларын қалыптастыру болып табылады.Оқу үдерісіне инновациялық технологияны енгізудің басты шарты студенттерде инновациялық белсенділікке негізделген инновациялық ойлауды қалыптастыру, жаңа білімді өз бетінше қабылдау және дағды мен мақсат қоюшылықты дамыту, сондай - ақ өзінің мамандығы бойынша ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын қолдана алуға үйрету, жоғарғы оқу орындарының оқу жүйесінде жаңа ақпараттық технология мен коммуникацияларды енгізу инновациялық қызметтің негізгі кезеңі болып табылады. Кафедрада оқытылатын пәндерге инновациялық технологияны қолданудағы негізгі мақсат жаңа технологиямен қаруланған барлық басқа пәндермен өзара тығыз байланыс орнату.

Кафедрада оқытылатын барлық пәндерден сабақ өткізуде жаңа инновациялық технологиялық әдістермен қатар қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 3 курс студенттеріне «Пән аралық оқыту» моделі қолдануда. Бұл модельге  сәйкес студенттер басқа пәндерден  (клиникалық медицинаға кіріспе, кәсіби аурулар, жұқпалы аурулар, жалпы гигиена, қоғамдық денсаулық, қоршаған орта және денсаулық) алған білімдерін саралаумен қатар, пәндермен бір бірімен интеграциялай отырып, кәсіби дағдылануға машықтану мәселелерді  кең қамти алады.

 

Мейірбике ісі факультетінің 2 курс студенттеріне «Проектіге бағытталған оқыту» моделі қолдануда. Студенттер бір жарты жылдықта Оңтүстік Қазақстан облысының мүгедектерді оңалту орталығында мүгедектерге физикалық зерттеулер жүргізіп, физиоемдеулер жасап, мүгедектер үйлеріне оралғаннан кейін де курация жасауларын жалғастырды.

 

Кафедраның ғылыми жұмысы

Терапия бакалавриат кафедрасының оқытушыларымен әр түрлі бағытта ғылыми зерттеу жұмыстары үзіліссіз жүргізіліп, оқу үрдісіне жаңа клиникалық және педагогикалық технологиялар енгізіліп отырады. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларда жүйелі түрде  қатысады.

Академия қабырғасында өткізілетін конференцияларда студенттердің ғылыми-тәжірибелік жұмыстарының атсалысуына, кафедрадағы студенттердің ғылыми-тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуге жауапты орындаушы – Қаузбаева М.С

Ғылыми ұйымдар жұмысына қатысу.

Индикаторларға арналған мәліметтердің электрондық негізін құру.
жас ғалымдар тізімін бекіту, академияның жас ғалымдар кеңесінінің жұмысына қатысу, жас ғалымдар жұмысына көмек көрсету.

Кафедраның ғылыми зерттеу жұмысының материалды-техникалық базасын нығайту:

Кафедраның кітапханалық қорын оқу-әдістемелік құралдармен толықтыру.

Студенттердің   ғылыми    үйірмесі:
Кафедрада  белсенді түрде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Емдеу факультетінің 3 курс студенттері 2003 жылы Мәскеуде өткен Халықаралық  Пироговтың ғылыми   студенттік конференцияларына  және 2004 жылы Астана қаласында өткен студенттердің және жас ғалымдарының Республикалық   ғылыми-теориялық конференцияларына қатысты. Баяндамалар  қорытындысы бойынша студенттер дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Студенттер  назарына! Ғылыми үйірменің мүшесі болуға шақырамыз!

Терапия   бакалавриат    кафедрасының    тәрбие   жұмысы

Жаңа қабылдаған оқутушылар ОҚМФА  жарғысының ішкі ережелері және жатақханада тұру ережесімен таныстырылды.
Кафедрада  тәлімгерлер  тізімі   бекітілді:
Абдукаримова  Ж. М.    219-220 КДС
Ибрагимова   Р.Б.           317-318 КДС
Байдуллаев  Б.М.           207-208 КДС
Сейдалиева Ф.М.           303-304 КДС

Жатақханадағы кезекшілік тізімі бекітілді. Кезекшілік уақыты әр айдың 16-шы жұлдызында сағат 18.00 – 21.00 аралығында атқарылады.
«Білім күніне», «Халықаралық мұғалімдер күніне», «Халықаралық студенттер күніне»,  «Салауатты өмір салты» , Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күніне байланысты, барлық топтардың  тәлімгерлерімен бірге тәрбие сағаттары өткізілді. . Әр топта жеке түрде «16 – желтоқсан – Тәуелсіздік   күніне»  орай  тәрбиелік   сағаттар  жүргізілу бекітілді.
«Ескі жаңа жыл» күніне, Ғашықтар күніне , Салауатты өмір сүру салтын   қалыптастыру , Халықаралық   әйелдер   күніне , 22 Наурыз –мерекесіне орай , Күлкі күніне арналған «Шын көңілмен күлеміз» қойылымы, «Халықаралық ынтымақ күні» мерекесіне , Жеңіс күніне   «Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік   рәміздеріне» орай тәрбиелік   сағаттар   жүргізілуі   жоспарланған.

Қызметкерлер:

Бекмурзаева Эльмира Куанышқызы    м.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі
Сейдахметова Айзат Ашимханқызы   м.ғ.к., доцент, оқу ісінің меңгерушісі
Ибрагимова Роза Бахтиярқызы             ассистент
Байдуллаев Бахрам Музаффарұлы       ассистент
Абдукаримова Жанар Маулешқызы      ассистент
Корганбаева Хилала Турсункулқызы     ассистент
Умиралиева Гульнара Амиралиқызы    ассистент

Сейдалиева Феруза Муфтыханқызы     ассистент

Қаузбаева Мөлдір Сейтовна                   ассистент

Садыкова Гүлжан Сапаровна                    ассистент

Азизова Алтынай Абдалиевна                  ассистент

Абдраимов Ержан   Бахытович                 ассистент

Жаңалықтар;

2011ж. қазан айының 3 және 8 аралығында академия қабырғасында Линкольн қаласынан (АҚШ),  Небраска штаты университетінен келген профессор Дельвин Харниш дәріс оқыды. ОҚМФА басшылығы оны «Медициналық және фармацевтикалық жоғарғыоқу орындарында кредиттік жүйе бойынша оқытуды енгізуді жаңғырту» атты Халықаралық семинардың жұмысына доклад жасаушы және дәріс оқушы ретінде шақырды.

Біздің кафедрадан семинарға кафедра меңгерушісі, профессор Бекмурзаева Э.Қ. және кафедра оқу ісініңмеңгерушісі, доцент Сейдахметова А.А. қатысты.

Семинардың мақсаты – кредиттік жүйе бойынша оқытуды күшейту, білім беру үрдісінде студенттердің ролін нығайту, болашақ мамандардың творчестволық ықпалын түзуінде инновациялық әдістерді белсендіру.

Семинарда кредиттік жүйе бойынша оқытудағы инновациялық және ақпараттық білім технологияларының аспектілері; студенттердің өзіндік жұмысы және өзін-өзі тануын түзу, СӨЖ орындау және оны бағалау әдістерінің методологиясымен оқытушыларды оқыту; болшақ маман иелерінің кәсіби компетенттілігін түзу; академиялық мобильділік талқыланды.

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар