«Терапиялық пәндер» кафедрасы

 

ОҚММА-да 1996 жылы алғаш рет госпитальды терапия кафедрасы құрылды. Кафедраның негізгі клиникалы базаларына облыстық клиникалық аурухана, облыстық эндокринологиялық дипансер, облыстық кардиологиялық орталық, қалалық гепатологиялық орталық жататын.

Кафедра меңгерушісі ретінде м.ғ.к., доцент М.Б.Қойбаков тағайындалды. Оның кандидаттық диссертациясы миокард инфарктысының реабилитациясы жайында болды. 

1997 жылдың қыркүйегі мен 2001 жылдың қыркүйегі арлығында кафедраны м.ғ.д., профессор С.А. Байдурин басқарды, докторлық диссертациясы клиникалық гематология сұрақтарына арналған.  

2001-2009 жылдар аралығында кафедраны профессор А.Д. Қарқабаева басқарды. Кандидаттық және докторлық диссертациялық жұмыстары, клиникалық ревматология мен иммунологияның өзекті мәселелерін шешуге арналды. 2009 жылы «Терапия-2» кафедрасынан, 2010 жылы «Терапия-1» кафедрасы болып өзгертілді. 2013 жылдан бастап «Терапиялық пәндер» кафедрасы болып қайта құрылып м.ғ.к., доцент А.Е.Туртаева басқаруда.

А.Е. Туртаеваның кандидаттық диссертациясы ерте ревматоидты- артриттің диагностикасы мен еміне арналған. А.Е.Туртаева магистранттар Г.А.Примжарова, Л.Сызыкова, Ж.А. Мырзабековалардың ғылыми жетекшісі болып табылады. 

Профессорлық оқыту құрамы: педагогикалық, ғылыми жұмыстармен және де жоғары дәрежедегі емдеумен айналысады. 

Кафедрада 1 профессор, 8 доцент, 1 магистр, 11 ассистент қызмет етеді, оның ішінде 4 магистрант «Медицина» мамандығында оқиды.

Кафедраның негізгі ғылыми жұмысы: ревматология, кардиология, пульмонология, гастроэнтерология, радиология, фтизиатрия бағыттарында жүргізіледі.

Профессорлық оқыту құрамы ғылыми жұмыстарды атқарады, республикалық, халықаралық, жоғарғы оқу орындары деңгейінде тезистер мен мақалалар шығарады. 

 

«ОҚО туберкулез эпидемиологиясын анықтау мен заманауи жағдайда олармен күресу» ҒТБ жасалуда. 

Орындалу мерзімі: 2012 жыл маусым-2014 жыл желтоқсан. 

Ғылыми жетекшісі: Л.Т.Касаева. 

Кеңесші: Е.Б.Бекмуратов. 

Кафедра заманауи инновациялық технологиямен қамтылған. 

Кафедрада «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша бакалаврлар, интерн дәрігер- терапевтер, интерн дәрігер- акушер- гинекологитар, интерн жалпы тәжірибелік дәрігерлер, резидент- невропатологтар, резидент –педиатрлар оқиды. 

Ғылыми педагогикалық және профилді бағытта «Медицина» мамандығында магистр, дәрігерлердің біліктілігін арттыру циклнда «Терапияның өзекті мәселелері», «Кардиологияның өзекті мәселелері», «Пульмонологияның өзекті мәселелері», «Ревматологияның өзекті мәселелері», «Гастроэнтерологияның өзекті мәселелері», «Эндокринологияның өзекті мәселелері», «УДЗ-ның өзекті мәселелері, соның ішінде балалық шақ жасындағыларда», «Рентгенологияның өзекті мәселелері» оқиды. 

Оқу процесінде командалық ойлануды үйрету, кіші топтармен жұмыс, клиникалық жағдайда «Джигсо» әдісімен талқылау, ауру тарихын сараптау, клиникалық орталықта «шок класс» оқыту, «кездейсоқ нәтиже» бағытында белсенді оқыту жүргізіледі.

 Облыстық клиникалық аурухана, облыстық эндокринологиялық диспансер, облыстық кеңестік диагностикалық орталық, облыстық кардиологиялық орталық, қалалық туберкулездік диспансер, «Даумед» клиникасы кафедраның клиникалық базалары болып табылады. Кафедрада жоғарғы және бірінші санатты мамандар жұмыс істейді және ревматологиялық, кардиологиялық, гастроэнтерологиялық, нефрологиялық, пульмонологиялық, эндокринологиялық, туберкулезді науқастарға кеңес береді. Кафедрада 100% санатты, оның ішінде 66,7% жоғары, 33,3% бірінші санатты. 

Доцент Г.К. Асанова жүрек- қан тамыр жүйесі ауруларының координаторы. 

Кафедра қызметкерлері дәрігерлермен бірге тәжірибелік конференциялар, патологоанатомиялық конференциялар, ертенгілік конференциялар жүргізеді. 

Кафедра мүшелері ана өлімінің сараптаушы комиссиясына қатысады. 

Кафедра студенттердің мәдениетті, ынталы және тәрбиелі болуына көңіл бөледі. Жыл сайын интерн- дәрігерлер «Саламатты өмір салты» орталығында «Дұрыс тамақтану» туралы баяндама жасайды, облыстық эндокринологиялық аурулармен және ревматололгия, нефрология, пульмонололгия, гастроэнтерология бөлімдерінде науқастармен әнгіме жүргізеді. Сонымен қатар Шымкент қаласының тұрғындары арасында «Денсаулық сақтау» акцияларына қатысып тұрады.

Тәрбие жұмысы

02.09.2014ж. Қатысқандар: кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы,  және  топтарының дәрігер-интерндері.

Күн тәртібінде:Кафедрада дәрігер-интерндері арасында Қазақстан Республикасы Конституциясына 19 жыл толуына орай «Тәуелсіздік тірегі – Ата заң»  тақырыбында және Білім күніне байланысты тәлімгерлік сағат өткізу.

Сөйлегендер: Кафедра асс. Емешева М.А. осы тақырыпқа орай кіріспе сөзін айтты,  және  702 дәрігер-интерндері баяндама жасады.

Тәлімгерлік сағатты кафедраның ассистенті Емешева М.А.  өткізді. Конституция – біздің мемлекеттің негізі, қазақ халқының еркіндігі, құқығы мен бостандығының айғағы. Тәлімгерлік сағатты өткізудегі тәлімгерлердің негізгі мақсаты -  студенттер, дәрігер-интерндер арасында азаматтық, Отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, сонымен бірге өз Отанына деген мақтаныш сезімін ояту. Кафедраның ассистентіЕмешева М.А. ҚР Конституциясының негізгі бөлімдері туралы айтып, ол бөлімдерге қысқаша түсінік беріп өтті. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30-тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.

Тәлімгерлік сағат барысында оқытушы мен дәрігер-интерндер өздерінің ой пікірлерін білдіріп, Конституцияның азаматтарға демократиялық, зайырлы мемлекетте  барлық құқықтары сақталатынын  айтты. Пікір алмасу Ата заң туралы өлеңдер оқумен аяқталды. 

Терапиялық пәндер кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.к., доцент                                                         А.Е. Тұртаева

Тәрбие ісіне жауапты, ассистент                                           А.А. Мұстапаева

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар