Дәрілер технологиясы кафедрасы

 

Факультет: Фармацевтикалық

Кафедра: «Дәрілер технологиясы»

 

Кафедра тарихы

Дәрілер технологиясы кафедрасы 1981 жылы құрылған. Кафедраның алғашқы қызметкерлері: кафедра меңгерушісі, фармация ғылымдарының кандидаты, доцент Чукурова Р.М., оқытушылар: Рысбекова З.М., Усенбаева Р.Б.  Бүкілодақтық фармация ғылыми-зерттеу институтында Сағындықова Б.А. аспирантурада дайындықтан өтіп жатты.

Содан бері кафедра дамудың қиын жолдарынан өтті, жаңа курстар ашылды, ұжымның ғылыми-педагогикалық құрамы кеңейді. 1982 жылы "Дәрілердің зауыттық технологиясы", 1983 жылы "Биофармация" курстары ашылды. Кафедраны ұйымдастыру кезінде Мәскеу және Пятигорск ғалымдары, Алматы мемлекеттік медицина институтының дәрілік түрлер технологиясы кафедрасының оқытушылары және т.б. үлкен әдістемелік көмек көрсетті.

Дәрілер технологиясы кафедрасында Чукурова Р.М., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент (1981-1993 ж.ж.), Меңдібаев Б.Т. фармация ғылымдарының кандидаты, доцент (1993-1997 ж.ж.), Сағындықова Б.А., фармация ғылымдарының докторы, профессор (1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін) кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

Кафедра дамуына Рысбекова З.М (1981-1997 ж.ж.), фармация ғылымдарының кандидаты Усенбаева Р.Б. (1982-1998 ж.ж.), Абдуллабекова Р.М. (1982-1995 ж.ж.),  фармация ғылымдарының докторы; Торланова Б.О., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент (1982 жылдан қазіргі уақытқа дейін); Куценко В.В., фармация ғылымдарының кандидаты (1982-1996 ж.ж.); Мартынова И.А., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент (1982 жылдан қазіргі уақытқа дейін); Башикова Г.Х., фармация ғылымдарының кандидаты (1985-1993 ж.ж.); институттың алғашқы түлектері, оқу озаттары Анарбаева Р.М., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент (1984 жылдан қазіргі уақытқа дейін); Булегенова Л.П., (1984-1996 ж.ж.); Жакупова Б.Ж. (1984-1990 ж.ж.); Тоқсанбаева Ж.С. фармация ғылымдарының кандидаты, доцент (1989-1998 ж.ж.) өз үлестерін қосты.

Кафедраның ғылыми-педагогикалық потенциалы жоғары. Олар Мәскеудің ең жақсы ғылыми мектептерінде: ССРО МҒА корр.-мүшесі, профессор Тенцова А.И. (Сағындықова Б.А., АбдуллабековаР.М.), профессор Иванова Л.А. (Усенбаева Р.Б., Анарбаева Р.М.), профессор Бабанова Н.К. (Торланова Б.О.), ҚР МҒА корр.-мүшесі, профессор Ділбарханов Р.Д. (Мартынова И.А.) білім алған.

Кафедрада өз ғылыми мектебі құрылды.

Профессор Сағындықова Б.А. басшылығымен 6 фармация ғылымдарының ізденушілері кандидаттық диссертация қорғаған.

Дәрілер технологиясы кафедрасы фармацевтика факультетінің белді кафедраларының бірі ретінде жоғары білікті мамандар дайындауға үлкен үлес қосуда. Кафедра лабораторияларында қазіргі заманға сай дәріханалық және химиялық қондырғылар орнатылған, приборлар, техникалық оқу құралдары бар.

Мамандарды 5В110300 – «Фармация»,  5В074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», 0306000 – «Фармация» (орта кәсіптік білім) және «Фармация» мамандығы бойынша сырттай оқу бөлімі (2008жылға дейін), 6М110400 - «Фармация» магистратура  мамандықтары бойынша дайындайды.

Кафедраға «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының оқу пәндері қосылуына байланысты  2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедра атауы «Дәрілер технологиясы және инженерлік пәндер» кафедрасы болып өзгертілді, кейінен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» жеке кафедрада болып шығуына байланысты, 2015 жылдың маусым айында №71 бұйрыққа сай кафедра атауы қайта «Дәрілер технологиясы» болып өзгертілді.

Қазіргі уақытта кафедрада 1 міндетті компонент пән, 5 элективті пәндер оқытылады.

Дәрілер технологиясы кафедрасында 1 фармация ғылымдарының докторы, профессор, 2 фармация ғылымдарының профессор міндетін атқарушы, 1 фармация ғылымдарының кандидаты, доцент, 5 медицина ғылымдарының магистрлері жұмыс істейді. Магистратурада 3 магистрант білім алып жатыр.

Кафедра ұжымы бірнеше жылдар бойы келесі мамандықтар бойынша жоғарғы білім берудің Мемлекеттік жалпы білім стандартын шығаруға белсене қатысады: «Фармация», «Әлеуметтік саладағы менеджмент», бірнеше буындағы «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы». «Фармация» мамандығы бойынша дипломнан кейінгі білім.

Кафедрада алғаш рет қазақ тілінде оқулықтар шығарылды:

1.  «Дәрілердің дәріханалық технологиясы» (Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М., 2008ж.).

2.  «Дәрілердің өндірістік технологиясы» (Сағындықова Б.А.,2008ж.)

Кафедра қызметкерлері 10 жоғары оқу құралдарын орыс және қазақ тілдерінде дайындап шығарды (2003 жылдан бері).

Кафедра ұжымымен 1981 жылдан бері 360 жоғары ғылыми еңбектер, дәрілік препараттарға 2 тіркеме куәлік, 5 Уақытша Фармацевтикалық мақала, 12 патент басылып шықты.

1999 жылдан бастап дәрілер технологиясы кафедрасында жоғары және орта  фармация мамандары үшін келесі цикл бойынша біліктілікті жетілдіру курстары өткізіледі:

1. Дәрілік құралдар өндірісіндегі инновациялық технологиялар.

2. Фармацевтикалық технологияның актуальды мәселелері.

2011 жылдан бастап жоғары және орта білімді мамандардың біліктілігін жетілдіру мақсатында Орал және Жамбыл облыстарында циклдар ұйымдастырылған.

Кафедрада студенттік ғылыми үйірме жұмыс істейді. 1991 жылдан бері 60-тан астам дипломдық жұмыстар мен жобалар қорғалды. Студенттер халықаралық, республикалық, аймақтық олимпиадаларға қатысады.

Кафедраның оқытушылық ұжымы Оңтүстік Қазақстан облысының (Арыстан баб кесенесі, Х.А.Яссауи) тарихи және мәдени мұраларын зерттеуге, патриоттық тәрбиелеуге ерекше назар аудара отырып, тәрбие жұмысын атқарады.

Болашақ мамандыққа байланысты ашық тәлімгерлік сабақтар өткізіледі. «Менің мамандығым – менің мақтанышым!», «Мен фармация мамандығын таңдар  едім…», және т.б.

 

 

 

Кафедра меңгерушісінің қысқаша өмірбаяны

  

Сағындықова Баян Ахметқызы,

дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі,

фармация ғылымдары докторы, профессор

 

1977 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының фармацевтика факультетін бітірген соң, еңбек жолын Жамбыл облысы дәріханалық басқармасында бастады.

1980 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкенттегі филиалына (қазіргі ОҚМФА) жұмысқа қабылданды.

1981 жылы Бүкілодақтық фармация ғылыми-зерттеу институтына (Москва қ.) аспирантураға жіберілді.

1984 жылы фармация ғылымдары кандидаты ғылыми дәрежесін іздену бойынша диссертациясын қорғады және қазіргі уақытқа дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармация академиясында қызмет етіп келеді. 2000 жылы докторлық диссертациясын қорғады.

Осы жоғары оқу орнындағы Сағындықова Баян Ахметқызының қызметтік жолы дәрілер технологиясы кафедрасының ассистентінен кафедра меңгерушісіне дейін өтті.

Сағындықова Баян Ахметқызы студенттер үшін қазақ тілінде 2 оқулық, 4 оқу құралы және оқу процесінде қолданылатын қазақ және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік құралдар және нұсқаулар дайындады.

Сағындықова Баян Ахметқызы 0390740 – «Фармацевтикалық өндірісінің химиясы және технологиясы», 0409 – «Фармация өндірісінң технологиясы», 0902 – «Әлеуметтік саладағы менеджмент» және 0405 – «Фармация», 5В074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша жаңа 2009 ж.  мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының авторларының бірі болып табылады.

Сағындықова Баян Ахметқызының жетекшілігімен фармация мамандығы бойынша 10 жоғарытиптік оқу бағдарламалары дайындалған, олар республиканың барлық фармацевтік факультеттерінде қолданылады.

Профессор Б.А. Сағындықованың басқаруымен ғылыми топ бірнеше рет ғылым гранттарға ие болды:

1. ҚР білім беру министрлігі Ғылым Қоры, 1999 ж.

2. ҚР денсаулық сақтау министрлігі 009 "Денсаулық сақтау саласындағы  қолданбалы зерттеулер", 2003-2005 ж.ж.

3. Оңтүстік Қазақстан облысы инновациялық қоры, 2004 ж.

Профессор Сағындықова Б.А. 180-нен астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің, 12 ҚР алдын-ала патенттердің, 5 Уақытша Фармакопеялық мақалалардың авторы.

2014 жылы профессор Сағындықова Б.А. басшылығымен ғылыми топ ҚР Білім және Ғылым министрлігінің технологияны Коммерциялау Орталығы грантын ұтып алды.

Профессор Сағындықова Б.А. ғылыми жетекшілігімен 6 кандидаттық диссертация, 8 магистрлік диссертация қорғалып, 3 магистрлік диссертация дайындалып жатыр.

Профессор Сағындықова Б.А. К 09.14.05 Диссертациялық Кеңестің төрайымы (2002-2005 ж.ж.), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы жанындағы Д 09.14.05 Диссертациялық Кеңес төрағасының орынбасары (2005-2008 ж.ж.) міндетін атқарды. Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының диссертациялық кеңесінің мүшесі және ОҚМФА Ғылыми Кеңесінің мүшесі.

Профессор Сағындықова Б.А мамандарды дайындаудағы адал және көп жылдық еңбегі үшін академия басшылығы тарапынан, ҚР ДСМ және ОҚО әкімінің алғыс хатымен, ҚР ДСМ Құрмет грамотасымен, «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі», облыстың 80 жылдығына орай «Оңтүстік Қазақстан  облысы алдында сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған.

Сағындықова Б.А. «ҚР жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» (2008 ж.) мемлекеттік грантының иегері.

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

Кафедрада оқу жұмысы  ҚР МЖМБС (ГОСО РК) 3.08.390-2006 және кафедра жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Дәрілер технологиясы кафедрасында оқытылатын пәндер бойынша оқу процессін жүргізу, ұйымдастыру және мазмұны көрсетілген оқу-әдістемелік комплексі жасалған. Мемлекеттік стандартта көрсетілген пәндер бойынша сабақтарды және оқу-кәсіптік тәжірибелерді жүргізу үшін оқу аудиториялары қажетті құралдармен жабдықталған.

Кафедрада төмендегі пәндер бойынша қазақ және орыс тілдерінде типтік және жұмыс бағдарламалары бар:

 

Міндетті пән:

1)    5В110300 – фармация мамандығы бойынша «Дәрілер технологиясы»;

2)    6М110400 – фармация мамандығы бойынша «Фармациядағы оқыту және ғылыми зерттеу негіздері»;

Таңдау пәні:

1)    5В110300 – Фармация мамандығы бойынша «Дәрілік түрлер технологиясының негіздері»;

2)    5В110300 – Фармация мамандығы бойынша «Гомеопатиялық дәрілік түрлер технологиясы»;

3)    5В110300 – фармация мамандығы бойынша «Арнайы технология»;

4)    5В110300 – фармация мамандығы бойынша «Мамандыққа кіріспе»;

5)    6М110400–Фармация мамандығы бойынша «Парафармацевтика және нутрицевтикалық  препараттардың технологиясы»;

6)    6М110400 – Фармация мамандығы бойынша «Дәрілердің фармацевтикалық және медико-биологиялық аспектілері»;

7)    6М110400 – Фармация мамандығы бойынша «Тиісті фармацевтік тәжірибе»;

8)    6М110400 – Фармация мамандығы бойынша «Фармациядағы нанотехнология және биотехнология»;    

Колледж

1)    0306000  –  Фармация мамандығы бойынша «Дәрілік түрлер технологиясы»;

Лекциялық және лабораториялық-тәжірибелік сабақтардың мазмұны оқу жоспарына және пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкес. Оқу сабақтары кестеге сәйкес жүргізіледі.

Кафедраның ПОҚ жылдық оқу жүктемесін жоспарлау ҚР БҒМ 01.03.2001 ж. №123 бұйрығы және 2002 ж. «ОҚММА ПОҚ орындайтын оқу, оқу-әдістемелік, оқу-зерттеу және клиникалық жұмыстар көлемін есептеуге арналған уақыт нормалары туралы ережелері» талаптарына және ҚР БҒМ 5.03.015 – 2006 ҚР Мемлекеттік стандартына сәйкес біліктілік пен атқаратын қызметін ескеріп жүргізілген. Студенттердің білімін бағалау «Жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылаудың, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізілуі туралы ережелерін бекіту туралы» 18 наурыз 2008 ж. № 125 бұйрығына енгізілген өзгерістер туралы 13 сәуір 2010 ж. № 168 бұйрықтың 1-қосымшасынасәйкес 100,0 балдық-сандық эквивалент (әріптік және %-дық бағалау) бойынша жүргізіледі.

Дәрілер технологиясында барлық курстарда жүргізілетін лабораториялық сабақтар студенттердің дәрілік түрлер дайындау бойынша тәжірибелік дағдыларын бекітуге және білімдер алуға негізделген. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқауларда әр тақырып бойынша студенттің өздігінше дайындалу үшін жеке тапсырмалар берілген. Лекция оқу барысында слайдтар көрсету үшін «Лектор» графпроекторы, «Витязь» диапроекторы және «PROGEKTOR 2500 ANSI lumens BENQ MP 721» маркалы жаңа мультимедиялық қондырғы қолданылады. Лекциялар мәтіндері барлық пәндер бойынша екі тілде жасалған. Қазіргі заманға сай білім беру технологияларын әзірлеу және оқыту түрлерін енгізу мақсатында кейбір лабораториялық сабақтар ойын түрінде өткізіледі, яғни студенттер екі топқа бөлініп, сұрақ қою арқылы қарсы топтың білімін тексереді.  Сонымен қатар, сабақты үлгерімі жақсы студенттер жүргізеді, студенттердің дайындық білімін бағалап журналға қорытынды баға қояды. Білім берудің осы әдісін қолдану кезінде байқалғаны, студенттер сабаққа белсенді қатысып, өз бетінше жұмыс істеуі артады, сабақ үлгерімдері жоғарылайды. Кафедраның оқытушыларымен лабораториялық сабақтарды жүргізу барысында теориялық білімді бағалау үшін келесі әдістер қолданылды: бригадалық әдіс, өзін-өзі бақылау, бөлімдер бойынша кроссвордтар құрастыру, тест бойынша тексеру, ситуациялық есептер шығару, әр студентті жеке сұрау және топты жалпы сұрау.

Дәрілер технологиясы кафедрасының пәндері бойынша оқыту процессін қамтамасыз ету құжаттары 044-19/19 «Пән бойынша студенттерді оқу әдебиетімен қамтамсыз ету картасы» папкасында көрсетілген. Жыл сайын қамтамасыз ету картасын ОҚМФА кітапханасы ұсынады, онда негізгі және қосымша әдебиеттер атаулары және олардың сандары көрсетілген.

Кафедрада гомеопатия, биофармация, биотехнология, косметология курстары бойынша қосымша әдебиеттер қоры ұйымдастырылған.

Кафедраданың профессор-оқытушылық құрамымен типографиялық тәсілмен келесі авторлардың оқулықтары мен оқу құралдары басып шығарылған және оның кітапханадағы мөлшері оқу процессіне жеткілікті. Олар:

- Б.А. Сағындықова«Дәрілердің өндірістік технологиясы»;

- Б.А. Сағындықова, Р.М. Анарбаева «Дәрілердің дәріханалық технологиясы» мемлекеттік тілде оқулықтары басып шығарылған;

- Б.О.Торланова«Машины и автоматы для фасовки и упаковки лекарственных форм»;

- И.А. Мартынова «Косметические лекарственные средства»;

-  Б.А. Сагиндыкова, Б.О. Торланова, Р.М. Анарбаева, Б.С. Кыдыралиев «Биофармация и элементы фармакокинетики»;

- М.П. Маркевич «Руководство к лабораторным занятиям по биофармации» орыс тілінде басып шығарылған:

- Анарбаева Р.М. оқу құралы «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы »

Сонымен қатар басылымға шығару жоспарлануда:

Б.А. Сағындықованың оқу – методикалық құралы «Ерітінділерді стандарттау» (рус., каз.)

Дайындалған оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік құралдар және әдістемелік нұсқаулар студенттердің оқу процессінде лабораториялық сабақтар мен семинарларға өз бетінше дайындалуы үшін кеңінен қолданылады.

 

Кафедраның ғылыми жұмысы

Кафедраның ғылыми жұмысының бағыты отандық өсімдік шикізаты негізінде дәрілік препараттар жасау және өндіріске жаңа технологияларды енгізу, сонымен қатар отандық өндірісте өндірілетін дәрілік препараттар технологиясын жетілдіру болып табылады.

Профессор Б.А. Сағындықова басқаруымен "Отандық өсімдік шикізаты негізінде жаңа дәрілік препараттар жасау және өндіріске енгізу" ғылыми-техникалық бағдарламасы орындалды ("Қабынуға қарсы препараттармен дәрі түрлерін жасау және оларды өндіріске енгізудің технологиялық және биофармацевтік аспектілері", ҚР Мемлекеттік тіркеу №0342). Бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулер оригиналды отандық субстанциялар: рихлокаин, алхидин, жергілікті шикізат – мия тамырының экстрактысы, глицирам негізінде дәрілік препараттар жасау және өндіріске енгізу бағытында жүргізілді.

Кафедраның ғылыми жұмысының бір бағыты болып фармацевтік кәсіпорындарда шығарылатын дәрілер технологиясын жетілдіру табылады. Осыған байланысты, профессор Б.А. Сағындықованың басқаруымен қабықшамен қапталған 0,02 г "Шүйгін шөп экстрактысы" таблеткалары, қабықшамен қапталған 0,2 г "Пирацетам" таблеткалары технологиясын жетілдіру бойынша зерттеулер жүргізілді және дженерикті таблеткалар технологиясы жасалды. Қосымша заттарды ғылыми-дәлелденген дәрежеде таңдау негізінде драждеуге арналған суспензияның құрамдары жетілдіріліп, жоғарыда аталған таблеткалар өндірісіне драждеудің суспензиялық әдісінің технологиясы жасалды. Қабықшамен қапталған 0,02 г "Шүйгін шөп экстрактысы" таблеткаларына (РК ВФС 42-619-2002); қабықшамен қапталған 0,2 г "Пирацетам" таблеткаларына (РК ВФС 42-527-2001) Уақытша Фармакопеялық мақалалары жасалып, бекітілді. Препараттар Қазақстан Республикасының дәрілік құралдар Мемлекеттік Реестрінде тіркелген (РК-ЛС-3 №005375; РК-ЛС-З №005147) және қазіргі уақытта "Химфарм" АҚ өнеркәсіптік көлемде шығарылып жатыр.

Профессор Б.А. Сағындықованың басқаруымен ғылыми топ бірнеше рет ғылым гранттар иегері атанды:

1. ҚР білім беру министрлігі ғылым қоры, 1999 ж.

2. ҚР денсаулық сақтау министрлігі 009 "Денсаулық сақтау саласындағы  қолданбалы зерттеулер", 2003-2005 ж.ж.

3. Оңтүстік Қазақстан облысы инновациялық қоры, 2004 ж.

Кафедраның қызметкерлерімен химия және фармацевтиткалық технологияның актуалды бағыттары бойынша М.Әуезов атындығы ОҚМУ бірлесіп зерттеулер жүргізу саласында ынтамақтастық бойынша  және  «Жусан» ЖШС технологиялық жұмыстарды орындауға келісім шарттары жасалынды. Жасалынған дәрілердің фармакологиялық әсерін анықтау бойынша ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі ауруларды ғылыми-зерттеу институмен» ғылыми-еңбектік келісім шарты құрастырылды.

Профессор Б.А. Сағындықованың жетекшілігімен 6М110400-«Фармация» мамандығының ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша 8 магистрлік диссертация қорғалды:

1.Тойшиева Б.Т. 

2.Өмірбаева А.Е.

3.Жузенова Г.А.

4.Асылова Н.А.

5.Сеитова Ж.Д.

6.Исаков А.Қ.

7. Аширов М.З.

8. Рахымбаев Н.А.

Кафедра ізденушілерінің және қызметкерлерінің ғылыми жұмыстары бойынша зерттеулер жүргізу үшін ғылыми әдебиеттермен және оқу жылында алынған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген ауданы 16 м2 – ғылыми лабораториясы (301 аудитория) бар. Бұл аудитория: зертханалық екі каналды анион – 4102 рН-метрмен, РА 64 таразысымен, РА-214 зертханалық таразысымен, рефрактометрмен, сандық (цифрлік) спектрофотометрмен, RV 10 basic D ротационды буландырғышпен, ERWEKA топтамасының бақылау лабораториялық құралдарының комплектi, лиофильді кептіргішпен және  ЖҚХ (жұқа қабатты хромография) қондырғысымен жабдықталған.

 

Студенттердің ғылыми үйірмелері

Кафедрада үлгерімі жоғары студенттер арасынан құралған студенттік  ғылыми қоғамы жұмыс істейді. Әр студентке ҒЗЖ тақырыбының белгілі бір бөлімдері және ғылыми жетекшілер бекітілген. Қазіргі уақытта жүзім дәндерінің экстрактын және күнжіт майын қолданып дәрілік түрлер дайындау мүмкіндіктері бойынша жұмыстар жалғасуда. Студентттер ғылыми үйірмеде келесі жұмыстар бойынша дағдылар алады: патенттік ізденіс жүргізу; әдебиеттік шолу жасау; ғылыми әдебиеттер тізімін жасау; дәрілік түрлер технологиясын және құрамын жасау; дәрілік препараттарды стандарттау; эксперимент нәтижелерін талқылау; ғылыми-тәжірибелік конференцияға мақалалар және тезистер, баяндамалар дайындау.

Кафедраның ғылыми бағыты бойынша студенттердің ғылыми үйірмесінде келесі студенттер ғылыми жұмыстармен айналысады:

1)    Самарина Алена Владимировна 508 ФР (а)

2)    Порохня Екатерина Анатольевна 508 ФР (а)

3)    Сабденбаева Жайсан Қабылбекқызы 506 ФК (а)

4)    Ибрайм Айдана Аскаровна 502 ФК (а)

5)    Дүйсенова Майра Нұралықызы 501 ФК (а)

6)    Тұрдыбаева Айжамал Абсаматовна 404 ФК (б)

7)    Кененбай Бағлан Әуелбекқызы 402 ФК (а)

8)    Дәулет Әсем  Ғаниқызы 506 ФК (б)

9)    Қарсыбаева Ақбөпе Жеңісқызы 506 ФК (б)

10)  Мәдіханқызы Ұлжамал 502 ФК (б)

11)  Ташходжаев Фарходжан Алимжанович 509 ФК (а)

12)    Сапахова Лаура Абсаматовна 407 ФР (б)

13)    Мүслім Айым 503 ФК (б)

 

Кафедраның тәрбие жұмысы

Студенттік академиялық топтардағы тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – жан-жақты дамыған маман тәрбиелеу. Студенттердің білім алу қызметі мен ғылыми жұмыстармен айналысуына қатысу, оларда патриоттық және интернационалдық сезімдер қалыптастыру және халықтың ұлтты мұрасына ұқыпты қарауына ықпал етуде куратордың маңызы үлкен. Отан сүйгіштік, тарихи және мәдениетті мұраны құптау бойынша тәрбие жұмысы ОҚО тарихи қасиеттерін білуге және ескі архитектуралық құрылыстарға (Отырардағы Арыстан баб мавзолейі, Түркістан қаласындағы Х.А. Яссауи мавзолейі) баруға негізделген.

Кураторлық топтарды саяси-идеологиялық тәрбиелеу облыстық өлкелік және саяси репрессияның құрбандары музейлерінде жалпы экскурсиялық және ағартушылық жұмыс түрінде жүргізіледі Тәлімгерлік жұмыстың бірден-бір аспектілеріне студент тұлғасын мәдениетті және рухани тәрбиелеу жатады.

Кафедра қызметкерлері студенттермен бірге Ж.Шанин атындағы драма театрына және қала кинотеатрына жиі барады. Қазіргі қоғамның басты міндеті өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, тұғаны үйлесімді дамуды қалыптастыру болып табылады.  

Әр тәрбие сағатында студенттердің үлгерімі және сабаққа қатысуы талқыланады, сонымен қатар шет елдердегі саяси жағдайға шолу жүргізіледі.

Студенттер ОҚМФА көлемінде өткізілетін зиянды әдеттермен күресуге бағытталған «Жастар нашақорлыққа қарсы», «СПИД-ке қарсы күрес», «Темекі шегуге «ЖОҚ» деп айтамыз», «Мемлекеттік рәміздер» (ел таңба, ту, ән ұран), «Денсаулық фестевали»  акцияларына және академияда, қалада, республикада ұйымдастырылатын спорттық шараларға белсенді қатысады.

 

Кафедраның қызметкерлік құрамы

5В110300 – «Фармация» мамандығы бойынша

1.     Сағындықова Б.А. – дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор;

2.     Анарбаева Р.М.               – фарм.ғ.к., профессор м.а.

3.     Мартынова И.А.             – фарм.ғ.к., профессор м.а;

4.     Өмірәлі М.А.                   – фарм.ғ.к., кафедраның доценті;

5.     Асылова Н.А.                  – мед.ғ.магистрі, аға оқытушы;

6.     Сеитова Ж.Д.                  – мед.ғ.магистрі, аға оқытушы;

7.     Тобағабылова Г.Н.         –  аға оқытушы;

8.     Ермекова А.Б.                – аға оқытушы;

9.     Исаков А.К.                    – мед.ғ.магистрі, оқытушы;

10.   Аширов М.З.                – мед.ғ.магистрі, оқытушы;

11.   Рахымбаев Н.А.          – мед.ғ.магистрі, оқытушы;

12.   Нұрбаева С.Е.               –оқытушы;

13.   Қалыбекова А.А.          –оқытушы;

14.   Төлегенова Г.Б.           – оқытушы;

 

Көмекші қызметкерлер

1.     Нурбаева С.Е.        –  аға лаборант;

2.     Джандарова К.А.       – аға лаборант;

3.     Дарбичева Г.И.          – лаборант;

 

Кафедра магистранттары

1.    Джурабекова З.Д.     – 2 курс;

2.    Омарбекова А.А.       – 2 курс;

3.    Төлегенова Г.Б.         – 1 курс. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар