«Анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі» кафедрасы

 

 

«Анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі»

кафедрасының тарихы

2004 жылдың тамызында Ғылыми кеңестің шешімі бойынша, ОҚММА-да «Мейірбике ісі негіздері және анестезиология - реаниматология» кафедрасының негізі қаланды. Кафедраның меңгерушісі болып кафедраның қалануына көп еңбектерін сіңірген Әлдешов Алмас Әлдешұлы бекітілді. Кафедра болып іргесі қаланған сәттен бастап базасы Облыстық клиникалық ауруханада орналасты. Кафедраның құрамына кірген қызметкерлер: м.ғ.к. доцент Н.А. Бубеев, ассистенттер: Е.И. Милешина, Э.З. Баймұханбетова, оқытушылар: Н.Р. Джуманкулова,  Д.Д. Ешимбетова, М.А. Искакова, М.О.Канлыбековалар болды. Кафедра қызметкерлері кафедра базаларында науқасты емдеуде, тәжірибелік және консультативтік көмекте, сонымен қатар басқа медициналық ұйымдарда санавиация желісі бойынша үлкен көмек көрсетті. Кафедра қызметкерлері 200 - мақала, 1 - кітап және де 6 - оқу-әдістемелік құралдарды басып шығарды.

2009 жылы ОҚММА қайта ұйымдастырылуға байланысты ОҚМФА болып, кафедра  «№2 хирургиялық пәндер» кафедрасының  «анестезиология-реаниматология және  мейірбике ісі негіздері курсы» атауымен қосылды. №108 27.08.2010ж бұйрығымен «Мейірбике ісі анестезиология-реаниматология курсымен» деген атауға ие болды.

 

 

«Анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі» кафедрасының меңгерушісі

СЕЙДАХМЕТОВА АЙЗАТ ӘШІМХАНҚЫЗЫ

 

732 1

Сейдахметова Айзат Әшімханқызы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітіріп, аудандық емханада дәрігер-терапевт, Қарағанды мемлекеттік медицина институтында терапия кафедрасында ассистент,  2001-2010 жылдарда ОҚМФА-да «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасында ассистент, 2010-2015 жылдары  ОҚМФА «Терапия бакалавриат» кафедрасында доцент болып жұмыс істеді.

2015 жылы қыркүйек айынан бастап ОҚМФА «Анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс атқарып жатыр. Жоғары санатты дәрігер-терапевт. 100 - ден астам ғылыми мақалалар,  патент, 4 оқу құралы, «Жалпы медицина» мамандығына арналған екі клиникалық жағдай және жалпы білім беру стандарттарының қосарланған авторы. «Мейіргер ісі» мамандығына арналған типтік оқу бағдарламасы мен жалпы білім беру стандарттарының авторы.

Съезд, конгресс, Халықаралық конференциялар және жұмыс берушілермен дөңгелек үстелдердің  жұмысына қатысып,  баяндамалар жасайды.  Клиникалық пәндер ЖӘК төрағасы, жоғары оқу орнының сапалық комиссиясы, ғылыми-техникалық бағдарламаларды зерттеу тобының мүшесі, сонымен қатар мейірбике ісі мамандарын даярлау Ұлттық комиссиясының мүшесі.

Біліктілігін көтеру мақсатында мынадай курстардан өтті: «Медициналық білім беру негіздері»,- Астана қ.;  «Коммуникативтік дағдылар»,- ҚазҰМУ, Алматы қ.;  «Медициналық және фармацевтикалық ЖОО-да оқытудың кредиттік жүйесін ендіру»- ОҚМФА,  Шымкент қ.; «Білім беру бағдарламаларын даярлаудағы құзыреттілік»- ХҚТУ, Түркістан қ.; «Дәлелді медицина саласындағы мәліметтерді іздестіру негіздері»- Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы; «Тест тапсырмаларын құрастыру әдістері» - ҰТО Астана қ.;  JAMK қолданбалы ғылымдар университетінде «Финляндияның мейірбике ісі мамандарын оқыту моделі», Ювяскюля қ. және Лахти қ. (Финляндия).

Марапаттаулары: медицина қызметкерлері күніне арналған алғыс хат, халық денсаулығын жақсартуға қосқан үлесі үшін ҚР тәуелсіздік күніне арналған алғыс хат, ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік қорғау Министрінің алғыс хаттарымен марапатталған.

 

 

Кафедраның профессор және оқытушылар құрамы

732 2

Сейдахметова Айзат Әшімханқызы  - м.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі

Әлдешев Алмас АӘлдешұлы -  м.ғ.к., профессор м.а.

Юнусходжаева Гүлжанат Даниярқызы  -  м.ғ.к., профессор м.а.

Жумабаев Төлебай Жұмабайұлы - м.ғ.к., доцент м.а.

Жамбаева Нұржамал Дүйсебекқызы  - доцент .м.а.

Ташбаев Нуриддин Айниддинұлы - м.ғ.к., доцент м.а.

Тургунбаева Сәуле Ынтықбайқызы - м.ғ.к., ассистент

Калменов Нұрлан Жұманұлы  – ассистент

Султанова Жанат Сарсенқызы  – ассистент

Дарипбекова Қаракөз Жәдігербекқызы – ассистент

Усенов Балтөре Сүгірұлы  -  ассистент

Алданазарова Ләззат Оспанқызы – ассистент

Искакова Майя Абайқызы – ассистент

Тагабаева Ләззат Маратқызы - оқытушы

Әсілбекова Гүлзира Бахытқызы - оқытушы

Сайтмуратова Севара Шухратқызы – оқытушы

Исабаева Гүлдана Жұмабекқызы – оқытушы

Молдабаева Жанна Қуатбекқызы – аға лаборант

Турекулова Асем Ашірбекқызы – аға лаборант

Оймаутова Лаура Бағдәулетқызы – лаборант

Сулеймен Гүлсім Сабырқызы – лаборант

 

Кафедраның клиникалық базалары: Т.Орынбаев атындағы облыстық гипербариялық оксигенация орталығы (ОКА), ОПО – 1, ОПО – 4, ШГБСМП, Облыстық онкологиялық диспансер(ОГБО), Медициналық жедел жәрдем ауруханасы(ШҚЖМЖ), Амбулаториялық хирургия және гинекология орталықтың травматология бөлімі, Шымкент қалалық жедел жәрдем бөлімінің №4бөлімшесі. Кафедраның  ПОҚ -   жоғары және бірінші санатты дәрігерлер.

Кафедра  теориялық және тәжірибелік терең білімді, мықты кәсіби білімі бар, дағдыларды меңгерген, мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарға сәйкес келетін дайындықтан өткен мынадай мамандарды: «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі»(бакалавр және магистранттар), «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», дәрігерлерлік қайта  даярлықтан өтетін курсанттарды, орта арнайы білімді колледж оқушыларын  дайындайды. Кафедрада 6-7 курс дәрігер – интерндер;  «Мейірбике ісі» мамандығының 2-4 курс студенттері;  «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Фармация» мамандықтарының 3 курс студенттері;  орта арнайы білімді колледж оқушылары; «Мейірбике ісі»мамандығы бойынша 1-2 курс магистранттар білім алуда. Кафедрада 9 магистрлік диссертация дайындалуда.

Жақын арада елімізде жоғары білімді мейірбике  денсаулық сақтау саласында орны елеулі болады.  Ол алған біліммен өз жұмысына кәсіби тұрғыда  қарау арқылы көптеген емханалар мен ауруханалар, сондай – ақ басқа да емдеу мекемелерінің жұмысы тиянақты атқарылады деп күтілуде.

 

 

Оқу – әдістемелік жұмыс

Кафедрадағы оқу жұмысы ҚР ГОСО сәйкес, жыл сайын  ҚР ГОСО сәйкестендіріп кафедраның жылдық жұмысы бекітіледі. Оқу кезеңінің өтілу әдісіне сай кафедрада пәндерге арналған оқу – әдістемелік құрылым түзілген. Мемлекеттік стандарттарға сай оқу – кәсіби тәжірибелер, сабақтар өтілу үшін оқу бөлмелері  қажетті құрал – жабдықтармен жабдықталған.

Пәндер бойынша типтік және оқу бағдарламалары қазақ  және орыс тілдерінде бар.  Дәріс және тәжірибелік сабақтар пәннің оқу бағдарламасына және оқу жоспарына сәйкес. Сабақтар міндетті түрде кесте бойынша өтіледі. Жылдық жүктемені жоспарлау профессор – оқытушылар құрамымен келісе отырып, дәрежесін, атқаратын міндетін есепке алып ҚР ГОСО сай, ҚР білім беру жүйесіне сәйкес, ҚР МОН бұйрығы бойынша орындалады. Кафедраның оқу бөлмелері заманауи жабдықтармен, манекендермен, фантомдармен, муляждармен жабдықталған. Дәрістер және тәжірибелік сабақтар жоғары ғылыми – әдістемелік деңгейде өтеді. Оқу кезеңінде студенттер алған білімін кәсіби деңгейде меңгеруін үнемі бақылап отырады. Студенттердің дайындық сапасын бақылау үшін интерактивті бақылау әдістері: «Пресс-конференция», ТВL, СВL, РВL, «Интеллектуалды футбол», «Рөльдік ойындар», «Кроссворд», «Миға шабуыл», жағдайлық есептерді шешу, жекеше әңгімелесу түрінде өтеді.

Пәндер бойынша әдебиеттермен жабдықталу құжаттары «Студенттерді әдебиеттермен жабдықтау картасы» 044-57/19 папкасында тұр. Жыл сайын карта ОҚМФА кітапханасы ұсынған жаңа әдебиеттермен қажетіне қарай толықтырылып отырады. Кафедра қызметкерлері қосылып, мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде оқу құралдар, әдістемелік нұсқаулар шығарған. Осы дайындалған оқу құралдары және әдістемелік нұсқаулар оқу кезеңінде кеңінен қолданылуда.

«Анестезиология және реаниматология курсы» интерн – студенттерді анестезиология және реаниматология дағдыларын үйретуде ауыр жағдайдағы науқастарға интенсивті терапия әдістерін қолдана білуге үлкен көмегін тигізіп, дәрігер болуға үлесі зор.

Базалық пән «Мейірбике ісі негіздері» 3 кредиттен тұрады (135 сағ), 2 курста 3семестрде негізгі пән ретінде өтіледі. Қорытынды бақылау тест немесе ОҚКЕ түрінде өтеді. Клиникалық жағдайларда медицинаның негіздері, адам ағзасының қызметін тәжірибе жүзінде көріп білімін тереңдету, ауруханалық ортаға, манипуляцияларды, науқасты күтудің заңдылықтары туралы, емдік үдерісте жатқан науқастар туралы; мейірбикелік процесстің клиникалық медицинада маңызды тәжірибелік білімін көрсету, параклиникалық жәнне клиникалық пәндердің теориялық базасын ары қарай оқыту пәннің негізгі мақсаты болып табылады. 

«Денсаулық жағдайын бағалау» пәні 3 кредит (135 сағат), 2 курс студенттеріне  4 семестрде  өтіледі. Қорытынды бақылау тест немесе ОҚКЕ түрінде өтеді. Пәннің негізгі мақсаты үлкендердің және балалардың денсаулық жағдайын бағалауды білу арқылы  жоғары білімді мейірбикелердің мүмкіндіктерін арттыру. Бұл пән халықтың физикалық және психикалық денсаулығын бағалауды оқытады, әр түрлі жастағы жас ерекшеліктеріне байланысты денсаулықты бағалауды үйретеді.

«Анестезиология және интенсивті терапиядағы мейірбике ісі» пәні 2 кредит (90сағат), 3 курстың 5 семестрінде өтіледі. Қорытынды бақылау тест түрінде өтіледі. Пәннің мақсаты теориялық және ұйымдастыру негіздерін, реанимациялық науқастарды күту, операциялық және операциядан кейінгі  кезеңдегі қауіпсіз анестезиологиялық әдістерді жүргізуді оқыту. Мейірбике - анестезиология және реаниматологиядағы  мейірбике ісінің маманы. Мейірбике анестезия және интенсивті терапия жүргізу барысында жеке маман ретінде өзінің міндеттерін уақтылы, құзіреттілігіне сәйкес дұрыс орындай білу. «Анестезиология және интенсивті терапиядағы мейірбике ісі» пәнінен алынған білім мен дағды мейірбикенің келесі дағдыларды меңгеруіне жағдай жасайды.

«Кардиология, онкология және неврологиядағы мейірбикелік күтім және оңалту»пәні 3кредит  ( 135 сағ) 4  курс,  8 семестрде өтіледі. Қорытынды бақылау тест түрінде өтіледі. 

Пәннің мақсаты студенттерге денсаулықтың қайта қалпына келу кезеңдерін, инсульт,  миокард инфаркты және онкопатология кезіндегі ағзаның өмір сүру қабілетін бағалау. Ұзақ мерзімді емнен кейінгі және реабилитация кезеңдері кезінде науқасқа мейірбикелік күтімді ұйымдастыру. Инсульт,  миокард инфаркты және онкопатология кезіндегі медициналық реабилитацияның жасалуында  мейірбикенің ролінің маңыздылығын студенттерге үйрету. Медициналық реабилитация науқастар мен мүгедектер үшін қосарланған емнің ажырамас бір бөлшегі. Медициналық реабилитацияның әдістерін қолдану арқылы науқастар мен мүгедектердің өмір сүруі үшін әлеуметтік маңызды ағза қызметтерінің қайта қалпына келуіне жағдай жасайды. Медициналық реабилитацияны дұрыс қолданған жағдайда науқастардың қайта қалпына келмейтін мүгедектіктің алдын алады, олардың өмір сапасы жақсарады,қоғамға қайта оралуына мүмкіншілік жасайды. Нәтижесінде көптеген адамдар өз жұмысына қайта оралады.

«Медициналық оңалту негіздері» 2 кредиттен тұрады (90 сағ),  3 курстың 5 семестрінде өтіледі. Қорытынды сабақ тест түрінде өтіледі. Пәннің мақсаты жоғары дәрежелі мейірбике дайындау – денсаулық сақтау мекемелерінде қайта қалпына келу(реабилитациялық) саласы немесе  емдік-алдын алу мекемелерінде реабилитациялық бөлімдерде  жұмыс істеу. Қазіргі таңда медицинада бұл реабилитациялық үдерісі кеңінен таралған. Реабилитация үдерісі бұрындары тек әлеуметтік қызмет түрі ғана болып саналса, қазіргі таңда мүгедектердің әлеуметтік және кәсіби мәртебесін қалпына келтіретін кешенді іс-шара. Соңғы онжылдықта созылмалы аурулардың көбеюіне байланысты медицина саласында аса қажеттілікті талап ететін іс-шаралардың бірі және бірегейі болып табылады.  Денсаулығын нығайтудағы кешенді медициналық көмектің бір түрі, және ажырамас бөлшегі. Әлемдік медицина саласында да ауру кезеңдерінен кейінгі маңызды кезең осы реабилитация кезеңі екендігін мойындар отыр. 

 

 

Кафедраның ғылыми жұмысы

Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарына пікір алынады, ғылыми мақалалар шығарылып отырады және конференциялар мен съездерге  қатысады. Кафедрада  ғылыммен айналысатын  студенттердің ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Әрбір студентке кафедраның  ҒЗЖ-ның  комплексті тақырыптардың белгілі бір бөлімі  бекітіліп  беріледі және ғылыми жетекшісі  бекітілген.  Зерттеу материалдары бойынша баяндамалар  және рефераттар дайындалады және студенттердің ғылыми мәжілісінде талқыланады. Студенттер ғылыми үйірмеде жұмыс жүргізе отырып,  кафедраның зерттеу тақырыптары мен танысады және машықтарды меңгереді: патенттік ізденіс, әдеби шолу, ғылыми әдебиеттердің тізімін құрастыру, ғылыми – тәжірибелік конференцияларға баяндама, тезистерін және мақалаларды дайындайды.

 

 

Кафедраның тәрбие жұмысы

Академиялық топтар арасында тәрбиелік үдеріс - студенттің білім алуымен қатар академияның ғылыми үйірмелеріне қатысу барысында ғылыми қызығушылығын, шығармашылық тұлға тудыру үшін,  патриотизмге, интернационализмге, және ұлттық құндылықтарды бағалап өсуіне зор ықпалын тигізеді. Патриоттық тәрбиені бекіту және тарихи құндылықтарымызды қастарлеу  мақсатында, Оңтүстік – Қазақстан облысында орналасқан тарихи және мәдени  көне архитектуралық жәдігерлермен таныстыру үшін, Түркістан қаласындағы Х.А. Яссауи және Отырардағы Арыстан – баб кесенелеріне  алып барды.

Топ тәлімгерлері:

514ҚДС – асс. Қалменов Н.Ж.

301ЕІҚ – оқыт. Әсілбекова Г.Б.

303МІҚ – доц. Жұмабаев Т.Ж.

302 МІҚ – асс. Алданазарова Л.О.

402-403 ЕІҚ  – асс. Дарипбекова Қ.Ж.

 

Идеялық – саясатты тәрбие беру мақсатында тәлімгерлік топтарға облыстық аймақтық және саяси құрбандарға арналған мұражайларға барып, оқу ағарту жұмыстары жүргізіледі. Мәдени және рухани тәрбие беру -  бұл тәрбие жұмыстарының басты қағидаты. Кафедра қызметкерлерімен студенттер, магистранттар  бірге  Шымкент қаласындағы кинотеатрларға  және Ж. Шанин атындағы драм театрына жиі барады. Өсіп келе жатқан жас жеткіншектерді дұрыс бағытта тәрбиелеу қазіргі қоғамның алға қойған негізгі мақсаттарының бірі.

Әрбір кураторлық сағатта топтың үлгерімі, сабаққа қатысу үлгерімі, сонымен қоса, шетелдергі  саяси  жағдайлар  талқыланады.

Кураторлық топтардағы студенттер академияда өткізілетін іс – шараларға белсенді қатысады: «ҚР тілдер күні», «АИІҚ қарсы күресу күні», «Темекіге – жол жоқ », «Жемқорлыққа жол жоқ»,  «Жастар нашақорлыққа қарсы»,   «ҚР Мемлекеттік рәміздері».

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар