Орыс тілі кафедрасы

 

Кафедра тарихы

Тілдер кафедрасының негізі 1979 жылы қаланды. Қайта құру  нәтижесінде 2004 жылы  қыркүйек айында орыс тілі кафедрасы құрылды.

Кафедра жұмысының негізі – заманауи ғылым мен тәжірибе жетістіктеріне сүйене отырып, құзыреттілігін үздіксіз көтеру мен шығармашылық ынтасын дамыту арқылы фармацевтикалық өндіріс пен медицина саласында жылдам өзгеретін кез-келген жағдайларға тез үйренетін фармацевтикалық және медициналық саладағы жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

2004 жылы  тамыз айынан бастап орыс тілі кафедрасын филология ғылымдарының кандидаты, доцент Амандықова Сәуле Хамзеқызы басқарады.

alt

 

2004 жылы Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің «Сопоставительная  грамматика мировых языков» кафедрасында 10.02.19 –Тіл теориясы мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

Жыл сайын ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ҰБТ бақылаушысы, ОҚМУ-дың Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының  төрайымы.

Бірнеше Алғыс хаттарымен марапатталған: ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі, ОҚО әкімшілігі және ОҚМФА атынан.

ҚР филология саласының сараптама комиссиясының, ОҚМФА Ғылыми кеңесінің мүшесі, Қамқоршылық кеңесінің хатшысы және академияның жалпы білім беру және гуманитарлық пәндері бойынша ЖӘК төрайымы болып табылады.

Бірнеше ғылыми және әдістемелік еңбектерінің, соның ішінде оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, электронды әдістемелік құралдардың авторы. Ақпараттық-коммуникативті білім беру технологиясын  кредиттік оқу жүйесіне енгізу аясында  бірнеше мамандығын жоғарылату курстарының сертификаттары бар.

Амандықова С.Х-ның басқаруымен кафедра  ҚР РОӘБ-нен өткен 17-ден аса оқу-әдістемелік  құралдарын  жарыққа  шығарды.

 

Орыс тілі кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы

ҚР-нің білім беруді  дамыту концепциясы   жалпы әлемдік стандарттарға білікті жауап беретін кәсіби мамандарды даярлау әдістерін сапалы жаңартуға бағытталған. Осы мақсатқа орай профессорлық оқытушылар құрамы өзінің үнемі  педагогикалық шеберлігін және  жоғары кәсіби деңгейін арттыратын мамандар.

  1. Амандыкова Сауле Хамзеевна – кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент
  2. Сагиндыкова Роза Зухраевна – оқытушы
  3. Душанова Камария Абдрахмановна – оқытушы
  4. Мусабекова Урзада Абылкасимовна – ф.ғ.к., аға оқытушы
  5. Кысмуратова Жумагуль Токтасыновна – аға оқытушы
  6. Кальменова Розлана Кайшибековна – оқытушы
  7. Адырбекова  Назгуль  Алдияровна – оқытушы
  8. Културсынова  Фарида  Балабековна – аға оқытушы
  9. Тапелова Батиха Жусиповна – оқытушы
  10. Абдугаппарова Рахима Махмудовна – аға оқытушы
  11. Кыркинбаева Мира Базарбаевна – аға оқытушы
  12. Айдарбекова  Алия Сарыбаевна – оқытушы
  13. Нурмаханова Гульчехра Каратаевна – оқытушы
  14. Кемелова Гульхан Мейманкуловна – оқытушы
  15. Ганбарова Илага Рамизовна – оқытушы
  16. Абдулдаева Шынар Сапаровна – аға оқытушы
  17. Болганова Айгуль Маликовна – оқытушы

 

 

Оқу-әдістемелік жұмыс

 

Кафедрада оқу жұмыс жоспары, типтік бағдарлама бойынша жасалынған оқу жұмыс бағдарламалары бар, олар:

- МЖББС 6.08.085-2010 «Тілдердің үштұғырлығы (қазақ, орыс және шет тілдері)» сәйкес бакалаврдың келесі мамандықтарына дайындалған: 051101 – «Мейірбике ісі», 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау», 051103 – «Фармация»,     5В11040 – «Дәрігерлік емдеу ісі», 5В074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»;

- ҚР МЖББС 4.05.145, 146, 150-2010 сәйкес ТжКББФ-нің мамандықтары: «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі», «Фармация».

- ҚР МБС-2009 сәйкес резидентура мамандықтары «Педиатрия», «Жалпы хирургия».

Білім беру концепциясын жаңарту мақсатында кафедра оқытушылары өз білімдерін жоғарылатуда. Осы мақсатта сабақ барысында жаңашыл интербелсенді әдістерді: ТВL, PBL, МДО кеңінен қолданады.

Оқу барысында Ж.Қараевтың үшдеңгейлі технологиясын, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Инсерт», «Кластер», «Синквейн», «Верные и неверные утверждения», «Ассоциация», «Простые аналогии», «Концептуальная таблица», «Функция «притчи» және т.б. тәсілдер пайдаланылуда. Жоғарыда аталған тәсілдер студенттердің функционалды сауаттылығын, логикалық және креативті ойлау қабілеттерін арттырады.

alt

alt

Жыл сайын кафедра оқытушылары белсенді оқу әдістерін қолдана отырып ашық сабақтар өткізуде: мәселелік дәрістер, тақырыптық дискуссиялар, миға шабуыл, “дөңгелек үстелдер”, нақты жағдайларды талдау, имитациялық жаттығулар, тренингтер, іскерлік, оқу, өнімдік, ізденіс ойындары, блиц-ойындар, блиц-сұрау, концептуалды кестелерді толтыру, видео-көрмелер, сын тұрғысынан ойлау элементтері, үшдеңгейлі тапсырмалар және т.б.

 

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы

 

Кафедра оқытушылары ф.ғ.к, доц. С.Х.Амандыкованың жетекшілігімен медицина және медициналық ЖОО коммуникативті ортадакөптілділікті дамыту мақсатында «Профессиональное полиязычие: создание коммуникативной профессиональной среды в здравоохранении» атты ғылыми жоба бойынша зерттеу жұмыстарын  жүргізуде.

Кафедраның әр оқытушысы оқу жылына дайындалған  ҒЗЖ жоспарын толықтай орындауда. Айтар болсақ, Халықаралық және республикалық  ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысып,  жоғары деңгейде баяндамалар жасап, ғылыми басылымдарда мақалалар, тезистер жарыққа шығаруда.

Орыс тілі кафедрасы Қазақстан (И.Жансугуров атындағы Жетысу  мемлекеттік университеті, Талдыкорган қ-сы; Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент қ-сы) және шет ел  жоғары оқу орындармен (Ж.Р.Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университеті) ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша келісім-шарт жасауда.

ҒПК қатысу:

1. Қысмұратова Ж.Т.,  Тапелова Б.Ж., Ганбарова И.Р. Талдықорған қаласы, «Жансүгіров оқулары» атты  ғылыми-практикалық конференция, қазан 2011;

2. Кыркинбаева М.Б. Абдулдаева Ш.С. Халықаралық форум, ТарМПИ Тараз қаласы  2011.

3. Кемелова Ж.М., Ганбарова И.Р.  Қарағанды қ., РҒПК, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті.2011 ж.

4. Абдугаппарова Р.М., Болганова А.М. Халықаралық ҒПК  «Актуальные проблемы модернизации обучения социально-гуманитарным дисциплинам в подготовке конкурентоспособного специалиста»,  Караганда қаласы,  ақпан,2012.

5. Айдарбекова А.С. ХII Халықаралық филологиялық  конференция, С.-Петербург, наурыз, 2012

6. Болганова А.М., Тапелова Б.Ж., Кысмуратова Ж.Т., Кыркинбаева М.Б.  «Ш.Уалиханов тағылымдары-16», Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Ш.Уалиханов атындағы  Кокшетау мемлекеттік университеті,  Кокшетау, сәуір, 2012

7. Абдугаппарова Р.М. Кемелова Ж.М.  Ганбарова И.Р.   Халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық  конференция «Опыт реализации модели медицинского образования, КазҰМУ, ж. Алматы,  мамыр 2012

8.  Амандыкова С.Х., Душанова К.А.,  Абдулдаева Ш.С. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Қазақстан  халықтар достығы университеті,  Шымкент қ-сы, 2012 ж.

9. Айдарбекова А.С. Халықаралық ҒПК «Молодежь Россиии славянского мира: новые парадигмы и решения в когнитивной лингвистике»,(Украина, ГГПИИЯ), 2012ж.

10. Адырбекова Н.А., Болганова А.М Университет, қоғам, инновациялық даму: тәжірибе  және перспективалар/ Халықаралық ҒПК материалдары Кокшетау  қ-сы, қазан, 2012

11. Мұсабекова У.А., Құлтурсынова Ф.Б., Ганбарова И.Р. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция  Асфендияров атындағы КазҰМУ,  желтоқсан 2012 ж.

12. Тапелова Б.Ж., Нурмаханова Н.К. Халықаралық ғылыми –практикалық конференция «ҚР медбикелік іс», Караганда  қ-сы,  желтоқсан 2012 ж.

13. Болганова А.М., Абдулдаева Ш.С. Халықаралық ғылыми–практикалық конференция «Жас ғалымдардың инновациялық идеяларының дамуына қосқан үлесі » Шымкент, ОҚМУ, ақпан, 2013 ж.

14. Мусабекова У.А., Болганова А.М. Халықаралық ғылыми–практикалық конференция «Сатбаев оқулары» ПМУ, Павлодар, сәуір 2013 ж.

 

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы:

Кафедрада орыс тілін тереңдетіп оқыту ғылыми үйірмесі дөңгелек үстел, пікірталас, олимпиада, конференция жүзінде жұмыс атқаруда.

Кафедра меңгерушісі Амандықова С.Х. басшылығымен 2012 жылдың сәуір айында  орыс тілі кафедрасында «Полиязычие в подготовке  медицинских специалистов» тақырыбында студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция инновациялық технологияны дамыту бағытында және медициналық білімді көтеру шеңберінде өткізілді.

Конференцияның негізгі мақсаты студенттер мен резиденттердің қызығушылығын арттыру және медициналық ЖОО-да көптілділіктің тәжірибесі мен теориялық мәселесін қарастыру.

Конференция жұмысына студенттер, жас ғалымдар және оқытушылар қатысты.

Ғылыми-практикалық конференция көптілділік саласындағы мемлекеттік саясатының маңыздылығын нақтылай көрсете білді.

2013 жылы 29 сәуірде орыс тілі кафедрасында «Развитие профессиональной коммуникативной компетенции студентов вузов медицинского профиля в условиях полиязычия» тақырыбында студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция 3 секцияда жұмыс істеді. Нәтижелі жұмыстардың авторлары мақтау қағаздарымен марапатталды.

1 орынға ие болған студенттер:

1) 109 ҚДС тобының студенті Жекешов Р.,«Профессиональные медицинские фразеологизмы, и их роль в формировании профессиональной компетенции будущих медицинских работников», жетекші Болганова А.М.;

2) 103 МІК тобының студенті, Умарова А.,  «Формирование речи студента-медика», жетекші Адырбекова Н.А.;

3) 202 ЕІЖҚ тобының студенті Назарова Р., «Формы приветствия в казахском, русском и английском языках», жетекші Тапелова Б.Ж.;

II орынға ие болған студенттер:

1) 301 ЕІЖҚ тобының студенті Лескен Д., «Зоотопонимы Южного Казахстана», жетекші Айдарбекова А.С.;

2) 102 МІК тобының студенті Кулжанова Ж.,  «Пословицы  и поговорки в русском и казахском языках»  жетекші Културсынова Ф.Б.;

3) 106 ҚДС тобының студенті Жайсанбек Ж. студент «Ласковое обращение в казахском и русском языках», жетекші Абдулдаева Ш.С.

IIIорынға ие болған студенттер:

1)    103 ФК тобының студенті Исмет К. «Антропонимы русского и казахского языков», жетекші к.ф.н.  Мусабекова У.А.;

2) 103 ДЕІҚ тобының студенті Бержанова А. «Развитие речевых  способностей студентов», жетекші  Абдугаппарова Р.М.;

3) 202 ЕІЖҚ тобының студенті Пашанова Б. «Национально-культурная специфика языка», жетекші Тапелова Б.Ж.;

4) 101ФК тобының студенті Турысбекова Ж., «Фразеологизмы  и их происхождение»,  жетекші Абдулдаева Ш. С.

Барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілерге сертификаттар табысталды.

alt

alt

Тәрбие жұмысы

ҚР мемлекеттік саясатына сүйене отырып, кафедрада тәрбие жұмысы жүргізілуде.Кафедра тәлімгерлері кәсіби,патриоттық және тәрбиелік мәні зор тәлімгерлік сағаттар өткізеді.

Оқытушы Болганова А.М студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 201ФЖҚ тобында «Салауатты өмір салты – көтерінкі көңіл» атты ашық тәрбие сағатын өткізді (қазан, 2011ж.).

alt

Оқытушы Тапелова Б.Ж студенттердің мамандыққа қызығушылығын арттыру  мақсатында 201МІК тобында «Мамандығым – мақтанышым» атты ашық тәрбие сағатын өткізді (21қараша, 2012ж.).

alt

2013жылы 27 наурызда тәлімгер Болғанова А.М жетекшілігімен және 301 ЕІЖҚ, 202 МІК, 202 ЕІЖҚ, 202 СТДК топтары арасында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты әдеби сазды кеш өткізді.

 

 

Оқу жылы бойы академияның тәрбие жоспарына сәйкес түрлі іс шаралар өткізілуде.

1.    «ҚР Ата-заңы.Әр азаматтың құқықтары мен міндеттері».тақырыбында әңгіме жүргізу.

2.  Білім күніне арналған тәрбие сағаттары.

3.  «Студенттікке қабылдау» кешін ұйымдастыру.

4.  Тілдер мерекесіне орай студенттік конференциялар ұйымдастыру.

5.  ОҚМФА тарихы туралы әңгіме жүргізу.

6.  «1 желтоқсан – Бүкіләлемдік ЖҚТБ-ға қарсы күні»тақырыбында әңгіме жүргізу.

7.  Студенттік жатақханадағы ережелері туралы әңгіме жүргізу.

8.  Республика күні және ҚР Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты.

9.  Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау туралы әңгіме өткізу.

10.  Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай іс-шаралар өткізу.

 

Кафедра оқытушылары даярлаған оқу құралдары мен оқу-әдістемелік талдауларының тізімі:

1. «Учебное пособие по русскому языку для студентов медицинских и фармацевтических вузов, обучающихся по кредитной системе» (практическое занятие).Шымкент, 2011ж.

2.  «Учебное пособие по русскому языку для студентов медицинских и фармацевтических вузов и, обучающихся по кредитной системе» (ОСӨЖ).Шымкент, 2011ж.

3. «Учебное пособие по русскому языку для студентов медицинских и фармацевтических вузов, обучающихся по кредитной системе» (СӨЖ).Шымкент, 2011ж.

4.  «Учебное пособие по практическому курсу русского языка для студентов национальных групп неязыковых факультетов вузов» (1 б, 2 баспа). Шымкент, 2009 ж.

5.  «Учебное пособие по практическому курсу русского языка для студентов национальных групп неязыковых факультетов вузов» (2 б, 2 баспа). Шымкент, 2009 ж.

6.  «Учебное пособие по русскому языку для учащихся факультета подготовки специалистов среднего профессионального образования». Шымкент, 2008 ж.

7. «Сборник текстов для занятий по русскому языку в медицинском вузе». Шымкент, 2009 ж.

8. «Учебное пособие по русской  литературе для учащихся факультетов подготовки со средним специальным образованием». 2 баспа. Шымкент, 2009 ж.

9. «Учебное пособие по казахской литературе для учащихся факультетов подготовки со средним специальным образованием». Шымкент, 2009 ж.

10. «Сборник тестовых заданий по  русской и казахской литературе  для учащихся факультета подготовки специалистов  среднего  профессионального  образования». Шымкент, 2010ж.

11. «Сборник тестовых заданий по русскому языку для студентов медицинских и фармацевтических вузов». Шымкент, 2009 ж.

12. «Сборник упражнений по русскому языку для студентов медицинских и фармацевтических вузов». Шымкент, 2011 ж.

13. «Учебное пособие по русскому языку для обучающихся по кредитной системе медицинских и фармацевтических вузов» (ТС, элективті курс) Шымкент, 2012 ж.

14. «Учебное пособие по русскому языку для обучающихся по кредитной системе медицинских и фармацевтических вузов» (ОСӨЖ, элективті курс).Шымкент, 2012 ж.

15. Электронды ақпаратты-танымдық оқу құралы «Развитие высшего образования Казахстана в контексте Болонского процесса и государственная политика в области здравоохранения». Шымкент, 2012 ж.

 

Қоғамдық жұмыс

2011 жылы желтоқсан айында кафедра оқытушылары ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты мерекелік ауқымды іс-шара өткізді.

alt

«Ашаршылықтың ащы шындығы» жылдарының жантүршігерлік деректі түсірілімдер мен фотосуреттер көрсетілді. Ерекше орын алған «Алау маңында» атты көрініс, әртүрлі ұлт өкілдерінің билері, қара сөздер, жүректі баурайтын қазақ патриоттық  әндері.

alt

Жыл сайын кафедра оқытушылары кәсіби бағдар мамандықтарының жұмыстары бойынша белсенді түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. (ОҚО, Қызылорда облыстарының мектептерінде).

alt

Орыс тілі кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы еңбек және шығармашылық саласында үнемі өз біліктілігін ұштауда. Жұмыс нәтижелері студенттер мен академия басшылығы тарапынан жоғары деңгейде бағалануда.

 

 

«Дұрыс тамақтану және дәрумендердің маңызы.
Фастфудтың ағзаға әсері қандай?» 

2014 жылдың 4-11 сәуір күндері аралығында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, «7 сәуір - Бүкіләлемдік денсаулық күніне» орай «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыз» ұранымен салауатты өмір салтын ұстану және аурудың алдын алу мақсатында студенттер арасында ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар өткізілді. «Дұрыс тамақтану және дәрумендердің маңызы. Фастфудтың ағзаға әсері қандай?» атты тақырыпта барлық топтарда тәлімгерлік сағаттар өткізілді.

 

 

 

«Діни білім тәрбие бастауы», «Ұлт және тағылым»

Қоғамның толеранттылығы өздігінен пайда болатын нәрсе емес. Ол – тәрбие арқылы қалыптасатын қоғамдық мінез. Ал, мінездің негізі дінде. Дін білім арқылы келеді. Қа­зақстан Республикасы – түрлі конфессиялардың мекені. Әрбір конфессияның өзіне тән діни білім қоры бар. Соны пайдаланып кәдеге жарату үшін қоғам өмірінде діни білім беру жүйесін қалыптастыру қажет.

2014  жылдың 4-11 сәуір күндері аралығында дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесін алдын алу мақсатында орыс тілі кафедрасының оқытушылары тәлімгерлік топтарында  «Діни білім тәрбие бастауы», «Ұлт және тағылым» атты тақырыпта тәлімгерлік сағаттар өткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар