Акушерия және гинекология курсымен алғашқы медициналық - санитарлық жәрдем кафедрасы

 

 

Акушерия және гинекология курсымен алғашқы медициналық - санитарлық жәрдем кафедрасының тарихы

      Емхана 2 кафедрасы 2007 жылы емханалық терапия және отбасылық медицина кафедрасының бөлінуіненқұрылды. Кафедраның меңгерушісі болып м.ғ.к, доцент Югай Н.В. тағайындалды.

      2009 жылы академияның қайта құрылуына байланысты кафедра емхана кафедрасы болып аталды. Кафедраның меңгерушісі болып м.ғ.к, доцент Қауызбай Ж.Ә. тағайындалды.

      Кафедраға 2012 жылы - жедел шұғыл медициналық көмек курсы, 2013 жылы - акушерия және гинекология курсы мен тіршілік қауіпсіздік негіздері курсы қосылуына байланысты кафедраның атауы «акушерия және гинекология курсымен алғашқы медициналық – санитарлық жәрдем - деп өзгертілді. Кафедраның меңгерушісі м.ғ.к, доцент Югай Н.В.

      Қазіргі таңда кафедрада колледж студенттері, бакалаврлар, магистранттар, дәрігер – интерндер және резиденттер дайындалады.

      Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алу аясында, дәрігерлер мен орта деңгейдегі медициналық қызметкерлерге біліктілігін жетілдіру және қайта дайындау циклдары өткізіледі

 

Кафедраның оқу базасының тізімі

  1. Қалалық орталық емхана
  2. №1 қалалық балалар емханасы
  3. №2 қалалық балалар емханасы
  4. Қалалық жедел шұғыл медициналық жәрдем. №4 станциясы.
  5. ОҚМФА №3 корпусы
  6. Областық перинатальды орталық №1
  7. Областық перинатальды орталық №2
  8. Областық перинатальды орталық №4

 

      Кафедрада 1 доктор мен 4 ғылым кандидаттары қызмет атқарады. Кафедра қызметкерлерінің орта жасы - 45 жас, 78% 10 жылдан артық ғылыми – педагогикалық өтеммен. Жоғарғы дәрігерлік дәрежемен – 10 (58,8%), бірінші дәрежемен - 6 (35,3%) және екінші дәрежемен – 1 (5,9%) дәрігер қызмет істейді.

 

Кафедраның ғылыми жұмысы келесі бағытта жүргізіледі:

      1. «Проблема донозоологической диагностики и реабилитации дефицитных состояний у студенческой молодежей (подростков) в аспекте их гормоничного развитияң.   Ғылыми жетекшісі: м.ғ.к., доцентҚауызбай Ж.А., ғылыми кеңесші: м.ғ.д., проф. Мусаев Ю.М.

      2. «Инновационные технологии в акушерстве для снижения репродуктивных потерь и восстановления фертильных функций женщин в ЮКО. Ғылыми жетекшісі: м.ғ.к., доцент Тлеужан Р.Т.

 

 

Тәрбие жұмысы
Ұлт және тағлым

      2014 жылдың 8 сәуірінде «Акушерства және гинекология курсымен алғашқы медико – санитарлық  жәрдем» кафедрасында кураторлық сағат өткізілді.

      Тақырыбы: Біздің қоғамдағы дін.

      Куратор Бектибаева Н.Ш:  «Дін – бұл әлемге деген көзқарас, бейбітшілікті сезіну және осылар арқылы анықталатын адамдардың іс-әрекеті.

      Дін өзінің әмбебап сипаты, негізгі моралдық және заңдық нормаларының орындалуына қойылатын талаптарының міндеттілігі, психологиялық көргіштігі арқасында мәдениеттің бір бөлігі болып табылады» - деді.

      Жақсылықкеліні: «Ғылым – бұл  білімді адамның қолындағы   құрастырушы, әрі бұзушы үлкен аспап  және бұл аспапты біз бейбітшілікке, космосқа және дінге деген сезімімізді сақтай отырып, жақсылыққа, пайдалы істерге пайдалануымыз керек » - деп өтті.    

      Ғылым мен дін – бұл таразының екі жағы және бұл әлемдегі күштің балансы үшін, олар теңдесіп, яғни білім мен тағлым бірігуі қажет, оларсыз адмның мәдени дамуы мүмкін емес.

      Ассистенттер мен студенттерде шығып өз ойларын айтты.

      Югай  Н В: Дін ғылым ретінде адамның табиғатқа, космосқа, өзіне және барлық адамзатқа деген қарым – қатынасының тәжірибесін байланыстыратын және белгілі бір принциптермен реттейтін әлемнің рәзіми моделі деп кураторлық сағатты аяқтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар