Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

     

      Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасы 1982 жылы ұйымдастырылған, арнайы мамандық кафедраларының бірі.

      Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының миссиясы «Фармация» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білімдер, дағдылар, терең теориялық және тәжірибелік дайындығы бар мамандарды шығаруға бағытталған.

alt

Академияның алғашқы құрылған жылдары кафедра оқытушылары И.М.Сеченов атындағы Москваның медициналық академиясының аспирантурасында арнайы дайындалды: Шертаева К.Д. (1986-1991ж.), Жұмабаев Н.Ж. (1988-1992ж.), бүгінгі күні кафедра оқытушыларының 55 % (соның ішінде 2 фармация ғылымдарының магистрлері) ғылыми атаққа ие: фармацевтика ғылымының докторы – 1, фармацевтика ғылымының кандидаты – 5.

Кафедраның оқытушы – профессорлар құрамы «Фармация» мамандығы бойынша Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарттарын және оқу пәндерінің типтік оқу бағдарламаларын жасауға қатысуда.

5В110300 – «Фармация» мамандығы (бакалавриат) 2007 жылғы Мемлекеттік оқу стандартына сәйкес кредиттік технологиялық оқу үрдісіне сәйкес кафедрада пәндердің оқу-әдістемелік кешендері жасалған. Кафедрада 5В110300 – «Фармация» мамандығы (бакалавриат) бойынша фармацевтикалық факультеттің 2,3,4,5 курс студенттері оқиды. 2010-2011 оқу жылынан бастап, кафедрада 6М110400 – «Фармация» мамандығы бойынша магистратура ашылды.

Кафедрада 2 докторлық, 4 кандидаттық, 8 магистрлік диссертациялар қорғалып, қазіргі кезде 1 докторлық және 10 магистрлік  диссертациялық жұмыстар дайындауда. Кафедраның оқытушы-профессорларының 400-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектері жарияланған.

Кафедра меңгерушісі –фармацевтика ғылымының докторы, профессор.

ШЕРТАЕВА КЛАРА ЖОЛБАРЫСҚЫЗЫ

alt

       Ғылыми мектеп: 1988 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент филиалының фармацевтикалық факультетін үздік дипломмен бітіріп, «Фармация» мамандығы бойынша провизор квалификациясын алған. 1989-1992 жылдары Мәскеу қаласы 1 Мәскеу мемлекеттік медициналық академиясында күндізгі аспирантурасында оқыды. 

     1992 жылы 15.00.01 - «Дәрілер технологиясы және фармация ісі» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Шертаева К.Ж-ның  негізгі ғылыми бағыты, ашқан жаңалықтары мен өнер табыстары - Фармацевтикалық нарықта аумақтық маркетингтік зерттеулер. Ғылыми еңбектері 170-тен астам, 2 кітаптың авторы, 3 оқу құралы жарық көрген. ҚР ДСМ алғыс хатымен (2009 ж.) Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатының Құрмет грамотасымен (2010 ж.) марапатталған. 

Кафедра қызметкерлері қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып түрлі алғыс хаттармен және төс белгімен, сертификаттармен мараппатталған. Профессор м.а. Жұмабаев Нарбек Жұмабаевич 2013 жылы «ҚР ең үздік азаматтары» төсбелгісімен марапатталды. 

Қазіргі таңда ғылыми кадрларды дайындау магистратура және докторантураны оқу жүйесі арқылы жүргізілуде. Кафедрада 10 магистрант, сонымен қатар С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да РhD докторантурада – 2 докторант білім алуда.  

 

 

Оқу жүйесінде қолданылатын интерактивті әдістер

«Киндер-Сюрприз» әдісі

          Студенттер «Киндер-Сюрприз» әдісін  қолдану арқылы мынадай мүмкіншіліктерге ие болады:

             -   алған  білімін қорытындылауға;

             -   тақырыптың негізгі сұрақтары, терминдері мен анықтамаларына көңіл бөлуіне.

 

 

 

 

«Оқу дәріханасы» әдісі.

           Оқу документтері кездесетін және оқу барысында шешімді қабылдайтын, имитациялық әдістеме түрі. Оқу дәріханасындағы  студенттер, оқу барысындағы шынайы дәріхананың қызметтерін орындайды.

 

           Сабақ барысы жабдықталған  оқу дәріханасы  аудиториясында өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Эссе» әдісі.

«Эссе» әдісі студентке келесі мүмкіндік береді:

-    тақырыпты толық және сапалы меңгеру;

-    мәселені талқылауда өз ойын енгізу;

-    мәселені талдау жүргізуді және ойын шешімін дәлелдеуді үйрену.

 

 

Кафедрада тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының білімін ұйымдастырудағы тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасына,  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясындағы тәрбие жұмысының жоспарына және  тәрбие жұмысын ұйымдастыруды жүргізу бойынша нормативті құжаттары мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі.  Жалпы кафедрада жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары студенттердің жан-жақты белсенді дамуына үлестерін қосады.

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар