Қоғамдық денсаулық сақтау №2

 

Кафедра тарихы

«№2 Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы 01.09.2012 жылы «Әлеуметтік медицина, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасының екіге бөлінуіне байланысты жаңадан құрылды. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор міндетін атқарушы Жақсыбергенов Абай Маратұлы тағайындалды.

Жақсыбергенов Абай Маратұлының докторлық диссертациясының тақырыбы: «Мақта шаруашылығында жұмыс істейтін тұрғындардың денсаулығының әлеуметтік- гигиеналық мониторингі». Жақсыбергенов Абай Маратұлы төмендегі көрсетілген магистранттардың ғылыми жетекшісі, олар: Бабаева Г.Ж., Арсыланова А.М., Бейсенбаев А.А., Сапарбеков А.Д.

Кафедраның       профессорлық оқыту  құрамы жоғары дәрежеде педагогикалық, ғылыми жұмыстармен айналысады.

           Кафедрада 1 профессор, 5 доцент, 3 магистр, 6 ассистент қызмет етеді.

Кафедраның ғылыми жұмыстары, медициналық қызмет көрсету сапасын жоғарылатудағы қоғамдық денсаулық және денсаулықты ұйымдастырудағы заманауи технологияларды өңдеу және тәжірибеге ендіруді басқару, медициналық білімде ғылыми ізденістерді жүргізуге бағытталған.

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді емдеу, реаблитациялау және профилактикасының ғылыми жетілдіруі» атты  ғылыми техникалық бағдарлама аясында жұмыс жасалынуда. Кафедра ұжымы бірігіп ғылыми жұмыстарды пікірлеседі, ғылыми конференциялар мен съездерге қатыса отырып оларға ғылыми мақалалар жібереді.
Кафедрада студенттердің ҒІЖ-ге қатысушыларынан құрылған ғылыми үйірме жұмыс жасайды.  Студенттердің ҒІЖ-нің тақырыптарын және олардың ғылыми жетекшілерін  кафедра меңгерушісі бекітіп және өз қадағалауына алған. Студенттердің ғылыми қоғамының  отырысында ізденіс материалдары бойынша баяндама дайындалып, рефераттар талқыланады. Студенттердің ғылыми үйірмесінде студенттер кафедраның тақырыптық ізденістеріне араласады, жаңа дағдыларды үйренеді.  Сонымен қатар олар патенттік ізденіске кіріспе жасау, әдеби шолуларды құрастыру,  эксперименттік нәтижелерді талқылау, тезис, ғылыми тәжірибелік конференцияларға статья жіберу және баяндамаларды әзірлеуде табысты түрде ат салысады.

Студенттер арасында салауатты өмір салты туралы төмендегі тақырыптарда әңгімелер жүргізіледі: «Наркомания», «Алкоголизм», «Төсек қатынасы арқылы жұғатын аурулар».

Кафедра заманауи инновациялық  технологиямен қамтылған.

Оқу процесінде командалық ойлануды үйрету, кіші топтармен жұмыс жасау белсенді түрде  оқытылады. Бакалаврият студентерінің арасында коммуникативті дағдылардың қалыптасуына көңіл бөлінеді.

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар