Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы


Кафедра тарихы

      Қалыпты физиология кафедрасы1979 жылы Алматы мемлекеттік медицина институты Шымкент филиалының базасында ұйымдастырылған.

      1980-1994 жылдары кафедра құрамына микробиология, патология, гигиена курстары енгізілген. 2003 жылы қалыпты физиология және патологиялық физиология кафедралары біріктіріліп, қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы құрылды.

      Кафедраның қалыптасуына, өркендеуіне профессор Н.Ш. Забиров, доцент Г.С. Моренко, доцент Ш.Ж. Жанадилов,  профессор Ш.Б. Садықов, профессор А.А. Өтепбергенов, профессор Н.Ж. Орманов, доцент К.И. Мамин, профессор Д.А. Әділбекова, доцент С.Е. Айтбаева, аға оқытушылар Н.М. Мурина, Д.С. Бекбергенова өз үлестерін қосты.

      Әр жылдары қалыпты физиология кафедрасында меңгерушілік қызметін профессор Н.Ш. Забиров (1980-1981), биология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.С. Моренко (1981-1992), доцент Орманов Н.Ж. (1992-1993), доцент Ш.Ж. Жанадилов (1994-1995),  медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Д.А. Әділбекова (1995-1997), медицина ғылымдарының докторы, профессор А.А. Өтепбергенов (1997-2003) атқарды,  ал патологиялық физиология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор Ш.Б. Садықов (1997-2003), ал қалыпты және патологиялық физиология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор    Д.А. Әділбекова (2003-2011) басқарды.                              

      2012 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.  Жолымбекова Ләйлә Дәулетбекқызы тағайындалды. 

      Кафедраның негізгі бағыты оқу – әдістемелік жұмысты жақсарту, оқу үдерісіне жаңа инновациялық технологияларды және оқу әдістерін енгізу, профессор–оқытушылық құрамының кәсіби біліктілігін жетілдіру және ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысу.

      Академияның клиникалық-диагностикалық зертханасында кафедраның физиологиялық лабораториясы бар. Онда қазіргі заманауи функционалды-диагностикалық қондырғылар орнатылған, медициналық құрал-жабдықтар мен техникалық оқу құралдары бар.

      Дәрістер және тәжірибелік сабақтар жоғары әдістемелік деңгейде өткізіледі. Дәрістерді және семинарларды кафедраның беделді мамандары аға оқытушы Н.М. Мурина, доцент м.а. С.Б. Бисимбаева, доцент Л.Д. Жолымбекова, аға оқытушы Ж.Ж. Құлбалиева, доцент Жакипбекова Г.С., аға оқытушы Қаратаева Г.Е., Бекбергенова., Д.С. жүргізеді. Кафедрада бакалавриат студенттері және орта техникалық кәсіби мамандықтары бойынша оқушылар білім алады.

      Қазіргі кезде қалыпты және патологиялық физиология  кафедрасында 3 медицина және 1 биология ғылымдарының кандидаты, 1 доцент, 2 доцент міндетін атқарушы және аға оқытушылар жұмыс істейді.

      Кафедраның профессор-оқытушылық құрамы «Физиология», «Физиология анатомия негіздерімен», «Патологиялық физиология» пәндері бойынша 4 типтік оқу бағдарламаларын құрастырушы авторлардың бірі болып табылады.

 

 

Кафедра меңгерушісінің қысқаша өмірбаяны

Жолымбекова Ләйлә Даулетбекқызы

Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасының меңгерушісі,
 медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.

      2003 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясының «Емдеу ісі» факультетін, 2004 жылы «Акушер-гинеколог» мамандығы бойынша интернатураны бітірген соң, еңбек жолын осы академияның қалыпты және патологиялық физиология кафедрасында аға лаборантынан бастап кафедра меңгерушісі қызметіне дейін жалғастырып келеді.

      2010 жылы  медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуге арналған «Сары фосфордың уытты әсерінен организмнің даралық сезімталдығына байланысты бауыр қызметінің өзгеруі» атты тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

      Жолымбекова Ләйлә Даулетбекқызы 30–дан аса ғылыми еңбектердің, 1 монография, 2 алдын-ала патенттің авторы. 2011 жылдан бастап кафедра доценті міндетін атқарады.

      Студенттер үшін оқу процесінде қолданылатын қазақ және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік құралдар және нұсқаулар дайындады. «Патологиялық физиология» пәні бойынша 5В110400-Медициналық-профилактикалық іс мамандығы үшін Типтік оқу бағдарламасын (2010 жыл) дайындауға қатысқан авторлардың бірі.

      Доцент Жолымбекова Л.Д. мамандарды дайындаудағы білім берудегі еңбегі үшін, академияның ғылыми дамуына қосқан үлесі үшін академия басшылығы тарапынан мақтау грамотасымен (2010 ж.), алғыс хаттарымен (2012, 2013 жж.) марапатталған.

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

      Қазіргі уақытта кафедраның профессор-оқытушылық құрамы, олардың оқу-әдістемелік және ғылыми потенциалы келесі сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді: кең фундаменталді білімді, тез өзгеретін өмірге бейім, инициативті жаңа мамандарды дайындау; оқудың әдістерін және технологияларын жақсарту; педогогикалық үдерістің деңгейін жоғарылату; ғылымдағы басым бағыттарды дамыту. 

      Кафедрада оқу жұмысы ҚР МЖМБС (ГОСО РК) 3.08.390-2006, 6.08.021-2009, 6.08.086-2012, 28.08 №492 -2013 (техникалық және кәсіптік білім) және кафедраның жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

      Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасында оқытылатын пәндер бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру, жүргізу және мазмұны көрсетілген оқу-әдістемелік кешені жасалған. Мемлекеттік стандартта көрсетілген пәндер бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды жүргізу үшін оқу аудиториялары қажетті құралдармен жабдықталған.

Кафедрада төмендегі пәндер бойынша қазақ және орыс тілдерінде типтік және жұмыс бағдарламалары бар:

  1. 051103 – «Фармация» мамандығы бойынша «Физиология анатомия негіздерімен»;
  2. 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Физиология»;
  3. 051101 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Физиология»;
  4. 051110- «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша «Физиология»
  5. 051103 – «Фармация» мамандығы бойынша «Физиология анатомия негіздерімен»;
  6. 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Патологиялық физиология»;
  7. 051101 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Патологиялық физиология»;
  8. 051110- «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша «Патологиялық физиология».

Таңдау пәні:

  1. 051101 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Клиникалық патофизиология»;

ТжКББФ.

  1. 0306000 – «Фармация мамандығы бойынша «Физиология анатомия негіздерімен»;
  2. 0301000 – «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Физиология»;
  3. 0302000 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Физиология»;
  4. 0306000 – «Фармация мамандығы бойынша «Патологиялық физиология»;
  5. 0301000 – «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Патологиялық физиология»;
  6. 0302000 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Патологиялық физиология».

      Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда заманауи білім беру жолдарын қолдану мақсатында оқытудың белсенді әдістері–дәріс-презентация, проблемалық дәріс, қатемен дәріс, дәріс конференция, шағын топтарда жұмыс, «Лото», «Білім аукционы», кроссвордтар құрастыру, миға шабуыл, оқытушы-студент т.с . пайдаланылады.

      Кафедраданың профессор-оқытушылық құрамымен типографиялық тәсілмен келесі авторлардың оқулықтары мен оқу құралдары басып шығарылған және оның кітапханадағы мөлшері оқу процессіне жеткілікті. Олар:

1.      Өтепбергенов А.А.  Адам физиологиясы. Оқулық, 2000 жыл.

2.      Мурина Н. М. Методические указания для студентов к лабораторным занятиям по курсу нормальной физиологии: Физиология дыхания.

3.      Жакипбекова Г.С. Физиология высшей нервной деятельности. Условный рефлекс, его нейрофизиологические механизмы: учеб. пособие. – А., 2006 жыл.

4.      Айтбаева С.Е. Жалпы нозология, оқу-әдістемелік құрал, 2006 жыл.

5.      Құлбалиева Ж.Ж. Аллергия, оқу-әдістемелік құрал, 2013жыл.

6.      Жакипбекова Г.С. Ас қорыту мүшелерінің құрлысы мен қызметтері, оқу құралы, 2013 жыл.

Монографиялар:

1.      Әділбекова Д.А. Өндірістік және дәрілік ксенобиотиктерге организмнің даралық сезімталдығы. 2011жыл.

2.      Әділбекова Д.А., Орманов Н.Ж. Окислительный гемостаз и фосфорная патология. 2011жыл.

3.      Бисимбаева С.Б., Орманова Л.Н. Өкпе туберкулезін оңтайлы емдеуді негіздеу. 2011 жыл.

4.      Жолымбекова Л.Д., Әділбекова Д.А. Сары фосфорға организмнің даралық сезімталдығына байланысты бауыр қызметінің жағдайы.  2011жыл.

5.      Жолымбекова Л.Д. Қан және бауыр қызметінің фосфорға даралық сезімталдығы. 2014 жыл.

6.      Бисимбаева С.Б. Өкпе туберкулезіндегі оңтайлы фармакотерапиясын негіздеу. 2014 жыл.

 

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары

      Кафедра қызметкерлерімен келесі ғылыми–техникалық жобаларда орындаушы болып жұмыс жүргізілуде:

1. Разработка и внедрение рациональной фармакотерапии у больных туберкулезом легких  в зависимости от индивидуальной чувствительности организма ксенобиотику». Іске асу уақыты 2012-2014 жылдар. Ғылыми жетекшісі профессор Орманов Н.Ж.

2. «Повышение эффективности и безопасности дифференцированной фарма

котерапии при хронической интоксикации соединениями фосфора в зависимости от индивидуальной чувствительности организма ксенобиотику». Іске асу уақыты 2012-2014 жылдар. Ғылыми жетекшісі профессор Орманов Н.Ж.

      Кафедра ПОҚ ғылыми жұмыс нәтижелері бойынша баяндамаларымен ғылыми конференцияларға қатысады, өздерінің ғылыми мақалаларын журналдарда жариялайды. Кафедра қызметкерлері 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторлары болып табылады, оның ішінде халықаралық ақпараттар базасы Tomson Reuters-те кафедра қызметкерлерінің ғылыми мақалалары жарияланды.

      Кафедра қызметкерлері ғылыми жұмыстарға рецензиялар береді, ғылыми мақалалар шығарады, съезддер және конференцияларға қатысады.

      Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту жас маманды дайындаудың маңызды факторы. Кафедрада студенттік ғылыми үйірмесі бар. Үйірменің жұмысы жылдық жоспарына сәйкес жүргізіледі. СҒЗЖ нәтижелері талқыланатын семинарлар өткізіледі. Үйірмеге қатысушы студенттер халықаралық және республикалық конференциялар мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.Үйірме мүшелерімен 20-дан аса мақалалар мен баяндамалар жарияланды.

      Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Кәсіптік патология мен еңбек гигиенасының өзекті мәселелері жене алдын алу шаралары» тақырыбында кафедрааралық  ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция барысында 15 студент баяндамаларын ұсынды. Барлық қатысушылар баяндамалары қызықты және  танымды өтті.

 

Кафедраның тәрбие жұмысы

      ОҚМФА ректорының бұйрығына сәйкес кураторлар тағайындалады. Жыл сайын кафедра ұжымы 1-2 курс фармацевтикалық және медициналық факультеттерінің студенттерімен тәлімгерлік жұмыстарын жүргізеді. Тәрбие жұмысының жоспары бойынша «Куратор күнделігі» арналады.

      Кафедрада тәрбие жұмысы мақсатты түрде келесі бағыттарда жұмыс жасалынады: қоғамдық-саяси және құқықтық, мәдени-эстетикалық, этно-мәдени, экологиялық, әлеуметтік.

      Салауатты өмір салтын ұстану жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, студенттердің ғылыми зерттеу және шығармашылық қабілеттерінің ұшталуына көмек беріледі. Діни экстремизм, құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын-алу жұмыстары, жатақханадағы тәрбие жұмыстары жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар