Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валелолиясымен кафедрасы

 

 

Кафедра тарихы

«Қалыпты физиология» кафедрасы1979 жылы Алматы мемлекеттік медицина институты Шымкент филиалының базасында ұйымдастырылған.

1980-1994 жылдары кафедра құрамына микробиология, патология, гигиена курстары енгізілген. 2003 жылы «Қалыпты физиология» және «Патологиялық физиология» кафедралары біріктіріліп, «Қалыпты және патологиялық физиология» кафедрасы құрылды.

Кафедраның қалыптасуына, өркендеуіне профессор Н.Ш. Забиров, доцент Г.С. Моренко, доцент Ш.Ж. Жанадилов,  профессор Ш.Б. Садықов, профессор А.А. Өтепбергенов, профессор Н.Ж. Орманов, доцент К.И. Мамин, профессор Д.А. Әділбекова, доцент С.Е. Айтбаева, аға оқытушылар Н.М. Мурина, Д.С. Бекбергенова өз үлестерін қосты.

Әр жылдары «Қалыпты физиология» кафедрасында меңгерушілік қызметін профессор Н.Ш. Забиров (1980-1981), биология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.С. Моренко (1981-1992), доцент Орманов Н.Ж. (1992-1993), доцент Ш.Ж. Жанадилов (1994-1995),  медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Д.А. Әділбекова (1995-1997), медицина ғылымдарының докторы, профессор А.А. Өтепбергенов (1997-2003) атқарды,  ал «Патологиялық физиология» кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор Ш.Б. Садықов (1997-2003), ал «Қалыпты және патологиялық физиология» кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор    Д.А. Әділбекова (2003-2011) басқарды.                              

2012 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметіне медицина ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.  Жолымбекова Ләйлә Дәулетбекқызы тағайындалды. 

Шымкент фармацевтика институтында «Қалыпты анатомия, гистология, медицина тарихы» кафедрасы болып, 1992 жылда жұмыс бастады. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дан шақыртумен доцент Сахипбаев Асылхан Сахипбайұлы 1992-1998 жылдарда  кафедраның алғашқы меңгерушісі болып жетекшілік етті. Сол жылдары кафедра меңгерушісі, доцент Сахипбаев Асылхан Сахипбайұлының басқаруымен кафедраның материалдық-техникалық базасын, оқу-әдістемелік жұмыстарын қамтамасыз етіп, кафедраның оқытушылар құрамын дайындады. «Қалыпты анатомия кафедрасының мұражайын» және «Анатомиялық блокты» ұйымдастырып іске асырды.

1997 жылы Шымкент медициналық институт ОҚММА болып, 2008 жылы ОҚМФК болып қайта құрылды. Бұл жылдары кафедра атауы мен құрамы өзгеріп, қысқартулардан кейін «Анатомия, топографиялық анатомия және оперативті хирургия курсмен», «Гистология», «Патологиялық анатомия» кафедралары бірігіп, ОҚМФА «Морфологиялық пәндер» кафедрасы құрылды. Кафедраны м.ғ.д., профессор Сисабеков Қ.Е басқарды. 

Дене шынықтыру кафедрасы 1979 жылы құрылды.Кафедра меңгерушілері: Құрманбаев М.Т.(1979-1988), Валуев В.В.(1988-1992), Баимбетов Б.И. (1992-2001), Әшірбаев О.А.  (2001-2012). 

27.08.2015ж. Ғылыми Кеңестің шешіміне сай ректордың №1056(б.2) бұйрығымен «Морфологиялық пәндер» кафедрасы «Қалыпты және патологиялық физиология» кафедрасымен біріктіріліп, құрамына «Гигиена-1»  кафедрасынан «Дене шынықтыру және валеологиямен» пәні қосылып, жаңа құрылған кафедра «Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиясымен» кафедрасы деп аталды.

Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.  Жолымбекова Ләйлә Дәулетбекқызы.

 

 

 

 915 1

Кафедра меңгерушісінің қысқаша өмірбаяны

Жолымбекова Ләйлә Даулетбекқызы 

«Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиясымен» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.

2003 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясының «Емдеу ісі» факультетін, 2004 жылы «Акушер-гинеколог» мамандығы бойынша интернатураны бітірген соң, еңбек жолын осы академияның қалыпты және патологиялық физиология кафедрасында аға лаборантынан бастап, кафедра меңгерушісі қызметіне дейін жалғастырып келеді.

2010 жылы  медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуге арналған «Сары фосфордың уытты әсерінен организмнің даралық сезімталдығына байланысты бауыр қызметінің өзгеруі» атты тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

Жолымбекова Ләйлә Даулетбекқызы 30–дан аса ғылыми еңбектердің, 1 монография, 2 алдын-ала патенттің авторы. 2011 жылдан бастап кафедра доценті міндетін атқарады.

Студенттер үшін оқу үрдісінде қолданылатын қазақ және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік құралдар және нұсқаулар дайындады. «Патологиялық физиология» пәні бойынша 5В110400- «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы үшін Типтік оқу бағдарламасын (2010 жыл) дайындауға қатысқан авторлардың бірі.

Доцент Жолымбекова Л.Д. мамандарды дайындаудағы білім берудегі еңбегі үшін, академияның ғылыми дамуына қосқан үлесі үшін академия басшылығы тарапынан мақтау грамотасымен (2010 ж.), алғыс хаттарымен (2012, 2013 жж.) марапатталған.

Қазіргі кезде «Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен»  кафедрасында 2 профессор, 3 профессор міндетін атқарушы, 4 медицина  ғылымдарының кандидаты, доцент, 3 магистр және 2 магистрант және аға оқытушылар мен оқытушылар жұмыс істейді.

915 2

 

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

Қазіргі уақытта кафедраның профессор-оқытушылық құрамы, олардың оқу-әдістемелік және ғылыми потенциалы келесі сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді: кең терең білімді, тез өзгеретін өмірге бейім, бастаманы жаңа мамандарды дайындау; оқудың әдістерін және технологияларын жақсарту; педогогикалық үдерістің деңгейін жоғарылату; ғылымдағы басым бағыттарды дамыту. 

Кафедрада оқу жұмысы ҚР МЖМБС (ГОСО РК) 3.08.390-2006, 6.08.021-2009, 6.08.086-2012, 28.08 №492 -2013 (техникалық және кәсіптік білім) және кафедраның жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

915 3

«Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиясымен» кафедрасыда оқытылатын пәндер бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру, жүргізу және мазмұны көрсетілген оқу-әдістемелік кешені жасалған. Мемлекеттік стандартта көрсетілген пәндер бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды жүргізу үшін оқу аудиториялары қажетті құралдармен жабдықталған.

 

Кафедрада төмендегі пәндер бойынша қазақ және орыс тілдерінде типтік және жұмыс бағдарламалары бар:

1. 051103 – «Фармация» мамандығы бойынша «Физиология анатомия негіздерімен»;

2. 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Физиология»;

3. 051101 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Физиология»;

4. 051110- «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша «Физиология»

5. 051103 – «Фармация» мамандығы бойынша «Физиология анатомия негіздерімен»;

6. 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Патологиялық физиология»;

7. 051101 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Патологиялық физиология»;

8. 051110- «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша «Патологиялық физиология».

 

Таңдау пәні:

1. 051101 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Клиникалық патофизиология»;

 

ТжКББФ.

1. 0306000 – «Фармация мамандығы бойынша «Физиология анатомия негіздерімен»;

2. 0301000 – «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Физиология»;

3. 0302000 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Физиология»;

4. 0306000 – «Фармация мамандығы бойынша «Патологиялық физиология»;

5. 0301000 – «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Патологиялық физиология»;

6. 0302000 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Патологиялық физиология».

915 4

Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда заманауи білім беру жолдарын қолдану мақсатында оқытудың белсенді әдістері–дәріс-презентация, проблемалық дәріс, қатемен дәріс, дәріс конференция, шағын топтарда жұмыс, «Лото», «Білім аукционы», кроссвордтар құрастыру, миға шабуыл, оқытушы-студент т.с . пайдаланылады.

Кафедраданың профессор-оқытушылық құрамымен типографиялық тәсілмен келесі авторлардың оқулықтары мен оқу құралдары басып шығарылған және оның кітапханадағы мөлшері оқу процессіне жеткілікті. Олар:

1. Өтепбергенов А.А.  Адам физиологиясы. Оқулық, 2000 жыл.

2. Мурина Н. М. Методические указания для студентов к лабораторным занятиям по курсу нормальной физиологии: Физиология дыхания.

3. Жакипбекова Г.С. Физиология высшей нервной деятельности. Условный рефлекс, его нейрофизиологические механизмы: учеб. пособие. – А., 2006 жыл.

4. Құлбалиева Ж.Ж. Аллергия, оқу-әдістемелік құрал, 2013жыл.

 

Монографиялар:

1. Әділбекова Д.А., Орманов Н.Ж. Окислительный гемостаз и фосфорная патология. 2011жыл.

 

 

 

Кафедраның материалдық – техникалық базасы

Кафедра ОҚМФА бас ғимаратының төменгі қабатында орналасқан. Оқу және көмекші бөлмелерінің тізімдері кестеде көрсетілген:  

    

Атауы

Саны

Ауданы(м2)

1

Оқу бөлмелері

8

341,3

2

Дәріс залы

1

62,6

3

Анатомиялық блок

1

62,1

4

Морфологиялық лаборатория

1

42,0

5

Анатомиялық мұражай

1

73,7

6

Гистологиялық лаборатория

1

15

7

Кафедра меңгерушісінің бөлмесі

1

12

8

Доценттер, оқытушылар,  ассистенттер, лаборанттар бөлмесі

2

30

 

Кафедрада  оқу бөлмелері жоғарғы дәрежеде көрнекі құралдар, планшет, муляж, кестелер және жүйелер бойынша дәліз қабырғаларын көрнекі құралдармен жабдықталған. Анатомиялық блокта ылғалды анатомиялық препараттар бар. Академия клиникалық- диогностикалық лаборатория (КДЛ) мен морфологиялық және гистологиялық лабораторияның қызметін кафедра пайдаланады.

915 5

915 6

915 7                             

Академия оқу үрдісі және кадр потенциалы

«Анатомия»

Мамандық

Курс

Кредит

Сағат

Қоғамдық денсаулық сақтау

І

2

90

Мейірбике ісі

І

2

90

Жалпы медицина

І

2

90

«Анатомия және гистология»  электив пән

Мамандық

Курс

Кредит

Сағат

Медициналық-профилактикалық іс

І

3

135

«Патологиялық анатомия негіздері»

Мамандық

Курс

Кредит

Сағат

Қоғамдық денсаулық сақтау

ІІ

2

90

Мейірбике ісі

ІІ

3

135

«Патологиялық анатомия» 

Мамандық

Курс

Кредит

Сағат

Медициналық-профилактикалық іс

ІІ

2

90

         ТжКББФ оқу үрдісі және кадр потенциалы

«Анатомия»

Мамандық

Курс

Сағат

Мейргер ісі

ІІ

118

Емдеу ісі

ІІ

162

Стоматология

ІІ

162

«Патологиялық анатомия»

Мамандық

Курс

Сағат

Емдеу ісі

ІІІ

50

«Жалпы патология негіздері»

Мамандық

Курс

Сағат

Мейргер ісі

ІІІ

90

 

 

Морфология пәндер кафедрасының ОПҚ құрамы

915 8

1.     Сисабеков Қ.Е.           Каф. меңгерушісі, профессор

2.     Дауреханов А.М.         м.ғ.д. профессор

3.     Танабаев Б.Д.             профессор м.а.

4.     Мурзанова Д.А.         профессор м.а.

5.    Досыбаев Б.Қ.             м.ғ.к., доцент

6.     Тоймбетова К.А.          аға оқытушы

7.     Турекулова А.К.           аға оқытушы, магистр

8.     Оспанов Д.Т.               оқытушы

9.    Шонбаева А.К               оқытушы

12.   Айтжанова Ж.С.           аға лаборант

14.   Ауезова М.К.                 лаборант

15.   Иманкулова Г.Х.            лаборант

 

 

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

Оқу үрдісі: 

Анатомия

Мамандығы: 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау»

І. Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы.

1. Пәннің типтік бағдарламасы қазақ және орыс тілдерінде.

2. Пәннің жұмыс бағдарламасы.

3. Силлабус қазақ және орыс тілдерінде.

4. Дәрістердің комплекстері қазақ және орыс тілдерінде.

5. Тәжірибелік сабақтардың әдістемелік өңдеулері қазақ және орыс тілдерінде.

6.Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына арналған әдістемелік өңдеулер қазақ және орыс тілдерінде.

7. Бақылаушы-өлшегіш құралдар қазақ және орыс тілдерінде.

8. Пәннің оқу-әдістемелермен қамтамасыздану картасы қазақ және орыс тілдерінде.

 

Анатомия

Мамандығы: 5В1101100 - «Мейірбике ісі»

І. Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы.

1. Пәннің типтік бағдарламасы  қазақ және орыс тілдерінде.

2. Пәннің жұмыс бағдарламасы.

3. Силлабус қазақ және орыс тілдерінде.

4. Дәрістердің комплекстері қазақ және орыс тілдерінде.

5. Тәжірибелік сабақтардың әдістемелік өңдеулері қазақ және орыс тілдерінде.

6. Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына арналған әдістемелік өңдеулер қазақ және орыс тілдерінде.

7. Бақылаушы-өлшегіш құралдар қазақ және орыс тілдерінде.

8. Пәннің оқу-әдістемелермен қамтамасыздану картасы қазақ және орыс тілдерінде.

 

Анатомия

Мамандығы:051301- «Жалпы медицина»

І. Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы.

1. Пәннің типтік бағдарламасы  қазақ және орыс тілдерінде.

2. Пәннің жұмыс бағдарламасы.

3. Силлабус қазақ және орыс тілдерінде.

4. Дәрістердің комплекстері қазақ және орыс тілдерінде.

5. Тәжірибелік сабақтардың әдістемелік өңдеулері қазақ және орыс тілдерінде.

6. Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына арналған әдістемелік өңдеулер қазақ және орыс тілдерінде.

7. Бақылаушы-өлшегіш құралдар қазақ және орыс тілдерінде.

8. Пәннің оқу-әдістемелермен қамтамасыздану картасы қазақ және орыс тілдерінде.

 

«Анатомия және гистология»  электив пән

Мамандығы: 5В110400 - «Медициналық-профилактикалық іс»

І. Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы.

1. Пәннің жұмыс бағдарламасы.

2. Силлабус қазақ және орыс тілдерінде.

3. Дәрістердің комплекстері қазақ және орыс тілдерінде.

4. Тәжірибелік сабақтардың әдістемелік өңдеулері қазақ және орыс тілдерінде.

5.Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына арналған әдістемелік өңдеулер қазақ және орыс тілдерінде.

6. Бақылаушы-өлшегіш құралдар қазақ және орыс тілдерінде.

7. Пәннің оқу-әдістемелермен қамтамасыздану картасы қазақ және орыс тілдерінде.

 

ТжКББФ.

І. «Емдеу ісі»  0301000 мамандығы, біліктілігі 0301013

1.Жұмыс бағдарламасы

2. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

3. Тәжірбиелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу қазақ және орыс тілдерінде дайындалды.

ІІ. «Мейіргер ісі» 0302000 мамандығы, біліктілігі 0302033

 1.Жұмыс бағдарламасы

2. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

3. Тәжірбиелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу қазақ және орыс тілдерінде дайындалды.

ІІІ.«Стоматология» 0304000 мамандығы, біліктілігі 0304023 

1.Жұмыс бағдарламасы

2. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

3. Тәжірбиелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу қазақ және орыс тілдерінде дайындалды

 

 

 

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары

Кафедра қызметкерлерімен келесі ғылыми–техникалық жобаларда орындаушы болып жұмыс жүргізілуде:

1. Разработка и внедрение рациональной фармакотерапии у больных туберкулезом легких  в зависимости от индивидуальной чувствительности организма ксенобиотику». Іске асу уақыты 2012-2014 жылдар. Ғылыми жетекшісі профессор Орманов Н.Ж.

2. «Повышение эффективности и безопасности дифференцированной фарма

котерапии при хронической интоксикации соединениями фосфора в зависимости от индивидуальной чувствительности организма ксенобиотику». Іске асу уақыты 2012-2014 жылдар. Ғылыми жетекшісі профессор Орманов Н.Ж.

Кафедра ПОҚ ғылыми жұмыс нәтижелері бойынша баяндамаларымен ғылыми конференцияларға қатысады, өздерінің ғылыми мақалаларын журналдарда жариялайды. Кафедра қызметкерлері 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторлары болып табылады, оның ішінде Thomson Reuters халықаралық ақпараттар базасында кафедра қызметкерлерінің ғылыми мақалалары жарияланды.

915 9 1

Кафедра қызметкерлері ғылыми жұмыстарға рецензиялар береді, ғылыми мақалалар шығарады, съездер және конференцияларға қатысады.

915 9 2

915 9 3

915 9 4

Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту жас маманды дайындаудың маңызды факторы. Кафедрада студенттік ғылыми үйірмесі бар. Үйірменің жұмысы жылдық жоспарына сәйкес жүргізіледі. СҒЗЖ нәтижелері талқыланатын семинарлар өткізіледі. Үйірмеге қатысушы студенттер халықаралық және республикалық конференциялар мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.Үйірме мүшелерімен 20-дан аса мақалалар мен баяндамалар жарияланды.

«Қалыпты және патологиялық физиология» кафедрасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Кәсіптік патология мен еңбек гигиенасының өзекті мәселелері жене алдын алу шаралары» тақырыбында кафедрааралық  ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция барысында 15 студент баяндамаларын ұсынды. Барлық қатысушылар баяндамалары қызықты және  танымды өтті.

 

Қазіргі таңда кафедрада екі магистрант оқып жатыр:

1. Мамедова  Д.А магистрлік тақырыбы: «Распространенность и патологическая анатомия атеросклероза общих, внутренних и наружных подвздошных артерий у жителей г.Шымкент». 

2. Шонбаева А.К  магистрлік тақырыбы: «Бауырдың созылмалы аурулары кезіндегі жүректің тәж артерияларының атеросклерозының морфологиялық және морфометриялық сипаттамасы».

Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Өз ерімен СҒЖ айналысатын студенттермен ұйымдастырылған. Кафедрада СҒЖ тақырыптары әр студентке бекітілген, тақырыптар бойынша баяндамалар, рефераттар дайындалып, СНО мәжілісінде талқыланады.

 

Баяндамалар:

1. Медициналық хирургиялық инструменттер. Инструменттермен дұрыс қолдану үлгісі.

2.Тігісті жүргізу техникасы,тігіс материалдарының түрлері.

3.Наркоз. Түрлері қолдану тәсілдері.

4. Мәйітті жалпы негізгі техникалық  жіктеп сылу

5. Қазіргі кездегі тәсілдер және морфологиялық зерттеу техникасы.

915 10

915 11

Кафедрада 2013жылы желтоқсан айында - академик, профессорлар, доценттер, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен «Транплантология. Взгляды населения на пересадку органов» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел бойынша мақаланы Р. Шаймерденова (редактор научного журнала) «Қызмет» Республикалық қоғамдық газетінде №06 (196) 14.02.2014ж жариялады.

915 12

915 13

 

 

 

Кафедраның тәрбие жұмысы

ОҚМФА ректорының бұйрығына сәйкес кураторлар тағайындалады. Жыл сайын кафедра ұжымы 1-2 курс фармацевтикалық және медициналық факультеттерінің студенттерімен тәлімгерлік жұмыстарын жүргізеді. Тәрбие жұмысының жоспары бойынша «Куратор күнделігі» арналады.

Кафедрада тәрбие жұмысы келесі бағыттарда жұмыс жасалынады: қоғамдық-саяси және құқықтық, мәдени-эстетикалық, этно-мәдени, экологиялық, әлеуметтік.

915 14

Кафедраның спорттық базалары: 2 спорттық  залы, тренажер залы, үстел теннис залы.   

Кафедрада: 4 аға оқытушы, 1 спорт шебері және 3 спорт шеберлігіне үміткерлер жұмыс жасайды. 

915 15

Кафедра құрамы: (аға оқытушылар: О.А.Әшірбаев, А.Э.Жұмабекова, Ғ.Б.Дүйсенбиев;  оқытушылар:  М.Е.Туганбаева, Е.С.Аяпов) 

Ғылыми Кеңестің 21.11.2012 жылдағы  шешімі және №241  ректор бұйрығына сәйкес «Гигиена-1» кафедрасы «Денешынықтыру» кафедрасымен біріктірілді. 

Волейболшылар командасы медициналық ЖОО арасында өткізілетін аймақтық жарыстарының 1981 жылдағы,  2014 жыл волейбол және тоғызқұмалақ ойындарының чемпионы.

Жоғарғы оқу орындары арасында өткізілетін Спартакиадада жалпы командалар ішінде шашка, шахмат, тоғызқұмалақ, кіші футбол, волейбол, гандбол ойындарынан академияның құрама командалары 3-ші орынға ие болып келеді. 

 

Кафедрада дәстүрлі түрде өткізіліп келетін спорттық іс-шаралар: 

Жатақхана біріншілігі: 

915 16

Қалалық іс-шараларға қатысу

915 17

Кафедра  үшінші жыл  ЖОО және орта арнаулы оқу орындары арасында қол күресінен жарыс өткізіп келеді. 

915 18

Қыркүйек пен қазан айларында спорттың 8 түрінен  студенттер арасында Іріктеу жарыстары өткізіледі. 

915 19

Дәстүрлі түрде жыл сайын қаңтар-ақпан айларында  академия қызметкерлері арасында Спартакиада өткізіледі. 

915 20

915 21

915 22

915 23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар