Медициналық биофизика, информатика және математика кафедрасы

 

 Кафедра тарихы

«Физика және  жоғарғы математика» кафедрасы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын (РМК) «ОҚММА» ректорының № 95 бұйрығына сәйкес 1979 ж ұйымдастырылып, 01. 10. 1994ж. «Медициналық физика, информатика және  жоғарғы математика» кафедрасы болып қайта өзгертілді (РМК «ОҚММА» ректорының 29.09.1994 жылғы №303 бұйрығы). Кафедраны физика-математика ғылымының кандидаты, доцент, академия профессоры Канаш Жұмағазыұлы  Құдабаев басқарады.

Медициналық биофизика, информатика және математика кафедрасы Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы 1, оқу ғимаратының 5 қабатында орналасқан.  6 арнайы оқу бөлмесі информатика пәнінен сабақ өткізуге қажетті 78 компьютермен және медициналық биофизика пәндерінен сабақ өткізуге арналған лабораториялық қондырғылармен жабдықталған. Барлық 8 оқу бөлмелері бейнебақылау қондырғысымен жасақтаған. Сабақ  өтуде инновациялық технологияны қолдану мақсатында барлық оқу бөлмелері мультимедиалық проекторлармен  және 2 интерактивті тақтамен жабдықталған. Меңгерушінің, оқытушылардың, материалдық және лаборанттық бөлмелері бар.

 

 

Оқытушылар құрамы

696 1

Құдабаев Қ.Ж. – ф-м.ғ.к., академия профессоры, каф. меңгерушісі

Сапрыгина М.Б.- ф-м.ғ.к., доцент м.а.

Орманова Г.К.- п.ғ.к., доцент м.а.

Шаймерденова Г.С.- т.ғ.к., доцент м.а.

Маханбетова М.А. - аға оқытушы

Байділдаева А.С. - аға оқытушы

Қыдырбаева А.С. - аға оқытушы

Сарбасова Г.С. - аға оқытушы

Халметов З.С. - аға оқытушы

Абдрахманова Ж.Ж.- аға оқыт.

Абдримова З.М. – аға оқытушы

Сыздық А.Н. – аға оқытушы

Есжанов Ғ.П. – оқытушы

Тлеубеков Е.Р. – оқытушы

Әшірбек Р.А. – оқытушы

Ишанходжаева Л.А. – оқытушы

Намаева Р.О. – оқытушы

Саликбаева Л. Н.- лаб.меңг.

Живоедова И.А. - аға.лаб.

Адилбекова Г. А.- аға.лаб.

 

 

 

Кафедра меңгерушісінің өмірбаяны

696 2

«Медбиофизика, математика және  информатика» кафедрасының меңгерушісі Құдабаев Қ. Ж. 1989 жылы кандидаттық диссертацияны қорғап шықты, оған 1993 жылы «Доцент», 1999 жылы академия «Профессор» атағы берілді.  1994 жылдан бастап «Медициналық биофизика, информатика, математика» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Медициналық жоғары оқу орнында сабақ беруіне байланысты мамандығын шыңдау мақсатында  Мәскеу, Алматы қалалаларындағы медициналық жоғары оқу орындарында білім жетілдіру курстарында білім алды.

Кафедра меңгерушісі  Қ.Ж. Құдабаев  кафедра ұжымындағы  оқытушылардың жоғары оқу орнының талабына сәйкес жан-жақты  білікті, тәжірибелі, өнегелі ұстаз болып қалыптасуы үшін көп ізденеді, еңбектенеді.

2005-2006 оқу жылында « академияның ең үздік кафедрасы» атағына ие болды.

Қ.Ж. Құдабаев «Медициналық биофизика»  пәнінен жоғары деңгейде дәріс оқиды. Ұстаз ретінде суденттер  мен оқытушылар арасында өте силы, оған студенттермен жүргізген сауалнама қорытындысы дәлел болады.

Құдабаев Қ.Ж. академияның қоғамдық жұмыстарына белсене араласады: ғылыми кеңестің мүшесі, академияның әдістемелік кеңесінің орынбасары, жоғары оқу орнында сабақ берудің сапасын қадағалау комиссиясының төрағасы, әдістемелік кеңес құрамына кіретін оқу жоспарлары мен бағдарламалары бөлімінің төрағасы, тест сұрақтарын сараптамадан өткізу комиссиясының төрағасы.

Құдабаев Қ.Ж  ұстаз- ғалым, көптеген  республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға  қатысқан. Оның 100- ден астам ғылыми және әдістемелік мақалалары жарық көрді, соның ішінде 11 оқулық, 5 оқу құралы бар. Әр жылдарда жарық көрген 20-ден астам «физика, медициналық биофизика, медициналық техника, математика және физика» курстарының типтік бағдарламаларының авторы. 

Қ.Ж. Құдабаев - «Халыққа білім берудің үздігі». Көп жылдық еңбегінің нәтижесінде облыс әкімінің, республикалық үкіметтің алғыс хаттарымен және мақтау қағаздарымен марапатталған.

2000 жылы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.

2002 жылы «Денсаулық жылының» қорытындысына орай «Облыстық медицина саласындағы үздік оқытушысы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

2004 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау кәсіподағы» құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, медициналық академияның әкімшілігі, кәсіподақ ұйымының   бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталған.

2014 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медальмен марапатталды.

Кафедраның оқу әдістемелік жұмысы

Кафедрада келесі курстар оқытылады:

- медициналық биофизика

- физика

- биофизика

- информатика

- математика

- жоғары математика

- биостатистика.

Кафедра өз жұмыстарын оқу - әдістемелік, ғылыми -зерттеу, тәрбиелік т.б. іс – шараларды қамтитын жылдық жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырады. Кафедра жұмыстарының мәселелерін талқылау үшін ай сайын бір рет кафедра мәжілісі өткізіледі, оған кафедраның барлық оқытушылары, лаборанттары қатысады. Кафедраның оқу - әдістемелік, тәрбие және ғылыми зерттеу жұмыстары т.б. құжаттары ИСО –  9000 - 2009 талаптарына сай жүргізіледі. Кафедраның іс – қағаз құжаттарының тізбесі  академия  іс номенклатурасы  арқылы анықталады. Кафедрада жоғары білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес 051101 – «Мейірбике ісі», 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау», 051103 – «Фармация»; 5В110400 «Медико-профилактикалық ісі», 5В074800 «Фармацевтік өндіріс технологиясы», 6M110400 «Фармация» мамандығы  және «Техникалық және кәсіптік білім беру» факультетінің  мамандықтары бойынша типтік бағдарламаға сәйкес әр жылы оқу жұмыс жоспары, жұмыс оқу бағдарламалары қайта қаралып талқыланады. Әр оқу жылында кафедрадағы оқытылатын пәндер бағдарлама бойынша әдістемелік жағынан толық қамтамасыз етіледі. Барлық пәндерден емтихан алу мақсатында тест сұрақтары әр оқу жылы қайта қаралып, өңделіп, тексеруден өткізіледі.

Академияның ішкі сайтында барлық мамандық студенттері үшін  «Медициналық биофизика, информатика және математика» пәндерінен оқу- әдістемелік материалдар енгізілген.

Студенттерге білім беру сапасын жақсарту мақсатында кафедрада мынандай іс- шаралар іске асырылды: 

Оқытушылардың өзара сабаққа қатысуы, әдістемелік кеңесте ашық сабақтар жоспарға сәйкес орындалады. Әр өтілетін ашық сабаққа оқытушылар  заманауи техникалық құралдар, жаңашыл технологиялар және пән аралық байланыстар қолдана отырып студенттердің  білім сапасын арттыруға өз үлестерін қосуда. Талдау нәтижелері  озық тәжірибені сабаққа енгізу туралы ұсынылады.

Кафедрадағы оқытылатын пәндер әдістемелік жағынан толық қамтамасыз етілген. Әр жаңа оқу жылы барлық пәндерден типтік және жұмыс бағдарламасы, силлабус, дәріс жиынтықтары, тәжірибелік сабақтарға, СӨЖ өткізуге  арналған әдістемелік нұсқаулар қайта қаралып, өңделіп  академия сайтына енгізіледі.

Оқу үдерісіне инновациялық технологияны енгізудің басты шарты студенттерде инновациялық белсенділікке негізделген инновациялық ойлауды қалыптастыру, жаңа білімді өз бетінше қабылдау және дағды мен мақсат қоюшылықты дамыту, сондай - ақ өзінің мамандығы бойынша ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын қолдана алуға үйрету, жоғарғы оқу орындарының оқу жүйесінде жаңа ақпараттық технология мен коммуникацияларды енгізу инновациялық қызметтің негізгі кезеңі болып табылады.

Инновациялық технологияны енгізу барысында кафедрада дәріс оқығанда, тәжірибелік және зертханалық  сабақтар жүргізгенде  әр түрлі оқытудың белсенді әдістерін, интерактивті тақта, түрлі оқытудың жаңа әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарламалар қолданылды. Компьютерді және басқа да ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдыларын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып отыр. Осы мақсатта  «Информатика» пәні бойынша  тәжірибелік және зертханалық сабақтарда «Компьютерлік сауаттылық» курсы бойынша SIN каз және SIN рус бағдарламалары (электронды оқулық), today Meet.com. бағдарламасы; «Team Viewer»  бағдарламасы арқылы қашықтықтан оқыту әдістері; «EasyQuizzi» бағдарламасы; түсіндірмелі-көрнекі бейнероликтерді қолдану  әдістері, «Биостатистика» пәні бойынша «Statistika» қолданбалы бағдарламасы; «Macromedia Flash Player 8»  бағдарламасында «Медициналық биофизика» және «Физика» пәндері бойынша виртуальды зертханалық жұмыстар (мемлекеттік және орыс тілдерінде)  оқу  үдерісіне енгізіліп, қолданылуда. Барлық дәріс материалдары көрме түрінде безендірілген.

Инновациялық технологияға байланысты білім беру сапасын жақсарту  мақсатында кафедра оқытушыларының дайындаған әдістемелік еңбектері:

1. Қ.Ж. Құдабаев, СағымбековаА.С және Назарбекова П.А «Математика» Медициналық жоғары оқу орындарына арналған  оқулық Шымкент, 2005 /200 дана.

2. А.У. Лесбаев, Ж.С. Құрақбаев, О.М. Ибрагимов, З.М. Абдримова.  «Тілдер және бағдарламалау технологиясы» информатика пәнінен оқу – әдістемелік құрал Шымкент, 2007 /100 дана.

3. Байзак Ү.А., Құдабаев Қ.Ж. «Медициналық биофизика және медициналық техника бойынша лабораториялық практикум» Медициналық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу  құралы / «Эверо» 2011 ж. / 250 дана.

4.  Құдабаев Қ.Ж, Сағымбекова А.С., Қыдырбаева А.С., Сарбасова Ғ.С. «Математика» Медициналық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу  құралы / Шымкент - 2011/ 300 дана.

5. Джеренова Р.О., Халметова Ш.А. «Информатика» Методические указания по выполнению лабораторных работ. 3 бөлім / оқу әдістемелік құрал/ Шымкент – 2011/500 дана.

6. Джеренова Р.О., Халметов З.С., Халметова Ш.А. «Информатика» Сборник лабораторных работ/оқу әдістемелік құрал/ Шымкент - 2010 /500 дана.

7.  Қ.Ж Құдабаев  «Информатика»  Медициналық жоғары оқу орындарына арналған оқу  құралы/ «Эверо» 2012 /300 дана.

8. Қ.Ж.Құдабаев, З.С.Халметов, А.С.Байділдаева, З.М.Абдримова, А.А. Мауленова  «Информатикадан  тест тапсырмаларының жинағы»/ оқу әдістемелік құралы / Алматы- «Эверо» 2014 / (мемлекеттік тілде 320 дана, орыс тілінде 80 дана).

9. Қ.Ж. Құдабаев, Г.С.Сарбасова, М.А. Иманбаева, А.С.Қыдырбаева «Математика-1», «Математика -2» / «Фармацевтік өндіріс технологиясы» мамандықтарына оқулық / Алматы- «Эверо» 2014 / 100 дана

10. Қ.Ж.Құдабаев, Ж.Ж.Абдрахманова М.А.Махамбетова А.Н.Сыздық «Физика» /Фармация мамандықтарына арналған  оқу құралы/ Алматы- «Эверо» 2014 / 150 дана.

 

 

Кафедраның ғылыми жұмысы

ОҚМФА ғылыми-клиникалык жұмыс (ҒКЖ) проректорының  бекіткен жоспарына сәйкес, профессор Қ.Ж Құдабаев, аға оқытушы З.С Халметов, аға оқытушы  Ж.Ж. Абдрахманованың жетекшіліктерімен кафедра ұжымы  «Биология, биохимия және микробиология» кафедрасымен бірігіп, «Дәрілік және ауыл шаруашылық өсімдіктердің өсіру инновациялық әдістері» тақырыбында ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша жұмыс атқарды. Жұмыс нәтіжесінде 17 мақалалар жарыққа шықты.

Кафедраның әр оқытушысы оқу жылына дайындалған  ғылыми жұмыс жоспарын толықтай орындауда. Айтар болсақ, халықаралық және республикалық  ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысып,  жоғары деңгейде баяндамалар жасап, ғылыми басылымдарда мақалалар, тезистер жарыққа шығаруда.

Кафедра оқытушылары:

-  ф.м.ғ.к. Сапрыгина М.Б. «Multidisciplinary Science Communication and Editing» атты семинарға қатысты;

-  аға оқытушы Абдрахманова Ж.Ж. «Денсаулық сақтау ғылыми зерттеушілердің менеджменті және тиімді жоспарлыу негіздері» атты семинарға қатысты;

-  оқытушы Тлеубеков Е.Р. «Фараби әлемі» атты жас ғалымдар мен студенттердің  Халықаралық ғылыми конференциясына қатыстып. Барлығы сертификатқа ие болды.

 

 

Студенттердің ғылыми жұмыстары

«Медбиофизика, математика және информатика» кафедрасында студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына (ҒЗЖ)   қатысушыларынан құрылған ғылыми үйірме жұмыс (ҒҮЖ) жасайды. ҒЗЖ-ның меңгерушісі және ғылыми басшысымен бекіткен әр студенттің комплексті тақырыптағы белгіленген бөлімі бар. ҒҮЖ отырысында ізденіс материалдары бойынша баяндама дайындап, рефераттарды талқылайды. Студенттердің ғылыми үйірмесінде студенттер кафедраның тақырыптық ізденістеріне араласады, жаңа дағдыларды үйренеді:  патенттік ізденіске кіріспе жасау, әдеби шолуларды құрастыру, эксперименттік нәтижелерді талқылау, тезис, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға мақала жіберу және баяндамаларды әзірлеу.

 

 

Тәрбие жұмысы

Кафедрадағы  тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатына сәйкес жүргізіледі және жеке тұлғаның жоспарлы түрде дамуын, студенттердің болашақ медициналық мамандық иелері ретінде дамытуын қамтамасыз етеді. 

Кафедрада тәрбие жұмыстары, мәдени-қоғамдық шаралар түрлі бағыттар бойынша өткізіледі. Академия  тәрбие жұмысы жөніндегі бөліммен,   тәлімгерлік топтармен, жастар ұйымдарымен конференциялар, жастар акциялары, дөңгелек үстелдер, көркем және әдеби байқаулар, спорттық жарыстар, спартакиадалар, кітап көрмелері, құқық қорғау органдары өкілдерімен, денсаулық сақтау органдары және түрлі діни конфессия өкілдерімен, облыстық бұқаралық баспасөз тілшілерімен, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы өкілдерімен, этно-мәдени орталықтарымен, соғыс ардагерлерімен, ауған соғысына қатысушылармен және т.б. кездесулер ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар