Хирургия-1 кафедрасы

 

Кафедра тарихы

Шымкент фармацевтикалық институтының негізінде, 1993 жылы емдеу факультеті ашылып, содан бастап жалпы хирургия кафедрасы құрылды. Оның бірінші меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Сексенбаев Дерибсалы Сексенбаевич тағайындалды. Ал 1994 жылы  жалпы хирургия кафедрасы басқа жерге көшірілуіне  байланысты, факультеттік хирургиясы құрылып, оның да меңгерушісі болып Д.С.Сексенбаев тағайындалды. 1995 жылы госпитальды хирургия кафедрасы ашылды. Оны да м.ғ.д., профессор  Д.С.Сексенбаев басқарды. Сонымен қатар  ол кісі Облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері  қызметін қоса атқарды. Сол жылдардан бастап Облыстық клиникалық аурухана кафедраның негізгі базасы  болып келеді. Сол кісінің арқасында  ОКА Қазақстанның оңтүстік өңірінде ең ірі клиникалық базаға айналды. Онда ең күрделі операция жасала бастады. Қазақстан Республикасының Медицина Ғылым Академиясының академигі, м.ғ.д., профессор Д.С.Сексенбаевтың басқаруымен кафедрада 6 медицина докторы, 19 медицина ғылымының кандидаты диссертация қорғады.
Олар: Байдыбеков М.У. м.ғ.д., Сексенбаев Б.Д. м.ғ.д., Оспанова С.А. м.ғ.д.,  Сейдинов Ш.С. м.ғ.д., Кулакеев О.К. м.ғ.д., Бигалиев М.Х. м.ғ.д.,  Баймухамбетов Ж.Ж. м..ғ.д.,  Кулиев А.Ф. м.ғ.к., Жаксыбергенов А.М. м.ғ.к.,  Айтуов К.Ж. м.ғ.к.,  Эргешов О.Х. м.ғ.к., Есенгельдиев А.А. м.ғ.к., Ажимбаев Р. Ю. м.ғ.к., Адильбеков А.К. м.ғ.к., Байменов Ш.Б. м.ғ.к., Сариева А.А. м.ғ.к., т.б.
Кафедра қызметкерлері Жумабаев Д.Т., Абдулова А.Р. ғылыми жұмысын бітіріп, ізденуші Сексенбаева Г.Д.  2010 жылы қорғауға жоспарланған.
Кафедрада істеп кеткен ірі тұлғалар: Баймаханов Б.Б. – Қызылорда  Облыстық Денсаулық сақтау департаментінің бастығы м.ғ.д., Песин А.Л. – доцент, Кулакеев О.К.  – м.ғ.д., профессор – облыстық онкология диспанксерінің бас дәрігері, Бигалиев М.Х. – м.ғ.д - жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері.  Кафедра қызметкерлерінің  күшімен 4- монография, 500-дей мақала хирургиялық тақырыпта республикалық  журналдары мен шет ел баспаларына жіберілді.
2009-2010 оқу жылында  №1 хирургиялық пәндер офтальмология, онкология курстары және колледж кафедрасы болып ашылды.  м .ғ.к. Жумабаев Т.Ж. кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. Қазіргі уақытта кафедрада 4 м.ғ.д. профессор, 1 академик  АМН РК, ҚР-ның еңбек сіңірген дәрігері. 3 доцент, 6 к.м.н., 10 ассистент, 6 оқытушы жұмыс істейді.
Кафедрада хирургиялық сала және орта буындағы медбике бойынша және  БЖФ курстарына сабақ өтеді. 1995 жылдан бері хирургия саласы бойынша клин. ординаторлар мен 2009 жылдан бастап резиденттерді     дайындайды.
 
 

Кафедра меңгерушісі

altМен, Жумабаев Тулебай ұлтым қазақ 17.11.1941 КК-АССР Нокис қаласында туылғанмын. Ата – анам жұмысшы№ 1949 жылдан 1957 жылға дейін Нукус қаласы №1 мектебінде оқыдым. 1957 – 1960 жылдар Нукус мед.училищесін оқып айрықша дипломмен бітірдім№
. 1960 жылы Самарқанд мемлекеттік академик И.П. Павлов атындағы медицина институтына түсіп 1966 жылы айрықша дипломмен бітіріп шықтым. 1966-1968 жылдар институттың травматология кафедрасында клиникалық ординатура өттім. 1968 жылдан ассистент болып істедім.
1968 – 1970 жылдар әскери дәрігер болып САПО в/ч 2022 – Хорот қаласында қызмет істедім.
1970 жылдан 1998 жылға дейін самарқанд медицина институтының хирургия кафедрасында ассистент, аға оқытушы болып жұмыс істедім.
1975 кандидаттық диссертация қорғадым.
1998 жылы ташкент қаласында УзМРМ – де аға ғылыми қызметкер болып істедім. 1999-2001 жылдар самарқандта №3 поликлиникада  - хирург болып істедім.
2001 жылы Қазақстан ремпубликасы Шымкент қаласына көшіп келдік.
2001-2003 жылдар «Мирас» университетінің медицина – факультетіне доцент қызметін атқардым.
2003 жылдан осы кезге дейін ОҚММА – ның хирургия кафедраларында, асссистент, доцент қызметін атқардым.
2009 жылдан бері №1 хирургиялық пәндер кафедрасының меңгерушісімін.
Үйленгенмін 3 – ұл-қызым, 7 немерем бар.

 

 

Оқу-әдістемелік жұмыс туралы мәлімет

№1 хирургиялық  пәндер кафедрасында интерн – хирург және акушер-гинеколог онкология циклы бойынша колледжге арналған, отороларингология және офтальмология циклдарына арналған оқу әдістемелік бағдарлама типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Бұл бағдарлама 2002жылғы нұсқау хатқа бағдарламасына толығымен сәйкес келеді. Хирургиялық ғылыми жұмыс басқа да медициналық пәндермен өзара қарым-қатынас.

Оқу бағдарламасына сәйкес акушер және гинекология, фармакология,  №2 хирургиялық пәндер кафедрасы, сәулелі диагностика және терапия кафедраларымен келісілген.

Хирургия мамандығын дайындауда тәжірибелік сабақ тақырыптарға сәйкес негізделген.

Дәріс сабақтары хирургиялық өзекті тақырыптарға өткізіледі.

Дәріс материалдарында хирургия бойынша адам ағзасының анатомия физиологиялық ерекшеліктері, этиология патогенез аурулары, диагностикалық әдіс, ажыратпалы диагностика және емі.

Дәріс мультимедиялық проектор слайд түрлерімен өткізіледі.

Тәжірибелік сабаққа интерн дәрігерлердің білімін тереңдетуде ағзаның хирургиялық патологиясы тереңдетіледі.

Сабақ барысында әдістемелік нұсқау ағза мулляждары, хирургиялық операцияға арналған аспаптар көрсетіледі.

Кафедраның жұмыс жоспарына сәйкес кафедра мәжілісі айына бір рет өткізіліп тұрады. Дәрігер интерндардың және колледж студенттерінің, оқытушылардың жұмыс жоспары, ғылыми тәрбиелі жұмыстар ІБК жоспарына сәйкес қаралады.

Әдістемелік семинар кестеге сәйкес өткізіліп сабақ тақырыптары талқыланады. Барлық тақырыптарға сәйкес оқытушылар және студенттерге арналған әдістемелік нұсқау тағайындалады.

Үлгерімді жақсарту үшін күнделікті электронды жүйеде қатысқан интерндардың бағасы ендірілді, (Аванесов бойынша ) тапсырма тест формасы және қажетті ойындар. 3     Интерн дәрігерлер тәжірибелік дағдыны қортынды сабақ бойынша екі кезеңде – жарты жылдық және жылдық аттестация, ОҚКЕ емтихан тапсырады, интеграллды тест.

Баспа орталығына интерн хирургтарға арналған 1600 тест сұрақтары қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Интерн акушер гинекологтар үшін 200 тест сұрақтары қазақ және орыс тілдерінде. Онкология курсы бойынша 200 тест сұрақтары қазақ және орыс тілдерінде. Офтальмология курсы бойынша 200 қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.

Профессор Д.С.Сексенбаев оқулық шығарды қазақ және орыс тілдерінде «Хирургиялық аурулар».

Профессор Баймухамбетов Ж.Ж. жоспардан тыс әдістемелік нұсқау шығарды. «Проктология негіздері».

Оқу сабақтың сапасын жақсарту мақсатында топтрамен бірігіп, тақырыптық конференция қажетті ойындар, арнайы тақырыпқа бейнекассеталар бірнеше топтар біріктіріліп, бейнекөрсетілімдер және  DVD түсіндіріліп көрсетілді, арнайы медицина тәжірибесінде үлкен дағдыға ие маман тақырыпқа сәйкес Аванасев тест тапсырмасы қолданды.

Кафедрада қазіргі заманға сәйкес технологиялық жаңа оқу түрін жақсарту мақсатында мультимедиялық құрылымдар,   материалдық дәріс тәжірибелік дағды ендірілді. Өндірістік тәжірибенің сағат саны өзгертілуіне байланысты әдістемелік нұсқау әдіс бөлімінің келісімімен өңделді. Жаңа күнделік түрлері шығарылып, сынақ түрлері диф.сынақ комиссия және кафедра меңгерушісі басқаруымен өткізілді. Оқу-әдістемелік жұмыс кестеге сәйкес күнделікті кафедраның әдістемелік мәжілісінде және айсайын ЦӘК талқыланады, оқу факультеттік кеңесте, кафедра меңгеруішісі, оқу ісі жөніндегі орынбасары, ректорат мүшелерінің бақылауында қаралады.

Оқытушылар құрамы толығымен кестеге сәйкес БЖФ өткізілген,  және оқу үрдісі бойынша жаңадан ендірілген әдістемелік нұсқау (СӨЖ, лазерлі диск, жаңа бейнекассета, Аванасев бойынша тест сұрақтары) жылдық есебі қаралып өткізілді. Кафедраның әдістемелік жиналысына барлық оқытушылар қатысып, ал оқу ісі бойынша орынбасары мен оқу ісі курсы ОҚММА конференциясына , ОӘК, ОМЖ міндетті түрде қатысып отырады.

 

 

Кафедраның ғылыми жұмысы

№1 хиругиялық пәндер кафедрасында «хирургия» бойынша үйірме өткізіледі, СҒҮ мүшесі үйірме жиналысына күнделікті қатысады. Қазахстан Республикасы және шет елдерге жоспарланған конференцияларға қатысып отырады.

Кафедрада іріңді хирургиялық және операциядан кейінгі асқынулар бойынша өзекті мәселелерге ҒІЖ өткізіледі.

Кафедра қызметкерлері 3 оқу құралын дайындады. «Хирургиялық аурулар» автор Сексенбаев Д.С., «Проктологиялық негіздер» автор Баймухамбетов Ж.Ж..

40 ғылыми мақала баспа түрінде шығарылды. Рецензиялы 2 диссертация, 5 авторреферат, 3 оқу құралы.

Қызметкерлер халықаралық конфернцияларға қатысты. Колопроктология Ташкент қ, білімді жастар конференциясы Шымкент қ, ЮКГФА. Колопроктологиялық конференция ҚР Ақтөбе қ, білімді жастар конференциясы Астана қ, халықаралық конференция Дубай қаласы.

Профессор Д.С. Сексенбаев және Ж.Ж. Баймухамбетов барып оқу айлық дәрісі өткізілді Тараз және Жетісай қаласында. Жетекшілігмен резидентура жалғасуда (Баймаханов К.Б. және 3 ізденуші).

II. Кафедрада ҒКЖ студенттердің қатысуымен орындалған

Оқу үрдісіне байланысты интерндардың арнайы мамандығы бойынша, СҒІЖ қатысқандар тізімі, тәжірибелік жұмықа толықтырылды. СҒІЖ кафедрада жыл сайын студенттік конференцияларға белсенді қатысып, сыйлықты орындарға ие болады. жыл есебінде СҒІЖ 10 адам қатысқан. Бекітілген жоспарға сәйкес өткізілген іс-шаралар толығымен орындалды. Барлық үйірмелер мәжілісінде хаттамалар толтырылды. СҒҮ мүшесі жыл сайын академияның ғылыми конференциясында қатысады ОҚММА, халықаралық және республикалық ғылыми конференцияда студенттер жоғары оқу орын арасында белсенді қатысты.

V халықаралық студентердің ғылыми конфернциясында және білімді жастар «Жастар және медицина » 2-3 сәуір 2010жылы ОҚММА, 9 жұмыс жіберілді.

Студенттер СҒҮ жоспарға сәйкес ҚР-ның конференцияларына жүйелі қатысты.

Білімді жастар және студенттер халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысты. Тақырыбы: «Жастар XXI ғ медицина ғылымы» 30-31 мамыр ОҚММА және 52-ші білімді жастар ғылыми тәжірибелік конференция Астана қаласы.

СҒҮ қорытынды жұмысына оң баға берілді.

III. Материалды  - техникалық базасы ғылыми зерттеу жұмысына арналған.

Кафедра қызметкерлерімен бірігіп интерн дәрігерлердің ғылыми зерттеу жұмысы өткізіліп тұрады. ОКА-ның хирургиялық бөлімшелерінде (Х/Б №1, Х/Б №2, кеуде хирургиясы, қан тамыр, коолпроктология) сондай-ақ клиникалық зертханалар (клиника лабароторлы диагностика бөлімі, рентген бөлімі, УДЗ кабинеті)

IV. Орындалған ғылыми зерттеу жұмысы.

Жыл бойы интерндер орындаған ғылыми зерттеу жұмысы кафедраның тақырыбына сәйкес белсенді орынға ие. Кафедра қызметкерлерімен бірігіп, ізденуші жұмыс істеді.  Мұрағаттан сараптау нәтижелерін материалдар тақырыпқа сәйкес:

1.     ОКА материалы бойынша бауырэхинококк асқынуы

2.     жұмысақ ткандардың іріңді ауруларының оптимиизациялық емі.

3.     неспецификалық жаралы колиттің жиі ағымды асқынуы

4.     «Аяқ диабеті». өзекті мәселе

Жыл есебінде студенттер белсенді қатысып бірігіп істелінген ғылыми жұмысқа оң баға берілді.

V. Ғылыми –тәжірибелік конференция, конкурстар.

Кафедра қызметкерлер жыл есебінде колопроктологтардың 1-ші съезінде қатысты ТМД қазан 2009ж Ташкент қаласы және де Вахидов оқулығы – 2009 ж (емдеу – диагностикалық стандарт кеуде және құрсақ қуысы ағзалараның жоспарлы хирургиясы) Гүлістан қ, 2009ж 16 қазан.

Аллерголог және иммунологтардың халықаралық конгрессі Дубай қ, ОАЕ, 26-29 сәуір 2010ж.

Колопроктологтардың Республикалық конференциясы  Ақтөбе қ, мамыр 2010ж.

Студенттер СҒҮ жоспарына сәйкес ҚР-ның келесі конференциясына қатысты.

52-ші ғылыми қорытынды – білімді жастар және студенттердің тәжірибелі конференциясы АҚ «Астана медициналық университеті» 24-25 мамыр 2010ж.

Ғылыми – студеннтердің фармацевтикалық академиялық конфернциясы мамыр 2010ж.

V. Тәрбие жұмысы

1. Хирургиялық аурулар пәнін өткен барлық топтағы интерндар арасында тәрбие жұмысы жыл бойында өткізілді. Кафедрада студенттер арасында медициналық «этика және деонтология», «АИҚТ», «Қант диабеті» т.б. сұқбаттар өткізілді.

2. Студеннттер жатақханасында кафедра қызметкерлері деканаттың кестесіне сәйкес кезекшілік өткізілді.

3. Жыл басында кафедра мәжілісінде 56 бөлімнен тұратын тәрбие жоспары қабылданды.

4. Кураторлық топтарға күнделікті зиянды әдеттерге темекі шегу, наркомания, АИҚТ, салауатты өмір салтына, деонтология туралы, «Конституция туралы», «Жеңіс күні», «Наурыз» т.б. сұқбат өткізілді. Кураторлық топтар арасында заң бұзушылық болған жоқ.   Кураторлық топтар мемлекеттік емтиханды жақсы тапсырды. Кураторлық жұмыс журналға белгіленеді. Әкімшілік тарапынан кураторлық жұмысқа ескертулер болған жоқ.

1.   Тәрбие жұмыс жоспары өңделіп, бекіту.

2.   Жатақханада кезекші кестесі және куратор тізімі бекітілген.

3.   Циклдық сабаққа келген студенттерді оқу және тәрбие жұмысымен таныстыру

4.   Мейрамды күндерге студенттерді дайындау.

5.   Медициналық этика және деонтология . Студенттермен сұқбат жүргізу

6.   «Білім күнін» өткізу

7.   21 ғасыр індеті. АИҚТ. Наркомания және алькоголизм, темекіге қарсы күрес. Студенттермен сұқбат жүргізу.

8.   1986ж 16 желтоқсанды еске алу. Репрессиялық қуғын сүргіндермен әңгімелесу.

9.   «Казахстан-2030» білім реформасы. Сұқбат- диалог

10. Республикалық рәміздерге диалог

11. Халықаралық әйелдер күнін атап өту.

12. 2011ж Наурыз мейрамын қарсы алу.

13. Соғыс және еңбек ардагерлеріне кездесу күнін ұйымдастиыру.

14. 9 – мамыр Жеңіс күнін атап өту.

15. Жазғы емтихан сессиясына студенттерді қатаң бақылау.

16. Тәрбие жұмысының жылдық қорытындысы

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар