Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы

 

 

 Кафедра тарихы

Тіл пәндері кафедрасы 1979 жылы Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының филиалы ашылғаннан бастап құрылды.

Кафедрада 4 пән бойынша дәрістер жүргізіліп, онда алты қызметкер жұмыс істеді. Кафедра меңгерушісі қызметін ф.ғ.к., доцент Т.Б.Байжанов атқарды.

Құрамында латын тілі бар тіл пәндері құрылымы 30.05.1980ж. №95 бұйрыққа сәйкес құрылған.

Қазақ тілі курсы 1987 жылдың қыркүйегінен жұмыс істей бастады.

25.09.2000ж. №294 бұйрық бойынша тіл пәндері кафедрасының меңгерушісі болып ф.ғ.к. М.Д.Мұсабаева тағайындалды.  Кафедра қайта құру негізінде 20.09.2004 ж. №347 бұйрықпен қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы құрылды.

2006-2012ж.ж. аралығында кафедра меңгерушісі болып Е.Қ.Сәлім басқарып келді. Кафедра оқу, тәрбие жұмыстарын, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау мен олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін академияның негізгі оқу-әдістемелік, тәрбиелік және ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасының оқытушылары мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтату жолында еңбек етіп келеді. Жыл сайын кафедра академия, қала аумағында мемлекеттік тілді дамыту бағытында алуан түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Кафедраның ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өзге ұлт өкілдері арасында өткізілетін «Мемлекеттік тілдің үздігі» интеллектуалдық олимпиадасы жылма-жыл үлкен нәтижелер көрсетіп отыр. Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасының оқытушылары ОҚО Тіл басқармасы ұйымдастырған «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауында да жүлделі орындарды иеленіп келеді. Оқытушылардың жетекшілігімен академия студенттері облыстық «Тілге құрмет – елге құрмет, «Полиглот» конкурстарында бірнеше жыл қатарынан бас жүлде, І орындарды иеленіп келеді.

Кафедра тікелей ректорға (проректорға) және факультет деканына бағынады.

Кафедра құрамына: академия штаты бойынша қазақ тілі пәнінен - 4 оқытушы, латын тілі пәнінен – 4 оқытушы; ТжКББ факультетінде қазақ тілі пәнінен - 2 оқытушы, латын тілі пәнінен – 2 оқытушы, 3 лаборант, 1 кабинет меңгерушісі кіреді.

Кафедра оқытушылары қазақ тілі, қазақ әдебиеті, кәсіби қазақ тілі, латын тілі пәндерін өтеді.

 

 

Джумадиллаева Гүлжамал Нұртазақызы - кафедра меңгерушісі

alt

Жұмаділлаева Гүлжамал НұртазақызыФилология ғылымдарының кандидаты. ОҚМФА-ның қазақ тілі және латын тілі тілі кафедрасының2012 жылдың желтоқсан айынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.

Қазақ ономастикасының даму бағыттарына, қазақ тілі білімінің лексикалық, морфологиялық ерекшелігіне және қазақ тіліндегі медицина ғылымында қолданылып жүрген терминдердің хал-ахуалына, ерешелігі мен түйіні шешілмеген мәселелеріне қатысты 30-дан аса ғылыми еңбектері отандық, шетел басылымдарында жарық көрді.

 

Оқу-әдістемелік  жұмыс

Кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмыс дұрыс жолға қойылған. Мамандықтардың барлығы пәндердің оқу-әдістемелік кешенімен қамтамасыз етілген. Қазақ тілі пәні кафедрасында әзірленген оқулықтар мен оқу құралдары:

1) Сәлім Е.Қ. «Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы». Шымкент, 2004 ж. (медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің орыс топтарына және өз бетімен қазақ тілін үйренем деушілерге арналған. Мұнда танымдық мәтіндер мен грамматикалық тақырыптар, тест тапсырмалары мен бақылау сұрақтары және сөздіктер енгізілген.)

2) Мұсабаева М.Д., Дүйсембаева М.Е., Сәлім Е.Қ. «Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы». Шымкент, 2004 ж. (медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің орыс топтарына және өз бетімен қазақ тілін үйренем деушілерге арналған. Мұнда тереңдетілген медициналық  мәтіндер мен грамматикалық тақырыптар, тест тапсырмалары мен бақылау сұрақтары және сөздіктер енгізілген.)

3) Мұсабаева М.Д., Жанысбаева Р.М., Сәлім Е.Қ. «Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы». Шымкент, 2005 ж. (медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің орыс топтарына және өз бетімен қазақ тілін үйренем деушілерге арналған. Мұнда тереңдетілген медициналық  мәтіндер мен грамматикалық тақырыптар, тест тапсырмалары мен бақылау сұрақтары, жаттығулар және сөздіктер енгізілген.)

4) Мұхатова Г.С. «Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы». Шымкент, 2005 ж. (медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің емдеу ісі мамандығы бойынша орыс және қазақ  топтарына арналған)

5) Жакипова А.С. «Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы». Шымкент, 2005 ж. (медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің стоматология мамандығы бойынша орыс және қазақ  топтарына арналған)

6) Сәлім Е.Қ. «Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы». Шымкент, 2007 ж. (медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің барлық мамандықтар бойынша орыс және қазақ  топтарына арналған)

7) Қоңырбаева Ғ.Д. «Жоғары кәсіби қазақ тілі». Шымкент, 2008 ж. (фармация мамандығы бойынша негізгі оқу құралы)

8) Тастанбекова Г.Т. Практикалық қазақ тілінен жаттығулар жинағы. Шымкент, 2008 ж. (медицина тақырыбына бағытталған жаттығулар жинағы)

9) Сәлім Е.Қ. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу». Шымкент, 2009 ж. (резидентураға арналған негізгі оқу құралы)

10) Құдайбергенова Ж.П., Жолдыбаева Г.Б. «Латын тілінен жаттығулар жинағы», Шымкент, 2012 ж. (оқу құралы)

11) Ахбанбетова Ү.Ш., Абдуллабекова А.Т. «Қазақ әдебиеті», Шымкент, 2012 ж. (оқу құралы)

Соның ішінде І курс студенттері үшін жаңа типтік бағдарлама 2012 жылы бойынша әзірленген оқу құралдары әзірленді.

12) Сәлім Е.Қ. Оразымбетова Ғ.Д. Тастанбекова Г.Т. «Жоғары кәсіби қазақ тілі» Қарағанды, 2013 ж.  (оқу құралы)

13) Оразымбетова Ғ.Д. Сәлім Е.Қ. «Қазақ тілі» Қарағанды, 2013 ж.  (оқу құралы)

Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасының оқу үдерісі толық дәрежеде оқу әдебиеттерімен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген.

2012-2013 оқу жылына баспадан шығарылатын

оқу-әдістемелік құралдар

1. Қасымбекова А.Н. «Латын тілінен студенттердің өз бетінше дайындалуына арналған оқу құралы». 2013ж.

2. Құдайбергенова Ж.П. «Латын тілі» 2013ж.

 

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы.

Кафедрада СҒЗЖ-ның орындалуы үйірме жұмысына жүктелген, сонымен бірге кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми жұмысына жетекшілік жасап,нәтижелерді студенттердің ғылыми конференцияларында жария еткізеді. 10.04.13 ж. Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университет ұйымдастырған Жас ғалымдар мен студенттердің «Білім берудің инновациялық моделі: адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» атты конференцияға 5 оқытушы 6 студентті қатыстырды. Пленарлық мәжілісте кафедра меңгерушісі Г.Н.Джумадиллаеваның жетекшілігімен  2 (Жүніс А және Иса А.) студент баяндамаларын оқып, алғыс хаттарға иеленді.

2013 жылы 17-19 сәуір күндері аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университетінің ұйымдастыруымен студенттер мен жас ғалымдардың  «Ғылым әлемі» атты халықаралық конференциясыЕ.Қ. Сәлімнің жетекшілігімен «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 214 тобының  студенті  М. Султанова«Нейролингвистическое программирование (НЛП) в медицине» тақырыбында ғылыми жұмысымен оқу орнының намысын абыроймен қорғаған дарынды студент ІІ орын алып, грамотамен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Е.Қ.Сәлім грамотамен марапатталды.

29.04.13 ж. «Мемлекеттік тілдің үздігі» тақырыбында өзге ұлт өкілдері арасында интеллектуалдық олимпиада аймақтық деңгейде 5 оқу орны студенттерінің қатысуымен өткізілді. Академияның атынан құралған команда ІІ орын иеленді.

2013 ж. мамыр айында Ульяновск қаласында (Ресей) латын тілі пәні бойынша өткізілген  халықаралық интернет-олимпиадаға аға оқытушы А.Н.Қасымбекова 3 студентті (Рахатова Д, Досанова А, Октамова Д) дайындап, қатыстырды.  Нәтижесінде Рахатова Д. студенті «Фармация» мамандығы бойынша 1-ші орынды иеленді, Досанова А. және Октамова Д. студенттері «Клиникалық терминология» номинациясы бойынша 1-ші орынды иеленді. Барлық 3 студент және аға оқытушы А.Н. Қасымбекова алғыс хаттармен марапатталды.

 alt

alt

alt

 alt  alt

 alt   alt

 

Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасының ғылыми -зерттеу жұмысы

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының басты бағыты «Мемлекеттік тіл: қазіргі жағдайы, тілдік емес жоғары оқу орындарындағы оқытудың инновациялары, мәдениетаралық қарым-қатынастағы оның ролі»  тақырыбы болып табылады. Негізгі ғылыми зерттеулер осы тақырыптың аясында жүргізілуде. Олар:  қазақ тілін оқытудағы жаңаша жаңғырту әдістемесі, аударма, мемлекеттік тілдегі терминологияның қалыптасу мәселелері, лингвоелтану мен лексикография т.б. Сонымен бірге тілдер кафедралары (қазақ тілі мен латын тілі, шет тілдері, орыс тілі) «Профессиональды көптілділік: денсаулық сақтауда коммуникативті профессиональды ортасын құру» тақырыбы бойынша бірлесіп, зерттеулерді жүргізуде; зерттеу нәтижелері ғылыми басылымдарда, конференцияларда баяндалып тұрады, атқарылған жұмыс жөніндегі есептер ғылым бөліміне, өткізіліп тұрады.

Оңтүстік Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасы 25.02.2013ж ұйымдастырған «Тіл мамандарын даярлауда кездесетін өзекті мәселелер» атты облыстық семинарда кафедра меңгерушісі Г.Н.Джумадиллаева «Жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбымен баяндамасын оқып, алғыс хатқа иеленді.

Кафедрада мемлекеттік тіл мәртебесінің жоғарлауына бағытталған шаралардың өткізілуі жалғастыруда.  29.04.13 ж. «Мемлекеттік тілдің үздігі» тақырыбында өзге ұлт өкілдері арасында 5 оқу орнының қатысуымен аймақтық деңгейде интеллектуалдық олимпиада ұйымдастырылып, өткізілді.

Кафедра меңгерушісі Г.Н.Джумадиллаева 18-19.02.13ж. аралығында Штуттгарт (Германия) қаласында өткізілген «Европейские прикладные исследования: современные подходы в научных исследованиях» атты 2-ші халықаралық ғылыми конференциясында « Интеграция культур – инт еграция языков» тақырыбымен мақаласын жария етті.

17-19.04.13 ж. аралығында әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Жас ғалымдар мен студенттерге арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына аға оқытушы Е.Қ.Сәлім қатысып, «Лингвоелтанымдық сөздік -  мәдениетаралық қарым-қатынастың негізі», «Нейролингвистикалық бағдарламалауды қарым-қатынастың құралы ретінде зерттеу» тақырыптарымен баяндама жасап, мақала жариялады.

17.06.13 ж. қазақ тілі мен латын тілі кафедрасының ұйымдастыруымен халықаралық «Жаһандану кезеңіндегі мемлекеттік тіл» атты ғылыми- тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға Түркия, Мысыр, Өзбекстан мемлекеттерінің ғалымдары шақырылды, Ресей зерттеушілері тезистерін жария етті. Кафедра тарапынан үлкен жұмыс жасалды, пленаралық мәжілісте 3 оқытушы баяндамасын оқыды және 10 оқытушы тезистерін жариялады.

Кафедраның аға оқытушылары А.Н.Қасымбекова мен Ғ.Д.Оразымбетова 20.06.2013-21.06.2013ж. аралығында Қарағанды қаласындағы ҚарМТУ-де өткізілген «Наука и образование – ведущие факторы Стратегии «Казахстан - 2050» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, өз баяндамаларын «Актуальные проблемы высшего профессионального образования» секциясында оқыды. 

alt

alt

alt

 

 Ғылыми қоғамдардың жұмысына қатысу

Кафедра оқытушылары қазақ тілі қоғамының мәжілістеріне, Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастыратын іс-шараларға қатысып тұрады.

Кафедраның аға оқытушысы Е.Қ.Сәлім академияның «Мемлекеттік тілде терминдерді қолдану» комиссиясының төрағасы болып табылады. Кафедра оқытушылары академияның барлық бөлімдері жіберген әдістемелік өңдеулерді, құралдарды, мақалаларды, түйіндерді т.б. құжаттарды мемлекеттік тілге аударуымен айналысады.

06.06.13 ж. академияның ұйымдастырылумен өткізілген Томсон Ройтерс ғылыми семинарға кафедраның 5 оқытушысы қатысып, сертификатқа иеленді.

 

Кафедра қызметкерлері

alt

Джумадиллаева Гүлжамал Нұртазақызы– филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі және латын тілі тілі кафедрасының меңгерушісі;

Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы – Кәсіподақ ұйымының төрағасы, «Терминдердің мемлекеттік тілде  қолданылуын қарастыру» комиссиясының төрағасы, ӘК жанындағы «Оқу үдерісінің мемлекеттік тілде дұрыс жүргізілуін бақылау» секциясының төрағасы, Жоғары оқу орны ішілік бақылау комиссиясының мүшесі, институционалды  өзін-өзі бағалау комиссиясының мүшесі, жоғары оқу орны ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған комиссияның мүшесі.

Қасымбекова Алмаш Нысанбекқызы– латын тілі пәнінің аға оқытушысы; Кафедраның ғылыми жұмыс жетекшісі, СММ жауаптысы;

Оразымбетова Ғалия Дайырбекқызы– қазақ тілі пәнінің аға оқытушысы; кафедралық оқу ісінің меңгерушісі; Әдістемелік Кеңес хатшысы;

Құдайбергенова Жадыра Пернебекқызы – латын тілі пәнінің аға оқытушысы; оқу ісі меңгерушісінің латын тілі секциясы бойынша көмекшісі;

Абдуллабекова Айнаш Темірбекқызы – қазақ тілі пәнінің аға оқытушысы; кафедраның әдістемелік семинар жетекшісі;

Сарымсақова Жанар Сапарбекқызы– қазақ тілі пәнінің оқытушысы, оқу ісі меңгерушісінің  ТжКББФ бойынша көмекшісі;

Жолдыбаева Гүлнұр Бердібайқызы– латын тілі пәнінің оқытушысы;

Жакипова Азиза Сейтжаппарқызы - қазақ тілі пәнінің оқытушысы, тәрбие жұмысына жауапты;

Кемелхан Динара Жұбайханқызы - қазақ тілі пәнінің оқытушысы; Факультет Кеңесінің хатшысы;

Шукурбекова Алима Мұратбекқызы – латын тілі пәнінің оқытушысы;

Құдайбергенова Ұлжан Пернебекқызы – латын тілі пәнінің оқытушысы;

Дүйсенбі Зулфия Базарәліқызы –ағалаборант

Оралбаева Гүлжамила Қонысбекқызы - лаборант

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар