Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы 1981 жылы Алматы мемлекеттік медицина институты Шымкент филиалы ректорының 07.07.1981 ж № 165-к бұйрығымен құрылды. 

Кафедраны 1981-1989 ж.ж. АММИ филиалының директоры,  фарм.ғ.к., доцент Е.Т. Тегісбаев басқарды.

1989-2012жж. кафедраны ҚР Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, фарм.ғ.д., профессор Т.Ә. Арыстанова басқарды.

2012ж. бастап кафедраны фарм.ғ.д., профессор С.Қ. Ордабаева басқарады. Т.А.

Кафедраның құрылуы мен дамуына Б.Х. Рахимова, Н.В. Меркушева, Б.Т. Мендибаев, Р.Д. Кадырова, Р.М. Мырзабаева, Е.В. Задорожная,  Т.А. Арыстанова, А.Б.Шукирбекова және бүгінгі таңға дейін қызмет жасап жүрген А.О.Сопбекова, С.К. Ордабаева,  Г.А. Маралбаевалар орасан үлкен үлестерін қосты.

Е.Т. Тегісбаев филиалдың құрылуына, соның ішінде фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының материалды-техникалық базасын құруға, кадрлық әлеуетпен қамтамасыз етуге үлкен үлесін қосты. Тек қана фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасына мақсатты аспирантура арқылы СССР-дің алдыңғы ЖОО және ғылыми-зерттеу институттарында 9 фармацевтикалық ғылым кандидаттарын дайындатып берді.

Кафедраның дамуына И.М. Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің фармацевтика  факультеті деканы, РМҒА академигі А.П. Арзамасцев басшылығымен ұйымдастырылған осы оқу орны    профессорларының  көшпелі дәрістері, семинарлары, кеңестері өзінің үлкен үлесін қосты. А.П.Арзамасцевтің жетекшілігімен кафедра үшін 3 фармацевтика ғылымдарының кандидаты дайындалды.

Кафедраның құрылуы мен дамуына ҚР Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, фарм.ғ.д., профессор Т.Ә. Арыстанова үлкен үлес қосты.

Т.Ә. Арыстанованың жетекшілігімен фармацевтикалық білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттары жасалды: 0902 - Әлеуметтік саладағы менеджмент (фармация) (1998ж), 0409 – фармацевтикалық өндіріс технологиясы (1998ж); фармация мамандығы бойынша көп деңгейлі құрылысты білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты (ҚРМЖБ 2.06-182-2003), қосымша фармацевтикалық білім беру стандарты (2004ж), «Бакалавриат» (ҚРМЖБ 3.08.390-2006), «Магистратура» (ҚРМЖБ, 2008ж).

Кафедраның ғылыми зерттеу бағыты Отандық  дәрілік өсімдік шикізаты негізінде дәрілік препараттарды  іздестіру, жасау және қолданысқа ендіру болып табылады.

Ғылыми зерттеу жұмыстары алдыңғы қатарлы ғылыми ұйымдармен бірігіп жұмыс жасауына негізделген: ҚР БҒМ А. Бектуров атындағы химиялық білім институты, кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, туберкулез проблемалары Ұлттық орталығы, Орталық биобақылау лабораториясы, дәрілік заттарды сертификаттайтын және клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізетін «Химфарм» АҚ дәрілік зат шығаратын зауыты және ҚР ҒБМ  БЗО.

Т.Ә. Арыстанова жетекшілігімен жоғарыда аталған мекемелермен бірігіп жұмыс жасау негізінде «Химфарм» АҚ базасында  Отандық дәрілік өсімдік шикізатынан 5 дәрілік препараттар шығарылды: Биосластилин, субстанция (регистрациялық куәлігі РК-ЛС-3-№-004554, 22.11.00); Глидеринин натрий, субстанциясы (регистрациялық куәлігі РК-ЛС-3-№-004555, 22.11.00); «Рувимин» таблеткасы және капсуласы (регистрациялық куәлігі РК-ЛС-3-№-004956, 19.06.01); «Гликардин» таблеткасы (регистрациялық куәлігі РК-ЛС-3-№-006031 , 17.04.02); «Глинатин» жағар майы (регистрациялық куәлігі РК-ЛС-3-№-004523 , 22.11.00).

 

2003-2009 жылдары  кафедра оқытушылары көмегімен 1 халықаралық, 3 республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалар орындалған:

1. ҚР ДСМ гранты бойынша - «Создание и внедрение лекарственных препаратов на основе компонентов корня солодки»,  мем. тіркеу. № О.032. Дайындау мерзімі: 2003 – 2007 жж.

2. Халықаралық фонд гранты бойынша - «Разработка и создание новых фитопрепаратов на основе тритерпеноидов корня солодки», № мем. тіркеу 0107РК00543, келісім-шартқа сәйкес № 328, 17 қазан 2007ж. Дайындау мерзімі: 2007 – 2009 жж.

3.  ҚР БҒМ Ғылым Комитеті гранты бойынша – «Биологические основы создания наукоемких технологий для здравоохранения, сельского хозяйства и охраны окружающей среды», жобалар: «Фармакологические и физиологические исследования новых отечественных противотуберкулезных, противоопухолевых препаратов для диагностики, профилактики и лечения заболеваний человека и животных», № мем. тіркеу 0106 ҚР 00369, шифр Ф. 0357(4.1.4). Дайындау мерзімі: 2007-2009ж.

4.  ҚР индустрия және сату министрлігі гранты бойынша - «Получение и внедрение биологически активных веществ для применения в медицине и сельском хозяйстве», жоба: «Разработка методов и технологии получения новых отечественных лекарственных средств и регуляторов роста растений для нужд практической медицины и сельского хозяйства», № мем. тіркеу 0107РК0545, келісім-шартқа сәйкес №150/1, 26 шілде 2007ж. Орындалу мерзімі: 2007-2009жж.

2002-2012 жылдары Т.Ә. Арыстанованың жетекшілігімен 2 докторлық және 9 кандидаттық диссертациялар қорғалды.  Дәрілік препараттарға 24 ҚР алдын-ала патенттері алынды.

Фармацевтикалық кадрларды дайындаудағы, фармацевтикалық білім мен тәжірибені дамытудағы «Разработка и создание новых оригинальных отечественных лекарственных средств из синтетического и растительного сырья Казахстана» еңбегі үшін Т.А. Арыстановаға ғылым, техника, оқу-ағарту саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді  (2003 ж.).

Бүгінгі күні кафедрада 23 оқытушы, 1 доктор, 8  фармацевтика ғылымдарының  кандидаттары, 3 - фармация магистрлері жұмыс жасауда.

Кафедра оқытушылары отандық өсімдік шикізаты негізінде алынатын жоғары тиімді, қолжетімді және қауіпсіз дәрілік препараттарды жасау және стандарттау саласында бағытты жұмыс жасауда.

«Әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін отандық өсімдік шикізаты негізінде жоғары эффективті, қолжетімді және қауіпсіз дәрілік препараттарды жасау» бастамалы ғылыми-техникалық жобасы аяқталды. Орындалу уақыты: 06. 2012 -12.2014 жж.

Қазіргі кезде «Отандық өсімдік шикізаты негізінде простатопротекторлы әсері бар оригиналды, тиімді және қауіпсіз дәрілік препараттарды жасау» халықаралық деңгейде бастамалы ғылыми-техникалық жобасы атқарылуда. Ғылыми зерттеулер «PHYTO-APIPHARM» ЖШС (Шымкент қ.) және Ұлттық Фармацевтикалық Университеттерімен(Харьков қ.) серіктестікте жүргізілуде.  Орындалу уақыты: 2015 2017 жж.  Кафедраның негізгі ғылыми бағыттарының бірі және магистрлік диссертация шеңберінде орындалып жатқан токсикологиялық маңызы бар дәрілік заттардың химия-токсикологиялық талдауы болып табылады.

Қазіргі уақытта С.Қ. Ордабаеваның жетекшілігімен кафедрада 4 магистр дайындалып, 1 кандидаттық, 4 магистрлік диссертация дайындалуда.

Кафедра оқытушыларымен бірге 600-ден астам ғылыми мақалалар, оның ішінде халықаралық басылымдар, ғылыми форумдар материалдарында – 150-ге жуық (АҚШ, Ресей, Австрия, Италия, Финляндия, Таиланд, Чехия, Болгария, Украина  және т.б.),  республикалық – 400-ден астам, 4 монография, 9 шолу жарық көрген.

Кафедрада 3,4,5 курс фармацевтика факультетінің студенттері «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша және техникалық кәсіби білімді мамандар даярлау факультетінің (ТКБМДФ) 2,3 курс студенттері мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде білім алады. 

Білім беру бағдарламасына сәйкес «Фармация» мамандығы бойынша студенттер келесі пәндерді өтеді: «Дәрілік заттарды зерттеудің және талдаудың жалпы әдістері», «Фармацевтикалық химия», «Токсикологиялық химия», «Дәрілік заттарды стандарттау және метрология», «Биоаналитикалық химия және токсикология», «Фармациядағы физика-химиялық талдау әдістері», «Медициналық химия».

«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша студенттер келесі пәндерді өтеді:  «Жалпы химиялық технология», «Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы», «Фармацевтикалық талдаудың әдістері мен құрылғылары».

Магистратура деңгейінде «Фармация» мамандығы бойынша  келесі пәндер өтеді: «Фармациядағы заманауи физика-химиялық зерттеу әдістері», «Дәрілік заттардың құрылымдық талдауы», «Ғылыми зерттеулер методологиясы», «Отандық және шетелдік дәрілік препараттарды стандарттаудағы  заманауи көзқарас», «Жаңа дәрілік заттарды жасауда GLP ережелері».

2-3 курс студенттері «Фармация» мамандығы бойынша  техникалық кәсіби білімді мамандар даярлау факультетінде (ТКБМДФ) «Фармацевтикалық химия» пәнін оқиды.

 

Кафедра қызметкерлерінің қатысуымен инновациялық оқыту технологиясы жасалынып,  оқу үрдісіне енгізілген, мамандарды даярлаудың барлық кезеңдерінде белсенді қолданысқа ие:

·  Студенттердің іс-тәжірибелік дағдыларын бағалау үшін объективті құрылымды тәжірибелік емтихан (ОҚТЕ): 3 курс (5 кезең) – дәрілік заттарды талдаудың жалпы әдістері; 4 курс (5 кезең) – фармацевтикалық химия және токсикологиялық химия; 5 курс (9 кезең) - фармацевтикалық химия.

·  «Нақты ситуациялық талдау» (НТС) әдісі кейс-әдісі элементтерімен (РBL фармацевтикалық және токсикологиялық химия пәні бойынша аралық бақылауға арналған).

·  «Дискуссия» белсенді әдісі – фармацевтикалық және токсикологиялық химия пәні бойынша аралық бақылауға арналған.

·  «Шағын топтармен жұмыс» - фармацевтикалық және токсикологиялық химия пәні бойынша лабораториялық жұмысты жүргізуге арналған.

 

Интерактивті оқыту әдістерінің нәтижелері үлгі болып табылады және академияның оқу-әдістемелік орталығы тарапынан кең тәжірибе алмасу мақсатында «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия пәндері бойынша лабораториялық сабақтарда TBL (Team-based learning) әдісін қолдану» ұсынылады.

Кафедрада жыл сайын фармацевтикалық және токсикологиялық химия пәндерінен 3 кезеңде пәндік олимпиада өткізіледі: тестілеу; блиц-сұрақтар; ситуациялық есептерді шешу.

Мамандарды кәсіби деңгейде дайындауда оқу үдерісінің ең маңызды және құрамды бөлігі өндірістік тәжірибе болып табылады. Фармацевтика факультетінің 4 курс студенттері фармацевтикалық және токсикологиялық химия пәндерінен «Дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау және сертификаттау» өндірістік және «Аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптама» оқу-өндірістік тәжірибесін өтеді.

«Дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау» өндірістік тәжірибесінің өту базалары: Алматы, Астана қалаларының дәрілік заттар сараптамасы Ұлттық орталығының сынақ орталықтары, дәрілік заттар сараптамасы Ұлттық орталығының Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан аймақтық сынақ орталықтары; «Фитохимия» ХҒЗХ сынақ зертханасы (Қарағанды қ.); «Химфарм» АҚ СББ және  ҒЗО сынақ орталығы (Шымкент қ.).

«Аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптама» оқу-өндірістік тәжірибесінің өту базалары Астана қаласындағы «Сот медицина орталығы» РМҚК, «Сот медицина орталығы» РМҚК Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан филиалдары, Алматы Мемлекеттік дәрігерлер біліктілігін жетілдіру институтының токсикологиялық бөлімі (Алматы қ.), Т. Орынбаев атындағы Облыстық гипербарикалық оксигенация орталығының токсикологиялық бөлімі (Шымкент қ.), Облыстық клиникалық аурухананың клиника-биохимиялық зертханасы (Карағанды).

Шетелдік студенттер үшін ОҚМФА Ғылыми кеңесінде (2014-2015 ж.) бекітілген «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау» өндірістік тәжірибесінің жұмыс бағдарламасы И.М. Сеченов атындағы I МММУ бірлесіп дайындалды.

 

Меморандум негізінде серіктес ЖОО арасындағы академиялық ұтқырлық бойынша жыл сайын кафедрада оқытудың және өндірістік тәжірибені өткізу үшін жұмыс бағдарламалары жасалынады. Өндірістік тәжірибені өту базалары:

1.  И.М. Сеченов атындағы бірінші Мәскеу мемлекеттік университетінің фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы, Фармацияның ғылыми-зерттеу институты (И.М. Сеченов атындағы I МММУ, Мәскеу);

2.  Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің аналитикалық химия курсымен фармацевтикалық химия кафедрасы (БММУ),  «Лекконтроль» дәрілік заттар сапасын бақылау бойынша сынақ зертханасы, (Уфа);

3.  Ветеринарлық және фармацевтикалық ғылымдар Университетінің дәрілік заттар химиясы кафедрасы (Брно, Чех Республикасы).

 

Академиялық ұтқырлық аясында жоғары оқу орындары арасында студенттермен алмасу іске асты. Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің (ҚММУ) 4 курс студенттері білім алды (2010-2011жж).

Кафедра Башқұрт мемлекеттік медицина университеті және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академияларының базаларында оқу  мақсатында VIII семестрде студенттермен алмасуды ұйымдастыруда белсене қатысады (2013-2014, 2014-2015 о.ж.).

Алғаш рет кафедра оқу-ғылыми зертхана базасында «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау» өндірістік тәжірибесін өту мақсатында И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті және Башқұрт Мемлекеттік медицина университетінің студенттерін қабылдады (2014 -2015 о.ж.).

Ғылыми серіктестікті дамыту мақсатында кафедра қызметкерлеріне және магистранттарына зерттеу жұмыстарын орындау үшін Гданьск медициналық университеті (Польша 2012ж, 2013ж), Бірінші Мәскеу Мемлекеттік медицина университетіне (Мәскеу 2014ж) ғылыми тағылымдама ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісіне шетел оқытушыларын шақыру бойынша «Академиялық  ұтқырлық» бағдарламасы аясында кафедра алғаш рет И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу Мемлекеттік медицина    университетінің  алдыңғы  қатарлы ғалымдары - фармацевтика ғылымдарының кандидаттары, доценттер В.М. Печенников пен А.М. Власовты; Украина Ұлттық фармацевтика университетінен – фармацевтика ғылымдарының кандидаты, фармацевтикалық химия кафедрасының доценты Н.Ю. Бевзты; Башқұрт Мемлекеттік медицина университетінен – фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, фармацевтикалық химияның аналитикалық және токсикологиялық курстары кафедрасының меңгерушісі Ф.А. Халиуллинды шақыруды ұйымдастырды. Жүргізілген дәрістер мен практикалық сабақтарда дәрілік заттар сапасын бақылау сұрақтары қарастырылды, сонымен бірге, әртүрлі ұлттық фармакопеялардың (АҚШ, Британ, Европа, Ресей, Қазақстан және т.б.) дәрі-дәрмектерге заманауи кезеңде фармацевтикалық талдау жүргізу мәселелері қаралды. 

2014ж. оқу үрдісіне ветеринарлық және фармацевтикалық ғылымдар университетінің профессоры Josef Jampilek (Брно қ., Чехия Республикасы) қатысуы ұйымдастырылды. Жүргізілген сабақтар жаңа дәрі-дәрмектер жасауды зерттеу, клиникаға дейінгі, клиникалық сынаулар, биожетімділік, полиморфизм, дәрілік заттардың химиялық құрылымын жақсарту және т.б. сұрақтарын қамтыды.

Дуальды білім беру фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында 5 курс студенттерімен «Дәрі-дәрмектерді стандарттау және метрология» пәні бойынша «Химфарм» АҚ - Santo Member of Рolpharma Group» өндірістік базасында теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында жүзеге асырылды.  

3-5 курс студенттерінен құрылған студенттік ғылыми үйірме ұйымдастырылған. Олар жыл сайын ғылыми-практикалық конференцияларға, форумдарға және жас ғалымдар мен студенттік жастар симпозиумына белсенді қатысады. 1989 жылдан бүгінгі күнге дейін 5 курс студенттері арасында 30 аса дипломдық жұмыстар қорғалған, 14 студент жыл сайын өтетін ОҚМФА жас ғалымдар мен студенттердің  ғылыми-практикалық конференцияларының жеңімпаздары болып табылады, 3 студент студенттік жұмыстар бойынша республикалық конкурста жеңімпаз атанды (2004 ж., 2005 ж.), 3 студент фармация бойынша Республикалық олимпиадада 1 орынды иеленді (Алматы, 2012 ж.), бүкіл ресейлік студенттік фармацевтика олимпиадасына қатысу құқығын иеленді (Қазан қ., 2013 ж.), 1 студент фарм. колледжде оқитын білім алушылар арасында фармация бойынша Республикалық олимпиада жеңімпазы атанды (Түркістан, 2013 ж.).

Кафедрада дәрі-дәрмектерді стандарттау лабораториясы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, онда студенттер, аспиранттар және ізденуші-оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға барлық мүмкіндіктер жасалған. Лаборатория сонымен бірге, 5 курс студенттерінің оқу үдерісінде дәрі-дәрмектер сапасын бақылау және стандарттау бойынша  лабораториялық сабақтарды жүргізуде қолданылады. Онда фармацевтикалық және токсикологиялық химия пәндерінен практикалық дағдыларды аттестациялауды ОҚТЕ түрінде өткізу үшін жұмыс орындары ұйымдастырылған.

Фармацевттердің біліктілігін жетілдіру мақсатында дәріханалық ұйымдарда, фармацевтикалық өндірістерде, сынақ орталықтарында,  дәрілік заттар сапасын бақылау және сертификаттау бойынша лабораторияларда жұмыс істейтін фармацевт-аналитиктер үшін (1999 ж. бастап) «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау» курсы; сот-медициналық сараптама орталығының химия-токсикологиялық бөлімінде жұмыс істейтін химик-токсикологтар үшін «Сот-химиялық сараптама» курстары ұйымдастырылған (2005 ж. бастап).

Фармацевтикалық кадрларды дайындаудағы, фармацевтикалық білім мен тәжірибені дамытудағы еңбектері үшін кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мемлекеттік марапаттауларға ие болған: Меңдыбаев Б.Т. – «КСРО денсаулық сақтау үздігі» төс белгісінің иегері (1981ж.),  «ҚР ДС саласының үздігі» белгісі: Арыстанова Т.А.(2003ж.), Шүкірбекова А.Б.(2003ж.), Махова Е.Г.(2004ж.), Ордабаева С.К.(2007ж.), Өнербай Б.А.(2007ж.), Сопбекова А.О. (2011ж.), ҚР ДСМ Құрмет грамотасымен -  Шүкірбекова А.Б., Махова Е.Г., Ордабаева С.К., Сопбекова А.О., Маралбаева Г.А. (2005ж., 2006ж., 2007.ж, 2011ж), ҚР ДСМ «ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері Т.А. Арыстанова (2007ж.), Асілбекова А.Д. (2009ж.), Ордабаева С.К. (2011ж.), «Фармацевт мамандығына адалдығы үшін» медалі - Ордабаева С.К. (2014ж.).

Ордабаева С.К. Еуропалық бизнес Ассамблеясының ашық халықаралық конкурсы аясында «Медициналық ғылымдар» категориясы бойынша «Жыл ғалымы» атағына ие болды (Оксфорд, Ұлыбритания, 2015ж.).

 

 

697 1

Кафедра меңгерушісі –

Ордабаева Сәуле Құтымқызы,

фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор

 

С.Қ. Ордабаева 1983 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын үздік бітіріп, ОҚММА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент болып қызмет атқарған, қазіргі кезде фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының профессоры.

1987-1990 жылдары  И.М. Сеченов атындағы I ММА (Мәскеу) мақсатты аспиранты болып қабылданып, аспирантура соңында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2007 жылы докторлық диссертациясын ҚР Білім және ғылым министрлігі қарамағындағы бақылау Комитеті бекітіп, 15.00.01 – дәрілер технологиясы мен фармация жұмысын ұйымдастыру және 15.00.02 – фармацевтикалық химия мен фармакогнозия  мамандықтары бойынша фармацевтика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі  берілді (2008ж).    

1996 ж. ҚР МАК С.Қ. Ордабаеваға доцент лауазымы, 2011 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі қарамағындағы бақылау Комитеті шешімімен фармация профессоры ғылыми дәрежесі берілді.

Кафедрада жұмыс істеу барысында фармацевтикалық ғылым мен педагогика саласында өзінің жоғары білікті маман екендігін көрсете білді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фармакопеясын жасауға қатысып, ҚР ДСМ, ҚР МИТ және ҚР Білім және Ғылым министрлігі жанындағы ғылыми Комитет  гранты бойынша 1 халықаралық және 3 республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалардың орындаушысы болып табылады.

ҚР Әділет министрлігі интеллектуалды өзіндік құқығы Комитетінде тіркелген 8 алдын ала патенттерінің авторы (№13761, № 14409, № 15674, № 19033, № 19536, № 20192, № 19534, № 19535).

300-ге жуық ғылыми және республикалық және халықаралық басылымдардағы оқу-әдістемелік еңбектері, 1 монография және ҚР медициналық ЖОО ОӘБ бекітілген 4 оқу құралы, 1 лабораториялық практикум баспаға шықты.

С.Қ. Ордабаева фармацевтикалық білім беру саласын әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруде өз үлесін қоса отырып, 040500 – «Фармация» мамандығы бойынша көп деңгейлі құрылысты білім берудің Мемлекеттік білім беру стандартын және 10 типтік оқу бағдарламаларын жасауға қатысты.

«Фармацевтикалық химия» пәні бойынша 040500 – «Фармация», 0902 – «Әлеуметтік саладағы менеджмент (фармация)», 0409 – «Химиялық өндіріс технологиясы» (2005 ж.) мамандықтарына арналған және «Өндірістік синтездің жалпы әдістері», «Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы» пәндерінен, қосымша фармацевтикалық білім беру стандартына (2006ж., 2010ж.) сәйкес  «Дәрілік заттар сапасын бақылау және сертификаттау» дипломнан кейінгі білім беру циклі бойынша типтік оқу бағдарламасын жасауға қатысты.

ҚРМЖБ 051103 – «Фармация» (бакалавриат) мамандығына сәйкес келесі пәндер бойынша типтік оқу бағдарламаларын жасауға қатысушылардың бірі: «Дәрілік заттарды жалпы талдау және зерттеу әдістері», «Фармацевтикалық химия», «Токсикологиялық химия» және «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау» өндірістік тәжірибесі.

С.Қ. Ордабаева сабақтарын жоғары әдістемелік деңгейде жүргізеді, оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолданады. Оның жетекшілігімен фармацевтикалық химия пәні бойынша оқу үдерісіне интерактивті оқыту әдістері мен студенттер білімін бақылау енгізілген: объективті құрылымды практикалық емтихан (ОҚПЕ); сабақты жүргізудің мәселелік-болжамды түрі – «НЖТ», «Шағын топпен жұмыс».

ЖОО ішілік сапасын бақылау комиссиясының шешімімен С.Қ. Ордабаеваның өткізген ашық сабағы оқытушыларға тәжірибе алмасу мақсатында үлгі ретінде ұсынылды.

С.Қ. Ордабаева болашақ мамандарды дайындау және тәрбиелеу жұмысында өзінің жауапкершілігімен және ұйымдастыру қабілетімен ерекшеленеді. Ұжым және студенттер арасында беделі жоғары, студенттік рейтинг нәтижесі бойынша бірнеше рет академияның «Үздік лекторы», «Жылдың үздік оқытушысы» атақтарына ие болған.

С.Қ. Ордабаева ЖОО халықаралық серіктестіктерінің бастаушысы және ұйымдастырушысы болып табылады. Кафедра Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің (МММУ), Башқұрт мемелекеттік медицина университетінің (БММУ), Украина Ұлттық фармацевтика университетінің (УҰФУ), ветеринарлық және фармацевтикалық ғылымдар универсиетінің (Брно қ., Чехия Республикасы)  фармацевтикалық химия кафедраларымен оқу-әдістемелік және ғылыми бағыттарда тығыз қарым-қатынаста. Халықаралық қызмет нәтижелері бойынша біргелесіп ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектер жасады (2013-2015жж.). 

Фармацевтикалық кадрларды дайындаудағы еңбегі үшін С.Қ. Ордабаева наградалар және мақтау қағаздарымен марапатталған: ҚР ДСМ мақтау грамотасы (2004ж.), ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2007ж.).

«ЖОО үздік оқытушысы» (2011 ж.) республикалық грант иегері, Еуропалық бизнес Ассамблеясының ашық халықаралық конкурсы аясында «Медициналық ғылымдар» категориясы бойынша «Жыл ғалымы» номинанты (Ұлыбритания, Оксфорд, 2015ж.).

Фармацевтикалық білім және ғылымды қолдау бойынша Республикалық Ассоциацияның фармацевтикалық саласын дамытуда адал еңбегі мен орасан зор үлесі үшін «Фармацевт мамандығына адалдығы үшін» медалімен марапатталды.

697 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар