Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы

 

1. КАФЕДРА ТАРИХЫ
Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы 1982 жылы құрылды. Кафедраның ең алғашқы құрылу сатысында медицина ғылымының докторы, профессор И.Ш.Забиров тұрды.
И.Ш.Забиров фармакология және фармакотерапия кафедрасының меңгерушісі болып 1982 жылдан 1994 жылға дейін қызмет атқарды. 1994 -2015 жж. аралығында кафедраның меңгерушісі м.ғ.д. профессор Н.Ж.Орманов болды. 2015 жылдан осы күнге дейін кафедраны медицина ғылымдарының докторы Керимбаева З.А. басқарады.

 

2. КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ӨМІРБАЯНЫ

k.zakira

Керімбаева Закира Әмірқызы Целиноград мемлекеттік медициналық институтын 1986 жылы бітірген.

2002 жылы Қарағанды Мемлекеттік медицина академиясы жанындағы  Диссертациялық Кеңесте «Фармакология және клиникалық фармакология» мамандығынан кандидаттық диссертациясын қорғады, 2005 жылы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау және аттестациялау комитетінің шешімімен «Медицина» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы тағайындалды. 

2010 жылы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ  жанындағы  Диссертациялық Кеңесте «Қоғамдық денсаулық  және денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Медико-социальные аспекты использования фармакоэпидемиологических и фармакоэкономических исследований для обоснования интегрированной модели первичной и вторичной профилактики артериальной гипертензии» тақырыбында докторлық диссертациясын  қорғады. 2011 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды. 

2011 жылы году Израиль мемлекеті Хайфа қаласындағы «Бней-Цион медициналық орталық» мемлекеттік көпсалалы клиникасында «Дәлелді медицина және клиникалық фармакология» атты тренингін өтті (Certificate of training қараша-желтоқсан 2011 ж.).

2015 жылдан бастап ОҚМФА «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасының меңгерушісі, «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша жоғарғы санатты дәрігер (сертификат № KZ69VBM00361673).  

Оқу бағдарламалары бойынша білім сапасын қамтамасыз ету Тәуелсіз Қазақстандық агенттіктің және «Мемлекеттік ғылыми сараптама Ұлттық орталығы» АҚ сарапшысы.

Жаратылыстану, техникалық және гуматитарлық ғылымдар бойынша жас ғалымдардың үздік ғылыми жұмысына республикалық байқаудың жеңімпазына ғылыми жетекшілігі үшін ҚР Бірінші Президенті Қорының атынан алғыс хатқа ие. 

Көптеген жылдар бойы магистранттардың  ғылыми жетекшісі және кеңесшісі. ҚР денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелеріне арналған 130 - дан астам ғылыми еңбектерінің, оның ішінде 1 монография, 1 оқулық және т.б., авторы. 

 



3. КАФЕДРАНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы кафедраның жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оқу-әдістемелік құжаттар мен жалпы істер номенклатурасы ҚР жоғарғы оқу орныдарының ОӘК бекіткен инструктивті хатқа сәйкес құрастырылған. Кафедраның негізгі оқу-әдістемелік құжаттары:

1. Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакологиябойынша пәндердің оқу-әдістемелік кешені. 

2. Жұмыстың барлық түрлері жөнінде кафедраның есептері.

3. Кафедра оқытушыларының жеке жоспарлары.

4. Кафедраның ішік бақылау жоспарлары мен есептері.

5. Кафедраның ашық сабақ өткізу жоспарлары. 

6. ПОҚ біліктілігін арттыру.

Оқу-әдістемелік кешенісоңғы ГОСО сәйкес құрастырылған, оның ішінде:

-Типтік оқу бағдарламасы

-компетенциялар

-жұмыс бағдарламасы

-силлабус

-дәріс кешені

-семинарларды өткізуге арналған әдістемелік ұсыныстар 

-өзіндік жұмысты өткізуге арналған әдістемелік ұсыныстар

-бақылау-өлшеу құралдары.

Білім алушылардың пәндерге қызығушылығын арттыру мақсатында кафедрада бірнеше сабақ өткізу түрлері қоглданылады:

1. Дәстүрлі (дәрістер, семинарлар). 

2. Инновациялық (TBL, PBL, case-study, оқу дискуссия, ми шабуылы т.б.)

Кафедрада келесі мамандықтар бойынша студенттер білім алады:

- «Мейірбике ісі» 2 курс;

- «Фармация»  3, 5 курс;

-«Қоғамдық денсаулық сақтау» 2 курс;

- 2011-2012 оқу жылынан «Медикалық- профилактикалық іс» 2 курс;

-2015 оқу жылынан «Фармацевтикалық өндірістің технологиясы», 4 курс.

 

Кафедрада мемлекеттік және орыс тілдерінде келесі типтік бағдарламалар құрастырылған:

1. 051103 – «Фармация» мамандығына арналған фармакологиядан типтік бағдарлама;

2. 051103 – «Фармация» мамандығына арналған фармакотерапиядан типтік бағдарлама.

2015-2016 оқу жылының бірінші жартыжылдығында келесі мамандықтар бойынша модульдік оқу бағдарламалар құрастырылған:

 

Бакалавриат:

5В110300- «Фармация» -«Жалпы тәжірибелі фармацевт» траекториясы бойынша - «Фармакология және фармакотерапия»модулі

5В110300- «Фармация» - «Клиникалық фармацевт» траекториясы бойынша - «Фармакология және фармакотерапия»модулі 

5В110300- «Фармация» - «Фармация менеджері»траекториясы бойынша - «Фармакология және фармакотерапия»модулі.

Кафедра меңгеушісі, м.ғ.д. З.А. Керімбаеваның жетекшілігімен 2015-2016 жж. фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология  кафедрсында мемлекеттік және орыс тілдеріндекелесі оқу-әдістемелік кешендер дайындалып еңгізілді:

 

Бакалавриат деңгейінде:

«Фармацевтикалық өндірістің технологиясы» мамандығына арналған «Фармакология негіздері» 

«Медикалық- профилактикалық іс»мамандығына арналған «Фармакология негіздері» және «Фармация» мамандығына арналған ағылшын тілінде «Фармацевтикалық демеу».

Мемлекеттік және орыс тіліндегі жұмыс бағдарламалар жоғары оқу орындарының мемлекеттік стандартына сәйкес құрастырылған және кафедра мәжідістерінде, ОҚМФА ОӘК бекітілген. Жұмыс бағдарламаның құрылымы 2004 жылғы №2 инструктивті хатқа сәйкес қайта қарастырылған. Жұмыс бағдарламаның мазмұны типтік бағдарламаның мазмұнына сәйкес. 

2015-2016 о.ж. күзгі семестірінде әртүрлі деңгейде пәндер бойынша тестік тапсырмалар құрастырылып толықтырылды. 

Барлық құрастырылған тапсырмалар типтік бағдарламаның талаптарына сай болды. Тапсырмалар типографиялық шығарылым түрінде ұсынылды. 

Кафедрада пәндердің барлық тарауларын қамтитын, оқытудың сапасын арттыруға көмек беретін тестік тапсырмалар бар. 

Әрбір тәжірибелік сабақ пен СӨЖ-на арналған жағдайлық есептер, кесте толтыру бойынша тапсырмалар түрінде қосымша материал құрастырылған. Бұл материал әрбір тақырыпқа бейімделген,  студентке өз бетінше тақырыпты меңгеруге, ал оқытушыға дәстүрлі сұрақ-жауап әдісін қолданбауға мүмкіндік береді. Тәжірибелік сабақтар мен дәрістерді өткізу барысында оқытудың интерактивті түрлері қолданылады («Кіші топтарда жұмыс», «Конференция», «Іскерлік және рөлдік ойындар») және мәселелік-бағытталған оқыту. 

Оқу үдерісі мемлекеттік және орыс тілдерінде кафедра қызметкерлері құрастырып шығарған оқу және оқу-әдістемелік құралдармен сүйемелденеді. Сонымен қатар, ағылшын тілінде екі оқу-әдістемелік кешен дайындалған. 

Педагогикалық және кәсіби деңгейді жоғарылату мақсатында кафедра қызметкерлері педиатриядан, клиникалық фармакологиядан, терапиядан біліктілікті жоғарылату курстарын өтеді, ғылыми және периодикалық басвылымдарда ғылыми еңбектерін, мақалаларын жариялайды, халықаралық және республикалық ғылыми, оқу-педагогикалық конференцияларға, сминарларға, мастер-кластарға қатысады. 

Оқу үдерісін жетілдіру мақсатында кафедра тәжірибелік денсаулық сақтау саласының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. 

2015 ж. кафедраның 4 ПОҚ  (Керімбаева З.А., Ибрагимова А.Г., Ким О.Т., Жалмұрзаева Ғ.Б.) «Қажетті клиникалық тәжірибе» (GCP) атты біліктілікті жетілдіру курсынан өтіп сертификаттар алды.

2015 ж. 2 оқу құралы жарыққа шықты: 

«Дәнекер ұлпалар ауруларының фармакотерапиясы»  авторы Керімбаева З.Ә, Орманов Н.Ж., Орманов Т.Ж.,Орманова Л.Н.

«Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер» автор Абуова Г.Т.

965 1

 

Жоғары оқу орыннан кейінгі білім

Кафедрада интерндер, резиденттер, магистранттар, ҮКДФ курсанттарыбілім алады. Кафедрада қажетті оқу-әдістемелік кешендер құрастырылған.

Сабақтарды жетекші мамандар жүргізеді :

1. Керімбаева З.Ә. - каф.меңг.,м.ғ.д, профессор.;

2. Орманов Н.Ж.-м.ғ.д, профессор;

3. Орманова Л.Н. – м.ғ.к, доцент.  

 

Жоғары оқу орынға дейігі білім

Кафедрада кәсіби техникалық білім беру факультетінің студенттері білім алады: «Мейірбике ісі» 2-3 курс, «Емдеу ісі» 2-3 курс, «Стоматолог-дантист» 2 курс; «Фармация» 2-3 курс, «Акушерлік ісі» 2 курс;

 

КАФЕДРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ:

1.Керімбаева З.Ә. - мед.ғылымдарының докторы, профессор, кафедра меңгерушісі;

2.Орманов Н.Ж.- медицина ғылымдарының докторы, профессор;

3.Пернебекова Р.К.- биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;

4.Абуова Г.Т.- биология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а;

5.Орманова Л.Н.- медицина ғылымдарының кандидаты, доцент м.а;

6.Қорғанбаева З.С.- биология ғылым. кандидаты, доцент м.а;

7.Сырманова Н.Р.- мед.ғылымдарының магистрі; аға оқытушы;

8.Тубекбаева Т.Ж.- ассистент;

9.Ормаханова З.И.-оқытушы;

10.Ким О.Т.- мед.ғыл.магистрі, ғылыми қызметкер;

11.Асан А.А.- мед.ғыл.магистрі, оқытушы;

12.Боранбай Қ.Б. – оқытушы:

13.Тұрымбет З.А.- кіші ғылыми қызметкер; 

14.Балаби Қ.А.- кіші ғылыми қызметкер; 

15.Абдимавланова Н.И.- оқытушы;

16.Ділмішева А.М.- оқытушы.

17.Найманбаева А.Р.–аға лаборант

18.Ниязова Г.Н.– аға лаборант

 

4. Кафедраның ғылыми жұмысы:

Кафедраның жалпы ҒЗЖ «Фармакологические исследования лекарственных растений Казахстана и создание предпосылок для разработки отечественных растительных препаратов» атты тақырыбында.

Кафедрада 7 магистрант диссертациялық жұмысын орындауда. 

Қазіргі таңда кафедрада 6 ғылыми-зерттеу жоба орындалуда: «Повышение эффективности и безопасности дифференцированной фармакотерапии у больных ревматоидным артритом в зависимости индивидуальной чувствительности организма ксенобиотику», «Разработка и внедрение рациональной фармакотерапии в зависимости от индивидуальной чувствительности к цитопротекторам у больных с ишемическим инсультом», 

«Исследование фармакологических свойств экстрактов и компонентов лекарственных растений, влияющих на пищеварительную систему», «Фармакоэкономическое обоснование применения антибиотикоиммунотерапии в лечении перитонита»(хирургия кафедрасымен бірлесіп), «Изучение влияния компонентов растений рода полынь на эффективность комплексного лечения воспалительных заболеваний полости рта», «Изучение влияния компонентов растений рода астрагал на эффективность комплексного лечения воспалительных заболеваний полости рта» (стоматология кафедрасымен бірлесіп).

2015 ж. кафедрада «Сальмонеллалардың бакмассасын жеделдетілген жиналу әдісін өңдеу»атты жоба аясында КазВИҒИ-мен бірлесіп «Вакцинаны лиофильді кептіру» атты технологиясын коммерциализациялау жүзеге асырылды.

965 2

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарының тақырыптары және қафедраның ғылыми жұмысының жалпы бағыттарына сәйкес жүргізіледі. Ғылыми зерттеулер студеттердің шығармашылық қабілетін өрлету және ғылыми-техникалық үдерісінің жетістіктерін тәжірибеде қолдануды үйрету мақсатында құрастырылған. Кафедрада студенттік ғылыми үйірме жұмыс жасайды. Құрамына ғылыми-зерттеу жұмыс жүргізуге ынталы белсенді студенттер кірді. Студенттік ғылыми үйірмесінде жұмыс барысында студенттер келесі машықтарды меңгереді: 

- патенттік ізденіс жүргізу;

- әдебиетке шолу жасау;

- ғылыми әдебиет тізімін жасау;

- экспериментальді жұмыстар жүргізу;

- эксперимент нәтижелерін талдау;

- ғылыми-тәжірибелік конференцияларға баяндама мен мақалалардың тезистерін дайындау .

Студенттер өткізетін негізгі ғылыми зерттеу – дәрілік заттардың фармакологиялық әсерін терең зерттеу және стационар жағдайында медикаментозды терапияны тиімді пайдалану. СҒҮ жұмыс жоспары мен мәжілістерінің кестесі келесі тармақтардан тұрады: ұйымдастыру шаралар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, форумдар, шығармашылық жұмыс, СҒҮ жұмысын нәтижелерін талдау.

 

Үйірме мүшелері мен жетекшілердің тізімі:

Аты-жөні

Тобы

Ғылыми жетекші

Бектемисова А.

406 фк (а)

Керимбаева З.А. м.ғ.д, профессор

Ким О.Т. мед.ғылымдарының магистрі

Дадаханов С.

406 фк (а)

Керимбаева З.А. м.ғ.д, профессор

Ким О.Т. мед.ғылымдарының магистрі

Махаева Р.

406 фк (а)

Керимбаева З.А. м.ғ.д, профессор

Ким О.Т. мед.ғылымдарының магистрі

Калихан А.

306 фк (б)

Керимбаева З.А. м.ғ.д, профессор

Ким О.Т. мед.ғылымдарының магистрі

Канапия А.

306 фк (б)

Керимбаева З.А. м.ғ.д, профессор

Ким О.Т. мед.ғылымдарының магистрі

Туякова О.

306 фк (б)

Керимбаева З.А. м.ғ.д, профессор

Ким О.Т. мед.ғылымдарының магистрі

Якупова З.

306 фк (б)

Керимбаева З.А. м.ғ.д, профессор

Ким О.Т. мед.ғылымдарының магистрі

Мурамет Р.

406 фк (а)

Керимбаева З.А. м.ғ.д, профессор

Ким О.Т. мед.ғылымдарының магистрі

Сейдкалиева А.

403 фк (а)

Пернебекова Р.К. асс. профессор

Абдумаликов Ш.

406 фр (б)

Абуова Г.Т. доцент м.а.

Амантаева Д.

406 фр (б)

Абуова Г.Т. доцент м.а.

Османова Б.

305 фк (а)

Корганбаева З.С. доцент м.а.

Хаджиметова М.

305 фк (а)

Сырманова Н.Р. мед.ғылымдарының магистрі

Бектемисова А.

406 фк (а)

Сырманова Н.Р. мед.ғылымдарының магистрі

 

Фармакологиялық зерттеулер лабораториясы

«Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасының жанында 2016 жылы құрылған лаборатория ашылған. Лабораторияда фармакологиялық және клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізіледі.  Лабораторияда 4 ғылими қызметкер жұмыс істейді.

Сонымен қатар «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасында тәрбие сағаттары жоспарға сай жүргізіледі.

965 3

Клиникалық фармакология және фармация бойынша «Дәрілік заттарды тиімді пайдалану» Халықаралық конференциясы.

ОҚМФА Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы мен  Дәлелді медицина  бөлімі  2017 жылдың  8-9 қыркүйек  күні Астана қаласында болған «Клиникалық фармакология және фармация бойынша «Дәрілік заттарды тиімді пайдалану»  конференциясына қатысты. Конференция жұмысы барысында  300- ден астам қатысушылар, сонымен қатар клиникалық фармакология саласындағы шетелдік сарапшылар, шетелдік серіктестер  және ДДСҰ ел кеңесінің өкілдері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, медициналық фармацевтикалық  және ғылыми ұйымдарының, облыстық  денсаулық сақтау басқармасының  делегаттары бірлесіп жұмыс атқарды.  Конференция келесі серіктес ұйымдардың қолдауымен өткізілді: «Республикалық медициналық палата» қоғамдық бірлестігі, ДДСҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры, Королдік Фармацевтика қоғамы (Ұлыбритания), COCHRANE Ресей,  Elsivier, Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техниканы сараптаудың Ұлттық орталығы, «СК-Фармация», жоғары оқу орындары  және кәсіби медициналық қауымдастықтар.

Конференция мәселелері дәрілік заттарды тиімді пайдалану, клиникалық фармакология және клиникалық тәжірибедегі дәлелді медицина, қауіпсіз дәрілік терапия, фармакологиялық қадағалау сұрақтарына арналды.

Іс-шараның мақсаты:  негізгі аудиторияға дәлелді медицина қағидаларына негізделген клиникалық  фармакологияның артықшылықтары мен келешектерін және денсаулық сақтаудың дамуында негізгі рөлін көрсету.

Алынған мәліметтер ОҚМФА оқу-білім үдерісіне енгізілетін болады.

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар