Фармакогнозия және химия кафедрасы

 

Эл.почта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Фармакогнозия және химия кафедрасының тарихы 1979 жылдан басталады. Қазіргі таңда кафедрада 2 ғылым докторы, профессорлар, 8 ғылым кандидаты, доценттер, барлығы 23 оқытушы жұмыс жасайды. Кафедра меңгерушісі – х.ғ.д., профессор

Патсаев  Әнәпия Қаныбекұлы.

Патсаев Ә.Қ. ҚазХТИ-ді 1971 жылы бітірді.
1978 жылы кандидаттық диссертациясы, 1995 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Оның басшылығымен химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне 5 диссертация, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне 2 диссертация қорғалды.

Білім саласына сіңірген ерекше еңбегі үшін 1998 жылы “Қазақстан  Республикасының білім үздігі” төсбелгісімен марапатталды, Қазақстан Республикасы халқының  денсаулығын  сақтау  ісіндегі ерекше еңбегі үшін “Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің   үздігі”  төсбелгісімен  марапатталды. 2012 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

 

 

 

Фармакогнозия және химия кафедрасының құрамы

Химия курсы

1. Шыназбекова Шолпан Сагидулла қызы - х.ғ.к., доценттің.м.а., базалық білімі – КазМУ-нің хим. факультеті, 1982, ғылыми-педагогикалық өтілі – 25 жыл, ССРО-ның 2 авторлық куәлігі, барлық ғылыми еңбектері 38, оның ішінде 1 оқулық және 7 оқу әдістемелік құралы бар. Фармацевтика факультетінің 2 және 5 курстарының аға тәлімгері, академия бойынша тәуелсіз емтиханшы, кафедраның тәрбие жұмысына жауапты.

2. Алиханова Халия Бахадырқызы -   х.ғ.к., проф.міндетін атқарушы, базалық білімі фармацевтикалық, ШФАММИ, 1987ж., ғылыми-педагогикалық өтілі - 11 жыл, ғылыми-әдістемелік еңбектерінің саны - 50. ЦӘК хатшысы, академия бойынша эксперт-аудитор, терминологиялық комиссия мүшесі, ОҚМФА әдістемелік кеңесінің мүшесі, тәуелсіз емтиханшы, кафедраның әдістемелік жұмысына жауапты.

3. Төребекова Гульзахира Андасқызы – пед.ғ.к., доц.мінд.атқ., базалық білімі – ҚазМУ-нің хим. факультеті, 1996, ғылыми-педагогикалық өтілі – 15 жыл, ғылыми-әдістемелік жұмыстар саны – 15. Кафедра оқу меңгерушісі.

4. Мамытова Валентина Каримқызы – аға оқытушы, базалық білімі – ҚазМУ-нің хим. факультеті, 1970, ғылыми-педагогикалық өтілі - 33 жыл, ғылыми-әдістемелік еңбектерінің саны - 35.

5. Ділдабекова Ләззат Анаркулқызы  - пед.ғ.к., оқытушы, базалық білімі фармацевтикалық, 1997жылы Томск мемлекеттік медициналық университетіне түсті, 1997 жылы ОҚММА-ны бітірді, ғылыми-педагогикалық өтілі – 11 жыл, ғылыми-әдістемелік жұмыстар саны - 44. Кафедраішілік бақылауға, ЖОО-ішілік порталдағы оқу-әдістемелік ақпараттың жаңаруына, толығуына жауапты.

6. Кучербаев Камал Джамалович – к.х.н., оқытушы, базалық білімі - Қаракалпақ мемлекеттік университетінің химия факультеті, 1998ж., ғылыми-педагогикалық өтілі – 6 жыл, ғылыми-әдістемелік жұмыстар саны - 13. Кафедраның ҒЗЖ және СҒЗЖ жұмысына жауапты. Кафедрада ашылған ғылыми-зерттеу лабораториясының аға ғылыми қызметкері болып табылады.

7. Сабирова Гулжахан Абдувахабқызы – оқытушы, базалық білімі - химия мұғалімі, ТМПИ, 1995, ғылыми-педагогикалық өтілі – 22 жыл, ғылыми-әдістемелік жұмыстар саны – 4. 

 

 

Фармакогнозия курсы

1. Махатов Бауыржан Калжанұлы - фарм. ғ. докторы, профессор. Базалық білімі - фармацевтикалық АММИ, 1985, ғылыми-педагогикалық өтілі - 27 жыл, 200-ден астам ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы.

2. Токсанбаева Жанат Садыбекқызы – фарм.ғ.к., профессор міндетін атқарушы, базалық білімі - фармацевтикалық ШМФИ, 1989ж., ғылыми-педагогикалық өтілі - 24 жыл, ғылыми-әдістемелік жұмыстар саны - 50. ОӘК мүшесі, әдвайзер, академия бойынша тәуелсіз емтиханшы,кафедраның БЖФ жұмысына жауапты.

3.  Орынбасарова Кульпан Кенжебайқызы -  фарм.ғ.к., профессор міндетін атқарушы, базалық білімі - фармацевтикалық ШММИ, 1996, ғылыми-педагогикалық өтілі - 13 жыл. ғылыми-әдістемелік жұмыстар саны - 48. ОӘК мүшесі, әдвайзер, академия бойынша тәуелсіз емтиханшы.

4. Серикбаева Тойгуль Сейтанқызы  - аға оқытушы, базалық білімі - фармацевтикалық ШФАММИ, 1987, ғылыми-педагогикалық өтілі – 20 жыл, ғылыми-әдістемелік жұмыстар саны -1. Кафедраның СММ жұмысына жауапты, кафедра хатшысы.

5. Кадишаева Жүзімгул Ақболайқызы - оқытушы, базалық білімі - фармацевтикалық АММИ, 1985, ғылыми-педагогикалық өтілі - 6 жыл, ғылыми-әдістемелік жұмыстар саны – 5.


Фармакогнозия және химия кафедрасы қызметкерлері  баспадан  шығарған   оқу-әдістемелік құралдар, оқулықтар, оқу құралдарының саны

  • Патсаев Ә.Қ., Жайлау С. «Органикалық химия», І-ІІ-ІІІ бөлім. Оқулық. Каз. Шымкент 2005ж.
  • Ә.Қ.  Патсаев, С.Ж. Жайлау, Ш.С. Шыназбекова,   Б.Қ. Махатов. «Аналитикалық химия». Оқулық. Каз. Шымкент -2007г. 
  • Шыназбекова Ш.С.  «Аниондар» учебное пособие. Каз. Шымкент –  2007г. 
  • Органикалық  химия  пәні  бойынша   фармацевтикалық   факультеттері студенттерінің  өзіндік жұмыстарын   арналған   оқу - әдістемелік қолданба. Каз. Шымкент-2007г. 
  • Учебно-методическое пособие по органической химии для самостоятельной работы студентов фарм.факультетов Рус. Шымкент-2007г. 
  • Патсаев АК., Алиханова Х.Б., Ахметова А.А., Дильдабекова Л.А. Тесты по органической химия. Каз. Шымкент 2008 
  • Патсаев Ә.Қ., Алиханова Х.Б., Ахметова А.А., Дильдабекова Л.А. Органикалық химия пәні бойынша тесттері. Каз. Шымкент 2008 
  • Патсаев А.К., Ахметова А.А., Дильдабекова Л.А. Обучающие тесты по органической химии Рус. Шымкент 2008 
  • Патсаев А.К., Мамытова В.К. Жайлау С.Ж. «Бейорганикалық химия» Каз. Шымкент 2009ж. 
  • Патсаев А.К., Бақтыбаев Ө.Б., Алиханова Х.Б. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Каз. Шымкент 2009ж 
  • Ә.Қ.Патсаев, А.А. Ахметова,  Л.А: Дильдабекова Органикалық химия пәнінен оқыту тестілері. Шымкент, 2009ж.
  • Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Төребекова Г.А. Физикалық және коллоидтық химия. Каз. Шымкент 2010ж. 
  • Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. «Аналитикалық химия» пәнінің лабораториялық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік  қолданба.  Каз. Шымкент 2010ж. 
  • Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С. Руководство к лабораторным занятиям по аналитической химии. Рус. Шымкент 2010г. 
  • Тестовые задания по органической химии для студентов по специальности «Фармация». Учебное пособие. Патсаев А.К., Ахметова А.А., Алиханова Х.Б, Дильдабекова Л.А. Шымкент, -2010ж.
  • Тесты по физколлоидной химии для студентов ІІ курса «Фармация» Учебное пособие. Патсаев А.К., Шитыбаев С.А., Туребекова Г.А. Рысымбетова Ж.К. Шымкент, -2010ж.
  • Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. «Фармакогнозия» Оқулық, Шымкент, -2011ж.
  • Патсаев А.К., Кадишаева Ж.А., Тоқсанбаева Ж.С., Орынбасарова К.К., Өмирбаева А.Е.  «Ботаника пәні бойынша тестілер» Каз., рус, Шымкент, -2011ж.
  • Махатов Б.К., Патсаев Ә.Қ., Орынбасарова К.К. «Өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясы» Учебное пособие. Шымкент, -2011ж.
  • Махатов Б.К., Патсаев Ә.Қ., Қадишаева Ж.А. «Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер» Учебное пособие. Шымкент, -2011ж.
  • Тестовые задания по дисциплине химия для  специальностей «Общ. Здр.», «Сестринское дело». Учебное пособие Коллектив кафедры
  • «Химия» пәнінен мед.колледждің І курс студент-теріне арналған оқу-әдістемелік құрал. Патсаев Ә.Қ., Сабирова Г.А., Серімбетова Қ.М., Бухарбаева А.Е., Төребекова Г.А
  • Аналитикалық химиядан фарм. факультеті  студенттеріне арналған тест тапсырмалары Оқу-әдістемелік құралы. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Бухарбаева А.Е., Ділдабекова Л.А.
  • «Фармация» мамандығы студенттеріне бейорганикалқ химиядан практикум. Оқу құралы Патсаев А.К., Мамытова В.К., Серимбетова К.М., Бухарбаева А.Е.
  • Органикалық химия пәнінен практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Патсаев Ә.Қ.,Ахметова А.А., Алиханова Х.Б.
  • «Ботаника». Оқу құралы. Махатов Б.К., Патсаев Ә.Қ., Орынбасарова К.К., Тоқсанбаева Ж.С., Қадишаева Ж.А.
  • Фармакогнозия пәнінің зертханалық-тәжірибелік сабақтарына қолданба. Оқу-әдістемелік құралы. Махатов Б.К., Патсаев Ә.Қ., Қадишаева Ж.А., Серикбаева Т.С., Оразбеков Е.Е.
  • Физикалық және коллоидтық химияда тесттік тапсырмалар. Оқу-әдістемелік құралы. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А. қазақ және орыс тілдерінде.
  • «Аналитикалық химия пәнінің зертханалық-тәжірибелік сабақтарына арналған оқу-әдістемелік қолданба». Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С., Бухарбаева А.Е. Шымкент, 2013ж.
  • «Руководство к лабораторно-практическим занятиям по аналитической химии». Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Дильдабекова Л.А.

Дәстүрлі әдістермен қатар кафедра оқытушылары инновациялық технологиялар мен әдістерді қолданады.

1) Оқыту тесттері (енгізу актілері)

2) Кіші топтардағы жұмыс жасау (енгізу актілері)

 

3) Интерактивті такта қолданылған оқытудың ойын әдістері.

4) Қосарланған жұмыс (енгізу актілері)

6) Диалог технологияларының кейбір түрін қолдану «Кіші топтардағы пікірталас», «Семинар-дискуссиялар»

 

 

 

фармакогнозия және химия кафедрасыНДАҒЫ студенттердің ғылыми зертеу жҰмысТАРЫ

Жалпы тақырып «Дәрілік шөптер және табиғи қосындылардың химиясы»

 

 

Фармакогнозия және химия кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстары

Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстанның дәрілік шөптерінен дайындалған биологиялық белсенді заттардың бөлінуі, зерттелінуі және солардың негізінде әсері кең жаңа фитопрепараттарды дайындау»  

Фармакогнозия мен химия кафедрасында дәрілік шөптер шикізаттарының әр түрлі түлерінің зерттеулері жүргізіледі, бұл жұмыстың мақсаты – отандық фитопрепараттардың ассортиментін өндірістік игеру және кеңейту. Ғылыми зерттеулердің басты мақсаты – табиғи дәрілік шикі заттың жеке шикізат базасын іздеу және құру, солардың негізінде кең ауқымды әсері бар жоғары тиімді және экологиялық таза фитопрепараттарды жасау және енгізу.

 

Тәрбие жұмысы

Кафедрада тәрбие жұмысы мақсатты түрде келесі бағыттарда жүргізіледі: қоғамдық-саяси және құқықтық, мәдени-эстетикалық, этно-мәдени, экологиялық, әлеуметтік. Салауатты өмір салтын ұстану жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, студенттердің ғылыми зерттеу және шығармашылық қабілеттерінің ұшталуына көмек беріледі. Діни экстремизм, құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу жұмыстары, жатақханадағы тәрбие жұмыстары жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар