Әлеуметтік медицина, қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау

 

 

Кафедра тарихы

«Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау ісін басқару» кафедрасы Шымкент мемлекеттік медицина институты ректорының 1995 жылдың 31 ақпан айындағы №35 бұйрығы бойынша ашылды.
Оның алғашқы меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Тұрлыбеков Жарылқасын Тұрлыбекұлы тағайындалды. Жаңа құрылған кафедраның аяққа тұрып кетуіне м.ғ.к., доцент Құлмаханов А.Қ., м.ғ.к., доцент Пернебаев К, аға оқытушы, м.ғ.к. Бөлешов М.Ә және ассистенттер Жиенбаев Р.С., Ахметов А.Р., Бектұрғанов Р.С. айтарлықтай үлестерін қосты.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты болып «Оңтүстік Қазақстан облысының қоршаған ортасы мен тұрғындардың денсаулығын қорғау мәселелері» атты тақырып таңдалып алынды.
1998-1999 оқу жылы кафедра «Жалпы гигиена және экология» кафедрасымен біріктіріліп, меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Алтынбеков Бауыр Ембергенұлы тағайындалды. Осы оқу жылының барысында кафедрада Р.С.Жиенбаев пен О.Ирисметов кандидаттық диссертациясын қорғап шықты.
1999-2000 оқу жылында «Әлеуметтік медицина және денсаулық ісін басқару» кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор Дайырбеков Орынбай Дайырбекұлы басқарды.
Осы оқу жылында кафедрада оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстар жандана түсті. Кафедра ассистенттері А.Р.Ахметов пен Р.С.Бектұрғанов медицина ғылымдарының кандидаты, ал Т.С.Хайдарова медицина ғылымдарының докторы атағына ие болды.  Кафедра доценті М.А.Бөлешовтің ғылыми басшылығымен Б.З.Долтаева, З.И.Бейсембаева, С.Ө.Ескерова   медицина ғылымдарының кандидаты атанды. Профессорлар О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков және доценттер М.Ә.Бөлешов пен Б.К.Торгауытовтың «Медициналық статистика» және «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» атты студенттерге арналған оқу кітаптары жарық көрді.
2001-2002 оқу жылынан бері  кафедра меңгерушісі қызметін медицина ғылымдарының докторы, профессор Бөлешов М.Ә. атқаруда. Ол 2002 жылы профессор О.Д.Дайырбековтың ғылыми жетекшілігімен докторлық диссертациясын қорғап шықты және профессор атағына ие болды.
Ғылыми зерттеу жұмысын орындау барысында 1 монография, 5 әдістемелік нұсқаулар және 58 мақалалар жазып, ғылыми  басылымдарға шығарылды. 6 халықаралық, 4 республикалық және 2 аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалар жасады.
2002-2003 оқу жылында өткен Медицина  академиясының аттестациясынан кафедра сүрінбей өтті. Бұл күндері кафедра толық қалыптасқан, білікті оқытушы мамандармен қамтамасыз етілген, материалдық-техникалық қоры жеткілікті және белсенді де тиімді жұмыс атқарып жатқан ұжым болып табылады. Кафедрада медицина ғылымдарының докторлары, профессорлар Дайырбеков О.Д., Бөлешов М.Ә., Хайдарова Т.С. медицина ғылымдарының кандидаттары, доценттер Бектұрғанов Р.С., Құлмаханов А.Қ., Бименбетов Т.Ж ассистенттер Садыбекова Ж.Ө., Бутанова Ғ.А., Несіпбаева З.Ж., Қожатаева Ә.Р., Сейдуллаев Б.К. және білікті лаборанттар қызмет атқарып, Медицина академиясы одан ары гүлденуіне барынша үлес қосып отыр.

 

 

                                                               
Кафедра меңгерушісінің қысқаша өмірбаяны

Бөлешов Мырзатай Әбілдаұлы

«Әлеуметтік медицина, қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор

 Бөлешов Мырзатай Әбілдаұлы 1953 жылдың 29 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Қайнарбұлақ елді мекенінде көпбалалы отбасында дүниеге келді.
1971 жылы мектеп бітірген соң Алматы мемлекеттік медициналық институтына түсіп 1978 жылы дәрігер-терапевт мамандығын алып шықты.
1978 ж -1990 ж аралығында Бадам ауылында учаскелік дәрігер, Шымкент қаласының қалалық емханасында учаскелік дәрігер-терапевт, «Фосфор» МСБ-де дәрігер-терапевт, осы МСБ-де бас дәрігер қызметін, Оңтүстік Қазақстан денсаулық сақтау бөлімінде инспектор қызметін, облыстық Қызыл Ай қоғамында төраға қызметін атқарды.
1986-1989 жылдар аралығында «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша АН Қаз ССР –ның Өлкелік патологиясының мақсатты аспирантурасында білім алды, аяқтаған соң 1992 жылы Ресей мемлекеттік медициналық университеті жанындағы мамандандырылған Кеңесте кандидаттық диссертациясын табысты қорғады.
Кандидаттық диссертацияны қорғап болған соң педагогика саласына қарай ауысып, аға оқытушы қызметін атқарды, Шымкент қаласы медициналық педагогика институтының дене шынықтыру кафедрасының кафедра меңгерушісі, 1995 жылдан қазіргі уақытқа дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының әлеуметтік медицина, қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау кафедрасының аға оқытушысы  қызметін, доцент, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2003 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды, сол жылы «медицина» мамандығы бойынша профессор атағына ие болды.
2006 жылы  салауатты өмір салтын қалыптастыру жағдайларының ұлттық орталығының      Оңтүстік региондық бөлімнің директоры.
Теориялық дисциплина бойынша ЦМК төрағасы, мәселелік комиссия төрағасы, ОҚММА-ның ғылыми кеңес мүшесі, сондай-ақ Алматы қаласындағы ҚР ДСМ ҚДСЖМ жанындағы 09.19.02 біріккен диссертациялық Кеңес мүшесі.
Диссертациялық жұмыстардың ғылыми жетекшісі 13 кандидат және ғылыми кеңесші, 5 медицина ғылымдарының докторы.
Шымкент қаласы «ОҚММА-ның хабаршысы» ғылыми-тәжірибелік журналының редакциялық Кеңесінің мүшесі.
4 оқулықтың, 1 монография, 9 әдістемелік кепілдеме, 1 авторлық куәліктің авторы. Біздің республика тұрғындарының денсаулығының өзекті мәселелеріне арналған 220 ғылыми еңбегі жарыққа шыққан.
2003 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының, «Қазақстан Қажылар Одағы» қоғамының мүшесі. 

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстары

Кафедрадағы оқу жұмыстары жыл сайын ҚР МЖМС-2003 және ҚР МЖМС 3.08.390-2006 сай жүргізіледі және кафедраның жұмыс жоспарымен бектіледі.
Кафедрада оқытылатын пәндерге арнап оқу үдерісін жүргізудегі мазмұны мен әдістемесін мекемені белгілейтін оқу-әдістемелік кешені құрылған.
Сабақ өтізу үшін оқу аудиториялары барлық Мемлекеттік стандарт дисциплинасына сай керекті жабдықтармен жабдықталып   ұйымдастырылған.
Орыс және қазақ тілдерінде типтік және жұмыс бағдарламалары бар:

  1. медицина тарихы 2 курс
  2. биостатистика 3 курс
  3. қоғамдық денсаулық 3 курс
  4. дәлелді медицина негіздері 3 курс
  5. менеджмент және маркетинг негіздері 3 курс
  6. мейірбике ісіндегі менеджмент және административті үдеріс  4 курс
  7. медицинская биоэтика 4 курс
  8. медициналық биоэтика 4 курс
  9. денсаулық сақтаудағы маркетинг және экономика 4 курс
  10. әлеуметтік медицина, денсаулық сақтау ұйымы және денсаулық сақтаудағы құқықтық негіздері, медициналық статистика 4 курс.

Дәрістік және тәжірибелік сабақтардың мазмұны жұмыс бағдарламасы мен жұмыс жоспарына сай жасалған. Оқу сабақтары кестеге сай жүргізіледі.
Профессорлы-оқытушылық құрамының жылдық оқу жүктемесін квалификация есебімен және қызметіне қарай 01 наурыз 2001 жыл №123 ҚР БҒМ, ҚР МЖМС 5.03.015-2006 бұйрыққа сәйкес жоспарлайды. ҚР білім жүйесі, №6 нұсқау хат, оқу жұмысы және педагогикалық жүктеме. Оқу-әдістемелік құжаттарды дайындауда ЖОО медицина және фармацевтика кафедрасының және ҚР МЖМС-2006 университеттің медициналық факультеті, ҚР БҒМ 18 наурыз 2008 жылғы №125 бұйрығымен «Білім алушылардың және жоғары оқу орнындағылардың ағымды бақылау үлгерімін жүргізудегі типтік ережелері, аралық және қорытынды аттестациясы» және талаптары «Нұсқаудағы уақыт үлгісінің мөлшері, оқу көлемінің есебімен, оқу-әдістемелік, оқу-зерттеу және клиникалық жұмыстар, ОҚММА ОПҚ орындайтын» 2002 жыл.
Дәрістік және тәжірибелік сабақтар жоғарғы ғылыми әдістемелік дәрежеде өткізіледі. Студенттерге жаңа теоретикалық материалдарды көрнекілік құралы ретінде дәріскер графопроектор арқылы, слайдтар көрсету үшін мультимедиялық проектор қолданады. Білім жүйесінде әрдайым студенттердің бақылау жүйесін жетілдіріп тұрады, болашақ мамандығы қызметінің шартына максимальды жақындауын жүзеге асырады. Студенттердің баға сапасын дайындауда білімді бағалаудың интерактивті тәсілі қолданылады, ситуациялық тапсырмаларды шешу түріндегі тапсырма, жеке әңгімелесу, кіші топтармен жұмыс жасау.
Кафедра меңгерушісінің мемлекеттік тілде шығарған «Медициналық статистика» оқулығын, оқу құралдарын, әдістемелік кеңестер және әдістемелік нұсқаулар студенттердің өзіндік жұмысына тәжірибелік және семинар сабақтарына, оқу үдерісінде  кеңінен қолданылады.

 

Кафедраның ғылыми жұмысы

Кафедраның ғылыми жұмыстары, медициналық қызмет көрсету сапасын жоғарылатудағы қоғамдық денсаулық және денсаулықты ұйымдастырудағы заманауи технологияларды өңдеу және тәжірибеге ендіруді басқару, медициналық білімде ғылыми ізденістерді жүргізуге бағытталған.
Кафедрада профессор Бөлешов Мырзатай Әбілдаұлының басшылығымен «Профилактиканы ғылыми негізде жетілдіру, ҚР-ғы мүгедектікті емдеу және реабилитациялау» тақырыбындағы ҒТБ өңделіп жатыр.
Кафедраның тағы бір ғылыми бағыты болып денсаулықты басқару және ұйымдастыруда заманауи технологияны өңдеу тәжірибеге ендіру болып табылады.
Кафедра қызметкерлерімен бірігіп ғылыми жұмыстарды пікірлеседі, ғылыми мақалалар жіберіледі, ғылыми конференцияларға, съездерге қатысады.
Кафедрада студенттердің ҒІЖ-ге қатысушыларынан құрылған ғылыми үйірме жұмыс жасайды. ҒІЖ-нің меңгерушісі және ғылыми басшысымен бекіткен әр студенттің комплексті тақырыптағы белгіленген бөлімі бар. СҒҚ отырысында ізденіс материалдары бойынша баяндама дайындап, рефераттарды талқылайды. Студенттердің ғылыми үйірмесінде студенттер кафедраның тақырыптық ізденістеріне араласады, жаңа дағдыларыды үйренеді:  патенттік ізденіске кіріспе жасау, әдеби шолуларды құрастыру, эксперименттік нәтижелерді талқылау, тезис, ғылыми тәжірибелік конференцияларға статья жіберу және баяндамаларды әзірлеу.

 

Кафедраның тәрбие жұмысы

Кафедрадағы тәрбие жұмысы кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына сай жүргізіледі. Тәлімгерлік жумыстағы тәрбиелік үдеріс академияның қоғамдық жұмыстарына студенттерді қатыстыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, интернационалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеуден басталады.
Кафедра тәлімгерлері жүйелі түрде студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгерімін қадағалайды. Әр тәлімгердің өзінің жұмыс дәптері болуы, оған студенттер арасында өткізілген іс-шаралардың хаттамалары ендіріледі. Академиялық топтардың арасында келесі тақырыптарда тәлімгерлік сағаттар өткізіледі: «Конституция күні», «Білім күні», «Қазақстанның тәуелсіздік күні», «СПИД пен күрес күні», «Жеңіс күні», «ҚР Мемлекеттік рәміздері», «Жемқорлықпен күрес», «Этика және деонтология».
Студенттер арасында салауатты өмір салты туралы төмендегі тақырыптарда әңгімелер жүргізіледі: «Наркомания», «Алкоголизм», «Төсек қатынасы арқылы жұғатын аурулар».
Кафедра қызметкерлері студенттермен бірге жүйелі түрде Ж.Шанин атындағы драма театрына барып спектаклдер көріп және қаладағы кинотеатрларға барып тұрады.
Деканаттың бұйрығы бойынша кафедра қызметкерлері ай сайын ОҚМФА-ның жатақханасында кезекшілік міндетін атқарады тұрады
Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі белсенді түрде жұмыс жасайды.
Кафедра ұжымы ай сайын өз қамқорлығындағы жетім-студентке материалдық және адамгершілік көмегін аямайды.

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар