Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

 

Кафедра тарихы

     Биохимия, биология және микробиология кафедрасының қазіргі құрамы 2009 жылы 3 кафедраның - медициналық биология және генетика, микробиология және биохимия кафедраларының біріктілуімен ұйымдастырылған. Қазір кафедраның меңгерушісі м.ғ.к. Есиркепов М.М.

     Кафедраның оқу-әдістемелік базасын құру мен дамуына б.ғ.к., доценттер: Абилаев С.А., Аханов А.У., Кульбаева Б.Ж., Кан А.М., б.ғ.д Шарипов, м.ғ.к Есиркепов М.М.,  м.ғ.д. Сейтханова Б.Т., б.ғ.д. Оспанова Э.Н., х.ғ.к. Аблаева З.Ю., аға оқытушылар Жолдасов К.Т., Алимжанова Г.Т., Ордабекова А.Б., Курманбекова Ш. Ж, Омарова Г.С., Асилбекова Г.К. белсенді атсалысты.

     Кафедра қызметкерлері (Куандыков Е.У., Абилаев С.А., Кульбаева Б.Ж., Темирбеков А.Н.) Қазақстан дәрігерлерінің І – ІІ съездеріне, бүкілодақтық КСРО медициналық ЖОО-ның биология кафедралары меңгерушілері кеңесіне (1982 ж., Суздаль), 11 Халықаралық өсімдіктер эмбриологы симпозиуымына (Ленинград, 1990 ж.), ІІ Халықаралық өсімдіктер анатомы (С-Петербург, 1996 г.) конференцияларына қатысты.

     Кафедрада төрт денсаулық сақтау үздіктері жұмыс атқарады, олар: профессорлар Юлдашев А.Ю., Кенжебеков П.К., доц. Кульбаева Б.Ж., аға оқытушы Сулеймен Р.Н.  

     Кафедра оқытушылары үнемі өздерінің кәсіби деңгейлерін аймақтық, республикалық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалармен шығу арқылы, сондай-ақ БЖФ өту, семинарларға қатысу арқылы жетілдіріп отырады.

     Білім берудің жалпы стандарттары мен оқыту сапасын жоғарылату, білімді бақылауда жалпы тестлік жүйені ендіру жағдайында студенттерді тест түріндегі компьютерлік бағдарламаларға дайындау, сондай-ақ өз бетінше жетілдіру үшін аудиокөріністі бағдарламаларды меңгеруге қажетті стратегиялық өңдеулер дайындау қажет. Осы мақсатпен білім берудің тәжірибесіне барынша шынайы оқиғаларды (өзекті және қазіргі заманғы вирусологиялық, иммунологиялық әдістер, ИФА, ПТР және т.б) пайдаланып нақты шарттарды қолдану көзделуде.

     Студенттермен жұмыс жүргізуде стандартты әмбебап тестілер фрагменттері, тұрақты және дәл білімді дағдылар мен тәжірибелер бақылауды қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы білім беру ұйымдарында қолданылатын студенттерді тестілеудің типтік стратегиясымен таныстыруға, сонымен қатар зертханалық диагностика және профилактика әдістерін меңгеруде мотивацияны жоғарылатуға ықпал етеді.

     Қазіргі кезде кафедрада 32 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 1 химия ғылымдарының докторы, 8 биология және медицина ғылымдарының кандидаты, 6 аға оқытушы, 8 оқытушы, 4 аға лаборант және 4 лаборант.

     Кафедра құрамына кіретін биохимия, биология және микробиология кафедраларының қысқаша тарихы.

     Медициналық биология және генетика кафедрасы 1979 жылдың тамыз айында Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент филиалының фармацевтикалық факультеті болып ашылған кезде кафедра «Ботаника жалпы биология негіздері» деп аталды. Кафедра құрамында профессор Куандыков Е.У., б.ғ.к, доценттер С.А.Абилаев және А.У.Аханов, Майсаров Д.А., Кульбаева Б.Ж.. к.м.н. Есиркепов М.М., аға оқытушылар: Жолдасов К.Т.        және Дюсенбаева Ф.Б., оқытушылар Дмитриева Р.А., Алипбаева Г.С., Конысова Х.С., Жазыкбаева Г.Т., Дарипбек А.Ж. және басқалар., аға лаборант Тасова Л.С жұмыс істеді.

     1992 жылы АММИ-нің филиалы Шымкент фармацевтикалық институты болып қайта құрылғаннан кейін жалпы медицина факультеті ашылды. Ботаника және жалпы биология негіздері кафедрасы «Медициналық биология және генетика» кафедрасы болып қайта құрылды.

     Әр жылдары кафедра меңгерушілері қызметтерін б.ғ.к., доцент Абилаев С А. (1979-1986, 2002-2007г.), б.ғ.к.,доцент Майсаров Д.А. (1986 по 1992 г., 1997 - 2002 г.), медицина ғылымдарының докторы, ҚР МҒА корр. мүшесі, профессор Куандыков Е.У. (1992 - 1997 г.) басқарды.

     Биохимия кафедрасы15.09.1994 жылы Шымкент мемлекеттік медицина институты құрамында ұйымдастырылып. филиалы болып құрылды.

     Кафедраның алғашқы жетекшісі міндетін химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Б.С. Жайшибеков атқарды.

     1997-2002 жылдары кафедраны профессор А.Ю. Юлдашев басқарды.

     2002 - 2011 жж. кафедраны б.ғ.д., профессор Шарипов К.О. басқарды.

     Әр жылдары кафедрада профессорлар: Шарипов К.О., Юлдашев А.Ю., Кенжебеков П.К.; доценттер: Жұмабаев У.А, Кан А.М., Аблаева З.Ю., Жаналиева Р.Н., Пусурманова Г.Ж.; аға оқытушылар: Сулеймен Р.Н., Мамбеткулова К.К., Суранчиева А.С.; Ордабекова А.Б., оқытушылар– Нурумбетова Э.М., Асилбекова Г.К.; аға лаборанттар: Ибрагимов К.К., Абетаева С.Б., Шортанова К.Т; лаборант – Кудайбергенова П.Б., Бекеева Р.П. жұмыс істеді.

     Микробиология кафедрасы дәріханалық мекемелер гигиенасы курсымен 1980 жылдың қыркүйегінде құрылды.

     1984 жылдан кафедра физиология, анатомия, микробиология дәріханалық мекемелер гигиенасы мен патологиясы негіздері болып қайта құрылды. 1994 жылдың қыркүйек айынан микробиология өз бетінше жеке кафедра болып құрылды. Кафедра қызметкерлері доценттер: Арықпаева У.Т., Бикчентаева Р.А., О.Н.Сахно, Оспанова Э.Н., аға оқытушылар: Жакипбекова Б.Т. оқытушылар Алимжанова Г.Т., Моминова Т.Ж. Кафедра меңгерушісі қызметін Бикчентаева Р.А. атқарды.

     Әр жылдары кафедра меңгерушісі қызметтерін проф., б.ғ.д.. Туребеков А.Т., д.м.н., проф. Орманов Н.Ж., доц., к.м.н. Моренко Г.С., к.м.н..доц. Арықпаева У.Т. атқарды.

     Кафедра қызметкерлері: доцент Бикчентаева Р.А., О.Н.Сахно, аға оқытушылар: Жакипбекова Б.Т. Алимжанова Г.Т., Омарова Г.С., Курманбекова Ш.Ж., Алибеков А.А., Джанабаев Р.Т., оқытушылар: Нуриева Г.С., Есенова Ж.Х. жұмыс істеді.  

 

 

 

 

 

Кафедра меңгерушісі
Есіркепов Марлен Махмұдұлының өмірбаяны

600 1

Есіркепов М.М. 1974 жылы туылған.
1991 жылы орта мектепті үздік бітірді. Сол жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясави атындағы Мемлекеттік Университетіне (қазіргі Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті) оқуға түсті. 1993 жылы Қазақстан мемлекеттік медицина институтына (қазіргі Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы) ауыстырылды, оны 1998 жылы бітіріп шықты. 1998 - 1999 жж аралығында облыстық онкологиялық диспансерінде дәрігер-онкохирург болып істеді. 1999 жылдан өзінің оқытушылық жұмысын медициналық биология кафедрасынан бастады. 2011 жылдан биохимия, биология және микробиология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.
 
Ғылыми бағыты:
1. Организмнің регенерациялық қабілетін зерттеу.
2. Жараларды емдеуде инновациялық әдістерді талдау және енгізу.
3. Салауатты өмір сүру үшін және антропоэкологиялық сипаттамада конституционалды антропологияның рөлін оңтүстік аймақтың популяциясын Қазақстан Республикасы бойынша оқып үйрену.
4. Дәрілік өсімдіктерді өсіруде инновациялық әдістерді өңдеу жұмыстары.
5. Әртүрлі патологияларды емдеудегі фармакогенетикалық аспектілерді оқып үйрену.
 
2006 жылы «Эффективность аппаратного метода лечения послеоперационных хирургических ран» тақырыбында медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші диссертациясын қорғап шықты.
100-дан астам жаңа еңбектің, соның ішінде 10 мақала Thomson Reuters деректер қорына кіретін басылымдарда жарық көрген. Хирш индексі 2-ге тең. 20-дан астам өнертабыстың авторы, оның ішінде 3 – патент. «Шапағат-2009» Республикалық байқауының «Ең үздік өнертабыс» номинациясының жеңімпазы. 
Жалпы сомасы 70 млн. тенгеден асатын гранттық жобалардың ғылыми жетекшісі мен жауапты орындаушысы.
Бірнеше дүркін халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік  конференциялардың жүлдегері атанды. 
Гданьск (Польша, 2013), Нью-Йорк, Бирмингем (АҚШ, 2014) қалаларында біліктілігін жоғарылатқан.
«ЖОО-ның үздік ұстазы – 2013» білім беру грантының иегері. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қорының Сыйлығының 2014 жылғы иегері.
1999 жылдан кафедрадағы студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының жетекшісі. Студенттермен бірге көптеген ғылыми басылымдардың иесі. Академиядағы өткізіліп жүрген іс-шаралардың тұрақты мүшесі және төрағасы. 
Шахматтан спорт шеберлігіне кандидат.
Үйленген, 2 баласы бар.

 

 

Оқу-әдістемелік жұмыс

     Биохимия, биология және микробиология кафедрасы оқу жұмыстарын жұмыс - оқу жоспарына сәйкес жүргізеді. 2006 жылғы МЖМБС сәйкес кафедра бойынша академияның негізгі компонент пәндер: «Молекулалық биология және медициналық генетика», «Медициналық биология, генетика және радиобиология», «Биохимия», «Микробиология»; таңдау пәндері: «Медицинадағы геномды технология», «Медициналық паразитология», «Клиникалық микробиология», «Медициналық биохимия», «Клиникалық биохимия», «Лабораториялық диагностика» оқытылады.

     Кафедра оқытушылары ТжКББФ оқушыларының 1-4 курсына «Биология» , «Молекулалық биология және медициналық генетика» және «Микробиология», сондай-ақ БЖФ-нің дәрігер-лаборант, фельдшер-лаборант тыңдаушыларына «Клиникалық лабораториялық диагностиканың актуальді мәселелері» және «Қазіргі заманғы клиникалық әдістер» пәндерінен дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

     Білім берудің оң әсері үшін пәндер бойынша пәннің мазмұнын, оқу үдерісінің жүргізілу әдісі мен ұйымдастырылуын ашатын оқу-әдістемелік жинағы өңделген.

     Пәндерді оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету мәселелері келесідей: биохимия, биология және микробиология пәндері бойынша негізгі әдебиеттер орыс тілінде жеткілікті мөлшерде, мемлекеттік тілде «Медбиология және генетика» және «Молекулалық биология» курстары кафедра оқытушыларымен дайындалған оқулықтармен толық қамтылған. Кафедра оқу үдерісін оқу әдебиеттерімен және оқу көрнекіліктерімен қамтамасыз етуді жақсарту жолында үнемі жұмыстар жасайды.

     Кафедра қызмткерлерімен әр жылдары төменгі басылымдар дайындалып, басылады, баспадан шығарылады.

     Оқулықтар: мемлекеттік тілде «Медициналық биология және генетика» (Абилаев С.А., Куандыков Е.У.);«Молекулалық биология және генетика», 2008 ж. (Абилаев С.А.); «Молекулалық биология және генетика», толықтырылған екінші басылым, 2011г.

     Оқу құралдары: «Генетический аппарат клетки», 2011г., (Кульбаева Б.Ж., Жолдасов К.Т., Дарипбек А.Ж.); «Гормондар биохимиясы», Асилбекова Г.К., Ордабекова А.Б., 2012ж; «Нормальная микрофлора кожи, динамика ее формирования в неонатальном периоде и взаимосвязи с микробиоценозами биотопов организма», 2013ж., (Сейтханова Б.Т.), «Частота выделения и количественные параметры дрожжеподобных грибов рода Саndida в вагинальном материале различных контингентов женщин», 2013ж. (Сейтханова Б.Т., «Жасушаның генетикалық аппараты», 2013ж.,(Жолдасов К.Т.), «Информационные макромолекулы. Структура и функции.»,2011ж., (Кульбаева Б.Ж., Есиркепов М.М.); «Ақпараттық макромолекулалар. Құрылысы және кызметі».2013ж. (Кульбаева Б.Ж., Есиркепов М.М., Алипбаева Г.С., Жазыкбаева Г.Т.);«Патологическая анатомия генома»,2011ж., (Кульбаева Б.Ж., Есиркепов М.М.);«Молекулярная биология клетки», 2013ж., (Есиркепов М.М.)

     Медбиология және генетика пәнінен тәжірибелік сабақтарды орындауға арналған 2 бөлімнен тұратын жетекшілік, 2004 ж., (авторлық ұжым).

     Типтік оқу бағдарламалары: «Фармация» мамандығының 3 курс студенттеріне биологиялық химия;«Фармация» мамандығының 1 курс студенттеріне арналған медициналық биология пәнінен типтік бағдарламалар.

     Патенттер: доцент Есиркепова М.М.-тың 20-дан аса патенті.

     Биохимия пәнінен зертханалық сабақтар клинико-диагносткалық зертхананың базасында, микробиология пәнінен кафедра жанындағы оқу микробиологиялық зертханаларында өткізіледі.

     Кафедра ұжымымен оқу үдерісін интенцивтендіру жұмыстары жүргізіледі. Тапсырмалары 5 бөлімнен тұратын бақылау – өлшеу құралдары жинағы өңделді, жаңа технологиялар элементтері оқу үдерісіне енгізілді. Кафедра қызметкерлері «Инновационные технологии в медицинском образовании» тақырыбында курстан өтті: аға оқытушы Жолдасов К.Т. профессор С. Менниннің семинарында, қалғандары ОҚМФА-ның ұйымдастыруымен өткізілген семинарларда өтті. Кафедра оқытушылары молекулалық биология, микробиология пәндері бойынша білім жетілдіру курстарынан Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтті.

     Оқу әдістемелік жұмыстың бір түрі студенттерді оқытуда және медико-биологиялық мекемелер жұмысшыларын дайындауда инновациялық әдістерді енгізу, инновациялық әдістерді және технологияларды пайдалану. Оқу үдерісінде студенттерге тәжірибелік және студенттің өзіндік жұмыстары сабақтарында аудио және видео материалдар, компьютерлік бағдарламалар пайдаланылады. Жаңа әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдары дайындалып және өңделіп, казіргі заманғы білім беру технологиялары кәсіби медициналық мақсатта пайдаланылуда.

 

Ғылыми – зерттеу жұмасы

     Кафедра қызметкерлерімен келесі ғылыми – техникалық жоба зерттелінуде: «Изучение восстановительных процессов в ранах»; іске асу уақыты 2012-2014 жылдар. Ғылыми жетекші м.ғ.к.: Есиркепов М.М; «Инновационные методы выращивания лекарственных и сельскохо-зяйственных растений»; іске асу уақыты2012-2014 жылдар.Ғылыми жетекші   физ-мат.ғ.к. Кудабаев К.Ж., «Антропоэкологические исследования популяции ЮКО»; іске асу уақыты2012-2014 жылдар. Ғылыми жетекші м.ғ.к.: Есиркепов М.М; «Исследование микроэлементозов и разработка лекарственных препаратов для их коррекции».

     2013 жылдың наурыз айынан бастап кафедрада геномды зерттеудің ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді. Зерттеу мақсаты екі тақырыпты қамтиды: «Разработка и внедрение инновационных методов в диагностике и фармакогенетике (на примере туберкулеза)» және «Молекулярные и клеточные механизмы регенерации при напряжении растяжения».

 

ПТР-реакция қоспасы(жет. маман Бурабаев А.А.)

Форетикалық ДНҚ бөлу боксы(ғылыми қызметкер. Ажибаева Д.Т.)

21 мамыр 2013 жылы VI Астана экономикалық форумының қатысушысы, медицина және физиология саласында «тірі жасушалар мембранасында ионды каналдардың қасиеттерін зерттеп білу локалды фиксация потенциалы әдісін өңдеу» еңбегі үшін Нобель сыйлығының лауреаты Эрвин Неердің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында болды. Сапар барысында Э. Неер мырза биохимия, биология және микробиология кафедрасындағы геномды зерттеулер зертханасын көріп шықты. Профессор Э.Неердің ойынша зертхана жоғары дәрежеде заманауи технологиялармен жабдықталған болып саналады. Бұл профессор Э.Неердің бізді ңоқу орнына өз қалауымен келген сапары.

   ДНҚ бөлу бөлмесінде кафедра меңгерушісі Есиркепов М.М.-мен зертхананың дамуының перспективасы талқылануда  

         Қафедра болып құрылғаннан бері докторлық диссертация қорғағандар: Шарипов К.О., Жумабаев У.А., Оспанова Э.Н. және Сейтханова Б.Т.; кандидаттық диссертация қорғағандар: Кульбаева Б.Ж., Джамбулатов Б.Е., Жумабаев У.А., Есиркепов М.М., Мамбеткулова К.К.

         Кафедра ПОҚ ғылыми жұмыс нәтижесі бойынша баяндамаларымен ғылыми конференцияларға қатысады, өздерінің ғылыми мақалаларын журналдарда жариялайды. Кафедра қызметкерлері 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторлары болып табылады, оның ішінде халықаралық ақпараттар базасы Tomson Reuters.-те кафедра қызметкерлерінің ғылыми мақалалары жарияланды.

         Студентті ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту жас маманды дайындаудың маңызды факторы. Кафедрада студенттік ғылыми зерттеу үйірмесі бар, СҒЗЖ үйірменің жоспарына сәйкес жүргізіледі. СҒЗЖ нәтижелері талқыланатын семинарлар өткізіледі. Үйірмеге қатысушы студенттер халықаралық және республикалық конференциялар мен олимпиядаларға қатысады. Үйірме мүшелерімен 50-ден аса мақалалар мен баяндамалар жарияланды. Олар Пирогов студенттік конференциясында (Москва) (жүлделі 2 орын); «Мечниковские чтения» (Санкт-Петербург) ХҚТУ-дегі жоғары оқу орны арасындағы студенттік конференциясында («Хирургия» секциясы бойынша 1-ші орын); «ХІ Сатбаевские чтения» (С. Торайгыров атындағы ПМУ) , Павлодар, Томск және Новосибирск қалаларының студенттері қатысқан және «Мирас» (Шымкент) халықаралық конференция (Семей қ); т.б. әртүрлі әр жылдары өткізілетін конференцялар.  Барлық конференцияларда студенттер жүлделі, әртүрлі жетістіктегі орындарды иемденді.    

 

         Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы кафедрада ОҚМФА-сының фармацевтикалық және медициналық деканаттарының тәрбие жұмысына сәйкес жүргізіледі.

         Кафедра ұжымы фармацевтикалық және медициналық факультеттің 1, 2, 3 курс студенттеріне тәлімгерлік етеді. Кафедра мәжілісі отырысында тәлімгерлік топтарға тәлімгерлер, кафедра бойынша аға тәлімгер және студенттер арасында олардың міндеттері бөлініп, бекітілді. Тәлімгерлік академиялық топтардың бекітілген әр жылдық жоспарлары сол тәлімгерлік топтарда студенттердің сабақ үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылау, жан-жақты тәрбиені, яғни идеологиялық, мәдени, рухани, патриоттық, интернационалдық, спорттық, сауықтыру тәрбиелерін қамтиды. Әр топта «Тәлімгердің күнделігі» толтырылып, онда студенттер және олардың ата-аналары туралы мәліметтер, әр айда өтетін аттаестация және сессия нәтижелері, өткізілген іс-шаралардың мәліметі көрсетіледі.

           Тәлімгерлік топтарда Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың «Новое десятилетие - новый экономический подъем - новые возможности Казахстана» халыққа жолдауы талқыланды. Тәлімгерлік топтарда «Желтоқсан-1986», «8-март», «Наурыз- жыл басы», «Курение вредно для здоровья» атты тақырыптарда тәлімгерлік сағаттар өткізілді.

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар