Гигиена-2 кафедрасы

 

Кафедра  тарихы

Гигиена кафедрасының тарихы 1994 жылы «Жалпы гигиена азаматтық қорғаныс курсымен» - атты кафедраның ұйымдастырылуынан басталды.

Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып, осы кафедраның негізін қалаған облыстық СЭС бас дәрігері м.ғ.к. Торғаутов Б.К. тағайындалды. Осы жылы Алматыдан  м.ғ.д. профессор Турлыбеков Ж.Т. арнайы шақыртылды. Ол «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» кафедрасының ұйымдастырылуына байланысты сол кафедраға меңгеруші ретінде ауыстырылды.

1995 жылдың ақпан айында  ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі м.ғ.д. профессор Б.Е.Алтынбеков кафедра меңгерушісі ретінде тағайындалды. Ол кісі кафедраның педагогикалық үдерісінің келесі принципиалды мәселелерін шешуге аса назар аударды: мамандарды іріктеу және олардың кәсіби біліктілігін жоғарылату, техникалық  және оқу-материалдық базаны нығайту, оқытудың әдістемесін жетілдіру. Профессор  Б.Е.Алтынбековтың кафедраны басқару  кезінде 9 кандидаттық диссертация қорғалып, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары үшін жоғары білікті мамандар даярланды.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстанның Оңтүстік аймақтарындағы  қоршаған ортаны қорғау және өндірістік орындарындағы жұмыс жағдайларын зерттеуге және жақсартуға, сонымен қатар ОҚО тұрғындары арасында салауатты өмір салты мен санитарлық-гигиеналық ағарту жұмыстарын қалыптастыруға бағытталды.

2002ж. кафедра аты «Жалпы гигиена және экология» болып өзгертіліп,  меңгеруші ретінде м.ғ.к. доцент Долтаева Б.З. тағайындалды.

2012ж. 14 шілдедегі №191 бұйрыққа сәйкес «Жалпы гигиена және экология»  кафедрасы «Гигиена - 1» және «Гигиена-2» кафедрасы болып 2-ге бөлінді.

«Гигиена-2» кафедрасына меңгеруші қызметіне м.ғ.к. доцент м.а. Ескерова С.У. тағайындалды.

 

 

Кафедра меңгерушісінің қысқаша өмірбаяны

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент м.а

Ескерова Сара Өстемірқызы 20.01.1973 жылы туылған.

1990-1996 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының «Медико-профилактикалық іс» факультетінің «Гигиенист дәрігер-эпидемиолог» мамандығын үздік бітірді.

1996  жылдан бастап ОҚМФА-да жұмыс жасайды.

2001 жылы «Экономикалық тоқыраудың қорғасын өндірісіндегі жұмысшылардың денсаулығына тигізетін әсерін гигиеналық тұрғыда бағалау» тақырыбы бойынша ғылыми медицина ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады.30-ға жуық ғылыми мақала, 1 оқу құралын баспадан шығарды.

2009-2012 жылдар аралығында ОҚМФА «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша декан орынбасары, 2012 жылдан «Гигиена-2» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.

Денсаулық сақтау министрлігінің, Оңтүстік Қазақстан облыстық, қалалық әкімшілігінің және ОҚМФА-ның бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

Кафедра қызметкерлері:

841 1

Оқытушылар:
Ескерова С.У.
Нурманова М.Г.
Толеуова А.Е.
Байконсова Л.О.
Дүйсенбаева М.М.
Беккулкызы А.
Тоқтамысова Ж.Е.
Ахаева Л.Ж.
Галижанкызы М.
 
 
Лаборант:
Үркімбаева Б.Т - аға лаборант.                   
Нұрмаxанова Р.Е. - аға лаборант.
 
 
 

 

 

Оқу-әдістемелік  жұмыс

Гигиена - 2  кафедрасында барлық оқу - әдістемелік жұмыстар Ғылыми кеңестің 15.05.2013жылғы №8 мәжілісімен бекітілген,  ОҚМФА бакалавриат кафедраларындағы оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу ережесіне,  денсаулық сақтау саласындағы әдістемелік нұсқауларға, ОҚМФА  әдістемелік   жұмыстарына   сәйкес  жүргізіледі.

Негізгі  пәндер  : жалпы гигиена,  тағам гигиенасы,коммуналдық гигиенабойынша типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік және орыс  тілдерінде  бар. Типтік оқу бағдарламаларына сай жұмыс бағдарламалары 2 тілде дайындалды. 2014-2015 оқу жылынан емдеу-профилактикалық мекемелер гигиенасы,  диеталық және емдеу-профилактикалық тамақтану, тұрғындар құқығын қорғау бойынша гигиеналық зерттеулер, алиментарлық-тәуелді аурулардың алдын-алу элективті пәндері қосылды.

ОҚМФА бакалавриат кафедраларындағы оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу ережесіне сәйкес 051102 - «Қоғамдық   денсаулық  сақтау», 5В110400 - «Медико-профилактикалық іс»  мамандықтарына   «Жалпы гигиена», «Тағам гигиенасы», «Коммуналдық гигиена», «Емдік-профилактикалық мекемелер

гигиенасы», «Диеталық және емдік-профилактикалық тамақтану», «Тұрғындар құқығын қорғау бойынша гигиеналық зерттеулер», «Алиментарлық-тәуелді аурулардың алдын-алу» пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендер  2 тілде жасалынды. Барлық пәндер бойынша   дәрістерге   презентациялар дайындалған, студенттерге дәрістер мультимедиялық құрал  және интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқылады.

Кафедрада қорытынды бақылау үшін негізгі пәндер бойынша  «Жалпы гигиена»,«Тағам гигиенасы», «Коммуналдық гигиена» пәндері бойынша әр пәннен 900 және 1000 тест сұрақтары, элективті пәндер «Емдік-профилактикалық мекемелер гигиенасы», «Диеталық және емдік-профилактикалық тамақтану», «Тұрғындар құқығын қорғау бойынша гигиеналық зерттеулер», «Алиментарлық-тәуелді аурулардың алдын-алу» пәндері бойынша 360 тест сұрақтары 2 тілде дайындалып, рецензиялар мен қорытындылар алынып, академияның КТБО тесттер жинағы банкісіне енгізілді. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының бітіруші түлектеріне арналған Мемлекеттік Қорытынды аттестация бойынша Коммуналдық гигиена және Тағам гигиенасы пәндерінен MCQ форматында 150-ден 2 тілде тест тапсырмалары дайындалып, КТБО енгізілген, жыл сайын 10 %-ға  толықтырылып  отырылады.

Кафедра  мәжілісінде  ай сайын студенттердің оқу үлгерімі және сабаққа қатысу мәселесі қарастырылады.

 

 

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедрада м.ғ.к., доцентм.а.Ескерова С.У. - «Совершенствование социально-гигиенического мониторинга и интегральная оценка эффективности программ профилактики экологически обусловленных болезней населения в районе деятельности крупного свинцового производства» - тақырыбындағығылыми-техникалықжобағақатысады, жобажетекшісі профессор м.ғ.д. М.Ә.Бөлешов.Орындалумерзімі06.2012-12.2015жж.

Кафедрада Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысын (СҒЗЖ) 2 бағытта жүргізу жоспарланған:

1. «Студенттердің тамақтану ерекшеліктерін зерттеу және бағалау».

2. «Оқу бөлмелері микроклиматының студенттер денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу және бағалау».

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына м.ғ.к. Ескерова С.У., магистр Рыстигулова Ж.Б. жетекшілік етеді. СҒЗЖ  10 студент қатысады, ай сайын үйірме жиналысы өткізіліп, күн тәртібіндегі мәселелер талқыланады.

 

Кафедраның оқытушылық құрамының баспадан шыққан ғылыми мақалалары:

1. «Шымкент қаласындағы топырақтың ауыр металдармен ластану ерекшеліктері» – ОҚМФА хабаршысы, Шымкент, 2012-№1 (62). – 72-74б. – С.У. Ескерова, М.Қ.Темирова.

2. «Организационные основы профилактики врожденных пороков развития и наследственных болезней» - «Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың рационалды фармакотерапиясы» - халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, ОҚМФА хабаршысы, Шымкент, 2013-№2 (63). – 63 б. – М.Ә. Бөлешов., С.У. Ескерова.

3. «Совершенствование системы прогнозирования и профилактики рождения детей с врожденными пороками развития»  -«Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың рационалды фармакотерапиясы» -  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция,  ОҚМФА хабаршысы, Шымкент, 2013-№2 (63). – 69 б. – М.Ә. Бөлешов., С.У. Ескерова.

4. «Современная терапия и профилактика рецидивирующих инфекций мочевых путей»  - «Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың рационалды фармакотерапиясы» - халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, ОҚМФА хабаршысы, Шымкент, 2013-№2 (63). – 249-250 б. – Сейдахметова А.А., С.У. Ескерова.

5. «Туберкулездің алдын алу шаралары – ақуалды жақсартудың кепілі» - стендтік мақала - «Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың рационалды фармакотерапиясы» - халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Шымкент, 13-14 маусым, 2013. - студент Айнабекова Ы.

6. «Кәсіптік патология мен еңбек гигиенасының өзекті мәселелері және алдын-алу шаралары» - кафедрааралық студенттік - ғылыми конференция, Шымкент, ОҚМФА, 3.03.2013. –  Ескерова С.У., Серікбаева Ж.

2011-2015 ж. «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту бойынша Мемлекеттік бағдарламасын насихаттау аясында  ОҚМФА Медиа жоспарына  сәйкес кафедра оқытушылары мақалалар дайындады.

1. «Спортшының тамағы «майда-шүйде» мәселе емес» - Қызмет газеті, №20 (164), 30 мамыр, 2013.- Л. Байконсова.

Кафедра оқытушысы Л. Байконсова Отырар телеарнасында «Ет тағамдары», «Тамақтану мәдениетіміз қалай» - «Дода» бағдарламасында сұхбат берді.

 

Кафедра оқытушыларының баспадан шыққан ғылыми мақалалары:

1. «Candidiasis in parturients and newborn infants » - Life Science Journal, 2014 11 (4s) Сеитханова Б.Т., Шапамбаев Н.З., Серғазина А., Долтаева Б.З., Ескерова С.У., Калменова П.

2. «Efficacy of Albendazole in treatment of Hymenolepiasis » - Life Science Journal, 2014 11 (4s) Сеитханова Б.Т., Шапамбаев Н.З., Серғазина А., Долтаева Б.З., Ескерова С.У., Бекенов Н

3. «Особенности штаммов Y. Enterocoliticaвыделенные у больных в ЮКО» - Наука и здравоохранение № 2 , 2014 ЮКГФА и ГМУ город Семей. Сеитханова Б.Т., Шапамбаев Н.З., Долтаева Б.З., Ескерова С.У., Керимбаева З.А., Олжаева Р.Р.,Рахымжанова С.О.,Смаилова Ж.К.

4. «Қазіргі кездегі ересек адамның тиімді тамақтануының гигиеналық  мәселесі » - ОӘК 613.2  « ОҚМФА хабаршысы»  Республикалық ғылыми журналы – Ескерова С.У.,Рыстигулова Ж.Б.,Сламбекова П.А.

5. «Интерактивті, проблемалық TBL әдісін қолдануымен нәжіс-ауыздық   механизммен берілетін инфекцияларға жалпы сипаттама. Шигеллездер этиологиясы , эпидемиялық процесіне сипаттамасы , клиникасы , шаралар тақырыбына дәрісті өткізу » атты ОҚМПИ-да  халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференция . Сарыпбекова Л.Л., Бекжанова М.Ү., Бекжан Е.Ү.

6. «Қызылша, қызамықтың интеграцияланған эпидемиологиялық қадағалауын  TBL әдісін қолданумен дәрісті өткізу» атты ОҚМПИ-да  халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция. Ирсимбетова Н.А., Сламбекова П.А., Қалиева Ж.Қ.

 

 

Оқытушылардың біліктілігін жетілдіру

1. «Білім және ғылымның медициналық ұйымдарының оқытушысы» - циклі. 12.11.12ж. АГИУВ. Алматы, – Ескерова С.У.

2. «Медициналық-профилактикалық іс» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша мамандарды дайындау – кафедрааралық семинар. 13.03.13ж. Шымкент, - Ескерова С.У., Бекжанова М.У., Төлеуова А.Е.

3. «Оқу үдерісінде интерактивті әдістерді пайдалану»  –  әдістемелік үйрету семинары. Гигиена-2 кафедрасы,  25.12.12ж.

4. «Оқу үдерісі барысына инновациялық технологияларды енгізу және пайдалану»  –  әдістемелік үйрету семинары. Гигиена-2 кафедрасы, 23.01.13ж.

5. «Платон» электронды жүйенің эдвайзер ретінде тұтынушысы» - мамыр, 13ж. Шымкент, ОҚМФА - Ескерова С.У.

6. «Артық дене салмағының және семіздіктің алдын алу» - семинар. Маусым, 13ж. Шымкент, ОҚМФА - Ескерова С.У., Бекжанова М.У., Бекжан Е.У., Байконсова Л.О.

7. Ескерова С.У. -  «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша «Медициналық ЖОО-дағы ғылыми және инновациялық қызметтің менеджменті» циклі. 22.10.-16.11.2012 ж. аралығында өткен ғылыми біліктілікті жетілдіру.

8. Семинар Thomson Reuters Scientific & Scolary Research, ОҚМФА, 06.06.13 Ескерова С.У., Байконсова Л.О., Төлеуова А.Е.

9. 10-11.12.2013ж өткен «Биология,медицина және фармация дамуының болашағы» атты студенттер мен жас ғалымдардың Бірінші халықаралық конференциясына қатысқан үшін , кафедра меңгерушісі  Ескерова.С.У., аға оқытушы Бекжанова М.У., оқытушылар Толеуова А.Е., Уркимбаева Б.Т., Нурмышева Г.Ж. сертификат алды.

 

Кафедраның оқытушылардың біліктілігін жетілдіру жоспарына сай 1 оқытушы біліктілікті жетілдіру курсын өтті:

1. Ескерова С.У. - 26.11.-08.12.12 аралығында Алматы қаласының Әл-Фараби атындағы КазҰУ «Педагогика және психология» циклі. Курстың ұзақтығы – 72 сағат.

 

 

Оқытушылардың біліктілігін жетілдіру

1. Біліктілікті жетілдіру циклы  -   Ескерова С.У., Бекжанова М.Ү., Нурманова М.Г., Бекжан Е.У., Нұрмышева Г.Ж., Саткулова А.Д., Рыстигулова Ж.Б., Аханов Б.А. – 20.10.14- 31.10.14 -  «Жалпы гигиенаның негізгі сұрақтары » - мамандық бойынша біліктіліктерін жетілдіру қашықтықтан оқыту , Шымкент  қаласы , « Медициналық білім берудің ұлттық орталығы ».

2. Ескерова С.У.  - 10.06.2014 ж.   «Білім үдерісіндегі оқыту әдістерін жетілдіру жолдары» атты халықаралық ғылыми әдістемелік конференциясы.

3. Ескерова С.У.,  Рыстигулова Ж.Б., Аханов Б.А. -  09.12-10.12.2014 ж. - «Биология,медицина және фармация дамуының болашағы » атты жас ғалымдар мен студенттердің екінші халықаралық ғылыми конференциясы.

4. Ескерова С.У.,   Аханов Б.А. - 27.05-10.06.2014 ж.   «Импакт-факторлы, рецензияланатын журналдарда мақалаларды шығару процедуралары» атты халықаралық ғылыми семинар.

5. Саткулова А.Д. – 13.10.-17.10.14- «Медициналық ЖОО-ның оқытушыларының  потенциалын арттыру» Мемлекеттік стандартының «Білім берудегі ақпараттық технологиялар » модулі. Курстың ұзақтығы – 54 сағат.

6. Аханов Б.А., Тажибаева А.Б - 17.11 – 22.11.14 ж – « Медициналық ЖОО-ның оқытушыларының  потенциалын арттыру» Мемлекеттік стандартының «Білім берудегі ақпараттық технологиялар » модулі. Курстың ұзақтығы – 54 сағат.

7. Рыстигулова Ж.Б., Беккулкызы А.  17.11 – 22.11.14 ж – « Медициналық ЖОО-ның оқытушыларының  потенциалын арттыру» Мемлекеттік стандартының «Коммуникативті дағдылар » модулі. Курстың ұзақтығы – 54 сағат.

8. Бекжан Е.Ү., Тасыбаева Ж.А. 17.11 – 22.11.14 ж – « Медициналық ЖОО-ның оқытушыларының  потенциалын арттыру» Мемлекеттік стандартының «Коммуникативті дағдылар » модулі. Курстың ұзақтығы – 54 сағат.

9. Рыстигулова Ж.Б.  - 03.09.2014-27.09.2014 ж.  «Денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеулердің менеджменті және тиімді жоспарлаудың негіздері » циклы бойынша « Денсаулық сақтау менеджменті » мамандығы бойынша біліктілікті арттыру.

 

 

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес кафедра оқытушыларымен өткізілген шаралар:

Қыркүйек  - тәлімгерлік топтармен танысу;

Қазан  - «Бір халық, бір ел, бір тағдыр»

Қараша  - студенттер жатақханасында «Халықаралық студенттер күні», «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында академия деңгейінде іс-шара;Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында тәлімгерлік сағаттар өткізу;

Желтоқсан - «Тәуелсіздік тұғырым», «Құқық бүзушылардың алдын-алу»; 

Ақпан  -  «Мамандығым-мақтанышым»;

Наурыз  - «Наурыз мейрамы» мерекелік іс-шара;

Сәуір -  «7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық  күні» академия деңгейінде іс-шара;

Мамыр - «Ерлік- елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті!» - атты тақырыпта  академиялық топтар арасында тәлімгерлік сағаттар және дөңгелек үстөлдер өткізілді.  Өткізілген шаралар туралы мәлімет тәрбие ісі бөліміне өткізіледі.

 

 

 

 ШАҚЫРЫЛҒАН ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

 «Визитинг-профессор» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Гигиена-2» және «Гигиена-1 және эпидемиология»  кафедраларының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 13-15 ақпан аралығында ОҚМФА-ға АҚШ-тың Колорадо штатынан ғалымдар келді. Олар:

1. Доктор Джеймс Расмусон - сертификатталған өндірістік гигиенист (CIH).

2. Доктор Роджер Олсен - сертификатталған экология зерттеушісі (BCES), бірнеше кәсіби марапаттардың иегері. 

3. Мистер Дэниел Холл - кәсіби инженер (PE).

4. Доктор Курт Чанда - менеджер, өндірістік инженер. 

13-14 ақпан күндері американдық ғалымдар  профессорлық-оқытушылық құрамға, «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының 3-5 курс студенттеріне дәріс-семинар өткізді. Дәріс-семинарға «Гигиена-2» мен «Гигиена -1 және эпидемиология» кафедраларының оқытушылары, 100-ден аса  студент қатысты. Дәріс-семинар «Қауіптілікті гигиеналық бағалау» және

«Қоршаған орта мен өнеркәсіптік ортадағы ауыр металдар қауіптілігін бағалау» тақырыптарында өтті.

955 1

Кездесу барысында сан түрлі сұрақтар берілді, сонымен қатар тақырыпқа байланысты   өзекті мәселелер -  өнеркәсіптік ортаның жалпы гигиеналық ережелері, өнеркәсіптік ортаның химиялық, физикалық, биологиялық факторлары, ауыр металдардың адам ағзасына әсері және қоршаған ортаны қорғасыннан тазарту мәселелері сөз болды. 

955 2

15 ақпан күні ОҚМФА кіші мәжіліс залында «Шымкентте топырақтың қорғасынмен ластануы. Топырақты тазарту бойынша бағдарламаны иницирлеу. Балалар денсаулығын зерттеу және бақылау. Таза ойын алаңдарын жасау. Ұзақ мерзімді потенциалды бағдарламаны талқылау» - тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар:

Шымкент қаласы мекемелерінен шақырылған қонақтар:

Б.М.Қалдыбекова  - ОҚО Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің  бас маманы.

Ш.Т.Накыпбеков - Абай ауданы әкімі аппараты, Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы.

Б.Ы.Биболова - «Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасы» басшысының орынбасары.

Қ.А.Аскаров - Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар Ұлттық ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі, м.ғ.к.

А.К.Абдиева - «ҰСО»-ның ОҚО бойынша филиалының «Санитарлық гигиеналық зертхана» меңгерушісі.

ОҚМФА қызметкерлері:

А.А.Ахметова - ОҚМФА-ң Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры,  х.ғ.к.

М.А.Булешов - «Қоғамдық денсаулық сақтау-1»  кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор.

Н.Ж.Орманов - «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасының профессоры, м.ғ.д. 

Б.З.Долтаева - «Медициналық» факультетінің деканы, м.ғ.к., доцент.

А.Г.Ибрагимова -  Оқу-әдістемелік орталығының басшысы, ф.ғ.к.

З.А.Керимбаева - «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д.

Э.К.Бекмурзаева  - «Терапия бакалавриат» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор.

А.Е.Туртаева - «Терапиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент.

955 3

Алғы сөзді ОҚМФА-ның стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры,  х.ғ.к  А.А.Ахметова алды. Өз сөзінде А.А.Ахметова  ОҚМФА Оңтүстік Қазақстан облысындағы  халықтың денсаулығын сақтау және жақсарту  мәселесінде өз үлесін қосып келе жатқан бірден - бір жоғарғы оқу орны екендігін айтты және Шымкент қаласының экологиялық ақуалын жақсарту үшін дөңгелек үстел қатысушыларын бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды. Келесі сөзді дөңгелек үстел модераторы С.У.Ескерова алып, дөңгелек үстелдің маңыздылығын, күн тәртібінде талқыланатын мәселелерді айтып, қатысушыларды бір-бірімен таныстырды.

955 4

Доктор Роджер Олсен Шымкент қорғасын зауытында жүргізілген зерттеулері, зауыт аймағында тұратын тұрғындардың денсаулық жағдайына байланысты алынған сынамалар нәтижесі жайлы кеңінен баяндады. Профессор М.А.Булешов  американдық ғалымдардың қорғасын зауыты бойынша жасаған негізі еңбектерімен таныстығын, бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін айтты. 

955 5

Дөңгелек үстел соңында оқытушылар мен студенттер қорғасын зауыты аймағында тұратын тұрғындар арасында қорғасынның адам ағзасына тигізетін әсері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мәселесі шешім ретінде қабылданды. «Гигиена-2» кафедрасының  меңгерушісі С.У.Ескерова «Американдық ғалымдардың сапармен біздің ЖОО-ға келуі біз үшін таптырмас маңызы зор тәжірибе. Халықаралық ынтымақтастық қатынастарды кеңейтіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды»- деп қорытындылады. Сонымен қатар, американдық ғалымдарға ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар табыс етілді.

955 6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар