Гигиена -1 және эпидемиология кафедрасы

 

Кафедра тарихы

Гигиена-1 және эпидемиология кафедрасы 1994 жылы ұйымдастырылып, сол кездері «Жалпы гигиена азаматтық қорғаныс   курсымен» деп аталды.

Ең алғаш рет кафедра базасын кафедра меңгерушісі м.ғ.к., Б.К. Торғауытов құрды. Сол жылы Алматыдан м.ғ.д. профессор Ж.Т. Тұрлыбеков кафедра меңгерушілігіне арнайы шақырылды. Кейіннен «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» кафедрасының ұйымдастырылуына байланысты Ж.Т.Тұрлыбеков сол кафедраның меңгерушісі қызметіне ауыстырылды.

1995 жылдың ақпан айынан бастап, кафедра меңгерушілігіне ҚР ҰҒА корр. мүшесі, м.ғ.д., профессор Б.Е.Алтынбеков тағайындалды. Кафедраға келісімен ол педагогикалық үдерістің алдына қойған нақты мақсаттарын шешуге көп көңіл бөлді. Олар:

-біліктілікті жетілдіру мен мамандар мәселесі;

-материалдық және оқу-техникалық базасын нығайту;

-оқыту әдістемесін және студенттердің қажетті білім қағидаларын меңгеруін жетілдіру.

Профессор Б.Е. Алтынбековтың   басшылығымен 9 кандидаттық диссертация қорғалып, Оңтүстік Казақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары үшін жоғарғы санаттағы мамандар дайындалды. Кафедраның   ғылыми -зерттеу жұмыстары Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы ірі өндіріс орындарындағы жұмысшылардың еңбек жағдайын зерттеу мен оптимациялау, қоршаған   ортаны қорғауға, сонымен қатар ОҚО тұрғындары арасында санитарлық-гигиеналық білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттауға бағытталған.

1999 жылдан   бастап кафедрада ОҚО СЭҚБ-ның жетекші мамандарымен бірге санитарлық дәрігерлер үшін   гигиена мен эпидемиологиялық   өзекті мәселелері; санитарлық дәрігерлер мен   дәрігер - эпидемиологтардың көмекшілері үшін «Гигиена мен санитарияның өзекті мәселелері», «Эпидемиологияның өзекті мәселелері» тақырыбындағы циклдер ұйымдастырылған.

2002 жылы сағаттардың қысқарылуына байланысты әлеуметтік медицина кафедрасы қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасымен біріктірілді.

2003жылы мемлекеттік аттестациялық комиссияның шешіміне сай штаттық кестеге негізделіп, кафедралар бөлініп, кафедра «Жалпы гигиена және экология» деп аталды.

2012 жылдың 27 шілде күні Ғылыми Кеңестің шешіміне сай (хаттама №11), штаттық кестеге негізделіп ректордың 14.07.2012ж. №191 бұйрығымен «Жалпы гигиена және экология» кафедрасы екіге бөлініп, «Гигиена-1» кафедрасы деп аталды.

2012 жылдың 21 қараша күні  Ғылыми Кеңестің шешіміне сай және ректордың №241п бұйрығымен «Гигиена-1» кафедрасы «Дене шынықтыру» кафедрасымен біріктіріліп, «Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы деп аталады. 

2016 жылдың 1 қыркүйек күні «Гигиена-1» кафедрасына «Эпидемиология» пәнінің қосылуына байланысты, Ғылыми Кеңестің шешімімен кафедра  атауы «Гигиена-1 және эпидемиология» деп өзгертілді. 

Қазіргі уақытта кафедра академияның №3 корпусының 3-ші қабатында орналасқан, 2-дәрістік зал, 1-кафедра меңгерушісінің бөлмесі, 2-оқытушылар бөлмесі, 1-лаборанттар бөлмесі, 7-сабақ оқу бөлмесі бар.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы 1.

 

 

 

gig1

 

Долтаева Бибігүл Зайдуллақызы

Гигиена – 1 және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі,

медицина ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.

 

1988–1995 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина институты, медикалық-профилактикалық факультетінің «Санитарлық дәрігер және эпидемиолог» мамандығы бойынша білім алған.

2001 жылы - «Комплексная оценка формирующего влияния загрязнения биохимической среды на здоровье рабочих свинцового производства» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

2008 жылы  - доцент ғылыми атағын алды.

«Гигиеническая оценка адекватности индивидуального питания населения» тақырыбында 1 оқу-әдістемелік құралының және 45 ғылыми мақалалардың авторы.

2015 жылы кафедраның профессор міндетін атқарушы атағын алды және 2016 жылдың желтоқсан айында академия ректорының бұйрығымен медициналық факультетінің деканы қызметіне тағайындалды.

 

 

gig2

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы:

1. Долтаева Бибігүл Зайдуллақызы – кафедра меңгерушісі м.ғ.к., профессор м.а. 

2. Оразова Мереке Мамыровна – кафедра меңгерушісінің орынбасары, магистр

3. Ергебекова Гүлмира Құлымбетқызы – м.ғ.к., доцент м.а. 

4. Ирсимбетова Нұржамал Абдуахаповна – м.ғ.к., доцент м.а.

5. Утепов Фархад Дуйсенбаевич – м.ғ.к., доцент м.а.

 

6. Балабаева Эльмира Набенқызы – аға оқытушы, магистр

7. Ермолаева Ольга Александровна – аға оқытушы, магистр

8. Жаксыбаева Жеңіскүл Бегасылқызы – аға оқытушы, магистр 

9. Жумадилова Ақмарал Рахматуллақызы – аға оқытушы, PhD докторант

10. Масабаева Айгүл Турагасимовна – аға оқытушы

11. Нуралиева Гүлмира Нұрпапақызы – аға оқытушы, магистр

12. Тайжанова Меруерт Аюбековна – аға оқытушы, магистр

 

13. Алиев Даулет Сабырович – оқытушы 

14. Алтынбеков Зауэр Бауэрұлы – оқытушы 

15. Бегимбаев Орман Сейлханович – оқытушы

16. Бұхарбаев Еркін Бегалыұлы – оқытушы, магистр

17. Домбаева Фарида Маратқызы – оқытушы, магистрант

18. Жақсылық Алихан Алтынханұлы – оқытушы, магистрант 

19. Жумагалеева Диана Сергалиқызы – оқытушы, магистр

20. Жунисова Айгерим Бауыржанқызы - оқытушы 

21. Күздікбаева Жанат Сабитқызы – оқытушы 

22. Сағындықова Эльмира - оқытушы

23. Серикпаева Тамарахан Тюлькубаевна – оқытушы

24. Сламбекова Пернеш Алмасқызы – оқытушы, магистр

25. Тажиева Жанат Аббасовна – оқытушы, магистр

26. Тойжанов Бауыржан Қуанышбекұлы – оқытушы, магистр

27. Тұрлыбаева Айгерім Маратқызы – оқытушы 

28. Жунисова Айгерім Бауыржанқызы - оқытушы

 

Лаборанттар:

1. Байғалиева ГүлшатБорисқызы

2. БапиеваГулайна Жумабекқызы

3. Төлебаева Молдир Ерузакқызы

4. Сүйінбай Ақбота 

5. Есеналиева Айсұлу Жанібекқызы

 

 

Кафедра жұмысының негізгі мақсаты мен міндеттері

Кафедра академияның негізгі оқу-әдістемелік, тәрбиелік және ғылыми құрылымдық бөлімі болып табылады, бірнеше ұқсас пәндерден оқу, тәрбие, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, студенттер арасында тәрбие жұмысын, сонымен қатар ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және олардың біліктілігін жоғарылатумен айналысады.

Кафедра тікелей ректорға, проректорларға және факультет деканына бағынады.

Кафедра жұмысы мамандықтың мемлекеттік білім беру стандартына сай келетін, терең теориялық  және тәжірибелік дайындығы, кәсіби білімі, тәжірибесі бар мамандарды дайындауға бағытталған.

Кафедра құрамына: кафедра меңгерушісі, профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, оқу-көмекші қызметкерлер (аға лаборанттар, лаборанттар) кіреді.

Кафедра оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және қоғамдық басқа да жұмыстарды қамтитын жылдық жоспарға сәйкес жұмыс істейді.

Кафедра жұмысының барлық сұрақтарын талқылау, сәйкес шешімдерді қабылдау үшін айына 1 реттен кем емес профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен кафедра мәжілісі мен оқу-әдістемелік жұмыстарға қатысты әдістеме семинар өткізіледі.

Кафедрада оқу-тәрбиелік үрдістер және т.б. мазмұнын, ұйымдастырылуын және өткізу әдісін көрсететін құжаттар жүргізіледі. Құжаттар тізімі бекітілген « Істер номенклатурасымен» анықталады.

 

 

Кафедраның оқу – әдістемелік жұмысы

Гигиена – 1 және эпидемиология кафедрасында барлық оқу – әдістемелік жұмыстар ОҚМФА бакалавриат әдістемелік жұмыстарына сәйкес жүргізіледі.

Барлық пәндер бойынша типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік және орыс тілдерінде бар. Типтік оқу бағдарламаларына сай жұмыс бағдарламалары   жасалынған.

Кафедрада оқу жұмысы ГОСО РК 3.07-440-2003, ГОСО РК 2.06-182-2003 және кафедра жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Кафедра мәжілісінде ай сайын студенттер мен оқушылардың үлгерімі және сабаққа қатысуы қарастырылады.

Кафедрада оқу-әдістемелік құжаттар толығымен жаңартылған және жаңа талаптарға сәйкес дайындалып, жауаптылар тағайындалды.

Барлық пәндер бойынша студенттер мен оқытушыларға арналған лабораториялық сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар қазақ және орыс тілдерінде дайындалған. Типтік оқу бағдарламасы бойынша «Қоршаған орта және денсаулық», «Радиациялық гигиена» және «Фармацевтикалық гигиена негіздері» пәндерінен 3 курсқа, «Балалар және жасөспірімдер гигиенасы», «Еңбекті қорғау» пәндерінен 4 курсқа, «Еңбек гигиенасы», «Денсаулықты нығайту және ауруды алдын алу», «Қоғамның экологиялық мәселесі», «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету», «Эпидемиология» пәндерінен 5 курсқа екі тілде әдістемелік нұсқаулар дайындалды.

Курстың барлық бөлімдері бойынша бақылау сұрақтары компьютерге енгізілген, курстан курсқа өту емтихандар тесттері мамандықтар бойынша қазақ және орыс тілдерінде құрастырылған.

 

 

Кафедраның ғылыми жұмысы

Кафедрада ғылыми – зерттеу жұмысы ОҚМФА ҒЗЖ жөніндегі проректормен бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді. Гигиена – 1 және эпидемиология кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысына З.Б.Алтынбеков мен Д.С.Алиев жетекшілік етеді.

Кафедраның ғылыми зерттеу жұмысы мынадай бағытта жүргізіледі:

1. Совершенствование социально-гигиенического мониторинга и интегральная оценка эффективности программ профилактики экологически обусловленных болезней населения в районе деятельности крупного свинцового производства;

2. Изучение физического развития о состояния здоровья детей и подростков в современных условиях;

3. Изучение влияния факторов окружающей среды на здоровье населения в современных условиях.

 

 

Студенттердің ғылыми жұмысы

Кафедраның студенттермен ғылыми – зерттеу жұмысы үйірме жоспарына сай өткізіледі. Әрбір студенттерге кафедраның комплекстік тақырыбының арнайы бөлімі бекітілген. Қазіргі таңда гигиеналық зертханада радиометр, аспиратор, газды анализатор, люксиметр – яркомерлермен жұмыстар жасалынуда. Зерттеу нәтижелері ай сайын кафедраның ғылыми семинарларында баяндама және рефераттар түрінде қарастырылады.

Кафедра студенттерінің ғылыми – зерттеу жұмысына оқытушысы Б.Қ.Тойжанов жетекшілік етеді.

Кафедраның ғылыми зерттеу жұмысы төмендегідей бағытта жүргізіледі:

- «ОҚО мен Шымкент қаласының жергілікті халқының денсаулық жағдайын зерделеу»;

- «ОҚО балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын бағалау»;

-«Оқушылар мен студенттер арасында СӨС қалыптастырудың өзекті мәселелері».

 

 

Кафедраның тәрбие жұмысы

Топтардағы тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – жан-жақты дамыған маман даярлау. Студент жастардың терең білім алуына, ғылыми жұмыспен айналысуына, ұлтаралық толеранттықты қалыптастыруына, отансүйгіштік қасиеттерінің артуына, жоғары мәдениеттілікке, ұлттық мұраларымызды қастерлеуге зор ықпал тигізетін топ тәлімгерлері жұмысының мәні үлкен. 

Кафедраның тәрбие жұмысына М.А.Тайжанова мен А.А.Жақсылық жауапты.

Жоғарыда аталған ұғымдарды жастар бойына сіңіру үшін облысымыздың тарихи архитектуралық құрылыстарға, атап айтсақ Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иссауи кесенесі, Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесі, және саяси идеология тәрбие беру үшін Шымкент қаласындағы «Өлкетану» мұражайларына апару көзделген. 

Академияның жылдық тәрбие жоспары сәйкес кафедра белсенді түрде іс-шараларды ұйымдастырып, заманауи форматтағы тәрбие жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Жылда өткізілетін дәстүрлі байқаулар мен сайыстарда да алғашқы орыннан көрінеді.

Кафедра оқытушылары дана Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деген асыл сөзіне үлкен мән бере отырып, тәрбие жұмыстарын аса зор жауапкершілікпен атқаруда.

 

 

gig8

gig9

gig10

gig3

gig4

gig11

gig5

gig6

gig7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар