Қазақстан тарихы және әлеуметтік - қоғамдық пәндер кафедрасы

 

 

Кафедраның тарихы

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясының «Қоғамдық пәндер» кафедрасы - 1979 жылы  Алматы мемлекеттік медициналық институтының Шымкенттік филиалы құрамында «КОКП тарихы» кафедрасы деген атаумен  жұмыс істей бастады. Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент   Е.Ә. Әбдіқұлов, ф.ғ.к., доцент А.Ж. Мыңжасаров, А.Т. Көсеубаев , ф.ғ.к., доцент Л.И. Пак, доцент Г.К.Абдуллина, оқытушылар Ә.С. Көшкінбаев,    А.О Бопова, Ф.Е. Шинтаева, С.М. Тасқымбаева, Полухина С.В., кабинет меңгерушісі С.Х. Амандықова қызмет етті.

1992 жылы «Марксизм-Ленинизм» кафедрасы «Қазақстан тарихы және экономикалық теория негіздері» (кафедра меңгерушісі Ә.Әбдіқұлов) және «Философия және Саясаттану»   (кафедра меңгерушісі А.Т. Көсеубаев) кафедралары болып  екіге бөлінді.

Бұл кезең Қазақстан Республикасы өзінің егемендігі мен мемлекеттік Тәуелсіздігін жариялап, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізе бастаған уақыты болғандықтан, кафедралардың құрамында «Қазақстан Республикасының тарихы», «Экономикалық теория негіздері», «Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері» пәндері оқылатын болды.

1997 жылы екі кафедра бірігіп, «Қоғамдық пәндер»  кафедрасы болып құрылды. Кафедра меңгерушілік қызметінде т.ғ.к., ОҚММА профессоры Әбдікулов Е.Ә.,  ф.ғ. докторы, профессор Бейсенов Қ.Ш., т.ғ.к. ОҚММА профессоры Қонақбаев С.Н. болды.

2002 жылдың тамыз айында ОҚММА ректорының бұйрығымен  «Қоғамдық пәндер» кафедрасы «Қазақстан тарихы, саясаттану, әлеуметтану және экономикалық теория негіздері» (кафедра меңгерушісі т.ғ.к. ОҚММА профессоры С.Н. Қонақбаев) және «Философия , мәдениеттану және құқық негіздері» (кафедра меңгерушісі ф.ғ.к. О.А. Төребаев) кафедралары болып бөлінді. «Қазақстан тарихы, саясаттану, әлеуметтану және экономикалық теория негіздері» кафедрасында т.ғ.к., аға оқытушысы Бекмуратова Б., аға оқытушылар С.М. Тасқымбаева., Н.Л.Қонақбаев., Т.Е.Амалбеков, оқытушылар А.О. Бопова, Р.Ә.Салықова,    Г. С. Айдарбекова, М.К. Куванов, Б.О.Нуркулова, Ф.М.Қаратаева, З.Б.Дарашова, Т.Т.Балқыбеков, А.Ж.Тасболат, Ш. Абдраманова, аға лаборант Н.К.Айбатырова, лаборант Д. Қамысбаева еңбек етті. «Философия, мәдениеттану және құқық негіздері» кафедрасында, кафедра меңгерушісі О.А.Төребаев, ф.ғ.к., Қ.Б. Кемелбеков, аға оқытушылар З.Ш. Оразымбетова, Ф.Э. Шынтаева оқытушылар Б.Д.Өтегенов, Ғ.Н.Сапарбек, С.А.Қабдуллина, А.Т.Сатаев, Т.Ж. Сабитов, Т.Р. Азиев, М.М. Қылышбаева, лаборанттар      Ғ.Т. Ниетова, Д.Т.Ахунова қызмет етті.

2005 жылы қыркүйек айында «Қазақстан тарихы, саясаттану, әлеуметтану және экономикалық теория  негіздері, философия, мәдениеттану және құқық негіздері кафедралары бірігіп, «Қоғамдық пәндер» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі қызметін ф.ғ.к., доцент О.Ә.Төребаев атқарды. ОҚММА-ның профессоры С.Н.Қонақбаев, т.ғ.к., Б.М.Бекмуратова, т.ғ.к., Г.С.Айдарбекова, ф.ғ.к., Б.Қ.Кемелбеков, аға оқытушылар Ф.Е.Шинтаева, С.М.Тасқымбаева, Б.Д.Өтегенов. Ғ.Н.Сапарбек, З.Ш.Оразымбетова, Ф.М.Қаратаева, оқытушылар А.О.Бопова, Р.А.Салықова, М.К.Куванов, З.Б.Дарашова, Б.О.Нуркулова, Ш.Р.Абдраманова, Ж.Кенжеханова, А.Тасболат, Т.Р.Азиев, Е.А.Төребеков, А.Т.Сатаев, А.Кейкиев, А.Тілепбаева, А.К.Темірбекова А.К.Жанысбаева, Қ.Сығаев, Ж.Өмірбекұлы, Ғ.Ботабаев, аға лаборанттар Н.К.Айбатырова, Ж.Оспанова, лаборанттар Д.Ахунова, Д.Қамысбаева еңбек етті.

2009 жылдың қыркүйек айында «Қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі болып ф.ғ.к., доцент Қ.Б.Кемелбеков тағайындалды. Кафедра құрамы -25. Кафедрада академия бойынша ф.ғ.к., О.Ә.Төребаев, т.ғ.к., Б.М.Бекмуратова, т.ғ.к., Г.С.Айдарбекова, аға  оқытушылар С.М.Тасқымбаева, Ф.Е.Шынтаева, Б.Д.Өтегенов, Б.Нұрқұлова, аға лаборант Н.Айбатырова, лаборант Д.Қамысбаева. Колледж бойынша оқытушылар З.Б.Дарашова, М.К.Куванов, Т.Р.Азиев, А.К.Темірбекова, Ш.Р.Абдраманова, А.Қ.Тілепбаева, Е.А.Төребеков, А.Кейкиев, А.Т.Сатаев, А.Жанысбаева, аға лаборант Д.Ахунова, Ж.Оспанова қызмет етті.

2015 жылы 30 маусымда ОҚМФА ректорының №93п бұйрығымен «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы болып құрылды. Кафедра меңгерушісіне – т.ғ.к., доцент М.Ә.Жанысбеков тағайындалды.

687 1 1

 

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстары

Кафедраның оқу және оқу-әдістемелік жұмыстары Білім және Ғылым министрлігінің нормативті құжаттары мен пәндердің типтік бағдарламаларына сәйкес, жыл басында бекітілген жүктемелер, өткізілетін ашық сабақтар кестесі, үйірме жұмыстарының кестесі, ғылыми жұмыстардың тақырыптары бекітіліп, сол бойынша жұмыстар істелініп жатыр.

Кафедраның оқу үдерісінде негізгі екі бағытпен жұмыс істелінеді:

1.Үнемі студенттердің білім сапасын көтеріп отыру. Студенттердің білім сапасын және оқытудың сапалылығын арттыру мақсатында қоғамдық пәндер бойынша сабақ өту үдерісінде оқу іс-тәжірибелерін жүргізуде қажетті көрнекілік құралдармен байланыстырып жұмыс істеу.

2. Инновациялық технологиямен оқытуды қолдану. Инновациялық жаңа технологиялармен жұмыс істеу мақсатында оқытушылар өз сабақтарын электрондық оқулықтар мен жабдықталған интерактивті тақтада, техникалық көрнекі құралдарды қолдану арқылы жан жақты жабдықталған сабақтар өткізеді.  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасында бакалавриатта келесі пәндер бойынша сабақтар жүргiзiледi:

1.     Қазақстан тарихы – 135 сағат (3 кредит)

2.     Педагогикалық білім негіздері – 180 сағат (4 кредит)

3.     Саясаттану – 90 сағат (2 кредит)

4.     Құқық негіздері – 90 сағат (2 кредит)

5.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері – 90 сағат (2   кредит)

 

Кафедрада колледж бойынша өтілетін сабақтар тізімі:

1.     Қазақстан тарихы – 134, 90,80 44, 40 сағат

2.     Құқық негіздері – 90, 45, 18 сағат

3.     Саясаттану негіздері – 18 сағат

4.    Дүниежүзілік тарих – 38 сағат

5.    Қоғамтану – 38 сағат

6.    География – 40 сағат

7.    Өзін – өзі тану – 34 сағат

 

Кафедрада магистратура бойынша сабақтар келесі пәндер бойынша жүргізіледі:

ОҚМФА магистратура бөлімінің 1-курс студенттеріне «Педагогика» – 90 сағат (2 кредит) пәні өтіледі. «Педагогика» 2-курс кешендік емтихандық сабақтары құрамында жыл соңында емтихан тапсырады.

687 2 2

 

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Ғылыми жұмыстар байқауының нәтижесінде аға оқытушылар:

 «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер»  кафедрасы дарынды студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға тарту үшін мына төмендегідей бағыттарда жұмыстар жүргізеді:

-     Студенттерді ғылыми жұмыстарға қатысуға дайындау.

-     Әртүрлі деңгейдегі ғылыми-студенттік конференцияларға    баяндамалар дайындауға студенттерге жетекшілік ету.

-  Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен ғылыми-студенттік конференцияларға баяндама дайындап, қатыстыру.

Студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында пәндік үйірмелер ұйымдастырылып, тұрақты жұмыс жасайды. Үйірмелердің жұмысы алға басу үшін арнайы бекітілген күнтізбелік бойынша іс-шаралар атқарылып отырады.

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушылар құрамы «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» СҒЖЗ бағытында ғылыми – тәжірибелік конференция өткізеді (12.11.2015ж).

 

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары

Кафедра профессор-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеу жұмыстары әр түрлі тақырыптарға арналған: Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы отаншылдық мәселелеріне әлеуметтік талдау және көптеген мәселелер қарастырылады.

Қазіргі уақытта кафедра ұжымы «Қазақстан Республикасындағы 2015-2016 жылдардағы Салауатты Қазақстан» тақырыбы аясында ғылыми жұмыстарын жүргізуде.

Кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеулерінің нәтижелері халықаралық конференциялар мен ғылыми журналдарда жарияланып отыр.

1.     Абдрахманов Н.А. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Шымкент 2013. 382б.

2.     Абдрахманов Н.А. «World  Applied  Scienses Journal» рецензияланған ғылыми журналында (Pakistan) Impact Factor 2012: 0,234 H Index: 5 және SJR 2012: 0,161.

3.     Abdurakhmanov N. «The Traditional  Perception  of  the  World and Role  of Sufism  Kazakhs  in  the Formation  of the Kazakh Philosophy »// World  Applied  Scienses Journal. 2014. – V.29(8). – P.1078-1081.

 

Кафедраның негізгі оқу-әдістемелік құралдары

1.     Темирбекова А.К. Элективный курс в системе профильного обучения. Методическое пособие. А., 2007 г. 68 стр.

2.     Дарашова З.Б. Қазақстан тарихы. Оқу – әдістемелік құрал. Шымкент «Ернияз» баспасы, -2014 ж, 280б.

 

Кафедраның пәндері

Бүгінде кафедрада 5 пән бойынша білім беріледі: «Қазақстан тарихы», «Саясаттану», «Құқық негіздері», «Педагогика» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері».

 

 Бакалавриат

«Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Мейірбике iсі», «Дәрігерлік емдеу iсi» мамандықтары бойынша 1 курстың студенттерiне келесі пәндер бойынша міндетті түрде сабақтар жүргізіледі: «Қазақстан тарихы» - (3 кредит) 135 сағат (мемлекеттік емтихан), «Саясаттану» - (2 кредит) 90 сағат, «Құқық негiздері» - (2 кредит) 90 сағат.

«Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Мейірбике iсі», «Дәрігерлік емдеу ісі» мамандықтар бойынша 2 курстың студенттерiне келесі пәндер бойынша міндетті түрде сабақтар жүргізіледі. «Мейірбике iсі» мамандығы бойынша 4 курстың студенттерi «Педагогика бiлiмінің негiзi» пәнінен (4 кредит) 180 сағат оқиды.

 

Колледж

«Қазақстан тарихы» пәнінен 1 курс «Фармация» және 2 курс «Емдеу ісі»  мамандығы бойынша 134 сағат (мемлекеттік емтихан) , 1 курс «Емдеу ісі» мамандығы 40 cағат, 2 курс «Мейірбике ісі» мамандығына 135 сағат, 3 курс «Стоматология» мамандығына 89 сағат бойынша сабақтар жүргізіледі.

«Саясаттану  негіздері» пәні бойынша 2 курс студенттерінің «Емдеу ісі» және «Фармация» мамандығы бойынша 90 сағат, «Саясаттану негіздері» пәні бойынша 2 курс «Мейірбике ісі» мамандығына 90 сағат көлемiнде сабақтар жүргізіледі.

«Құқық негіздері» пәні бойынша 2 курс студенттерінің «Емдеу ісі» 90 сағат, 2 курс «Фармация» мамандығы 45 сағат, 2 курс «Мейірбике ісі» мамандығына 50 сағат, 3 курс студенттерi «Мейірбике ісі» мамандығы 40 сағаттың көлемiнде сабақтар жүргізіледі.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша 1 курс студенттерінің «Фармация», 2 курс студенттерінің «Акушер ісі» және 3 курс студенттерінің «Емдеу ісі» мамандығына 38 сағат, 3 курс студенттерінің «Емдеу ісі» мамандығына 38 сағат, 3 курс студенттерінің «Мейірбике ісі» мамандығына 90 сағаттың көлемінде сабақтар жүргізіледі.

«Қоғамтану» пәнінен  2 курс студенттерінің «Акушер ісі» және 3 курс студенттерінің «Емдеу ісі» мамандықтарына 38 сағат, 3 курс студенттерінің «Мейірбике ісі» мамандықтарына 38 сағат, 3 курс «Стомотология-дантист» мамандығының студенттері 54 сағаттың көлемiнде сабақтар жүргізіледі.

«Өзін-өзі тану» пәнінен 2 курс студенттерінің «Акушер ісі», «Мейірбике ісі» және «Фармация» мамандықтарына 34 сағат, 3 курс «Емдеу ісі» мамандығының студенттері 34 сағаттың көлемiнде сабақтар жүргізіледі.

«География» пәнінен 2 курс студенттерінің «Фармация» мамандықтарына 40 сағат, 3 курс «Стоматология-дантист» мамандығының студенттерi 40 сағаттың көлемiнде сабақтар жүргізіледі.

 

Магистратура

Кафедрада 1- курс магистранттарының «Жалпы медицина» «Қоғамдық денсаулық  сақтау», «Фармация» мамандықтары  «Педагогика» пәнін – 90 сағат (2 кредит) оқиды.

 

Кафедраның құрамы

1. Жанысбеков Мұрат Ашимұлы  - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы;

2. Бахтибаев Абдухашим Абилхаирұлы -тарих ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы;

3. Төребаев Омар Әкімбайұлы - философия ғылымының кандидаты, доцент міндетін атқарушы;

4. Абдурахманов Нұрмухамед Абдушамайұлы - тарих ғылымының кандидаты, доцент міндетін атқарушы;

5. Айдарбекова Ғалия Сарыбайқызы - тарих ғылымының кандидаты, доцент міндетін атқарушы;

6. Джунусбаева Айгул Мутанқызы – педагогика ғылымының кандидаты, доцент міндетін атқарушы;

7. Дюсебаев Нұржан  Құдайбергенұлы –  аға оқытушы;

8. Куванов Мұрат Қайырұлы – аға оқытушы;

9. Өтегенов Бақыт Дауытбекұлы - аға оқытушы;

10. Дарашова Замзагул Бимаханбетқызы –оқытушы;

11. Еркінбекова Әсем Сейтжаппарқызы – аға оқытушы;

12.  Абдраманова Шолпан Рысмағанбетқызы – аға оқытушы;

13. Нұрқұлова Ботагөз Орынбекқызы  - аға оқытушы;

14. Өтегенов Бақыт Дәуітбекұлы - аға оқытушы;

15. Махатова Ләйлә Талғатқызы – аға оқытушы;                                         

16.Бекқұлова Ақмарал Атығайқызы – аға оқытушы            

17.Темірбекова Айгүл Қамбарқызы - оқытушы;                                           

18. Шойынбет Гулбану Сауытбайқызы оқытушы;

19.  Сатаев Аман Тойболұлы – оқытушы;

20. Ибраимова  Акмарал Жамлқызы - оқытушы;

21. Айбатырова Несібелі Кәрімқызы – аға лаборант;         

22.Сулейменова Балжан Кожабекқызы - кабинет меңгерушісі ;                

23. Әбсат Айгерім Маратқызы – аға лаборант;                                           

24. Шекербек Мадина Есенгелдіқызы – лаборант.

687 3 3

 

Тәрбие жұмысы

Кафедрада тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының білімін ұйымдастырудағы тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасына,  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясындағы тәрбие жұмысының жоспарына және  тәрбие жұмысын ұйымдастыруды жүргізу бойынша нормативті құжаттары мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Кафедра отырысында тәрбие жұмысының жоспары талқыланып және топ тәлімгерлері бекітіледі.

Тәрбие – тұлғаны қоғамдық, өндірістік және өмірге белсене қатысуға жүйелі де мақсатты түрде бағыттайтын дайындау үдерісі.  Тәрбие үдерісінің мақсаты төмендегідей бағыттарға негізделген:

- белсенді өмір көзқарасына дағдыландыруға;

- өзін-өзі тәрбиелеуге, қалыптастыру және жеке құндылық сезімін тәрбиелеуге;

- Қазақстан Республикасының дамуы мен жандануына, рухани және адамгершілік қабілетін қалыптастыруға.

Бұл бағыттар академиялық топ кураторлары жүзеге асыратын бірқатар басқару факторларымен айқындалады.

Студенттермен тәрбие жұмысын жүргізуді ұйымдастыру мәселелері оқу үдерісінде және жатақханада жүргізіледі. Студенттер арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыруда және оны өткізуде тәлімгерлердің атқаратын рөлі ерекше. Кафедраның төменде аталған оқытушылары медициналық факультетінде тәлімгерлер болып табылады:  Шойынбет Г. С. ( СДК\а,б), Бекқұлова А.А.(СДК\а,б), Өтегенов Б.Д. (МІК\а,б), Дюсебаев Н.Қ. (МІК), Джунусбаева А.М. (МІО).

Кафедра оқытушылары топ тәлімгерлерінің жоспары бойынша әртүрлі шаралар өткізіп, кураторлық сағаттарда ҚР Елбасысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы әңгімеленеді. Тәлімгерлер студенттердің академиялық және қалааралық іс-шараларға «Тәуелсіздік - желтоқсаннан басталады», «Тәуелсіздік - тұғырың!», «Егеменді елімнің – тәуелсіздігі ол жерімнің», «Тәуелсіз Қазақстанның ертеңі мен болашағы», Нашақорлыққа қарсы күрес акцияларына, Қала күніне өткізілетін салтанатты мерекеге,  қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, конференцияларға және жарыстарға жиі қатысып тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар