Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

 

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының тарихы

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының тарихы 1979 ж. Алматы мемлекеттік медициналық институты Шымкент филиалының құрылуынан басталады. Сол институттың құрамында «Кеңес Одағының Коммунистік партиясының тарихы» кафедрасы ашылған болатын. Құрылу кезеңінен бастап кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қоғамдық және гуманитарлық пәндердің оқытылуын қамтамасыз етіп келді. Кафедраның ең алғашқы меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Ә. Әбдіқұлов болды. Осы кафедрада ұзақ жылдар бойы психология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Т.Көсеубаев; философия ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ж.Мыңжасаров; философия ғылымдарының кандидаты, доцент Л.А.Пак; философия ғылымдарының кандидаты, доцент В.Н.Каплин; экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.К.Абдуллина; оқытушылар А.С.Кошкинбаев; А.О.Бопова; Ф.Е. Шынтаева; С.М.Таскымбаева; С.В.Полухина; кабинет меңгерушісі С.Х. Амандыкова қызмет етті.

2009 ж. қыркүйек айында «Қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі болып философия ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Б. Кемелбеков тағайындалды.

2015 ж. 30 маусымнан бастап Ғылыми Кеңестің шешімі бойынша «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедраларына бөлінді.

688 1 1

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы

Кафедра құрамында 6 ғылым кандидаттары мен доценттер, 8 аға оқытушылар, 4 оқытушылар, 2 аға лаборант, 1 кабинет меңгерушісі бар. Оның ішінде кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Қ.Б.Кемелбеков, доценттер: т.ғ.к. – Х.С.Байқабылов, т.ғ.к. – Ш.А.Аширов, п.ғ.к. – Л.С.Майлыбаева, т.ғ.к. – Э.К.Мырзалиева, п.ғ.к. – М.М.Ережепов; аға оқытушылар: С.М.Тасқынбаева, Ф.Е.Шынтаева, З.Ш.Оразымбетова, Ф.М.Қаратаева, А.Т.Сатаев, Т.Р.Азиев, М.С.Төлентаев, Ж.М.Исенгалиева; оқытушылар: А.Қ.Тілепбаева, А.Ж.Тасболат, Б.Б.Бекболатов, Ғ.Н.Сапарбек; кабинет меңгерушісі  А.К.Жандарбекова, аға лаборанттар: Д.Т.Ахунова, Г.Н.Сейілбекова.

 

Кафедра меңгерушісінің қысқаша өмірбаяны

688 2 2

1992 жылы М.Ауэзов атындағы Шымкент педагогикалық институтының «Тарих және педагогика» факультетін бітірді.Өзінің еңбек жолын 1993 жылы ОҚМФА-ның «Философия және саясаттану» кафедрасында ассистент қызметінен бастады. 1996-2000 жылдары «Қоғамдық пәндер» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.

2002 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады және 2003 жылдың 20 маусымында ҚР БҒМ ЖАК шешімімен философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2011 жылы ҚР БҒМ ғылым және білім саласындағы бақылау комитетінің 30.03.2011 ж.шешімімен «Мәдениеттану» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. 2015 жылы академияның профессор атағына ие болды.

2009 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі.

Қ.Б.Кемелбеков әлеуметтік-гуманитарлық және педагогика ғылымдарының жоғары білікті және құзыретті маманы болып табылады. Ол басқару сапасы мен ерекше шешендік қабілетіне ие. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінде құрылған лекторлық тобының мүшесі болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облысының халқы және ОҚМФА-ның профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері арасында ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын талқылау және насихаттау жұмысына белсенді қатысады. Қоғамдық қызметі үшін Б.Момышұлы (2012ж.)  «Батыр Шапағаты» медалімен, облыс әкімдігінің мақтау парақтарымен, жергілікті кәсіподақ комитеті мен академия әкімшілігінің құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.

Қ.Б.Кемелбеков педагог және ғалым, кәсіптік және педагогикалық деңгейін үнемі жоғарылату бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу арқылы жұмыс жасайды. "Wold Applied Sciences Journal" сияқты ғылыми журналдарда жарияланымдары бар. Ол 70 ғылыми-әдістемелік мақалалар, 1 монография, 1оқу құралын жарыққа шығарды.

688 3 3

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

Кафедрада академияның 1,2 курс студенттерінің барлық мамандықтарында «Философия», «Әлеуметтану», «Экономикалық теория негіздері», «Дінтану» пәндерінен, «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының 2 курс студенттеріне «Жалпы психология негіздері, педагогика» пәнінен, ТжКББФ бойынша 5 пәннен: «Философия негіздері», «Экономикалық теория негіздері», «Психология негіздері», «Саясаттану және әлеуметтану негіздері», «Мәдениеттану» пәндерінен, магистратурада «Ғылым тарихы мен философиясы», «Психология» пәндерінен сабақтарды қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді. Кредиттік жүйеге өтуге байланысты  барлық пәндер силлабуспен және  оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етілген. Кафедраның басты бағыты – ол оқу және оқу-әдістемелік жұмыс. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес жыл басында барлық мамандықтардың жалпы және арнайы курстардың жүктемелері бекітіледі, бакалавриатта оқылатын элективтік курстардың тақырыптарына маңыздылығы жоғарылатылады, пәндердің типтік бағдарламалары жаңартылады, оқу, оқу-әдістемелік құралдар жарық көреді.

688 4 4

Кафедра қызметкерлерімен әзірленген және оқу процесіне енгізілген инновациялық оқыту технологиялары белсенді мамандарды даярлаудың барлық кезеңдерінде қолданылады:

-объективті құрылымдық тәжірибелік емтихан (ОСПЭ) мен Жалпы психология, педагогика пәнінен "Медициналық-профилактикалық іс" мамандығының 2 курс студенттерінің тәжірибелік дағдылары мен іскерлігін бағалау үшін,

-Нақты жағдайларды талдау" (АКС) әдісі кейс-әдісі элементтерімен (RBL), "Пікір-талас" интебелсенді әдістері, "кіші топтарда жұмыс", TBL (Team-based learning) - барлық қоғамдық пәндер бойынша тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін қолданылады.

Кафедрадағы әдістемелік жұмыс барлық пәндер бойынша толық материалдармен қамтамасыз етуге бағытталған. Кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік басылымдардың авторлары болып табылады:

    1. Қ.Б. Кемелбеков. «Қазақ әдеп мәдениеті және тарихи қалыптасу үрдестері». Монография. Шымкент, 2009;
    2. Қ.Б.Кемелбеков. «Қазақ әдеп мәдениеті». Оқу құралы. Шымкент, 2009;
    3. С.М.Тасқынбаева. Экономикалық теория. Оқу құралы. Шымкент, 2011;
    4. М.С.Төлентаев. Әлеуметтану. Терминдер жинағы. Шымкент, 2012;
    5. З.Ш.Оразымбетова. Политология. Учебное пособие. Шымкент, 2013;
    6. Ф.Е.Шынтаева, А.Т.Сатаев. Основы права. Учебное пособие. Шымкент, 2013;
    7. Ф.М.Қаратаева. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы. Шымкент, 2013;
    8. А.К.Тілепбаева. Мәдениеттану. Әдістемелік құрал. Шымкент, 2013.
    9. Қ.Б.Кемелбеков, Н.А.Абдурахманов, Ш.А.Аширов, М.С.Тулентаев, А.А.Беккулова. Қазақстан тарихы. Электронды оқу құралы. Шымкент, 2014,
    10. Ф.Е.Шинтаева, А.Т.Сатаев. Құқық негіздері. Дәріс кешені. Шымкент, 2014,
    11. С.М.Тасқынбаева, Ф.М.Қаратаева. Основы экономической теории. Курс лекции. Шымкент, 2014.
    12. З.Ш.Оразымбетова, М.Дуйсебаев, М.Бейсенбаев, Ә.Еркінбекова. Дінтану. Электронды оқу құралы. Шымент, 2014.

 

Кафедраның ғылыми жұмысы

Кафедра оқытушылары қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени мәселелер аясында айтарлықтай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмыстары мен мақалалары отандық және шетелдердің басылымдары,  республикалық және халықаралық ғылыми еңбектер жинақтарында кеңінен жарияланады.

Кафедра оқытушылардың біліктілігін жоғарылатуға  аса маңызды көңіл аударады. Әр жылы кафедра оқытушылары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО оқытушыларының біліктілігін жоғарылату орталығында әр-түрлі бағытта өткізілетін  курстарын тыңдайды.

 

 

Кафедра студенттерінің  ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедрада 1-2 курс студенттер арасында жоғары оқу орындарының және жоғары оқу орындары аралық ғылыми-практикалық конференцияларға, жас ғалымдар мен студент-жастардың форумдарына белсенді қатысатын студенттердің ғылыми үйірмесі ұйымдастырылды. Студенттік ғылыми үйірмесінде жұмыс істей жүріп студенттер кафедраның зерттеу тақырыбына

Приобщаются, интернеттен, ғылыми және периодическая әдебиеттерден қажетті ақпаратты іздеу кәсіби дағдыларына ие болады, көпшілікке сөйлеу қабілетін, дәлелдеу, пікірталас жүргізу, жеке пайымдаулар ұсына отырып полемики дамытады.

Фармацевтикалық факультетінің 206 топ студенті А.Пак ("Корейлер-Ұлы Отан соғысына қатысушылар"), фармацевтикалық факультетінің 307 топ студенті А.Пернебек (Оңтүстік Қазақстан облысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру барысы  туралы") Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысының қоры жас ғалымдар Кеңесінің VIII-ші Халықаралық ғылыми конференциясында ( 27-28 қараша 2014ж. Алматы) баяндама жасады. «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 103 топ студенттері  "Әл-Фараби оқулары" және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы тақырыбында өтілген ІІ-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында "Әлеуметтану" пәнінен Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары атағына ие болды. (26-27 наурыз 2015ж. Алматы).

Жыл сайын академия деңгейінде Тәуелсіздік Күніне және Ұлы жеңістің 70-жылдығына арналған студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциялары өтіледі.

688 5 5

 

Кафедрасының тәрбие жұмысы

Кафедрада тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатына сәйкес жүргізіледі және тұлғаның жоспарлы дамуын, студенттердің фармацевтикалық және медициналық бағыттағы болашақ маман ретінде өзін-өзі дамытуды қамтамасыз етеді.

Кафедраның тәрбие жұмысының басым бағыттары қоғамдық-саяси, патриоттық және құқықтық, адамгершілік, мәдени-эстетикалық және этномәдени тәрбиелеу, студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық әлеуетін дамыту, жатақханадағы тәрбие жұмысы, салауатты өмір салтын насихаттау,  діни экстремизм және сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу болып табылады.

Жыл сайын кафедра оқытушылары студенттермен ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру бойынша әңгімелесу, сондай-ақ осы тақырыпта тәлімгерлік сағаттар өткізеді.

Кафедраның барлық мамандықтар бойынша оқитын студенттері академия және факультет тарапынан өткізілетін барлық мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсене қатысады, ол бос уақытты қызықты өткізуге мүмкіндік береді. Үнемі зияткерлік ойын ұйымдастырылады, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында студенттер мен халықтың арасында қаланың орталық саябақтарында "Жастар салауатты өмір салты үшін!" тақырыбында студенттердің патриоттық акциясы флеш-моб өткізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар