Модульдық бағдарламалар

 

         «Кардиология» мамандығы бойынша қан жүйесі ауруынан (бұдан әрі – ҚЖА) өлімді төмендету сұрақтары бойынша бағдарлама – модулі.

         2013 жылғы 12 шілдеде ҚЖА өлімді төмендету бойынша Респуьликалық штабтың отырысында берілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасын орындау мақсатында «кіріс» денгейіне сәйкес қысқа мерзімді бағдарламаны таңдау үшін курсанттарға арналған тест бағдарламасы біздің сайтта орналасқан.

 

Қысқа мерзімді бағдарламалар

тақырыбы

сағат саны

жинаған балл саы

циклды өтү орны

1

ЖИА жіті нысандары. Ми инсульті. Емдеуге жатқызғанға дейінгі кезеңге ЖКС және МҚЖБ бар науқастарды емдеу стратегиясы.

54 сағ/1 апта

60 баллдан төмен

ЮКГФА

мұғалімдер:

Г.К.Асанова

М.Ш.Латыева

2

ЖКС бар науқастарды емдеуге жатқызу кезеңінде қадағалап қараудың стратегиясы.

54 сағ/1 апта

60 баллдан жоғары

ЮКГФА

3

Кардиологиядағы және неврологядағы ультрадыбыстық зерттеулер.

54 сағ/1 апта

60 баллдан жоғары

АГИУВ

4

МҚЖБ бар науқастарды амбулаториялық кезеңде емдеу және медициналық оңалту, емдеу тәсілі.

54 сағ/1 апта

60 баллдан жоғары

АГИУВ

5

МҚЖБ бар науқастарды қадағалап қараудың халықаралық технологиялары. Инсульт орталықтарының жұмысын ұйымдастыру.

54 сағ/1 апта

60 баллдан жоғары

АГИУВ

6

ЖИА жіті нысандары кезінде, ми инсультіне кезек күттірмейтін көмек алгоритмдері, оңалту мәселелері.

54 сағ/1 апта

60 баллдан жоғары

АГИУВ

7

Кардиологиядағы функционалды талдау.

163 сағ/3апта

60-100 балл

ЮКГФА

мұғалімдер:

Г.К.Асанова

М.Ш.Латыева

 

Курсанттардың әр оқу бағдарламасы бойынша меңгеретін компетенциялары

Оқу бағдарламасының тақырыбы

Компетенциялар

1

ЖИА жіті нысандары. Ми инсульті. Емдеуге жатқызғанға дейінгі кезеңге ЖКС және МҚЖБ бар науқастарды емдеу стратегиясы

ЖКС және МҚЖБ бар науқастардыемдеуге жатқызғанға дейінгі диагностикасы мен қауіпін стратификациялаудағы  арнайы білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын жаңарту. ЖКС және МҚЖБ бар науқастарды ауруханаға жатқызғанға дейінгі дәрмектік емінің заманауи стратегиялары мен интервенциялық араласуларға көрсеткіштерін қолдану. ЖКС және МҚЖБ бар науқастарда негізгі нормативті құжаттар мен қанайналым жүйесінің ауруларынан өлімді азайту актілерін пайдаланып, реабилитация әдістерін меңгеру.

2

ЖКС бар науқастарды емдеуге жатқызу кезеңінде қадағалап қараудың стратегиясы

 

ЖКС бар науқастарды медикаментозды және инвазивті емдеудегі заманауи тәсілдердін және кардиохирургиялық араласуларға көрсеткіштерін меңгеру. ЖКС бар науқастардағы реабилитация әдістерін  және екіншілік алдын-алу принциптерін меңгеру. ЖКС бар науқастарданегізгі нормативті құжаттар мен қанайналым жүйесінің ауруларынан өлімді азайту актілерін пайдалана отырып, диагностикасы мен қауіпін стратификациялаудағы  арнайы білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын жаңарту.

3

Кардиологиядағы және неврологядағы ультрадыбыстық зерттеулер

Кардиология мен неврологиядағы ультрадыбыстық диагностикадан (эхокардиография, стресс-эхокардиография, өңеш арқылы эхокардиография, тамырларды дуплекстік сканерлеу) теориялық негіздерін және тәжірибелік дағдыларын меңгеру.

4

МҚЖБ бар науқастарды амбулаториялық кезеңде емдеу және медициналық оңалту, емдеу тәсілі

МҚЖБ бар науқастардың реабилитациялық диагнозын және потенциалын анықтаудағы, реабилитациялық бағдарламаларын құрастырудағы, реабилитациялық скрининг жүргізудегі арнайы білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын меңгеру. Инсульттан кейінгі науқастарға қалпына келтіру емі және медициналық реабилитация жүргізудің заманауи тәсілдердін меңгеру. Негізгі нормативті құжаттар мен МҚЖБ өлімді азайту актілерін пайдалана отырып, МҚЖБ бар науқастардағы медициналық реабилитацияның қайта қалпына келтіру емінің әдістерін  және екіншілік алдын-алу принциптерін меңгеру.

5

МҚЖБ бар науқастарды қадағалап қараудың халықаралық технологиялары. Инсульт орталықтарының жұмысын ұйымдастыру.

Генеалогиялық, эпидемиологиялық, әлеуметтік анамнезден қауіп факторларын бөліп алу; ми қан айналымының жіті бұзылыстарында госпитализацияға көрсеткіштерді және оның ұйымдастыруын анықтау; арнайы тексеру әдістерінің қажеттілігін анықтау; инсульті бар науқастарға стационарға дейінгі, стационарлы, амбулаторлы көмек көрсету алгоритмін қолдану; ми қан айналымының жіті бұзылыстары бар науқастарға реабилитация шараларын іске асыру; дәлелдеуші медицина тұрғысынан ишемиялық инсультте қолданылатын фармакотерапияны білу; инсульттің біріншілік белгілері мен симптомдарын білу.

 

6

ЖИА жіті нысандары кезінде, ми инсультіне кезек күттірмейтін көмек алгоритмдері, оңалту мәселелері.

ЖКС және ми инсультінде кезек күттірмейтін көмек көрсетудегі арнайы білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын меңгеру және жаңарту.Ми инсульті және ЖКС реабилитациясындағы тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.

 

7

Кардиологиядағы функционалды талдау.

Функциональді диагностика дәрігерлерінің жүрек-қантамыр аурулары бар науқастарды аспаптық тексерулердің           негізгі түрлерін орындаудағы білімдерін, дағдыларын, іскерліктерін  жетілдіру: күштемелік тесттер, Холтер бойынша ЭКГ, артериалық қан қысымын тәуліктік мониторлау  (АҚҚТМ).

Тестті өту үшін, келесі сілтемеге өтіңіз:   ТЕСТ

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар