Үздіксіз кәсіптік дамыту факультеті

 

Жалпы сипаттама

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің 1998 жылдың 20 қарашасындағы №574 бұйрығына сай,Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының жанындағы үздіксіз кәсіптік дамыту факультеті (ҮКДФ) құрылды. Факультет 1999 жылдың қазан айынан факультет терапевтикалық, хирургиялық, педиатриялық фармацевтикалық профильде, сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтау кафедралардың базасында қызмет істейді.

2013 ж. 28 тамызындағы ОҚМФА ректорының №80п бұйрығы негізінде дәрігерлер мен фармацетердің біліктілігін жетілдіру факультеті үздіксіз кісіптік дамыту факультеті болып ауыстырылды.

            ОҚМФА-ның профессорлық-оқытушылық құрамының штаттық қатарынан және тәжірибелік денсаулық сақтау мамандарын қосымша дәріс беруге тартумен бірге кафедралардағы оқытушылардың күнтізбелік-тақырыптық бекітілген жоспарына сәйкес, оқулық дәрістер, сабақтар жүргізіледі.
           Академияда әлемнің жетекші Университеттерінде мамандандырудан өткен жоғары білікті, жоғары және бірінші санаттағы ғылыми дәрежесі бар кандидаттар, ғылым докторлары, профессорлық-оқытушылық құрам дәріс береді, жұмыс істейді.     

Факультет ИСО 9001: 2008 халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес, сертификатталған. Тыңдаушыларды оқыту екі тілде жүреді, мемлекеттік және орыс тілінде.

ОҚМФА-ның ҮКДФ және Профессорлық-оқытушылық құрамының оқу және жұмыс бағдарламалары МСҚБ (ҚР ДСМ 2009ж 26 қарашасындағы №788 бұйрық) негізінде қайта құрастырылуда. ҮКДФ Қазақстан Республикасымедициналық және фармацевтикалықмамандықтар бойынша, қосымша білімнің 53 Мемлекеттік стандарттарына сәйкес, (ҚР ДСМ 2009 ж. 11 қарашасындағы №691 бұйрық) негізінде, медициналық және фармацевтикалық кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жоғарлатудың Ережесімен,  мемлекеттік тапсырыс бойынша және шаруашылық есеп айырысу негізінде педагогикалық біліктілікті жоғарлатумен медициналық қызметкерлерді жетілдіру және қайта даярлауды іске асырады.
          1. Қайта даярлау-864-1080 сағат (дәрігерлер үшін) және 540-648 сағат ( орта буын

           үшін).

          2. Біліктілікті жоғарлату -54-тен 216 сағатқа дейін.

          3. Модульдық бағдарлама (1,2 апталық циклдер)-54,108 сағат.

ҚР 2012-2020 жылдарға денсаулық сақтау ресурстарының кадрларын дамыту      

Концепциялары және Қазақстан Республикасында 2011-2015 жылдарға фармацевтикалық және медициналық білімді дамытудың Концепциясын іске асыру мақсатында, ҮКДФ денсаулық сақтау кадрларының үздіксіз кәсіби білім жүйесінің Модульді-жинақы принциптерінің есебімен дәрігерлермен фармацевтердің біліктілігін жоғарлатудың модульді циклін өткізеді. Білім бағдарламасы бекітілген оқытатын модульдердің бірізділігінен тұрғандықтан, әрбірі логикалық аяқталған болады, мүмкін сапасында жекеленген өз алдына берілген сәйкестік құжатымен өтер.  

Біліктілікті жоғарлатудың модульдік циклді өткізу кезіндегі негізгі шарты оқытудағы үйлесім болып табылады. Біліктілікті жоғарлатудың медициналық үздіксіз білімі мерзіммен емес, мысалы, 5 жылда 1 рет өткізіледі, ал жылсайын жинақтау жолымен анықталған сандар бойынша сынақ бірліктері (сағаттар). Денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері және мамандардың қажеттілігіне бағытталған, оқыту икемді бағдарламамен қысқа әрі жедел түрде жоспарлануда. Клиникалық пәндер бойынша барлық біліктілікті жоғарлату және қайта даярлау циклдерін медициналық құралдармен және аппараттармен сәйкес қамтамасыз етілген, жабдықталған оқу үрдісін өту үшін жағдай жасалған оқу - клиникалық симуляциялық орталықта (сағаттар 10 % -дан және жоғары) симуляциялық оқуды қамтамсыз етеді. Қазіргі уақытта Жамбыл, Қызыл Орда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тәжірибелік денсаулық сақтауының қажеттілігін қанағатанарлық ете алатындай қабілетті үздіксіз кәсіби заманауи жүйеде және икемді білім қалыптасқан.

Үздіксіз кәсіптік дамыту факультетінің деканы, м.ғ.к., доцент  Патсаева Лейла Анапияқызы

 

Үздіксіз кәсіптік дамыту факультетінің декан орынбасары Абдрахманова Зинат Батырханқызы

 

Факультет әдіскері Мауленова Алия Даулетқызы

 

Факультет әдіскері Алибаева Турсынай Сражидинқызы

 

Факультет инспекторы Базарбаева Камила Еркінқызы

Факультет есепшісі Даулбаева Дамира Сарсенбекқызы

 

 

Деканаттың орналасқан жері:

Шымкент қаласы,

Әл-Фараби алаңы, 1

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

(2 – қабат) - 213 кабинет

Деканаттың факсі: +7 (7252) 40 83 60

Телефон: 8(7252) 40-82-22 (ішкі. *5106)

Эл. мекен-жай: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Тыңдаушыларды тіркеу:

Дүйсенбі, жұма күндері

Қабылдау уақыты:  

Сағат 09.00 - 18. 00-ге дейін

Түскі ас 13.00 - 14.00 дейін

Куәліктерді беру:

Сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері  

Сағат 14.00-18.00 дейін беріледі.

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар