Медициналық факультеті

 

2012 жылы ректордың 08.10.2012 жылғы №222 бұйрығы бойынша медицина факультеті құрылып, төмендегі бакалавриат мамандықтарын дайындауда:

- 05В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау», оқу мерзімі 5 жыл;

- 05В110100 – «Мейірбике ісі», оқу мерзімі 4 жыл;

- 05В110400 – «Медико-профилактикалық іс», оқу мерзімі 5 жыл;

- 05B130100 – «Жалпы медицина», оқу мерзімі 5 жыл.

Факультет студенттердің бір немесе бірнеше жақын мамандықтарының дайындығын  іске асыратын, сондай-ақ оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарымен айналысатын жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімі болып табылады.

Факультет мамандыққа байланысты факультеттің құрамына қарасты барлық кафедралармен зертханаларды, сондай-ақ, өз жұмыстары бойынша  едәуір факультеттің бағдарына жақын жалпы ғылымдық және жалпы білімдік кафедраларды біріктіреді.

Факультет өз құрамына кіретін кафедралар мен лабораторияларды, жұмыс мазмұнында факультет саласына жақын, сондай-ақ жалпы ғылыми және жалпы білім беретін кафедраларды біріктіреді.

 

Қазіргі таңда медициналық факультет 10 кафедрадан тұрады:

1.  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік қоғамдық пәндер» кафедрасы (каф. меңг., т.ғ.қ. Жанысбеков М.А);

2.  «Қоғамдық денсаулық сақтау – 1» кафедрасы (каф.меңг. м.ғ.д.,проф. Булешов М.А.);

3.  «Қоғамдық денсаулық сақтау – 2» кафедрасы (каф.меңг. м.ғ.д. Жақсыбергенов А.М.);

4.  «Гигиена – 1 және эпидемиология» кафедрасы (каф.меңг. м.ғ.к., м.а.проф. Долтаева Б.З.);

5.  Кафедра «Гигиена-2» (каф.меңг. м.ғ.к., доцент ЕскероваС.У.);

6.  «Неврология, психиатрия және психология» (каф.меңг. м.ғ.д., проф. Дущанова Г.А.);

7.  «Биохимия, биология және микробиология кафедрасы» (каф.меңг. б.ғ.к.,  Бурабаев А.А);

8.  Анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі кафедрасы (каф.меңг. м.ғ.к., доцент Сейдахметова А.А.);

9.  Терапия бакалавриат кафедрасы (каф.мең. м.ғ.д., проф. Бекмурзаева Э.К.);

10.  «Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен» (каф.меңг. м.ғ.к. Жолымбекова Л.Д).

 

Медициналық факультеттің бірінші деканы - медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қарабеков Ағабек Қарабекович.

Ағабек Қарабекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданы Шалдар ауылында 1950 жылдың 17 желтоқсанында дүниеге келген. 

1968-1974 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетінде білім алды. 

1974-1978 жылдары - Целиноград (Ақмола) қалалық ауруханасының балалар  хирург-ординаторы. 

1978-1983 жылдары - Алматы қаласындағы №1 балалар ауруханасы жедел хирургия бөлімінің дәрігері. 

1983-1992 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина институтының ассистенті, доценті. 

1992-1997 жылдары - Педиатрия ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы) аға ғылыми қызметкері. 

1984-2000 жылдары Қазақстан Республикасының бас балалар травматолог-ортопеді қызметтерін атқарған. 

1997-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік (медицина) фармацевтика академиясының балалар хирургиясы, педиатрия кафедрасының меңгерушісі және медициналық факультеттің деканы болып қызмет атқарды.

ҚР ғылым, техника және білім саласындағы 1999жылғы  мемлекеттік сыйлығының иегері.

2000 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық  сақтау ісінің үздігі»  төсбелгісімен  марапатталды.

А. Қ.Қарабеков 2003 жылы «Жыл маманы» белгісімен марапатталды.

2008 жылы «Бәйдібек ауданының құрметті азаматы» атағының иегері.

ОҚО бойынша  2012 жылдың «Үздік ғалымы» номинациясының иегері.

2014 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін «Алтын дәрігер» атағы берілді.

2015 жылы «Жылдың өнертабысы»  номинациясы бойынша «Шұңқыр кеуде хирургиялық емдеу әдісі» атты инновациялық патентімен «Шапағат-2015» республикалық ғылыми конкурс жеңімпазы.

А. Қ.Қарабеков 8 өнертабыстың және 4 патенттің, 3 монографияның, 12 оқу-әдістемелік нұсқаулықтың, 239 ғылыми мақаланың авторы.

996 1

Кәзіргі уақытта медициналық факультеттің деканы - медицина ғылымдарының кандидаты м.а.профессор Долтаева Бибигуль Зайдулаевна.

996 2

Факультет деканына декан орынбасарлары және әдіскерлер есепті болады. Факультет деканының орынбасарлары мамандығына орай оқу, методикалық және тәрбие жұмысын қадағалау:

- «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медико-профилактикалық іс», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша декан орынбасары – медициналық ғылым магистрі, хирургиялық пәндер кафедрасының ассистенті  Аширов Бауыржан Отарбаевич

996 3

 

 

- «Жалпы медицина» мамандық бойынша декан орынбасары – медициналық ғылым магистрі, «Гигиена – 1 және  эпидемиология»кафедрасының оқытушысы Ширинова Маржан Калдыбековна

996 4

 

 

- Оқу төлем ақысы бойынша декан орынбасары– ф.ғ.к. Сапақбай Малик Мырзаханович

996 5

 

 

- Деканаттың әдістемелік жұмысын келесі мамандар атқарады: Махатова Ф.Ж., Мыңбаева Г. П., Салқынбекова А.М., Көлжанова М.Н.

996 6

«Жалпы медицина» мамандығы  бойынша әдіскер 

Махатова Феруза Жантасовна

 

 

996 7

«Медико-профилактикалық іс» мамандығы  бойынша әдіскер 

Мынбаева Гулжанат Пазылбековна

 

 

996 8

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша әдіскер

Салқынбекова Акерке Мухтаровна            

 

 

996 9

«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша әдіскер  

Көлжанова Макида Нарымбетовна

 

Факультеттегі профессорлық оқытушылар құрамы студенттер арасында тәрбие жұмысына үлкен көңіл бөледі.

Факультет өзінің жұмыстары бойынша оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректорға есеп береді.

Факультет  деканы Факультет Кеңесіне басшылық жасайды.

Медициналық факультет өз қызметтерін ректордың бекіткен жылдық және  перспективалық жоспарларының негізінде іске асырады.

 

Контакт мәліметтері:

Телефон: 8 (7252) 40-82-22 (307).

               8 (7252) 40-82-26 (301).

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар