Техникалық және Кәсіби Білім Беру Факультеті

 

2002-2003 оқу жылы АА № 0000047 сериялы мемлекеттік лицензия негізінде орта білімнен кейінгі кәсіби білімді мамандар даярлау факультеті 5 мамандық бойынша ашылды (медициналық колледж, қазір техникалық және кәсіби білім беру факультеті- ТжКББФ). Академия жанындағы медицина колледжінде мына мамандықтар бойынша мамандар даярлануда:

Мамандық атауы

Біліктілігі

Оқу мерзімі

11 сыныптан кейін

9 сыныптан кейін

1

0306000- «Фармация»

0306013 «Фармацевт»

2 жыл 10 ай

-

2

0301000 - «Емдеу ісі»

0301013 «Фельдшер»

2 жыл 10 ай,

3 жыл 10 ай

3

0302000- «Мейірбике ісі»,

0302043 «Жалпы практикадағы медбике»

2 жыл 10 ай,

3 жыл 10 ай

4

0304000 - Стоматология»

0304013 «Дантист»

2 жыл 10 ай,

3 жыл 10 ай

5

0307000- «Ортопедиялық стоматология

03070136 «Тіс технигі»

1 жыл 10 ай

2 жыл 10 ай

2009 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы болып қайта құрылуына байланысты, 2010 жылдың  11 мамырынан мерзімі шектелмеген АБ № 0137364 сериялы мемлекеттік лицензияның  негізінде техникалық және кәсіби білім беру факультеті болып, (6 мамандық бойынша) мемлекеттік лицензияның № 0106865  қосымшасы бекітілді.

Факультет ашылған уақыттан бері  3000-нан астам орта буынды медицина мамандары даярланды . оқыту процесі Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіби білімінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүргізіледі.

Факультет кафедралармен, оқу әдістемелік орталықпен, клиникалық базамен, базалармен, библиотекалық ақпараттық орталықпен, компьютерлік тестілік баспа орталығымен, оқу клиникалық орталықпен бірлесіп жұмыс істейді.

Студенттер мемлекеттік тапсырыс бойынша (республикалық бюджеттен) және ақылы негізде қабылданады.

Факультет жұмысын факультет деканы М.А. Отыншиевтың басқаруымен деканат жұмыстары жүргізіледі.

Факультет деканына декан орынбасарлары, әдіскерлер, практика бойынша мамандар есепті.

Факультет деканының орынбасарлары оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысын реттейді.

Отыншиев М.Ә. – ТжКББФ-нің деканы, жоғары дәрежелі оқытушы

  • Деканның оқу- әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары – Джуманкулова Н.Р.
  • Деканның тәрбие жұмысы бойынша орынбасары – Саимкулова А. Д.
  • Деканаттың әдістемелік жұмысын әдіскерлер іске асырады. – Курбанова А.А., Шойынбет Г.С.
  • Практика бойынша маман – Колжанова М.Н.
  • Статист – Мурзаева Н.Р.

Деканат қызыметкерлері Қазақстан Республикасының конституциясын, ҚР «Еңбек» заңын, ҚР «Азаматтық» кодексын, ҚР «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Парақорлықпен күрес», «ҚР тілдері» заңдарын ҚР Президентінің заң күшіндегі  «Мемлекеттік ұйымдар» жарғысын, басқа да білім, педагогика және психологияның бағыттары мен дамуын айқындайтын нормативті – құқықтық актілерді, білімінің жалпыға бірдей стандарттарын, еңбек, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғаныс актілерін білу керек.

Факультет деканаты педагогикалық кеңеспен, әдістемелік кеңеспен және тәлімгерлер кеңесімен жұмыс жасайды. Факультет жұмысы ректор бекіткен перспективті және жылдық жоспар негізінде жүргізіледі.

ТжКББФ деканатының құжаттарында оқу процесінің ғылыми ұйымдастыруының негізгі теориялық және практикалық аспектілері келесі бағыттар бойынша көрініс алады.

  • Факультеттің оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысына басшылық.
  • Оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және оған бақылау жасау.
  • Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
  • Кафедра меңгерушілерімен, факультет қызыметкерлерімен жұмыс.
  • Оқыту қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ету.
  • Сыртқы байланысты орнату және дамыту.
  • Студенттерді оқу процесін ұйымдастырудағы алдыңғы технологияларды енгізу негізінде жоғары сапалы оқытуды қамтамассыз ету (СМЖ, оқытудың белсенді әдістері), материалды- техникалық, оқу- лабораториялық базаны нығайту, студенттердің білім алуына шынайы ынталандыру .

«Ашық есіктер» күнін өткізу

-         жыл сайынғы «Бос орындар жәрмеңкесін» ұйымдастыру (жұмыс берушілер) тапсырысы бойынша бітірушілерді кейін жұмысқа орналастыру.

Факультет ұжымының алдында атқарылатын келесі маңызды міндеттер тұр:

-         ОҚМФА жанындағы ТжКББФ-нің СМЖ бойынша саясаты мен мақсатын іске асыру.

-         Мамандарды даярлау сапасын жоғарылату.

-         Жаңашыл оқытуды дамыту.

-         Оқыту және ақпараттық технологияларды жетілдіру.

Деканат жұмысы оқушылармен дайындығында сапаны жоғарлату міндеттері негізінде оқыту, мазмұнын ұйымдастыру әдістерін жетілдіруге кешенді жұмысқа бағытталған.

Деканат кафедралар қызыметкерлері, тәлімгерлер арқылы студенттермен кері байланысты қолдайды және дамытады, олардың сұраныстары мен мәселелеріне дер кезінде жауап береді. Кәсіби білікті тұлға, бәсекеге қабілетті, кәсіби міндетті өзіндік және шығармашылықпен шешетін маманды қалыптастыруға қатысады, Қазақстан республикасының жастар саясатын іске асырады, жаңа технологияларды енгізуші болып табылады.

Деканаттың бір функциясы- студенттермен тәрбие жұмысы. Осы жұмысқа факультетте тәлімгерлер кеңесі жұмыс істейді, ол тәлімгерлер мен студенттердің ара- қатынасын реттейді, колледж іші және Республикалық деңгейде іс- шараларды өткізуін бақылайды. Тәрбие жұмысы оқу процесімен тығыз байланысты. Оқушылар академия мен колледж қала, облыс пен Республикалық , халықаралық  іс- шараларға белсенді қатысады.

 

ТжКББФмиссиясы:  Техникалық және фармацевтикалық, медициналық   білімді , отандық  еңбек нарығындағы  бәсекеге   қабілетті , білікті кадр  әлеуетін  қалыптастыру.

ТжКББФ –нің білім беру жүйесіндегі орны:

Еңбек нарығы үшін фармацевтикалық  және медициналық  мамандардың  жаңа буынын  дайындау  арқылы  қоғамның  зияткерлік  және  кәсіби  дамуына үлес  қосу , халықаралық сапа стандарттарына сәйкес  кадрлардың  кәсіби денгейін  дамыту және шыңдау,  медициналық  жәрдемнің  қолжетімділігі  мен оның сапасын жақсарту , тұрғындардың өмір жасын ұзарту секілді ғаламдық мақсаттарға  жету.

ТжКББФ-тің Саясаты миссиясының төмендегі  бағыттары арқылы жүзеге асырылады:

·  Оқу-білім әрекетінің сапасын жоғарылату.

·  Тәжірибеге  фармацевтикалық  білім  берудің  инновациялық  әдістерін енгізу.

·  Студенттердің кәсіби тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту.

Жастарды азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік  рухында , зияткерлік  тұрғыдан  жоғары дамыған  және аса өнегелі тұлға  етіп тәрбиелеу, жастарды еліміздің  әлеуметтік – экономикалық  дамуына қатыстыру.

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар