Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор




Anartayeva.M.U

 

 

Анартаева Мария Уласбековна 1991 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, 1993 жылы «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген.

1996 жылы Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институтының «Акушерлік және гинекология, хирургия» мамандығы бойынша аспирантурасын тәмамдаған.

«Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 1998 жылы кандидаттық диссертациясын, 2008 жылы докторлық диссертациясын қорғап шықты.

Медициналық білім беруді басқару жүйесін шыңдау және медициналық білім беру мекемелеріне іріктеу және қабылдау бойынша халықаралық тәжірибені меңгеру мәселелері бойынша АҚШ, Вашингтонда; ОҚМФА базасында АҚШ, Небраска – Линкольн университетімен бірлесе өткен «Қазақстанның медициналық және фармацевтикалық ЖОО-да білім берудің кредиттік жүйесін шыңдау» тақырыбындағы халықаралық семинарда; «Білім беру және ғылымның медициналық мекемелерінің оқытушысы» дәрігерлердің біліктілігін жоғарылатудың Алматы мемлекеттік институтында; оқытудың кредиттік технологиясын шыңдау бойынша халықаралық және республикалық семинарларда біліктілігін үнемі жоғарылатып отырады.

65-тен аса ғылыми жарияланымдары бар, оның ішінде интеллектуалдық меншіктің 3 авторлық куәлігі, жаңалыққа берілген ҚР патенті, 6 әдістемелік ұсынысы бар.

"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" (2012 ж.) төсбелгісімен марапатталған.

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар