Cтратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры




Akhmetova.A.A

 

Ахметова Алма Абдукаримқызы 1982 жылы «Химия» мамандығы бойынша С.М.Киров атындағы (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Осы жылдан бастап АММИ Шымкент филиалының (қазіргі ОҚМФА) химия кафедрасында ассистент болып қызмет жасай бастайды. 1997 жылы Химия институты жанындағы Диссертациялық кеңесте химия ғылымдарының кандидат дәрежесі ізденушілігіне диссертациялық жұмысын қорғап шығады.   1998 жылы аға оқытушы лауазымына ауыстырылады, 2003 жылдан бері кафедраның доценті қызметін атқарып келеді. «Фармация» мамандығы бойынша екінші жоғары білімін меңгерген.  

2001 жылғы қазан айынан бастап академияның Ғылыми кеңес хатшысы, 2006 жылдан бастап Оқу-әдістемелік орталығының бастығы. 2011 жылғы қараша айында Даму және инновация жөніндегі проректор лауазымына тағайындалады. 

Ұйымдастырушылық қабілетіне ие, 2002 жылдан 2006 жылға дейін ЖОО қабылдау комиссиясының хатшысы, кәсіподақ мүшесі.

Халықаралық семинарларда (Астана, Қарағанды) инновациялық технологиялар бойынша педагогикалық шыңдалудан өткен, базалық медициналық білім беру аккредитациясы бойынша халықаралық семинарларына қатысқан (Дания, Қарағанды, Алматы).

«Сапа бойынша ішкі аудитор» сертификатына ие, мемлекеттік аттестациялау комиссиясының мүшесі (2008 ж. С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, 2009 ж. МУА АҚ), институционалды аккредитация бойынша сыртқы сараптама комиссиясының мүшесі (2010 ж., ҚММУ), бүгінгі таңда Болон үдерісі орталығының академиялық саралау және ҚР БжҒМ академиялық ұтқырлық бойынша Сараптау кеңесінің мүшесі.

70-тен аса жарияланымның авторы, оның 30-ы оқу-әдістемелік сипатта, соның ішінде 4 типтік бағдарлама.  

ҚР ДСМ Құрмет грамотасымен марапатталған (1999 ж.), «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен (2004 ж.), Оңтүстік Қазақстан облысының 80-жылдық мерейтой медалімен (2012 ж.) марапатталған.

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар