Әкімшіліқ - шаруашылық қызметі

Әкімшілік – шаруашылық қызметі (ӘШҚ) Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының өзіндік құрылымдық бөлімі болып табылады.Бөлім ректор бұйрығымен құрылады және жабылады және ОҚМФА-ның ұйымдастырушылық және экономикалық жұмыс  бойынша проректорына  тікелей бағынады.

Өзінің жұмысында (ӘШҚ) әрекеттегі заңнаманы, нормативті-құқықтық актілерді және шаруашылық қызмет жасаудағы әдістемеліқ материалдарды, ғимараттарды, техникалық құрал-жабдықтарды  қолдану және жөндеудің нормасы  мен ережелерін, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, өртке қарсы  қауіпсіздігінің және техника  қауіпсіздігінің нормативті құжаттарын негізге алады. ӘШҚ перспективті жоспарлаудың, оқу жұмысындағы  мәселелерді шешудегі біржақтылықпен оны талқылаудағы коллегиялық жұмысшылардың өзіне жүктелген міндеттерді, ӘШҚ бастығының тапсырмаларын орындаудың негізінде  іске асырылады. ӘШҚ бастығы  көбінесе  ұйымдастырушылық және  экономикалық жұмыс  бойынша  проректордың көмекшісі болады.

ӘШҚ бастығы және басқа да қызметкерлері қызметке ректор  бұйрығымен, ұйымдастырушылық және экономикалық жұмыс бойынша  проректордың ұсынуымен, ҚР әрекеттегі заңнамасына сәйкес  тағайындалады және босатылады.

 

Әкімшілік-шаруашылық қызметінің функциялары

  1. Академияның әкімшілік-шаруашылық қызметі жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау

  2. Ғимараттар мен  академия  жатақханасының  жағдайын бақылауда  жұмыс жасайды.

  3. Басқа ұйымдастырудың жұмыс жүргізуі  мен қызмет көрсетуіне  керекті құжаттар жасауға  келісім жасайды.

  4. Жылу,электроэнергия,су,отын және академияның басқа жабдықтарын дұрыс қолдану  жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді.

  5. Барлық оқу ,қызмет ғимараттарда  дұрыс  тұрмыс-жағдайы,тәртіп және  санитарлық-гигиеналық жағдайды қамтамасыз етеді.

  6. Оқу корпустары мен жатақхананы  күрделі  жөндеу,  қайта өңдеу жұмыстарына басшылық жасайды.

  7. Оқу  корпустары мен жатақханасында  ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізетін  құрылыс бригадасының жұмысын ұйымдастырады.

  8. Академияға бекітілген территорияны абаттандыруға  басшылық етеді.

  9. Оқу, ғылым, шаруашылық және мәдени шаруашылық қажеттіліктерге  керек материалдар, құрал-жабдықтар, жихаздар мен жабдықтау  іс-шараларын  ұйымдастырады.

  10. Өткізілетін    мәжілістер,конференциялар, семинарлар және т.б. іс-шараларға шаруашылық қызмет жасауды  ұйымдастырады.

  11. Ғимараттар мен бөлмелер, құрал-жабдықтарды  инвентиризациялауға олардың сақталу мақсатында  қатысу.

  12. ЖОО-ның көлік жұмысына басшылық жасайды.

  13. Әкімшілік-шаруашылық қызметі құрамына кіретін құрылымдық бөлімдерді таңдап, қорытынды жасайды, оларға қызметтік нұсқаулық жасайды.

  14. Әкімшілік-шаруашылық қызметке кіретін құрылым қызметкерлерінің техника  қауіпсіздігінің өндіріс саниториясының өртке  қарсы іс-шараларын орындауын  қадағалайды.

  15. Қол асты құрылымдағы  қызметкерлерінің еңбек  тәртібін нығайтуға бағытталған іс-шараларды  ұйымдастыруды, олардың  академияның ішкі ережелерін орындауын бақылайды.

  16. Канцелярлық заттар, шаруашылық материалдар, құрал-жабдықтарды алу және сақтау, олармен  академияның құрылымдық бөлімдерін қамтамасыз ету.

  17. Шаруашылық мақсаттарға бөлінетін материалдар мен финанстық жабдықтарды  тиімді жұмсауды бақылау.

  18. Академияның  мақсаттары  мен міндеттеріне  сайкес өзінің құзырындағы басқа  функцияларды орындау.

 

Әкімшіліқ - шаруашылық қызмет құрамы

1.      ӘШҚ  бастығы-Бейсебаев Қанат

2.      ӘШҚ бас инженері- Ордабекулы Еркебек

3.      Бас корпусының коменданты – Юсупова Калима

4.      Хим. қойма меңгерушісі- Хадишаева Жузім

5.      Байланыс технигі- Аблязова Клара

6.      Қойма меңгерушісі – Ержанова Рабиға

7.      Жүргізушілер-5 адам

8.      Сантехник,плотник,электрші- 4 адам

9.      Ғимаратқа қызмет жасайтын жұмысшылар-2 адам

10.    Жинаушылар-16 адам

11.    Аула сыпырушы және бағбан- 2 адам

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар