«Нұр Отан» ХДП ОҚМФА «Бедел» бастауыш партия ұйымы

 

     2009 жылы қараша айының 20 күні «Нұр-Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мелдеханов Ө.П. басқарған ұжымының қатысуымен, ОҚМФА-да  «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының  бастауыш партия ұйымы құрылды. Ұйымның атауы «Бедел» деп аталды. «Бедел» бастауыш партия ұйымының төрағасы қызметіне ОҚМФА-ның ректоры,   профессор Б.Д.Сексенбаев, төраға орынбасары қызметіне «Әлеуметтік медицина, қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау» кафедрасының аға оқытушы Ә.Р. Қожатаева   сайланды. «Нұр-Отан» ХДП ОҚМФА-ның  мүшелері саны 125 адам құрайды.

alt

        «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының «Бедел» бастауыш партия ұйымының жыл сайын іс-шаралар жоспары құрастырылып, сол жоспарға сай жұмыстар жүргізіледі.

         2010 жылдың 29 қаңтарында «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының «Бедел» бастауыш партия ұйымының  отырысында А.Қ. Қарабеков, Б.К. Нұрмашев, М.Ә.Бөлешов, Б.К. Досыбаев, Ә.Ә. Жұмабекова Бюро мүшелері болып тағайындалды, Ж.Ж.Баймұханбетов, А.А.Ахметова, Ж.М.Арыстанов, Б.К.Махатов Саяси кеңес мүшелері болып тағайындалды.

        ОҚМФА-ның  «Жас Отан»     жастар канатымен «Бедел» бастауыш партия ұйымы  бірлесіп жұмыс аткарады. «Жас Отан»      жастар канатының құрамында 500 студент кіреді, олар академияның және қалалық іс-шараларына белсенді қатысады.

       2010 жылы қараша айында «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының «Бедел» бастауыш партия ұйымының төраға орынбасары болып Біліктілікті жетілдіру факультетінің деканы, м.ғ.к. Нурмашев Бекайдар Қалдыбайұлы сайланды.

2010 жылдың сәуір айында «Нұр Отан» ХДП Облыстық филиалының төрағасы А.И.Мырзахметов «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» атты облыстық байқауында партияның жарғылық және Бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда қосқан үлесі үшін «Бедел» бастауыш партия ұйымын марапаттады.

alt

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай ОҚМФА-да өткен «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты мерекелік жиналысқа «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымының Шымкент қалалық филиалының  төрағасы Ө.П.Мелдеханов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, барша қатысып отырған көрермендерді, оқытушыларды, студенттерді мерекемен құттықтап, осы 20 жыл ішінде еліміздің қол жеткізген және академияның жетістіктерін атап өтті, әрі қарай да еліміздің дамуына, жеріміздің көркеюіне, академиямыздың беделінің өсуіне ат салысуға шақырды, және болашаққа нық сеніммен қарап, жастарға сенетіндігін, оларға алдағы уақытта зор үміт артатындығын айтты және де атқарған қызметі, сіңірген еңбектері үшін «Нұр Отан» ХДП «Бедел» бастауыш партия ұйымының академиядағы мүшелері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының ректоры, профессор Бахытжан Дерібсәліұлы Сексенбаевқа, ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры Бекайдар Қалдыбайұлы Нұрмашевке, Дене тәрбиесі  кафедрасының меңгерушісі Орынбасар Атырханұлы Ашірбаевқа, Қазақ тілі мен латын тілі  кафедрасының меңгерушісі Сәлім Ербол Қалтұрсынұлына, Әлеуметтік медицина, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау  кафедрасының  аға оқытушысы Әсемгүл Рахымқызы Қожатаеваға құрмет грамоталары табыс етілді. 

alt

2011 жылдың желтоқсан айында академияның акт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Тәрбие ісі бөлімі, «Бедел» бастауыш партиясы мүшелерінің және Қоғамдық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік қаһармандары» тақырыбында кездесу өткізілді.

    1986 жылы Алматы қаласында өткен «Желтоқсан» көтерілісінің өкілдері Сәбит Қалдыкөзұлы Исабековті және Мұратбек Жандарбекұлы Шекербеков кездесуге шықырылды. Сондай-ақ кездесуге академияның 350 астам оқытушылары мен студенттері қатысты.

      Мұратбек Жандарбекұлы Шекербеков студенттердің қойған  сауалдарына жауап беріп, пікір-талас құрды. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, өздерінің де ағалары мен әпкелері сияқты еліміздің мақтанышы болуға ұмтылатындарын, сол мақсатта сапалы білім алып, салауатты өмір салтын ұстанатындарын айтты.

         Кездесу соңында студенттер шақырылған қонақтарға өз ризашылығын білдіре отырып, концерттік бағдарлама қойып берді.

        2012 жылдың 20 желтоқсан күні сағат 15.00-де  ОҚМФА-ның үлкен мәжіліс залында медициналық, фармацевтикалық және техникалық және кәсіби білім беру факултеттерінің студенттері, дәрігер-интерндер және профессорлы-оқытушылық құрамы арасында  ҚР-ның президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

          2013 жылы ақпан айында «Бедел» бастауыш партия ұйымының төрағасының орынбасары Б.Қ. Нұрмашев – Елбасымыз айтқандай Біз жастарға – жаңа буын Қазақстандықтарға сенім артамыз. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. ОҚМФА жастары яғни  «Жас Отан» жастар қанаты елінің нағыз отаншыл азаматтары екенін, Елбасы саясатын толығымен қолдап, оның орындалуына да сүбелі үлес қосатынын дәлелдеуде. Сондықтан «Жас Отан» жастар қанаты қала, облыс, республикалық көлемдегі іс-шараларды ұйымдастырып, белсене қатысып,  осы сынды көптеген шаралар мен жұмыстар атқарғаны үшін марапатталды.

       «Бедел» бастауыш партия ұйымының  мүшелерінің cанын арттыру мәселесін қолға алып, 47 ОҚМФА қызметкерлері «Бедел» бастауыш партиясының мүшелері қатарына қосылып отыр.

        2013 жылдың қыркүйегінде «Бедел» бастауыш партия ұйымының кезекті отырысында Партияның «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» саяси доктринасы туралы мәселе талқыланды.

      Шымкент қалалық конференцияға 10 делегат мүшелерін ұсынды.

alt

 

alt

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар