Қоғамдық денсаулық сақтау жас ғалымдарының II Республикалық Олимпиадасы

 

2014 жылдың 15-16 мамыр айында Алматы қаласында халықаралық қатысуымен Қоғамдық денсаулық сақтау жас ғалымдарының II Республикалық Олимпиадасы өтті. Осы іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенттің Қорының қолдауымен Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебімен ұйымдастырылды.

Олимпиадаға Қазақстан және Қырғызстан елдеріндегі 8 медициналық жоғары оқу орындарының магистранттары қатысты.  

Олимпиаданың бірінші күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының конференц-залында өтті. Әр команда үш қатысушылардан тұрды. «Заман дағдарысты біз шеше аламыз» деген бірінші байқаудың шарты өз командасын еркін және өнерпаздық түрде таныстыру болды. Келесі байқау қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы білім және құзірет деңгейін сынап, екі кезеңнен тұрды: 1 – «Қоғамдық денсаулық сақтаудың білімпазы» және 2 – «Идеялар жасаушылары». Бірінші кезеңнің талабы – қойылған сұрақтарға дұрыс және тез жауап беру болды. Екінші кезеңде қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы күрделі мәселелерді шешу бойынша идеяны қалыптасып, көпшілікке мәнерлеп ұсынуы қажет болды.

Біздің ОҚМФА командамыз Олимпиаданың барлық кезеңдеріне белсенді түрде қатысып, пәндер бойынша өзінің нақты жоғары деңгейін, зеректілігін және өнертапқыштығын көрсете алды. 

- «Риторика және шешендік» номинациясында жеңіп шыққан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академияның командасы;

Олимпиаданың екінші күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенттің Қорының Спорттық-машықтану кешеңнің спорт залында команда құру бойынша тренинг элементтерімен жарыс түрінде өтті. 

Олимпиада «Алматы – Қазақстанның тарихи және мәдениетті орталығы» деген қызықтыратын экскурсиялық бағдарламамен аяқталды. Оның барысында қатысушылар Алматы қаласының назар аударарлық орындарымен танысып, «Медеу» биік таулы мұз айдынына барды.

Жалпы айтқанда, Олимпиада Қазақстанның және Қырғызстанның түрлі қалаларынан жиналған жас ғалымдар арасындағы тәжірибе мен білім алмасу орталығы болып, достық және жылы ниетті жағдайда өтті. 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар