Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

 
Садиева Жанар Заманхановна
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы
Дипломнан кейінгі білім беру секторы ғылыми-клиникалық бөлімнен бөлініп шыққан (31.01.2011ж., бұйрық №8п). Қазіргі кезде ОҚМФА ректорының бұйрығымен (бұйрық №80п, 28.08.2013ж) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (ЖООКББ) болып өзгертілді.
Магистратура мамандықтары екі бағытта жұмыс жасайды: ғылыми-педагогикалық және бейіндік. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 2 жыл білім алады, ал бейіндік бағыт бойынша 1- 1,5 жыл. Магистратураны аяқтаған білім алушыға мамандықтары және бағытына қарай «медицина ғылымдарының магистрі» және «денсаулық сақтау магистрі» деген академиялық дәреже беріледі. Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың алдыңғы минималды білім деңгейі – жоғары кәсіби немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. 
Резидентурада кадрларды дайындау клиникалық мамандықтар бойынша жүргізіледі. Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және мемлекеттік аттестациядан сәтті өткендерге мамандықтарына сәйкес, мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі. Резидентураның білім беру бағдарламаларын игергісі келетін тұлғалардың білімінің бұдан бұрынғы деңгейі төмендегідей болуы қажет:
- базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатура. 
Қазіргі таңда ОҚМФА халықаралық ЖОО-мен медициналық және фармацевтикалық білім беру бағытында, ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауда, медициналық және фармацевтикалық саласындағы өзекті бағыттары бойынша бірлескен зерттеулер атқарып тығыз қарым-қатынас орнатуда.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі магистранттар және резиденттермен жұмыс жүргізуді жүзеге асырады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі магистратура және резидентураның төмендегі мамандықтары бойынша білім беруді жүргізеді: 
        Магистратура бойынша: 
               - 6М110100 – «Медицина»;
               - 6М110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»;
               - 6М110300 – «Мейірбике ісі»;
               - 6М110400 – «Фармация»; 
        Резидентура бойынша:
               - 6R114200 - «Педиатрия»;
               - 6R111200 - «Кәсіптік патология»; 
               - 6R111500-«Невропатология, оның ішінде балалар невропатологиясы»;
               - 6R112700- «Жалпы хирургия». 
ЖООКББ бөлімінің құрылымына:
-   бөлім бастығы;
-   бөлім әдіскері;
-   бөлім маманы кіреді.

Бөлім қызметкерлері туралы қысқаша мағлұмат:
1. Бөлім бастығы – Садиева Жанар Заманхановна
2. Бөлім әдіскері –Жуманова Манзура Сапаровна
3. Бөлім әдіскері –Адылбекова Бибисара Нурлановна
4. Бөлім маманы – Мамбеталиева Гулмерей Оразаликызы
5. Бөлім маманы – Кожахметова Гульмира Рахымжановна.
ЖООКББ бөлімінің мақсаты – ғылыми-педагогикалық, әкімшіліктік-басқару және клиникалық кадрларды даярлау болып табылады.
ЖООКББ бөлімінің міндеттері:
- Магистратура және резидентурада жоғары квалификациялық деңгейдегі мамандарды даярлау;
- Білім беру нарығында – жалпыға міндетті мемлекеттік стандартқа және қазіргі заманғы тенденцияларға жауап беретін мамандарды даярлау барысында бөлімнің ішінде сапа жүйесін енгізу, дамыту;
- Білім алушылар арасында жоғары деңгейдегі оқу және еңбек тәрбиесін қамту, қадағалау және ұйымдастыру;
ЖООКББ бөлімінің қызметі:
- ЖООКББ бөлімі магистранттар мен резиденттердің оқу процесін және ғылыми жұмыстарын бағыттайды, қадағалайды және ұйымдастырады;
Магистранттар мен резиденттерді даярлауға қатысатын кафедралардың барлық формадағы оқу процестерін қадағалайды, тұрақтайды және ұйымдастырады.
Байланыс құралдары: 
Тел: 8(7252) 40-82-22 (5112)
e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
 
 
 
Магистратура
Резидентура
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар