Webometrics Ranking of World Universities (WRWU) нәтижелері

25 Қаңтар 2018, 5:52 pm
63 рет оқылды

Webometrics Ranking of World Universities (WRWU) рейтингті Испания Ұлттық Зерттеу Кеңесінің Cybermetrics Lab зерттеу тобы есептейді. Webometrics рейтингінің көрсеткіштері бойынша университеттердің ғылыми-зерттеу жұмысының деңгейін Интернетте жарияланымдар болуы, сапасы, ашықтығы және әсер тұрғысынан жорамалдауға болады.

Webometrics Ranking of World Universities шеңберінде әрбір жарты жыл сайын (қантарда және шілдеде) әлемнің 20000 астам университеттер, оның ішінде өңірлер мен жекелеген елдер арасында саралау жүргізіледі. Сонымен бірге талданатын ЖОО-ның саны әрдайым артып келеді.

2018 жылдың қаңтар айының жағдайы бойынша 101 қазақстандық ЖОО Webometrics рейтингінде ескеріледі. Талдауға енгізілген кең қамтылған университеттер қазақстандық медициналық ЖОО-ға саралау санына түсу мүмкіндік берді.

Сонымен бірге, әлемдік рейтингте отандық медициналық ЖОО-дардың иеленген орындары (көптеген ЖОО 10000-ші орын шегінен тыс) ғылыми-инновациялық үдерістер жеткіліксіз дамыған екендігін анық көрсетеді.

Сондай-ақ, Webometrics саралау жүйесі біршама оңай болып табылады (тек Интернет-ресурстарында бар және оған көрсетілетін әсер ғана есепке алынады), ал аса беделді рейтингтер (THE World University Rankings QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities (ARWU)), ең алдымен, рецензияланған басылымдардағы дәйексөз алу мен жарияланым санына негізделген.

Webometrics Ranking of World Universities ОҚМФА рейтингтік позициясы 2018 жылдың қаңтар айында – Қазақстанның 101 ЖОО арасында (рейтингте ұсынылған) ОҚМФА 10 орынды иеленді; ұсынылған 27763 әлемнің ЖОО-нан 6700 орнында,  Азия аймағы бойынша  12827 ұсынылған жоғары оқу орындарының арасында 2429 орында.

Осы рейтингте келесі компоненттер бағаланады: болуы (ОҚМФА-1447 орын), әсері (6796), ашықтық (7878), жетілдіру, барлық медициналық ЖОО ретінде 5777 орын.

ОҚМФА-ның рейтингтік ұстанымын талдау дүниежүзілік Webometrics Ranking of World Universities рейтингінде 2017 жылдың шілде айынан 2018 жылдың қаңтар айына дейін уақыт аралығында біздің позициямыз ғаламдық рейтингінде төмендеді, сондықтан осы мәселені қадағалау қажет.

 

Сілтеме нұсқасы: http://medscience.kz/ru/рейтинги/глобальные-рейтинги/рейтинги-университетов/webometrics-ranking-of-world-universities/?utm_source=medscience.kz%40gmail.com&utm_medium=science&utm_campaign=medscience.kz

1816

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар