Мәртебелі жаңа мамандық - «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат

13 Қыркүйек 2017, 4:53 pm
52 рет оқылды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 572 бұйрығымен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» акционерлік қоғамының техникалық және кәсіби білім беру факультетіне 0302000- «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 0302054 қолданбалы бакалавриат біліктілігіне білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияға қосымшасы №KZ07LAA00008223 бекітіліп берілді.

11 001

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 ж.ж. арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР ДСӘДМ мамандары JAMK және Lahti (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттерініӊ әріптестерімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасындағы мейіргерлік білім беру жүйесін жетілдірудің 2016-2019 жылдарға арналған жол картасын жасалған. 

Қолданбалы бакалавриат бағдарламасы еуропалық директиваларға сай дуалды білім беру қағидаларын қарастырады. Оның ішінде оқу сағаттарының 60-70%-дан кем емес (оқу мерзімі 3,5 жыл) көлемінде білікті тәлімгердің басшылығымен емханалық базада өндірістік практиканы жүзеге асырады.

Аталған бағдарлама Еуроодақ елдерінде кеңінен таралған, сонымен қатар, практикалық әзірлігі басым жоғары білікті мейіргерлерді дайындауға бағытталған. 

"Мейіргерлік іс" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат жоғарғы медициналық колледж түлектері ауруларды дәрігерге дейінгі тексеру, алдын ала диагноз қою, бейінді мамандарына консультацияға бағыттау, балалар және ересек тұрғындар патронажы, дәрігердің бақылауымен дәрілік тағайындауларды жазу сынды мейіргерлік қабылдау үшін кәсіби машықтарды игереді.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар