ОҚМФА түлегі, Ақ жол!

14 Шілде 2017, 5:19 pm
230 рет оқылды

2017 жылдың 3-10 шілде күндер аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында 2017 жылғы түлектерді шығарып салу, диплом табыстау рәсіміне арналған салтанатты жиындар кезеңі өтті. Салтанатты жиынды ОҚМФА-ның Жастар саясаты бөлімі ұйымдастырып, белсенді студенттер, өнерлі жастар, студенттік өзін-өзі басқару ұйымы ағалары мен әпкелерінің қуанышты сәттеріне өз қызметтерін арнады. 

Салтанатты жиын бағдарламасы өте жүрекке әсерлі, ешбір жанды бей-жай қалдырмайтын көріністен құралды. Атап айтқанда оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор М.Ұ.Анартаева салтанатты жиынды ашып беріп, студенттік өмірді тек оқумен емес, ғылыммен, қоғамдық жұмыстармен, қайырымдылық шаралармен, облыстық, республикалық деңгейлерде академиямызға өз үлесін қосқан белсенді студенттерді, олардың ата-аналарын алғыс хаттармен марапаттап, жылы лебіздерін білдірді.  Осындай қуаныш үстінде Анашов Төлебидің орындауында «Студенттік өмір» әні айтылып, түлектердің құрметіне 5 жыл бойы өткізген іс-шараларынан естелік суреттер презентациясы жасалды. 

1020 1

Түлектердің ата-аналары тарапынан ұстаздарға, академия басшылығына, деканаттарға, барлық қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, академияның дамуына, кеңеюіне, дәрежесінің жоғарылай беруіне тілектерін білдірді. Балаларының қуаныштарына ортақтасып, көздеріне жас алды. Ата-аналар құрметіне «Аяулы ана» әні тарту етілді. 

Салтанатты жиынның ең маңызды сәті Дәрігер антын қабылдау. Түлектер орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрекке қойып ант қабылдады. Түлектердің атынан курс көшбасшылары ұстаздарға алғыс білдіріп, бастарын иді. 

1020 2

Диплом табыстау рәсіміне арналған салтанатты жиын: магистратура, интернатура, медициналық, фармацевтикалық  факультеттерге қарасты мамандықтарға, ТжКББ факультеті түлектерінің құрметтеріне ұйымдастырылып өткізілді. 

1020 3

ОҚМФА түлектері заманауи бәсекеге қабілетті, сұранысы жоғары екендігіне дәлел ретінде құттықтау және тілек білдіру үшін жұмыс берушілер тарапынан құрметті қонақтар қатысты. Олар: «Тұран» компаниясының директоры Викторенко  Сергей Николаевич және  Оңтүстік Қазақстан «Даму» фармацевтикалық қызметтерді қолдау және дамыту ассоциациясының директоры Альжанова Хадиша Дербесқызы. 

1020 4

Жас маман! Жолыңыз ашық, қызметте абыройлы, еңбегіңізге адал болып, дипломыңыздың жемісін көріңіз! Еліміздің патриоты болады деп сенеміз! 

Материалға баға беріңіз
(3 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар