Пятигорск қаласының ПМФИ жүргізілген өндірістік іс – тәжірибе

10 Маусым 2017, 5:05 pm
184 рет оқылды

Жоғары білікті фармацевт маман дайындаудың ең негізгі міндеті студенттің өндірістік іс – тәжірибесі. Осы міндетті негізге ала отырып, студент өзінің теориялық білімін жетілдіріп және оны іс – тәжірибе жүзінде қолдану үшін ОҚМФА басшылығы өте беделді фармацевтикалық ЖОО және ұйымдары бар басқа шет елдерде іс – тәжірибе өтуге мүмкіндік беріп отыр.

Ғылыми – өндірістік келісімшарт негізінде «Фармация» мамандығының 5 курс студенттері Дүйсебаева Айгерім, Әнес Ақтөре, Амирханова Гүлсим, Журабаев Шоқан, Әбу Райля фармакогнозия және химия кафедрасының фарм.ғ.к., профессор м.а. Орынбасарова К. К. бірге 2017 жылдың 22 мамырынан бастап 8 тамыз күндер аралығында Волгоград мемлекеттік медициналық университетінің филиалы Пятигорск медициналық – фармацевтикалық институның фармакогнозия кафедрасының базасында өндірістік іс – тәжірибе өтті.

Өндірістік  іс – тәжірибе ПМФИ және фармакогнозия кафедрасының тарихын таныстырумен басталды. ПМФИ ғылыми жұмыс бөлімінің директор орынбасары, кафедра меңгерушісі, фармацевтикалық ғылымының докторы, профессор Коновалов Д. А. кафедраның жетістіктерін, қалыптасу және даму жолдарын көрсетті.

1019 1

Жұмыс бағдарламасына сәйкес студенттер фармакопиялық, дәрілік және мәдени өсімдіктерді, яғни кавказдық диоскорея, айланшөп таран, қызыл долана, кәдімгі бадан, ат талшынды егу және өсіру жағдайын көрсеткен, ПМФИ ботаникалық бағында жұмыс жасады. 

1019 2

Студенттер ботаника бағында агротехнология әдістерінен басқа дәрілік өсімдіктердің макро- және микроскопиялық талдаудың әдістерімен танысты.

1019 3

Өндірістік іс – тәжірибе барысында студенттер теориялық білімдерін шыңдап және ғылыми – зерттеу жұмыстар саласында дәрілік өсімдіктерді зерттеу дағдыларын қалыптастырды.

1019 4

Өндірістік іс – тәжірибе дәрілік өсімдіктердің зерттеу саласында студенттің бойында зерттеушілік жұмыс дағдыларын және білгірлігін қалыптастыру сенімділігін туғызады және Пятигорск медициналық – фармацевтикалық институтында өндірістік іс – тәжірибе өтуге мүмкіндік берген ОҚМФА басшылығына үлкен алғыс білдіреді.

1019 5

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар