ОҚМФА студенттерінің «Башфармация» УФА қаласындағы жалпы фармацевтикалық тәжірибесі

20 Маусым 2017, 3:06 pm
76 рет оқылды

Халықаралық келісім-шарт шеңберінде академиялық ұтқырлық бойынша ОҚМФА  4 курс студенттері А.Тулепбаева, Б. Кабатай, К.Усенбек  жалпы фармацевтикалық тәжірибені 2017 жылдың 2 маусымынан 16 маусым аралығында Башкортостан  Республикасы УФА қаласында өтті.

1017 1

Башкортостан мемлекеттік медициналық университетінің ректоры В.Н.Павлов біздің ЖОО арасындағы өзара ынтымақтастыққа қанағаттанатынын айтып, Ресейде және Қазақстанда фармацияның дамуы үшін тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті. 

1017 2

Тәжірибені өту мемлекеттік дәріханаларда және ГУП «Башфармация» дәріханалық қоймасында жүргізілді.Студенттер кәсіпорын  қызметінің бағыттарымен – дәрілік заттар және медициналық  бұйымдардың көтерме және бөлшек сатылымымен,кәсіпорынның әлеуметтік-маңыздылық құрылымының орындалуын,азаматтарға дәрілерді жеңілдікпен қамтамасыз ету,дәрілік түрлерді жеке рецепт бойынша дайындау,мемлекеттік дәріханалық ұйымдардың есеп тұжырымын және фармацевтикалық кәсіпорын экономикасының ерекшелігімен танысты.

1017 3

«Башфармация» бас директоры  С.И. Рахматуллинмен кездесуде фармацевтикалық индустрияның дамуын, екі мемлекеттің фармацевтикалық нарықта дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жайлы сұрақтарды талқылады.

1017 4

Біздің студенттер Башкортостандағы ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі «Катренге» барды. Мұнда біздің студенттерге тауарайналымның заманауи автоматтандырылған дәріханалық қоймадағы тауарайналымның логистикалық байланысын көруге, фармацевтикалық тауарлардың сақталу ретін және жинау желісінің топтық жұмысын және тауар комплектациясымен танысуға үлкен мүмкіндік туды.

1017 5

Мәдени бағдарлама шеңберінде студенттер УФА қаласының  көрнектілігімен және Башкортостанның ұлттық дәстүрімен танысып «НУР»татар театрын,Салават Юлаев ескерткішін, Ля-ля Тюльпан мешітін,ботаникалық бақты, «7 қыз» шырқаушы фонтанын аралап, «Ресей күні» және «Медициналық қызметкерлер күні» мерекесіне қатысты.

1017 6

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар