ҰЛТТЫҚ ДӘРІЛІК САЯСАТ ТУРАЛЫ

5 Маусым 2017, 7:02 am
92 рет оқылды

Медицина қызметкерлері күніне орай 2017 жылдың 5 маусымында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында «Ұлттық дәрілік саясат» тақырыбында республикалық конференция өткізілді. 

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының фармацевтикалық ұйымдары, өндірістері және мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

1013 1

Пленарлы мәжілісте ҚР ДСМ Фармация Комитетінің төрайымы Лариса Пак, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ләззат Қашқымбаева, СК «Фармация» басқармасының төрағасы Максим Касаткин, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Мадина Мақсұт, Қазақстан Ұлттық дәрілік формуляр орталығының директоры Ақмарал Арзуова сөз алды.

1013 2

Сонымен қатар, Евразиялық медициналық ассоциация президенті Ермек Ясыловтың, ОҚМФА проректоры, профессор Бауыржан Махатовтың, «Экофарм интернейшнл» ЖШС және «Marai E7 Group» ЖШС директоры Гүлия Жүзенованың, «Химфарм» АҚ сапа бойынша директоры Лариса Бочкунованың, «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС директоры Зиятхан Гасановтың, «ҚР фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту ассоциациясының» президенті Марина Дурманованың, ОҚМФА проректоры, профессор Бекайдар Нұрмашевтың баяндамалары тыңдалды.

1013 3

Конференция шеңберінде Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласын дамытудың өзекті мәселелері, сонымен қатар трансормация және бірыңғай дистрибуция жүйесінің негізгі бағыттары көтерілді. 

Заманауи талаптарға сай фармацевтикалық кадрларды дайындаудың және GMP, GPP прициптерін енгізудің маңыздылығына екпін жасалды.  

Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар