Біздің студенттер Сеченовтықтардың қатарында

2 Маусым 2017, 2:34 pm
218 рет оқылды

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының үздік студенттері Әлібек Айжамал, Жумабаев Нұрдәулет, Куканов Әмірхан, Қутыбай Ақмарал және Рыс-кул Қанағатқа 15.05.2017 - 29.05.2017ж. аралығында Сеченов Университетінің (Мәскеу, РФ) А.П. Арзамасцев атындағы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының базасында «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау» өндірістік тәжірибесін жоғары жауапкершілікпен өтуге мүмкіндік болды. 

1012 1

Практиканттар дәрілік заттар талдауында қолданылатын поляриметрия, рефрактометрия, УК және көрінетін аймақ спектріндегі спектрофотометрия, титриметрия, жұқа қабатты және жоғары эффективті сұйықтық хроматография және т.б. физикалық, химиялық, физика-химиялық әдістерді қамтитын өндірістік тәжірибенің бағдарламасын толығымен орындап келді. Дәрілік заттарды сандық анықтаудың салыстырмалы талдауы мен валидациясы фотоколориметрия және нитритометрия әдістерімен жүргізді.  

1012 2

Сеченов Университетінің (№23 қалалық аурухана) клиникалық фармакология кафедрасында «Дәрілік заттардың фармакокинетикасы» зертханасының базасында «еру» тестін, сонымен қатар спектрофотометрия және жоғары эффективті сұйықтық хроматография көмегімен тұпнұсқалы және дженерик дәрілік заттарды сынамадан кейінгі талдауымен еру қасиетінің салыстырмалы кинетикасын анықтау бойынша мастер-класстарға қатысып, тәжірибелік жұмыстар жасады. 

1012 3

Кафедраның алдыңғы қатарлы оқытушылары – белгілі ғалымдардың дәрілік заттардың сапасын бақылау саласында заманауи жетістіктер бойынша мастер класстар мен дәріс-презентацияларына қатысты, оның ішінде: «Қалдық еріткіштер», «Биорелевантты орталар», «Дәрілік субстанциялардағы қоспаларды анықтау», «Дәрілік заттардың сапасын бақылаудағы БИК-спектроскопия», «Атипті нейролептиктерді стандарттаудың заманауи көзқарастары», «ХІІІ МФ негізгі ережелер мен өзгерістер», «Дәрілік заттардың сапасын бақылаудағы жоғарғы эффективті сұйықтық хроматографияның тәжірибелік қолданылуы», «Аналитикалық әдістемелердің валидациясы» және т.б.

1012 4

Студенттер АИТВ-инфекциясы бойынша Шарите клиникасының (Берлин, Германия)  білім беру орталығының директоры доктор Хайко Эссеннің «HIV in Germany: Epidemiological situation and care of patients» тақырыбындағы дәрісін тыңдады. 

Дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау бойынша өндірістік тәжірибе студенттерге теориялық білімдерін тереңдетуге, физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістерді қолдана отырып, дәрілік заттардың фармацевтикалық талдау саласында тәжірибелік дағдыларын нығайтуға мүмкіндік берді. 

1012 5

Өндірістік тәжірибеден өту барысында студенттер фармацевтикалық химия бойынша үздік теориялық дайындықтарын, жауапкершіліктері мен ұйымшылдықтарын, талқыланған тақырыптар мен сұрақтар бойынша қызығушылықтарын, логикалық ойлау қабілеті мен орындалған жұмыс нәтижелері бойынша сәйкесінше қорытынды жасау, сонымен қатар тәжірибелік жұмыстар орындауда кәсіби дағдыларын көрсете білді. Өндірістік тәжірибенің қорытындысын студенттер тәжірибелік дағдыларын аттестаттау, ауызша сұрақ-жауап, компьютерлік тестілеу түрінде тапсырып, «өте жақсы» деп бағаланды. 

1012 6

Мәдени бағдарлама да қызықты және маңызды болды. Студенттер Читсые пруды саябағында орналасқан Қазақтың Ұлы ойшылы мен ақыны - Абайдың ескерткішіне гүл қойып, естеріне алды, Кремль, Оружейная палата, А.С. Пушкин атындағы өнер мұражайы, П.И. Чайковский атындағы консерваторияның Үлкен залы, сатира театры, Сеченов университетінің тарихи мұражайында, т.б. жерлерінде болды. 

1012 7

Студенттер академия басшылығына көрсетілген мүмкіндіктері үшін және Сеченов университетінің халықаралық бөліміне әлемдік алдыңғы қатарлы университеттердің бірінде тәжірибеден өтуге жасаған жоғарғы деңгейдегі жағдайлары үшін алғыстарын білдіреді.

Материалға баға беріңіз
(3 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар