«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ КҮНДЕРІ» Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы

2 Маусым 2017, 5:00 pm
308 рет оқылды

 

1011 4

2017 жылы 22-23 мамырда Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында, Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қатысуымен «Халықаралық Бағдарламалар Орталығы» АҚ ұйымдастыруымен «Қазақстандық білім күндері» атты көрме өткізілді. 

1011 5

Салтанатты ашылымға Өзбекстандағы Қазақстан Елшісі Е.Утембаев және «Халықаралық Бағдарламалар Орталығы» АҚ Вице-президенті З.Торебекова қатысты. 

Бұл іс-шара қазақстандық білімнің басымдылығы және қазақстандық жоғарғы оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттылықты жоғарылатуға арналды.

1011 2

Көрменің жұмысына Қазақстанның 40 шақты жетекші жоғарғы оқу орындары қатысты. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясынан білім беру көрмесіне жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі, профессор Абуова Гүлжан Наркенқызы және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Сыздықова Саулет Ақмырзақызы қатысты. Олар білім беру сапасын қамтамасыздандыру Тәуелсіз Қазақстандық агенттігі арқылы мамандандырылған аккредитациядан өткен білім бағдарламаларымен; жоғары оқу орнының жетістіктерімен; Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясына қабылдау шарттарымен таныстырды. 

Материалға баға беріңіз
(3 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар